Здавалка
Главная | Обратная связь

Отан – отбасынан басталады. 9 страница



2. Жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында?

3. Еуропаның қандай мемлекетінен неше есе үлкен?

4. Іле Алатауы, Алтай, Орал таулары Қазақстанның қай тұстарында орналасқан?

5. Қазақ жерінде қандай өркениеттік ескерткіштер бар?

6. Қазіргі кезде қай жерлерден өркениет ошақтары табылуда?

7. Алматыда қандай мәдени орындар бар?

8. Астанада соңғы жылдары қандай ғимараттар салынды?

10. Қандай өнеркәсіп орындарын білесіздер?

11. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы қандай деңгейде?

12. Әнұранның авторлыры кім?

13. Отан туралы андай мақал-мәтел білесіз?

 

ОСӨЖ тапсырмасы

«Қазақстанның ерекшелігі». Пікірталас.

 

ТОҒЫЗЫНШЫ САБАҚ (1-сағат)

 

Лексикалық тақырып:Тәуелсіздік тұғыры

Грамматикалық тақырып:Шылау

Сөздік

Тәуелсіздік – независимость

шайқасты, күресті - воевали

бостандығы - свобода

отаршылдық - калониязаторство

нығайту - укрепить

кеңпейіл халқы – широкая душа народа

шексіз даласы – безконечный край

ұлы арман – заветная мечта

ғой, (қой)- же

кейін- потом

арқылы- через

немесе- или

бірақ- но

и- және, мен

Бізде бір ғана Отан бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан!

Н.Назарбаев

 

Тәуелсіздік жолында

Қазақ жерінің тарихы өте ежелден басталады. Ал қазақ халқының дербес мемлекет болуы, бұл ХV ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандар құрған Қазақ мемлекеті өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Бұдан соң да қазақ жерінде халық қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Олар елдің тәуелсіздігі үшін елін, жерін қорғап, соғыста жаумен шайқасты. Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Кенесары хандар сондай шайқастарда болды. Демек, олар болашақ ұрпақтың бақыты, үшін күресті. Қасым, Тәуке, Абылай хандар да бүкіл өмірін халқына арнады. Орыс отаршылдығы кезінде Қазақстан Ресейге бағынды. ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы Алаш қозғалысы ұйымдастырылды. Кеңес тұсындағы отаршылдыққа қарсылық 1986 жылығы Желтоқсан көтерілісінде көрінді. Бұл жастардың тәуелсіздікке ұмтылуы болатын. 1991 жылы қазақ елінің тәуелсіз болуы – сан ғасырлық күрестің жемісі. Қазақ халқы – тәуелсіздік үшін күрескен, азаттыққа лайықты халық. Оны нығайту жолында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Біздің міндетіміз – сол тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосу. Еліміздің басты байлығы – кеңпейіл халқы және шексіз даласы. Ал, ең басты құндылығы – тәуелсіздігі.

 

Грамматикалық нұсқа

Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады. Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді. Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті
Мектепке(неге?)дейін бірге бардық. Мен әкеммен(кіммен?) бірге кешке(неге?) шейін жұмыс істедім. Көпір (не?) арқылы өттік. Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін. Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек. Мен солдатпын ғой! Ол мектепке барды ма? Дәмін татық-ау. Берілген тапсырманы орындапты-мыс.

Есіңде сақта!

a. Ма, ме, па, пе, ба, бе, да, де, та, те шылаулары бөлек жазылады.

b. Көктемде ауыл(да), дала(да), қала(да) жайнап құлпырады.

c. Ауыл(да) (қай жерде?) бірге оқығанбыз.

d. Қала(да) (қайда?) зәулім үйлер салынып жатыр.

e. Телехабарда ән(де), жыр(да), кино(да) кезектесіп жүріп жатады

f. Ма, ме, ба, бе, па, пе – етістіктің болымсыз түрінде жұрнақ ретінде бірге жазылады.

g. Барма, айтпа, жазба, төкпе, сөкпе, сындырма.

h. -ау, -ай,-ақ, -ды, -ді шылаулары дефис арқылы жазылады7

i. Ол көргенін айтқан-ды. (сондай-ақ, көрген-ау, берген-ақ)

 

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

2-тапсырма.«Отан» сөзін айтқанда ойыңызға оралатын ұғымдарды атаңы

 

3-тапсырма.Төмендегі тәуелсіздік шежіресін жаттап алыңыздар.

