Здавалка
Главная | Обратная связь

Коммуникативті компетенция



1. Венералогиялық аурулар қандай ауру?

2. Аурудың қандай түрлері бар?

3. Тұңғыш рет мерездің белгілері қашан белгілі болған?

4. Мерез қандай ауру, белгілері қандай?

5. Соз ауруы туралы не білесіз?

 

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, А. 2001.54-б.

2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 303-305- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.122-123-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 161-163-бб.

 


 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№20 тақырып: Эндокриндік жүйе. Сыртқы және ішкі секреция бездері.

Есімдік

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Эндокриндік жүйе. Сыртқы және ішкі секреция бездері.

Есімдік

 

2. Мақсаты: Есімдік түрлерін практикалық жолымен меңгерту; мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұнын айтуға баулу.

 

3. Міндеті:Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету; сөйлеу барысында есімдіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; есімдіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

 

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздік қорын байытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқыған мәтіннің мазмұнын жан–жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Коммуникативті компетенция:тілдік категорияларды дұрыс қолданып, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

 

4.Негізгі ұғымдар:эндокриндік бездер, адам ағзасы, ішкі секреция бездері, ұйқыбез, қалқанша без, айырбез, бүйрек үсті без, он екі елі ішек; есімдіктің түрлері, жасалу жолдары, сұрақтары, септелуі.

 

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі:Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар:Эндокриндік жүйе және сыртқы және ішкі секреция бездеріне арналған кесте, есімдіктің түрлеріне арналған кесте, үлестірмелі карточкалар.

 

Тапсырмалар

Жаңа сабақ

Есімдік

Жіктеу есімдіктері:мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар

Сілтеу есімдіктері:осы, сол, бұл, осында, мұнда,

Өздік есімдіктері:өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі.

Белгісіздік есімдіктер:әрбір, кейбір, біреу, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, бірдеңе

 

Болымсыздық есімдіктер

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).

Бұлардың ішінен заттық ұғым білдіретіндері - ешкім, ештеңе(ештеме), ешқайсы дегендер. Ешбір, ешқандай дегендер - аттрибутивтік ұғымдағы сөздер.

 

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылыстарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Асқазан, бауыр, ішектер, ұйқы безі- барлығы ас қорыту мүшелеріне жатады.

Жалпылау есімдіктерінің ішінен бәрі деген атау формада субстанциялық (заттық) ұғымды білдіреді де, басқалары атау формада аттрибутивтік (анықтау) ұғымдарды білдіреді. Жалпылау есімдіктерінің ішінен бар, бүкіл, күллі сөздері лексикалық жолмен өзге сөз таптарынан ауысқан, бәрі, барлық барша сөздері морфологиялық тәсіл арқылы бар есімдігінен жасалған.

Бар, барлық, барша есімдіктеріне тәуелдік жалғаулары оңаша және ортақ түрінде де жалғана береді де, бүкіл, күллі, бүтін есімдіктеріне ешқашан да жалғанбайды. Жіктік жалғаулары да жалпылау есімдіктерінің ешбіріне жалғанбайды.

 

А.бәрі І. бәрінің Б. бәріне Т. бәрін Ж.бәрінде Ш.бәрінен К. бәрімен А.барлығы І. барлығының Б.барлығына Т.барлығын Ж.барлығында Ш.барлығында К.барлығымен  

 

Өз бетінше орындайтын жаттығу жұмыстары

1 – жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

1. ... студенттер салауатты өмір салтын жақсы ұстайды. 2. Науқастардың ... анализді толық тапсырған жоқ. 3. Ол ... кеш келді. 4. ... халық бейбітшілікті қалайды. 5. Дәрігер ... жұмысын бастап кеткен.

Керекті сөздер: әлдеқашан, барша, әлдеқайдан, кейбір, кейбіреуі.

2-жаттығу. Есімдіктердің қай септікте тұрғанын айтыңыз.

Өзіңді, ешкімнен, баршасына, осында, мынадан, нешеуіне, кейбірінің, мынаған.

3 – жаттығу. Төменде берілген белгісіздік есімдіктеріне сөйлем құрастырыңыз.

