Здавалка
Главная | Обратная связь

Redefining Your Future



_________________

_________________

_________________

 


Қош келдіңіздер, құрметті достар! Біздің мақсатымыз сізді дүниежүзілік QI ұйымымен таныстырып, дұрыс бағыттау және Network Marketting саудасында сізді қорғау.

Сізді осы саудадағы алғаш қадамдар жасауға – «11 этаж» атты нұсқаулама үйретеді. Бұл нұсқаманы оқып сіз біздің бизнестің басында өз мақсаттарыңызды анықтау мен оларға жету құпияларын тауып үйренесіз, өз міндеттеріңізді анықтауды және оларға жету үшін өз уақытыңыз бен энергияныңызды қаншалықты бөлу керегін үйренесіз.

Есіңізде болсын: сіз өз ұйымыңызға (командаңызға) адамдарды жинауға асықпауыңыз керек. Бұл нұсқама сізге серіктестерді таңдауға және оларды жұмысқа шақыруға көмектеседі.

Сіз бұл бизнесте алғашқы емессіз және сізге дейін дүниежүзінің көптеген адамдары осы жұмыспен айналысқан. Олардың ішінде шын мәнінде жетістікке жеткен адамдар да, сонымен қатар сәтсіздікке де ұшырағандар да бар. Сәтті адамдардың жетістікке жету себебі олар адамдарды жинар алдында осы нұсқаманы толығымен оқиды және өз лидерлерінің кеңесін тыңдап олардың бағдарлары бойынша жүреді. Басқа адамдардың сәтсіздігіне ұшырау себебі олар осы нұсқаманы толығымен түсінген жоқ немесе жүйенің шарттары мен бағыты бойынша жұмыс істмеген. Олар тек екі адамды ғана шақырып (өздерінің оң және сол) және осыдан олардың жұмыстары аяқталған. Олардың ойлары дұрыс болған жоқ және осыдан сіз төменде келтірілген мысалдарға назар аударуыңыз керек.

1. «11 этаж»нұсқамасын мұқият оқып, үйреніңіз және осы нұсқамамен өз лидеріңіздің нұсқауларын орындаңыз.

2.Осы нұсқаманы оқып, үйренген кезде бұл жұмыс жайында ешкіммен (тіпті ең жақын адамдарыңызбен де) ақылдаспаңыз және оларды осы жұмысқа шақырмаңыз. Сіз басында жұмысты толығымен үйренуіңіз керек және содан кейін ғана біздің нұсқамалар көмегімен өздеріңіздің болашақ дайректеріңізді (командаңыздағы адамдар) таңдап, оларды жұмысқа қалай шақыру керегін үйренесіз.

3.Өзіңіздің оң және сол жағыңызға достарыңызды шақырғаннан кейін, сіз бірден өзіңіздің лидеріңізбен бірігіп жаңадан келген адамдарды оқыту үшін тренингтерді ұйымдастыруыңыз керек. Оларға осы нұсқаманы оқып, үйренуді бастау керек.

 

ЕГЕР СІЗ НАУБАЙХАНА АШҚЫҢЫЗ КЕЛСЕ

ЕҢ БІРІНШІСІ НАН ПІСІРІП ҮЙРЕНІҢІЗ

Құрметті достар! Біз сізді қандай адам екеніңізді және сіздің біліміңіз қандай екенін, сіз өмірде сәтті адамсыз ба, жоқ па білмейміз, біз үшін сіз кім екеніңіз және кім болғаныңыз маңызды емес. Біз үшін сіз болашақта кім болатыңыз маңызды.

 

ЕГЕР СІЗ ӨЗ ӨМІРІҢІЗДІ ӨРГЕТКІҢІЗ КЕЛСЕ,

АЛҒАШЫНДА ӨЗІҢІЗ ӨЗГЕРІҢІЗ

4.Барлығын білемін деп айтпаңыз. Сіз бұл БИЗНЕСТІ толығымен білмеуіңіз мүмкін сондықтан осы нұсқаманы толық оқып, түсінуге тырысыңыз. Сіздің біліміңіз уақыт өте көбейеді. Сіздің осы бизнесте жетістікке жететініңізге сенеміз!

5.Ұзақ саяхаттың барлығы алғашқы қадаммен басталады. Егер сіз осы бизнесс үшін уақытыңызды бөлу мағынасыз деп ойласаңыз, онда бұл нұсқаманы оқымағаныңыз жөн, бірақ сізде орындалмаған мақсаттарыңыз болса онда осы нұсқаманы оқып үйреніңіз. Сіздің Ұйымыңыздың даму дәрежесі және сіздің табысыңыздың деңгейі сіздің табандылыңыз бен жұмыс істеу дәрежеңізге тәуелді.