· 1991 жылғы 25 қазанда Қазақстан егемендік жөнінде декларация қабылдады.

· 1991 жылғы 16 желтоқсанды Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.

· 1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Осы айда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін бекітті

· 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілі.

· 1994 жылы Қазақстанның мемлекеттік марапаттары бекітілді.

· 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

· 1997 жылғы 11 шілдеде Тілдер туралы заң қабылданды.

· 1998 жылғы қарашада мемлекет астанасы Ақмола қаласына көшті.

· 2010 жылғы желтоқсанда Астанада Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымының саммиті өткізілді.

· 2011 жылғы қаңтар-ақпан айларында VII қысқы Азия ойындары Астана, Алматы қалаларында өткізілді.

4-тапсырма. «Дыбыстар сөйлейді» ойыны.Берілген әріптерге Қазақстанға, тәуелсіздікке байланысты сөздер айтқызу.

А– тамекен

З –

А –

Т –

Т –

Ы –

Қ –

 

5-тапсырма.Төмендегі сөздерді бір-бірімен сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрастырыңыз.

өте Азияда

қамын президент

мемелекеттің жаумен ұрпақтың шайқасты

болашақ халқы

тұңғыш ойлаған

біздің өкілдері

кеңпейіл тәуелсіздігі

ұлт міндетіміз

ғарышқа ежелден

қысқы самғады

 

6-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

1. Қазақ / басталады/ өте /тарихы /ежелден/ жерінің.

2. Қазақ / арқасында /тәуелсіздігіне / осындай / халқы / жанын /үшін/ елі ұлдарының/ қиятын/ жетті.

3. БҰҰ-на/ айында/ жылы/ Қазақстан/ болды/ маусым/ мүше/1992.

4. 1998/ Ақмола/ мемелекет /жылы / көшті /қаласына/ астанасы.

5. Қазақстан Республикасының / сіңірді / тәуелсіздікті / үшін /нығайту / Н.Назарбаев / тұңғыш президенті / үлкен еңбек.

6. Тәуелсіздік / сондықтан / қымбат / әрбір азаматқа / болуы тиіс.

7. Ең басты байлығы / – кеңпейіл /халқы / еліміздің / және / шексіз/ даласы.

8. Конституциясы, / Елтаңбасы, /Туы және Гимні / Тәуелсіз /еліміздің / бар.

9. Отанын қорғау, / рәміздерін / мемлекеттік / білу, / құрметтеу – азаматтың / парызы /әрбір.

7-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңыз.

· Сабақта Қазақстан ...... оның тәуелсіздігі ....... әңгіме болды.

· Тәуелсіздік желтоқсан көтерілісінен ...... келді

· Сенің отаның Қазақстан .....?

· Студент сен ...., мен ....?

· Шіркін-..., керемет деген осындай болады екен!

· Тәуелсіздікке елі .... жанын қиятын ұлдарының арқасында жетті.

· Соңғы көтеріліс 1986 жылға .... тәуелсіздік жолында қаншама көтерілістер болған.

· Мен Ресейде туылғанмын, ..... Қазақстанда тұрамын.

· Тәуелсіздікке оңай қол жеткізген жоқпыз, ..... оны берік қолда ұстап тұру парызымыз.

· «Абай жолын» оқыған .... оқи бергің келеді.

8-тапсырма.Септеулік шылауларды семантикалық картаға толтырыңыз.

  Мысалдар Атау септік Барыс септік Шығыс септік Көмектес септік
арқылы +
таман        
әрі        
кейін        
бірге        
жөнінде        
қатар        
кейін        
сайын        
гөрі        
үшін        
қабат        

9-тапсырма.Сызбаны толықтырыңыз .

Шылаудың түрлері

           
     


10–тапсырма.Берілген шылаулармен «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбына сай сөйлемдер құраңыз.

арқылы, үшін, дейін, немесе, ма, бе, қабат, дегенмен, алайда, сияқты, бірақ, себебі, ғана, соң.

11–тапсырма.Сызбаны толықтырыңыз

Септеулік шылау Демеулік шылау Жалғаулық шылау
     
     
     

Сабақты пысықтау сұрақтары:

 

1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

2. Қазақ хандығы қай уақытта құрылды?