Біреу, әрбір, әлдеқайдан, әлдене, кейбір, әркім.

 

4-жаттығу.Берілген өлеңді оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Медбикелер

Дәрігерлерге қолғанат,

Ақ халатты абзал жан.

Ауру келсе тыным жоқ,

Қасынан дәйім табылған.

Дауа жасап кеселге,

Күндіз-түні сабылған.

Медбикелер мейірімді,

Қолдары шипа асыл жан.

Құтты болсын мереке,

Емшілер даңқын асырған! (Бекемгүл Батырбекқызы)

 

 

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, жаттап алыңыз.

без - железа құрылысы - строение өнім - выработка, продукция қалқанша без - щитовидная железа қалқан серік бездері – паращитовидные железы айыр без - вилочковая железа бүйрек үсті - надпочечник көк бауыр - селезенка үйлесімділік – совместимость, соответствие талшық - волокно түзілу- образоваться бәсеңдеу - приутихнуть, ослабить күшейту - усилить мағлұмат - сведение он екі елі ішек - двенадцатиперстная кишка

2-тапсырма.Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөздерге сұрақ қойыңыз. Қарамен жазылған сөз тіркестеріне құрмалас сөйлем құрастырыңыз

Жүйке талшықтары, жыныс бездері, кеңірдектің алдында, гормондар түзіледі, шеткі бездердің қызметі, бездерге тікелей әсер ету, қоршаған ортаның өзгерістері, белсенділігін өзгерту, жүйелердің үйлесімділігі.

3–тапсырма.«Эндокриндікжүйе» мәтінін оқып, орыс тіліне аударыңыз.түсінігіңізді

Эндокриндікжүйе

Эндокринология (грек. endon – ішкі, krino – бөліп шығарамын және
logos - ілім) - эндокриндік бездердің құрылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер-гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым.

Адам ағзасында эндокриндік жүйе маңызды қызмет атқарады. Эндокриндік бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік бездері, айырбез, бүйрек үсті, ұйқыбез және жыныс бездері жатады. Ағзадағы жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездері тығыз байланыста болып, әртүрлі қызметтер мен жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Жүйке талшықтарымен келген қозулар гормондардың түзілуі мен олардың белсенділігін өзгертіп, бездерге тікелей әсер етеді. Эндокриндік функцияның орталық буыны – бездер. Бездерде гормондар түзіледі және қанға шығарылады. Ішкі секреция бездері қоршаған ортаның өзгерістеріне өздерінің функциясын күшейту немесе бәсеңдету арқылы жауап қайтарады.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормондар деп атайды. Гормон гректің horman- қоздыру, активтендіру деген сөзінен алынған. Гормон деген терминді 1902 жылы ағылшын зерттеушілері Бейлисс пен Старлинг енгізген. Ішкі секреция бездері жүйесінде гипофиздің алатын орны ерекше. Гипофизді ішкі секреция бездерінің «орталық безі» деп атайды. Өйткені, ол өзінде түзілетін тропты гормондары арқылы ағзадағы шеткі бездердің қызметін реттейді.

Қалқанша без эндокриндік жүйенің ішіндегі аса маңызды бездердің бірі. Ол туралы алғашқы мағлұматтарды 1543 жылы Везалий жазған. 1656 жылы Вартон оны «қалқанша без» деп атады. 1827 жылдан бастап оның ағзада атқаратын қызметі эксперименттік жолмен зерттеле бастады. Қалқанша без мойын аймағында, кеңірдектің алдында орналасқан.

Бүйрек үсті бездері бүйректердің жоғарғы жағында (полюсінде) орналасқан. 1849 жылы Аддисон бүйрек үсті бездерінің физиологиялық және функционалдық маңызын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шықты.

Ұйқы безі денедегі аса ірі бездер қатарына жатады және қарынның артын ала он екі елі ішек пен көкбауырдың арасында орналасады. Ұйқы безі ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) секрециялық қызмет атқарады.

4–тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

1. Эндокриндік бездерге қандай бездер жатады?

2. Қалқанша без туралы не білесіз?

3. Ұйқы безі қайда орналасқан?

4. Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

5. Олар сөлін қайда бөледі?

6. Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?

5-тапсырма. «Сыртқы және ішкі секреция бездері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздермен танысып, жаттап алыңыз.

Сыртқы-внешний Ішкі-внутренний Сөл-сок, выделяющие вещества Өзек-проток, ствол Тікелей-непосредственно,прямо Бөлу-выделять, деление,разделить Ұйқы безі-поджелудочная железа Қалқанша без-щитовидная железа Түтікше-сосуд   Тіршілік-жизнь,существование Ұлпа-ткань Зиянды-опасный, вредный Мінез-құлық-характер Құбылмалы-изменчивый, переменчивый Бейімделу-адаптация, припособиться Қуану-радоваться, восторг Үрейлену-тревожиться,бояться,паника  

6-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін оқып шығыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Ағзадағы бездер, өзектері бар бездер, өзектері жоқ бездер, сөлді қанға бөлу, сөлді ас қорыту мүшелеріне бөлу, адамның тіршілік етуі, адамның өсуі, адамның дамуы, ішкі секрециясы бездерінің маңызы, гормон бөліп шығару, ағзаның түрлі әрекеті, күшті биологиялық заттар, қан арқылы, бүкіл денеге таралу, мүшелердің қызметін реттеу, ұлпалардың қызметін реттеу, психологиялық іс-әрекетін қалыптастыру, адамның қуануы, адамның үрейленуі, адамның мінез-құлқы, адамның іс-әрекеті.

 

7-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып шығыңыз.Орыс тіліңе аударыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз. Сұрақтарыңыз бен жауаптарыңызды дәптерге жазыңыз.

Сыртқы және ішкі секреция бездері

Ағзадағы бездер негізінен екі топқа:сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөлетін өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне бөледі.

Ішкі секреция бездеріне мидың төменгі қосалқы безі(гипофиз) және жоғары қосалқы без (эпифиз), қалқанша без, оның қасындағы бездер, тимус, бүйрек бездері жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін қанға бөледі. Адамның тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон-ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын биологиялық заттар. Гормондар қан арқылы бүкіл денеге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді.

Ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, дененің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Ішкі секреция бездері дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлық, яғни психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады. Ішкі секркция бездері бөлетін гормондар адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне әсер етеді.

 

8-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

1.Бездер екі топ ... бөлінеді.2.Ішкі секреция бездері сөл ... қанға бөледі.3. Сыртқы секреция без ... сөлді өзектері арқылы бөледі.4. Адамның дамуы... әсерін тигізеді.5.Бұл жүйе... жататын безден гормон бөледі.6.Гормондар қан арқылы бүкіл дене... тарайды.7.Ішкі секреция бездері... қызметін жүйке жүйе... басқарады.

 

9-тапсырма.Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Бездер нешеге бөлінеді?

2.Сыртқы секреция бездері деген не?

3.Олар қандай қызмет атқарады?

4.Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

5.Ішкі секреция бездеріне қандай бездер жатады?

6.Олар сөлін қайда бөледі?

7.Гормон деген не?

8.Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай?

 

Тапсырма

Неліктен адамның тіршілік етіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше екендігі туралы абзацты тауып оқып беріңіз. Түсінгеніңізді дәптерге жазыңыз.

Тапсырма.

Төмендегі берілген мәтінді оқып шығыңыз. Ерекше дыбыстырға, оқу жылдамдығына көңіл бөліңіз. Мәтінге тақырып қойыңыз, түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

Бүйрек үсті безі екі бүйректің үстінде жатады. Әр бездің салмағы 12граммнан. Бұл биездер бірнеше гормондар бөліп шығарады. Бүйрек безі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Ішкі қабат адреналин гормонын бөледі. Сыртқы қабатта гормондар өте көп болады. Олар минералды заттардың, көмір сулардың, ақуыздың, майдың алмасуын реттеп оттырады.

Адреналин жүрек жұмысына, қан тамырларға әсер еттеді. Ол жүректің жұмысын жылдамдатады. Зат алмасу әрекетін арттырады. Әсіресе көмірсулардың алмасуын жылдамдатады, оның нәтижесінде қоректік заттар көбейеді. Осыдан бұлшық еттер жұмысы жақсарып, адамға энергия- күш пайда болады.

