Здавалка
Главная | Обратная связь

Если случился обморок 3 страница



1. Науқас емханаға келді ... , терапевтке қаралды. 2. Жолдасым ауырып қалды, ... дәрігерді шақыртпады. 3. Студенттер дәрісті жақсы тыңдады, ... бүгінгі тақырып өте қызық болды. 4. Бүгін .. өзі келсін, ... досы келсін. 5. Саматтың жүрегі қатты ауырды, ... жедел жәрдем машинасын шақырды.

 

3-жаттығу. Төменде берілген жалғаулықтарды пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем жазыңыз:бірақ, немесе, да, өйткені, біресе.

 

4-жаттығу. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Фельдшер

Это слово происходит от немецкого «фельдшерер», что означает полевой, то есть военный цирюльник (парикмахер). В русский язык оно вошло во времена Петра Первого, приобрело смысл «помощник врача» и осталось до сих пор. В немецких армиях XVII-XVIII веков фельдшеры ставили банки, делали кровопускание и клизмы, лечили переломы костей, останавливали кровотечения.

Цирюльники производили некоторые операции. В средние века их называли костоправами.

 

1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Год здоровья

В соответствии с Указом Главы государства 2002 год объявлен Годом здоровья Республики Казахстан.

Здоровье является одной из главных ценностей как отдельного человека, так и общества в целом.

Учитывая разнообразие факторов, влияющих на формирование общественного здоровья и его значимость, как одного из важнейших ресурсов, здоровье является интегральным показателем и объективным критерием успешности проводимых политических, социальных и экономических реформ. Этим объясняется необходимость проведения Года здоровья в Республике Казахстан.

Исходя из этих проблем и поставленных задач, разработан План основных мероприятий по реализации Программы проведения Года здоровья.

Цели Программы Года здоровья:

- Улучшение состояния здоровья народа;

- Поддержка системы здравоохранения;

Пропаганда здорового образа жизни.

(Медицина, 2002, №1)

 

2-тапсырма. Төменде берілген ауру аттарын қазақшаға аударып, қай мүшенің аурулары екенін айтыңыз.

Ангина, хронический бронхит, язвенная болезнь, бронхиальная астма, ишемическая болезнь сердца, желчекаменная болезнь, радикулит, цистит, эпилепсия, порок сердца, анемия, пневмония, желтуха, брюшной тиф, нефрит, гастрит, сифилис, рахит, бруцеллез, грыжа, корь.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.“Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

 

темекі-табак, сигареты есірткі-наркотик мінез-құлық-характер сақтау-беречь, соблюдать тұрмыс жағдайы-бытовое условие ретсіз тамақтану-нерегулярное питание тәсіл-метод дене шынықтыру-физкультура кему-уменьшаться сау-здоровый   салауатты өмір салты-здоровый образ жизни сауықтыру-оздоровить насихат-пропаганда жөнсіз-без причин қалыптастыру-формировать кепіл-залог күту-ухаживать індет-эпидемия нашарлау-ухудшаться май басу-ожирение

2-тапсырма.“Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” мәтіні бойынша берілген тіркестерді орыс тіліне аударыңыз.

Денсаулықты сақтау, жан-жақты даму, адамның көңіл-күйі, дене шынықтырумен айналысу, насихаттаудың тәсілдері, зиянды әдеттерден аулақ болу, індеттердің таралмауы, көтеріңкі көңіл - күй, жүректің ишемиялық аурулары, аурудың алдын алу, зиянды әдет, тұрмыс жағдайы, денені май басу, ретсіз тамақтану.

 

3-тапсырма.Төмендегі берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі

Әрбір адамның өзін-өзі күтіп, денсаулығын сақтай білуі керек. Денсаулық адамның жан-жақты дамып, еңбек етуіне, тұрмыс жағдайын жақсартып, көңіл -күйінің көтеріңкі болуына мүмкіндік береді.

