Здавалка
Главная | Обратная связь

Если случился обморок 8 страница



Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді.

Астана күні

Республика Президентінің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Кейін Ақмола қаласы Астана атанды.

Бүгінде Тәуелсіздігіміздің Перзенті – Астана қаласы күннен –күнге көркейіп, құлпырып келеді. Оны қазір барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгінде онымен мақтанатын болды.

Ал еліміздің тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың туған күні 6-шілде – Астана күні аталатын болды.

Айт мейрамы

Айт мейрамы қазақ халқы үшін қасиетті мейрамдардың бірі болып саналады. Мейрамда халық отыз күн ораза ұстап, үш күн бойы Айыт мейрамын тойлайды. Айт мерекесінде адамдар бір-бірінің үйіне қонаққа барады. Бұл бұрыннан келе жатқан Мұсылман халықтарының салттарына жатады.

Сол сияқты христиан халқында да діни мейрам бар. Бұл – Пасха деп аталады.


б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.

1-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Нысапсызға не керек істің ақпен қарасы.(А.) 2. Абай бұл арада үлкен түйін түйілгенін білді. (М.Ә.) 3. Аспан қою бұлттан айығып, таң белгі бере бастады (С.Б.) 4. Науқасынан тез айығып кете алмады. (С.Қ.)

2-тапсырма. Төмендегі мысалдарда қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағынаны білдіретінін айтыңыздар. Орыс тіліне аударыңыздар.

1.Қалың дәптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім. 2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы. 3. Қисық ағаш, қисық мінез. 4. Суық күн, суық сөз, суық хабар. 5. Жылы су, жылы сөз. 6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр сөз, мінезі ауыр.

3-тапсырма. Төмендегі сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар, онда әр сөз кемінде екі түрлі мағынада қолданылатын болсын.

Ағаш, темір, саңырау, алыс, жол, ойыншық, бұлақ, көз, ащы, тәтті, қол, жал, жар, қабақ, жаға, тұнық, жалын, ұшқын, жеу, қақпақ, қармақ, аю, қасқыр, түлкі, бұлт, күн.

4-тапсырма. Қарамен терілген сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңіздер.

Қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш, сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңірлі); жылы (су, сөз, киім, өң); суық (су, сөз, хабар, өң); сары (май, маса, уайым, уыз, қотыр, қарын, ауыз, бауыр, балақ, аяқ, су); бет (әжімі, моншақ, алды, перде, бұрыс, алыс, ашылу, бақтырмау, ашар, қайту, орамал); арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос).

5-тапсырма. Қара мен терілген сөздердің тура я ауыспалы мағынада қолданылып тұрғандығын ажыратып, егер ауыспалы мағынада қолданылса, оның тура мағынасын өздеріңіз ойлап табыңыздар.

I. 1. Қалың қызыл матадан жасалған сахна шымылдығы шам сәулесін өзіне тартып алып, оны өз түсімен бояп, кең залды ал қызыл нұрмен толқытады. (М.И) 2. Қайрақбайдың «әне!»- деген жағына қарасақ, дауыл көтерген сияқтанып қалың шаң көрінеді. 3. Даусы бұрынғыдан қалыңдағансияқты. (С.М) 4. Пар айдап жатқандарға өзің бас-көз бол. ( Б.М) 5.Қағазыңыз мықтыекен, Боқа . 6. Бірақ ісіне мықты бол, шырақ. 7. Ол жағын сұрай көрме, ағатай, ішіме мықтап түйгем. 8. Осы денедегі есіл қайрат көзі ашық адамға бітсе, тау қопарар еді. 9. Өмірдің бетінде қалқып жүрген сияқтымын. 10. Көруге бар, ұстауға жоқ сағым болдың, Ардақ. 11. Солар менің оқитын, сенімен әнгімелесетін қымбатты уақыттарымды да ұрлап жатыр, Ардақ. 12. Тек алысқа шап, Ермек Борантаевич.(Ғ.Мұст.)