 

10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.б.)

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тестілер:


6. Жалпылау есімдігін табыңыз.

а) күллі

ә) ешкім

б) мынау

в) осы

г) кейбір

7. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

а) өзі

ә) баршасына

б) барлыққа

в) сеннің

г) менге

8. Белгісіздік есімдіктер қатарын табыңыз.

а) әлдеқайда, кейбір, әркім

ә) ешкім, әрине, сол

б) өзі, өзім, мына

в) кім? не? қанша?

г) мен, сен, ол

9. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

а) қайсыбір

ә) саған

б) түгел

в) осынау

г) ештеңе

10. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Саған қандай сыйлық берді?

ә) Әрбір атқарған ісің нәтижелі болсын.

б) Ешқайда барушы болма.

в) Қандай анализ тапсырдыңыз?

г) Күллі халық дағдарысты жақсы түсінеді.

6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл дәрілер қызуды баса бермейді.

ә) Сондықтан дәрілерді қоса бермейді.

б) Қандай дәрі қабылдадыңыз?

в) Қызылмайды пайдаланғанда ешқандай кері әсерлер байқалмайды.

г) Бірталай дәрілердің сапасын анықтайды.

7. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Үнемі қажет болатын дәрілерді сақтаңыз.

ә) Дәрілердің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

б) Дәрі пайдаланылмады.

в) Студенттер сабаққа келмеді.

г) Мерзімі өтіп кеткен дәріні қабылдамаңыз.

8. Жалпылау есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қалыпқа келтіруші заттарды майдың негізі деп атайды.

ә) Алоэ - көп жылдық өсімдік.

б) Балды бауыр ауруларына пайдаланады.

в) Майлардың барлығы ағзаға пайдалы бола бермейді.

г) Дәріханада майды шыны сауыттарға салып береді.

9. Жалпылау есімдікті табыңыз.

а) осы, сол, ана, мынау

ә) отыр, жүр, тұр, кел

б) өзім, өзің, өзі

в) барлық, бәрі, барша, бүкіл

г) мұнай, темір, көмір

10. Есімдікті көрсетіңіз.

Медицинада дәрілік өсімдіктердің кейбіреуінен дәрі дайындалмайды.

а) медицинада

ә) дәрілік

б) өсімдіктердің

в) кейбіреуінен

г) дәрі дайындалмайды

6. Септеліп тұрған сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

а) осыған

ә) бұл

б) мынаны

в) бүгін

г) осыдан

7. Болымсыздық есімдігін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күлі

г) түгел, барлық

8. «Ешкім келген жоқ» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік

9. Сөйлемдегі сұрау есімдігін көрсетіңіз.

Аурудың алдын алудың қандай жолдары бар?

а) алдын алу

ә) қандай

б) жолдары бар

в) аурудың

г) бар

10. «Біреу есік қағып тұр» сөйлемінде қандай есімдік бар?

а) болымсыздық

ә) жалпылау

б) сілтеу

в) жіктеу

г) белгісіздік

11. Есімдіктің түрлерін көрсетіңіз.

а) болымсыздық

ә) оның

б) топтау

в) салыстырмалы

12. Есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

а) бірінші адам

ә) бір-бірден

б) біреу секілді

в) бірдене айтты

13. Жіктеу есімдіктерін табыңыз.

а) біз, сендер

ә) ешкім, ешқашан

б) кім, не

в) бәрі, күнні


Операционалды – дағды компетенциясы:

1-жаттығу. Сөз тіркестері мен сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін ажыратып, олардың қай жалғауда тұрғанын айтыңыз.

Оны кездестіру, осыған айтыңыз, мұнысы болмады, кімге айтты?, өзіңе берді, қашан келді?, әрбір оқушы, өзіміз орындаймыз, біраз кешікті, бүкіл адам,қайсыбіреуіне тапсырды, ешкімнен алмаңыз, ешқашан ұмытпаңыз, барлығына айтылды.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.