 

СІЗДІҢ ҰЙЫМЫҢЫЗДЫҢ ДАМУ ДӘРЕЖЕСІ ЖӘНЕ СІЗДІҢ ТАБЫСЫҢЫЗДЫҢ ДЕҢГЕЙІ СІЗДІҢ ТАБАҢДЫЛЫҒЫҢЫЗ БЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ДӘРЕЖЕҢІЗГЕ ТӘУЕЛДІ

 

Сіз өзіңіздің ұлы бизнесіңіздің басында тұрсыз, жетістік құпияларын үйренудегі алғашқы қадамдарын жасаудасыз және болашақта сізді не күтіп тұрғандығын білмейсіз, бірақ біз сіздің болашағыңызды анық көріп тұрмыз. Біздің сізге кеңесіміз: өз бизнесіңіздің сәттілігіне толығымен сеніңіз және басқаларға беруге тырысыңыз.

1.Баскетболды үйрететін жаттықтырушы өз командасын футбол ойынның құпияларын үйретпейді. Футбол жаттықтырушы да өз кезегінде баскетбол ойнына үйретпейді. Сіз Network Marketting–ті үйренгіңіз келе ме? Осы жұмыстың ғана құпияларын үйреніңіз осы жүйеге дейін білген барлық білімдер мен тәжірбелердің біздің бизнеске ешқандай қажеті жоқ және пайдасын тигізбейді.

2. Көпттеген адамдардар бұл жұмысты маңызды деп қабылдамайды және жұмысқа уақытымен күшін жұмсамайды. Олар бұл жұмысқа аз ақша салдым деп дұрыс қарамайды және миллионер бола алмаймын деп ойлайды. Бұл бизнесте миллионер болу сіздің қанша ақша салғаңызға байланысты емес. Бұл бизнесте миллионер болу сіздің осы жұмысқа бөлетін уақытыңыз бен күшіңізге және сіздердің адамдарыңыздың оқытылуына байланысты.

3. Адамдардың белгілі тобы осы бизнестің мәнін түсінеді және бірден жұмыс істеуге кіріседі. Бірақ кейбіреулер сізді түсінбейді және сізбен жұмыс істеуден бас тартады. Осындай адамдардан жоқ дегенді естігенде көңілізді түсірмеңіз, біздің бизнесте бұл қалыпты жағдай, біздің жұмыстың бөлігі. Олардың қарсылық көрсету себебін біліңіз. Қарқынды жұмысты және дамуды жалғастырыңыз. Уақыт өте келе сіздің алға жылжуыңызды, жетістіктеріңізді көріп сізге қайтып оралады.

4. Бұл жұмыс сіздің бұрынғы атқарған жұмысыңыздан еш ауыр емес. Кейбіреулердің сәтсіздікке ұшырауы – бизнесті білмегеннен немесе түсінбегеннен емес. Негізгі себебі осы бизнесті үйреніп, жұмыс жасағысы келмейді. Біреудің сәтсіздігі, бүкіл бизнестің құлдырауы емес. Үлкен жетістіктерді дұрыс жұмыс жасау арқылы бағындыруға болады.

5. Оның бір тауар алып, өз салымын құйғанша, яғни біреуді жұмысқа қабылдаған кезде, осы бизнестің орындау міндетін қабылдағанша белгілі бір уақыт өтеді. Сол себептен біздің бизнесте АСЫҚПАҢЫЗ ЖӘНЕ ШЫДАМДЫ БОЛЫҢЫЗ!

 

БҰЛ БИЗНЕСТЕ БІРДЕН БАЮҒА БОЛМАЙДЫ,

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БАЙЛЫҚҚА ЖЕТЕСІЗ

ЕГЕР ТЫРЫСЫП ШЫДАМДЫ БОЛСАҢЫЗ

Бұл 11 этаж сіз үшін жетістікке жету кілті. Осы кілт көмегімен сәтті жетістіктің есігін ашасыз. 11 этаждың әрбір этажын кілт тістерімен салыстыруға болады. Әрбір тістер маңызды, оның өлшеміне тәуелсіз.

Оң және сол жағыңызға қалай адам шақырып, бұл бизнесте қалай жұмыс жасау керек? Әрбір адамды жұмысқа қызықтыру үшін 11 денгейді ретімен орындау қажет. Бұл денгей өте жеңіл, бірақ өз кезегінде алға жылжу үшін сізге керек және көмектеседі.