II. 1. Осы ашудың әлегімен Раушанның өтінішіне саңырау болды. 2. Қожар беттің ашумен таяғын сындырып алғаны былайғылардың күлкісін келтірді. 3. Осы жаманменбіраз күн өмір өткіздің ғой. (Б.М) 4. Айнала қарап тұрғанында, жердің семіз қара топырағы жасыл ала шөптен көрінбейді. 5. Енді торғындай майда ескектің жібектей жұмсақ гүлден алған жас демі балбыраған денені сергітіп тастады (С.С) 6. Осы өлең аса бір аяулы шағымның белгісіндей маған әлі ыстық.(Т.Ақт) 7.Қол ұшы тиесі, не үзіліп кетердей, не өзі әлі істемеген соншалықты ыстық үн төгіп жіберердей. (С.Шайм) 8. Сендер болсаң мынау, осындайда дұрыстап қол ұшын да бермейсіңдер. 9. Тамағына әлдене тұрып қалғандай, сөзі шорт- шорт үзіліп, үні бітті.(М.И)

 

10. Бақылау

1. Қандай мейрамдарды білесіздер?

2. ҚР тәуелсіздігін қашан алды?

3. Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болды?

4. 16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы не білесіздер?

5. 22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы не білесіздер?

6. Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?

7. Наурыз мейрамының ерекшелігі қандай?

8. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қашаннан бастап тойланады?

9. Астана күні болып қай күн белгіленді?

10. Астана бұрын қалай аталған?

11. Айт мейрамы туралы не білесіз?

12. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?

13. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

14. Сөздің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріңіздер.

 

11. Әдебиеттер:

1.Ж.Т.Исаева, А.Е.Тәттібаева. Қазақ тілі. 2011ж. 15-20 беттер.

2.Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994ж.

 


 

 

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)

 

2013 ж.

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


Тақырыбы: Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)

 

1. Мақсаты:

- Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыра отырып, туған жерін, елін, отанын сүюге, қорғауға баулу;

- адамгершілікке тәрбиелеу, оқушыға Патриоттық рухта тәрбие беру;

- синоним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру;

- омоним, антоним туралы мағлұмат беру;

- Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мәлімет алу;

- синоним, омоним, антоним сөздерді меңгерту.

 

2. Міндеті:

- лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;

- терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру;

- ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;

- қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.

 

3. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық тақырып бойынша

1. ҚР мемлекеттік рәміздері туралы жалпы мағлұмат;

2. Мемлекеттік елтаңба, авторлары;

3. Мемлекеттік ту, авторлары;

4. Мемлекеттік әнұран, авторлары;

5. Мемлекеттік нышандардың маңызы;

 

4. Сабақты өткізу жоспары:

1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут

2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут

3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут

ҮЗІЛІС

4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут

5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут

ҮЗІЛІС

6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут

7. Жаттығу жұмыстары,тестілер - 20 минут

8. Қорытындылау,үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 минут

5. Өткізу түрі:тәжірибелік

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.

 

7. Көрнекі құралдар:кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

8. Тапсырмалар:

а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:


елтаңба – герб

іспеттес, сияқты – подобный

қанатты пырақ – скакун (мифич.)

мәңгілік – бессмертие

шексіз даму – бесконечное развитие

рухани байлық – духовное богатство

самғау биігі – здесь: мечта

жарқын болашақ – светлое будущее

жол көрсетер жұлдыз – путеводная звезда

шұғылалы алтын күн – золотое солнце, купающееся в своих лучах

қалықтап ұшқан қыран – парящий орел

бейне – образ

бейнелі – образный

күн бейнелі – как солнце

бейнелеу – изобразить

сабының тұсында – вдоль древка

өрнекті нашықтау – орнаментное украшение

тік жолағы – прямые полосы

бірігу идеясы – идея единения

бейбіт – мирный

бейбітшілік – мир

еске салу – напоминать

көк түс пен оның реңктері – синий цвет и его оттенки

адалдық және тазалық – честность и верность

дарқандық пен қырағылық – щедрость и зоркость


ә) Мәтінді оқу.

Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан (рәміздері)

Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар.

Мемлекеттік рәміз – мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігін паш етеді.

Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар.Олардың ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» 1996 жылғы қаңтардың 24-індегі Жарлығынан:

4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін қорлауға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендіктің музыкалық поэтикалық рәмізі. Негізінен әуен мен сөзден тұрады. Әнұранның сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты пырақ – болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Еліміздің жұлдызы жоғары, болашағы жарқын болсын дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Мемлекеттік Ту – мемлекеттің өзіне тән ресми белгілерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік ту мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарына, шет елдердегі елшіліктер мен консулдықтарда, кемелерде т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі.

Ту– ортасында шұғылалы алтын күн астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолағы бар көгілдір түсті мата.

Тудың біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, қыран бүркіт бейнесі – дарқандық пен қырағылық, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, биіктіктің белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдағы үлкен жетістік.

б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.

1- тапсырма.Берілген сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік беріңіздер.

Аз, асық, ақ, бақ, без, біз, ер, жас, жат, мін.

2- тапсырма.Берілген сөздердің ішінен синонимдерді тауып, өзара топтаңыздар, орыс тіліне аударыңыз.

Мол, шаршау, мақсат, жаға, мақұлдау, қамығу, көп, тоқтату, ұрсу, сәлемдесу, қажу, жанында, сүйеніш, зерігу, есею, сеіру, әдейі, мұрат, аялдау, титықтау, ырғу, өңір, сауық, дәм, шама, аяу, таяныш, шалдығу, қасақана, ер жету, жекіру, қоштасу, амандасу, есіркеу, мөлшер, тамақ, қоныс, ұсақ, жиек, сайран, дем алу, жаны ашу, мұңаю, сылтау, майда, болдыру, тағам, нарық, мекен, аймақ, баға, ас, қасында, жай, желеу.

3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударып, жазыңыз.

Наша республика – демократическое, светское и унитарное государство, в которой обеспечивается равноправие всех граждан, проживающих в ней. как демократическое государство Казахстан признает высшей ценностью человека, его жизнь, свободу и права.

 

4-тапсырма.Төмендегі сөздердің ішінен антонимдерін іріктеп алыңыздар да, қалғандарының антоним бола алмайтынын түсіндіріңіздер.

Ақылды, үнемді, ұйқылы, талапты, өжет, ақымақ, пайдалы, ояу, өң, тұр, отыр, ұйқысыз, ынжық, талапсыз, ақылсыз, түс, отырма, зиян, пайдасыз, шын, жіңішке, жұмсақ, тұйық, өтірік, қатты, жуан, жіңішке емес, өтірік емес, ашық, берік, осал, кес, кеспе, ақырын, тез, жылдам, жай, қыбырсыз, аш, ашпа, жап, жаппа.

 

5- тапсырма.Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрап жазыңыз.

Подобный сердцу герба, крылатый скакун, духовное богатство, вера в будущее, светлая мечта, образ казахского народа, путеводная звезда, золотое солнце, знак верности и надежд, щедрость и зоркость, орнаментное украшение, честность и верность.

 

6-тапсырма.Әнұранның мазмұнын түсініп жаттап алыңыз.

9. Бақылау

1. Синоним дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.

2. Омонми дегеніміз не?

3. Антоним дегеніміз не?

4. Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?

5. Тәуелсіздік халыққа не береді?

6. Тәуелсіздіктің қандай белгілерін білесіз?

7. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесіздер?

8. Мемлекеттік рәміздер туралы жарлық қашан шықты?

9. Елтаңбадағы қос пырақ ненің белгісі?

10. Елтаңбаның авторлары кімдер?

11. Қыран бүркіт бейнесі ненің белгісі болып саналады?

12. Теңгенің туған күні қашан? – Авторлары кім?

Тестілер:


1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығы қашан шықты?

а)+ 1996 жылы, 24 қаңтарда

ә) 1997 жылы, 25 наурыз

б) 1991 жылы, 1 ақпан

в) 1992 жылы, 2 шілде

2. Елтаңбаның төбесінде не бейнеленген?

а) барыс

ә) ай

б)+ жұлдыз

в) аспан







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.