Медицина ауырғандарды емдеп сауықтыруға, аурудың асқынбауына, жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі. Түрлі аурулардың қалай алдын алу керек, қалай тамақтанған жөн, зиянды әдеттерден аулақ болуды т.б. насихаттауда дәрігердің орны ерекше.

Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі темекі тартады, арақ ішеді, ретсіз тамақтануынан денелерін май басады. Осылардың әсерінен адамның көңіл - күйі, мінез-құлқы өзгеріп, сана - сезімі төмендейді, зат алмасу үрдісі, бауыр мен бүйрек қызметі бұзылады. Соңғы жылдары елімізде аурулардың түрлері (гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті) көбейіп, халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өмір сүру ұзақтығы кеміп барады.

Денсаулықты сақтауда медицинаның бір саласы валеологияның қызметі зор.

Валеология латынның «VALEO» – дені сау болу және гректің «LOGOS» ғылым деген сөздерінен құралған. Сонда валеология дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым дегенді білдіреді. Оны ғылымға ХХ ғасырдың 60 - жылдарында профессор М.И.Брехман енгізді. Валеология арқылы халық гигиенаны және салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйренеді.

Денсаулықты сақтаудың бірден бір жолы – дене шынықтырумен айналысып, тамақтану рационын сақтау, зиянды әдеттерден (есірткі, темекі тарту, арақ ішу т.б.) аулақ болу.

 

4-тапсырма.Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

- Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?

- Валеология қандай ғылым?

- Валеология ғылымын кім енгізді?

- Денсаулықты сақтаудың жолдары қандай?

 

 

Тақырыпқа қатысты нақыл сөз

Дене жаттығулары көптеген дәрі-дәрмектің орнына жүре алады, бірақ дүниеде бірде-бір дәрі дене жаттығуының өтеуіне жүре алмайды.

А.Мюссе.

5-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, асты сызылған сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

Дене тәрбиесі – дәрісіз ем

Қоғамның басты байлығы – адам. Адамның басты байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын – қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз – дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет.

Дене тәрбиесімен айналысқалы өзімді сергек сезіндім. Ал сергек адамның өмірге, қоршаған ортаға көзқарасы да айырықша. Ол өзін эстетикалық тұрғыдан қалыптастырып, ең бастысы көпшілік, қоғам мүддесін қорғауды негізгі мақсат санайды.

Спорт – салауатты тұрмысымыздың басты кепілі. Өйткені ол үздіксіз еңбектенуді, зор қажыр-қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп, уақытты қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді.

(Қ.Байдосов. «Денсаулық» журналы. 1991, №5.)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:

1. Салалас кұрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Отандық фармацевтиканы өрістетуде көп жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ә) Табиғи дәрі- дәрмектердің көпшілігі өзімізде өсетін дәрлік өсімдіктерден жасалады.

б) Қызыл май- бірнеше өсімдік қоспаларынан дайындалады, сондықтан оны сырқаттың бірнеше түрін емдеуге қолдануға болады.

в) Әр дәрінің өзіне тән ерекше шипалық қасиеттері бар.

г) Пантокрин- зат алмасу бұзылғанда, ас қорыту сырқатында және ой, дене жұмысынан шаршағанда қолданылады.

2. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

а) Аспиринді аш қарынға ішу қауіпті болғандықтан, оны қабылдар алдында тамақтанған жөн.

ә) Дәрі адам баласына өте ертеден белгілі.

б) Дәрілер қолданылуына және науқас адамға әсер етуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

в) Пасталар мөлшерленбеген дәрі-дәрмек қалыптарына жатады, сондықтан рецепте жалпы мөлшері ғана белгіленеді.

г) С витамині ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады.

3. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер көп.

ә) Өсімдіксіз өмір жоқ.

б) Вакцина – микроорганизммен, вирустан алынатын препарат.

в) Глюкоза – тағам өнеркәсібінде және медицинада кеңінен қолданылады.

г) Сұлы – астық тұқымдас өсімдік.

4. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Науқастың дене қызуы көтеріледі, басы айналады.

ә) Темекі шегу ежелгі замандарда пайда болған.

б) Ыстық өткен адамды көлеңкеге жатқызыңыз, денесін салқын сумен сүртіңіз.

в) Тамаққа тәбеті болмай, қаны азайып кетті.

г) Ол толық жазылды, сондықтан кеше ауруханадан шықты.

5. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

Человек с истощенными нервами, становится раздражительным.

а) Адам ашықты жүйке жүйесі, болады ашулану.

ә) Жүйке жүйесі тозған адам ашуланшақ болады.

б) Жүйкесі тозған бар адам болады ашуланшақ.

в) Тозған жүйкемен адам ашуланшақ тұрады.

г) Жүйкесі тозған ұйқышыл келеді.

6. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Биыл көкөніс өте жақсы шықты, себебі жаңбыр көп болды.

ә) Мен түсінбеймін, неге сен түсінбейсің.

б) Күн ашылды, бірақ сен үйде болмадың.

в) Көктем келді, күн жылынды.

г) Науқастың қан қысымы біресе көтеріледі, біресе төмендейді.

7. Салалас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды табыңыз.

..., ауру асқынса ауруханаға жатқызып емдейді.

а) Гигиеналық талапты сақтау

ә) Науқасты көбіне үйде күтеді

б) Ақшыл қабықша болып

в) Ауру қоздырғыштары болса да

г) Буынға зардабын тигізгенде

8. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ағзаны түрлі зиянды заттардан, әсерлерден сақтайды және дене қызуын реттеп отырады.

ә) Аурудан сақтану үшін жұмыс пен демалыс режимін сақтап, дене шынықтыру жасап тұруы керек.

б) Ішкен тамақтағы қоректік заттар мен гормондар қан арқылы әрбір мүшеге тарайды.

в) Ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмады.

г) Миға қан құйылуда ауру есінен айырылып, кейде өліп кетуі мүмкін.

9. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Полиомиелит кейде жеңіл өтеді және инфекция зертханалық зерттеу кезінде анықталады.

ә) Кейде ауру ұзаққа созылып, адам мүгедек болып қалуы мүмкін.

б) Миға қан құйылу кезінде ауру ес-түсінен танып қалады.

в) Мидың қызметі нашарлап, ауру пайда болады.

г) Денсаулықты сақтау мен насихаттаудың тәсілдерін үйреніп, салауатты өмір салтын қалыптастырады.

10. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамағы ауырады.

ә) Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады.

б) Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.

в) Ауруханаға жатып емделгенмен, науқас толық жазылып шыққан жоқ.

г) Сырқат, көбінесе, құрғақ жөтелден басталып, кейін іріңді қақырық тастау қосылады.

Операционалды – дағды компетенциясы:

1-жаттығу.Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

1. Емдік, уақытында, анықтап, ауруды, шараларды, қолданған жоқ.

2. Бірі, эндокриндік, көп аурулардың ең, қантты диабет (ҚД), тараған.

3. Мөлшерін, қант, қажет, бар, науқастардың қант диабеті, қадағалауы.

4. Бауырда, балық, болады, Д витамині, майында.

 

Коммуникативті компетенция:

· Салауатты өмір салтын қалай қалыптастыруға болады?

· Валеология қандай сөздерден құралған?

· Елімізде жиі кездесетін ауруларды атаңыз.

· Валеология арқылы нені үйренуге болады.

· Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

· Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіз?

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. А., 2001. 130 -б.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А.,2010. 128-129 б.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 310-313 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.130-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.172-б.

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№27 тақырып: Ағзаны шынықтыру

Сабақтас құрмалас сөйлем

 

 

 

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Ағзаны шынықтыру

Сабақтас құрмалас сөйлем

 

2. Мақсаты: сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуын практикалық жолмен меңгерту, ағзаны шынықтыру туралы мәлімет беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрату, мәтінді өз бетінше мазмұндауға дағдыландыру.