3. Қазақ хандығын құрған хандар туралы не білесің?

4. Қазақ хандығының өркендеуіне үлес қосқан қандай хандарды білесің?

5. ХХ ғасыр басында отаршылдыққа қарсы ұйымдастырылған қандай қозғалыс?

6. Алаш қозғалысына қатысқан қандай қайраткерлерді білесің?

7. 1986 жылы жастардың отаршылдыққа қарсы шыққан көтерілісі қалай аталды?

8. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

9. Қазақстанды нығайту жолында үлкен еңбек сіңірген, тұңғыш Елбасы кім?

10. Қазақ халқының ең басты құндылығы не деп ойлайсың?

 

Тәуелсіздік тұғыры

Өткен ғасырдың соңына таман 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт ғана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл ұлттар – егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Тәуелсіздіктің арқасында біз ілгері дамып келеміз. Біздің жеріміз қазба байлықтарға бай.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз еліміздің өз Конституциясы, елтаңбасы, туы және әнұраны бар. Әрбір азаматтың парызы – Отанын қорғау, мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу.

1- тапсырма. Берілген жылдардағы ең маңызды оқиғаларды жазыңыз.

1991жылы_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1995 жылы _______________________________________________________________________________________________________________________________ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________________________________________________________________

 

2-тапсырма.Сөз тіркесін жасаңыз.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­----------------------------------------- мүше болды.

------------------------------------------ дамыды.

------------------------------------------- бекітті.

-------------------------------------------- парыз.

-------------------------------------------- жариялады.

-------------------------------------------- сайланды.

 

БӨОЖ тапсырмасы

 

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

 

 

ОНЫНШЫ САБАҚ (1-сағат)

Халықаралық қатынастар

Қазақстанның дипломатиясы (1)

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты қалай қалыптасты?

2) Қазақстан Республикасы дипломатиясының негізгі бағыттары қандай деп ойлайсыз?

 

2. Жаңа сөздермен танысыңыз. Мына сөздердің мағына-сын білесіз бе?

Көкейкесті, кеудемсоқтық, кепілдік, міндеттеме, ынтымақтас-тық, құбыр, мүдделік, әріптестік, денсаулық сақтау, ықпалдастық.

 

3. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағы-насы жақын сөздерді белгілеңіз.

1) Жаһандану кезеңінде кез келген мемлекет көкейкесті (өзекті, үлкен) халықаралық проблемаларды шешуге ат салысу керек.

2) Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіздігіне кепілдік (жауап, кепілдеме) алды.

3) Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі – Ресеймен ынтымақтастықты (қызметтестікті, достықты) нығайту.

4) Қазақстаннан Қытайға тартылатын мұнай және газ құбыр-ларын салуға екі жақты мүдделілік (сүйіспеншілік, қызығушылық) бар.

5) Қазақстан АҚШ-пен демократиялық әріптестікті (серіктес-тікті, татулықты) дамытуды көздейді.

6) Қазақстан экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салалар-дағы байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық (өзара ықпал, қысым) аспектілеріне маңызды орын береді.

 

4. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты жаңа технологиялардың және ғаламдану процесінің дамуына, планеталық сипаттағы қауіп-қатердің пайда болуына, жаңа экономикалық құрылымның қалып-тасуына, аймақтық деңгейдегі халықаралық ынтымақтастықтың тереңдеуі мен сан алуандығына байланысты әлемде болып жатқан өзгерістер – мұның бәрі мемлекетіміздің сыртқы саясатының бағытына түзетулер енгізуге мәжбүр етеді, көкейкесті халықаралық проблемаларды шешуге жедел әрі икемді үн қатуға, осы мәселе-лерде жаңа көзқарастарды әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіз-дікті, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Қазақстан ішкі саяси тұрақтылығы барлық негізгі бағыттар-дағы сыртқы саясаттың ұғынықтылығына, ашықтығына және болжап білуге болатындығына байланысты, мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады. Әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебе алу үшін ядролық кеудемсоқтықтан, осы өлім себетін қаруды иемденуден бас тарту сыртқы саясаттағы басымдық берілетін бағыт екенін бүкіл әлемге таныту маңызды қадам болды. Оның орнына Қазақстан жетекші ядролық мемлекеттер тарапынан өзінің қауіпсіз өмір сүруіне сенеді, кепілдіктер алады. Қазақстанның қауіпсізді-гінің кепілдері ретінде біздің еліміздің екі ұлы көршісінің – Ресей мен Қытайдың міндеттеме алуы осы акцияның маңыздылығын арттыра түседі.

Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыт-тарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды объектілердің базасында өнер-кәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт.

Қытай Халық Республикасына қатысты саясат төтенше маңызды болып табылады. Стратегиялық тұрғыда бұл бағыт Қытай достық және тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды және дамытуды көздейді. Қазақстанның Қытайға тартылатын газ және мұнай құбырларын салуға екі жақты мүдделілік бар.

Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті нығайту, экономика-лық даму үрдістерің жақындастыру, сондай-ақ халықтардың тари-хи бірлігі Орталық Азиядағы Қазақстан саясатының стратегиялық маңызын айқындайды. Президент Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Орталық Азия экономикалық Қоғамдастығы құрылды.

Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарындағы Қазақстан дипломатиясы күш-жігерінің түпкі мақсаты – Қазақстанның бүкіл шекарасы бойынша қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, елдің егемендігін нығайту және экономикалық қайта құрулар жүргізу үшін қажетті сыртқы жағдайларды құру.

Қазақстанның сыртқы саясатының басымдық берілетін негізгі бағыттарының бірі – АҚШ-пен “демократиялық әріптестік” қарым-қатынастарын дамыту және нығайту. Бұл біздің еліміздің әлемдік қоғамдастыққа, халықаралық саяси, қаржы-экономикалық және қорғаныс институттарына тиімді түрде қатысуының, сондай-ақ озық технологиялар мен инвестицияларға қол жеткізудің маңызды шарттарының бірі.

АҚШ-пен өзара қарым-қатынастарда экономикалық ынтымақ-тастыққа үлкен назар аударылады. Бұл ретте американдық жеке меншік инвестицияларды тарту; қорғаныс өнеркәсібін конферен-циялау саласындағы ынтымақтастық; Арал өңірі мен Семей ядролық сынақ полигонындағы денсаулық сақтау мен экологияның өткір проблемаларын шешудегі өзара іс-қимыл; гуманитарлық сала сияқты байланыстарды дамыту мақсатында АҚШ әкімшілігімен өзара ықпалдастық аспектілеріне маңызды орын беріледі.

Қ.Тоқаев

 

5. Мына сөздермен және сөз тіркестерімен бірнеше сөйлем құраңыз.

Сыртқы саясат, ұлттық мүдде, геосаяси орналасуы, аумақтық тұтастық, әлемдік қоғамдастық, стратегиялық бағыттар, жан-жақты ынтымақтастық, мүдделілік, қауіпсіздікті нығайту, басымдылық, демократиялық әріптестік, қорғаныс, инвестициялар, гуманитар-лық сала, өзара ықпалдастық.

 

6. Берілген сөз тіркестерінің қазақша баламасын беріңіз. Оларды пайдаланып, бір-біріңізбен сұхбаттасыңыз.

Үлгі: Стратегиялық направление - стратегиялық бағыт. Қазақ-станның сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары қандай? – Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағытта-рының бірі – Ресей мен Қытай ынтымақтастықты дамыту.

Географическое расположение, актуальные международные проблемы, экономические и военно-политические интересы, мировое сообщество, всестороннее сотрудничество, научно-техический потенциал, демократическое партнерство, финансовов-экономические институты, передовые технологии, привлечение инвестиций, здравоохранение, экологические проблемы.

 

7. Мына сөз тіркестерін қалай түсінесіз?

Ұзақ мерзімді сипаты бар факторлар, экономикалық әлеует, сыртқы саясаттың ашықтығы, ядролық кеудемсоқтық, қауіпсіздік белдеуін қамтамасыз ету, демократиялық әріптестік.

 

8. Мына жоспар бойынша мәтіннен абзацтарды белгілеңіз. Әр абзацтың негізгі идеясын анықтаңыз.

1) Қауіпсіздік кепілдігі

2) Қазақстан Республикасы дипломатиясының қалыптасуы

3) “Демократиялық әріптестік”

4) Қазақстан және ҚХР

 

9. а) Үлгі бойынша бірнеше сөз тіркестерін жасаңыз.

түзету

---------

--------- -ге, -ға, -қа, -ке мәжбүр етеді, қол жеткізеді







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.