3. Міндеті:Жаңа тақырыптағы медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

 

Когнитивті – білім компетенциясы: Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жан- жақты мағлұмат беру, білімін кеңейту, алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы бекіту.

 

Операционалды – дағды компетенциясы: мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұндауға, грамматикалық тақырып бойынша түрлі жаттығу жұмыстарын орындауға дағдыландыру.

Коммуникативті компетенция: топтасып жұмыс істеу барысында өз ойын еркін жеткізу, шығармашылық қатынас орнату.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, ойларын еркін жеткізе білуге баулу, ой-өрісін дамыту, іздену жұмыстарына төселдіру.

 

4. Негізгі ұғымдар: төзімділігін арттыру, тұрмыс жағдайы, шараларды қолдану, сулы орамал, ағза, шыныққан, дағды, қан айналысы;сабақтасқұрмалас сөйлем туралы түсінік, олардың жасалу жолдары, қолданыстағы көрінісі.

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин. )

Студенттің білімін бағалау (5мин. )

6.Өткізу түрі:Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар: «Ағзаны шынықтыру» мәтініне арналған кесте, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары жазылған кесте, үлестірмелі парақшалар.

Тапсырмалар

Жаңа сабақ

Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары:

Бағыныңқының баяндауыш тұлғасы Тұлғалық белгісі Сөйлемнің сызбасы
1. Шартты рай -са, -се, (-сам, -сем, -сақ, -сек, -саңдар, -сеңдер, -саңыз, -сеңіз, -саңыздар, -сеңіздер), -са, -да, -се, -де бағыныңқы – басыңқы ~ ~ ~ ауырса, І______І аурыса да,  
2. Көсемше -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі, -майынша, -мейінше ~ ~ ~ емделе, І______І ~ ~ ~ емделіп, І______І ~ ~ ~ емделгелі, І______І ~ ~ ~ емделмейінше, І – І  
3. Есімше -ған -ша, -ше -ген -дай, -дей + -да, -де -қан -мен -кен -дықтан, -діктен   -ған сайын -ген соң -қан кезде -кен шақта уақытта   -ған -ға (-ге) шейін -ген: + -нан бері -қан -нан кейін -кен   соң бұрын   -ма, -ме, + -с –тан -ба, -бе, -тен -па, -пе ~ ~ ~ ауырғанша, І_____І ~ ~ ~ ауырғандай, І____І ~ ~ ~ емделгенде, І____І ~ ~ ~ емделгенмен, І___І ~ ~ емделгендіктен, І___І   ~ ~ емделген сайын, І – І ~ ~ емделген соң, І_____І ~ ~ емделген кезде, І – І   ~ ~ ~ емделгеннен бері, І_____І ~ ~ ~ емделгеннен кейін, І______І   ~ ~ емделгеннен соң, І – І ~ ~ ~ емделгеннен бұрын, І_______І ~ ~ емделместен, І_____І
4. Етістік негізі: -ысымен,   -ісімен   ~ ~ ~ емделісімен, І____І
5. Қимыл есімі: -у үшін ~ ~ емделу үшін, І_____І  

 

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері

1-жаттығу. Берілген сөйлемдерді мағынасына сәйкес құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне ажыратыңыз.

1. Науқас есінен танып науқас дәрігерге барып қаралды.
2. Жедел гастрит дұрыс емделмесе оның денсаулығы мықты болу керек
3. Өт жолына құм жиналған себепті иммунитетті көтеруге көмектеседі
4. Адам жан-жақты даму үшін аяқ-қолы тырысуы мүмкін
5. Витамин тағам құрамында аз болғанмен созылмалы гастритке ұласады

 

2-жаттығу. Бағыныңқының баяндауышы қайтіп? қайтсе? қашан? не себепті? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап беретін 5-6 сөйлем жазыңыз.

3-жаттығу. Төменде берілген етістіктерді пайдаланып, сабақтас құрмалас сөйлем құраңыз.

Емдеу, демалу, байқау, анықтау, суық тию, сапар шегу, қатысу.

 

4– жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің бағыныңқы мүшесін тауып, сөйлемді аяқтаңыз.

1. ... жедел жәрдем шақыру керек. 2. ... аурудың себептерін дер кезінде анықтау керек. 3. ... үнемі дәрігердің бақылауында болған жөн. 4. ... бөлменің ауасын таза ұстау керек. 5. ... курсқа барып жүрдік.

 

5 – жаттығу.Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Науқас жатқан бөлмені тазалап, ... . 2. Дәрігер науқасқа диагноз қойып, ... . 3. Асанның дене қызуы кешке көтеріліп, ... . 4. Әр адамның қаны қай топқа жататынын анықтап алмай, ... . 5. Артық су, минералды тұздар қанның құрамынан шығарылып, ... .

 

6–жаттығу.Берілген сөйлемдердің бағыныңқы мүшесін тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

1. ..., ентігу сияқты белгілер байқалады. 2. ..., дәрігердің кеңесін тыңдаған жөн. 3. ..., қан айналысы жүйесінің жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектер ішу қажет. 4. ..., бөлменің ауасын тазарту керек. 5. ..., ас қорыту жүйесінің қызметін реттеп отырады. 6. ..., емді дұрыс қабылдау қажет. 7. ..., қант диабеті пайда болуы мүмкін.

 

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

төзімділік - выносливость, терпеливость бейімделу - адаптация, приспособиться қыздырыну-согреваться, обогреваться шынығу - закаливание сүрту - вытереть шұғылдану - заниматься сулы орамал - влажная тряпка дене тәрбиесі - физическое вопитание шыныққан - закаленный

2-тапсырма.Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Шыныққан ағза,сыртқы ортаның, суыққа төзімді, ыстыққа үйренген адам, күнделікті дағды, денсаулығына байланысты, дене тәрбиесі, қан айналысы, күн көзі, үздіксіз шұғылдану, шартты рефлекс, күнге күю, салқын тиіп ауыру.

3-тапсырма.Мәтінді оқыңыз.

Ағзаны шынықтыру

Ағзаны шынықтыру - бұл ағзаның сыртқы ортаның әсеріне (ыстыққа, суыққа, атмосфера қысымына т.б.) төзімділігін арттыру үшін қолданылатын шаралар жүйесі. Бұл шараларды қолдану нәтижесінде ағзаның жылу реттеуі қалыптасып, шартты рефлекс пайда болады. Шыныққан ағза ыстыққа да, суыққа да төзімді келеді.

Ағзаны шынықтырғанда қан айналысы жақсарады. Суыққа шынығу түрлі салқын тиіп аурудан алдын ала сақтандырады. Ыстыққа үйренген адам ағзасы жылуды термен шығарып, дене температурасын қалыптастырады. Ағзаны шынықтыруда ауа, су, күн көзі, сумен емдеу және дене тәрбиесі жаттығуларымен (гимнастика, жеңіл атлетика, жүзу, серуендеу т.б.) үздіксіз шұғылданудың маңызы зор.

Мұнымен қатар ағзаны шынықтыруға күнделікті дағды, тұрмыс жағдайы әсер етеді. Ағзаны шынықтыруды бала кезінен бастау өте пайдалы. Бұл кез бала ағзасы қалыптасып, толық жетілмеген кез. Сондықтан қандай жағдайларға болсын жас ағза тез бейімделеді.

Ағзаны шынықтыруда қолданылатын тәсілдер адамның жасына, денсаулығына байланысты, мысалы, кейбір адамға күнге қыздырынуға болмайды. Мұндайда ағзаны шынықтырудың басқа әдістері қолданылады. Ағзаны шынықтыруға кірісуден бұрын дәрігерге қаралып ағзаны шынықтырудың қай түрімен шұғылдану (күнге күю, шомылу т.б.) жөнінде кеңес алу керек.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.