Егер бір тіс жетіспесе (сынып қалса немесе мүлдем болмаса), онда кілт есікті аша алмайды. Сондықтанда әрбір кезең өте маңызды. Сіз осы жұмысты орындауыңыз қажет. Әртүрлі деңгейдің орындалғанын талап етеміз.

 

КӨЗҚАРАСТЫҢ ӨЗГЕРУІ — PARADIGM SHIFT

Сіз танысқан қазіргі күнге дейінгі бизнес түрлері (дәстүрлі сауда саттық Traditional Business) екі негізгі түрге бөлінеді:

1. неғұрлым сіздің танысыңыз көп болса, солғұрлым сізде жетістік пен сәттілік көп болады;

2. неғұрлым тауарды көп өткізсеңіз, солғұрлым сіздің кірісіңіз де көп болады.

Яғни біздің Network Marketting атты жаңа бизнесте сіз ешқашанда көп таныстарды керек етпейсіз.

Бұл бизнесте үгіт нәсихат арқылы барлық адамдарды жұмыс істетуге және барлық адамдар сіздің қол астыңызға тіркеледі деп ойламауыңыз керек. Бұл дұрыс емес ой. Сіз ешқашанда жалғыз өзіңіз мемлекеттің немесе қаланың халқын өз командаңызға тарта алмайсыз. Егер командаңызда бір, екі, үш тауардың орнына жүз тауар сата алса, сөзсіз баимын деп ойламаңыз. Егерде біреу өзінің командасының дамуы үшін 200 адам тіркеу керек болса, онда ол бір өзі барлық адамға көмектесе де, дамыта да алмайды. Ал олар, өз кезегінде солай жасай ала ма? Әрине көмектесе алмайды. Өзі және командасы біртіндеп құлдырай бастайды.

Біздің бизнесте бір аптада баю мүмкін емес. Сондықтан да көп адамды тіркеуге және көп тауар сатуға талпынбаңыз. Егер сіз байығыңыз келсе, командаңыз күн сайын дамып отыру керек. Содан табысыңыз ұлғаяды. Ойыңыз мынадай болу керек: ӨЗ КӨЗҚАРАСЫҢЫЗДЫ ӨЗГЕРТІҢІЗ!

 

КӨЗҚАРАСТЫ ӨЗГЕРТУ

ЫҚПАЛ ЕТУ ОРТАСЫ – CIRCLE OF INFLUENCE

Сізге 100 адам сенбеуі мүмкін, бірақ сізге сенетін 2, 3, 4 немесе 5 адам болуына сенімдіміз. Сіз сүйетін және шын жүректен бақыт пен жетістік тілейтін өміріңізде 2 немесе 5 адам болады. Бұларды сіздің «ықпал ету ортаңыз» деп айтуға болады.

Осы тақырыпқа мынандай мысал келтірелік: сіз кинотеатрда жақсы фильм көріп, сол фильмді өзіңіздің жақсы көретін досыңызға айтасыз. Оларда сол фильмді көруге барады, яғни сізге сенеді. Егерде фильм жаман болса, сіз, әрине оларға бұл фильмді көрмеуге ұсыныс жасайсыз. Біздің бизнесте де дәл солай.

 

КӨЗҚАРАСТЫҢ ӨЗГЕРУІ,

ӨЗІҢІЗ ЖАЙЛЫ ҰМЫТУ - FORGET ABOUT YOURSELF

Егер сіз осы бизнесте миллионер болғыңыз келсе, өзіңіз жайлы ұмытыңыз. Әр уақыт сол және оң жақтағы адамдарыңыз туралы ойлаңыз. Сіз олардың осы жұмысты қаншалықты игергені туралы ойлаңыз. Егер сіз осы жұмысты өте жақсы қабылдап, дұрыс көзбен қарап бар күшіңізді салып, талпынып, жауапты істесеңіз, олар да солай жүреді. Оларды сол және оң жағын жасауға көмектесіңіз. Сіз олардың кірісін ойлаңыз. Неғұрлым олар ақшаны көп тапса, солғұрлым бұл бинеске қызығушылығы артады және де ары қарай жақсы жұмыс істейді.

Мысалға алсақ, сіздің сол және оң қолыңызды тіркеуге 1 ай кетсін. Олардын да осы бизнесті үйреніп, екі қолын тіркеуге тағы да бір ай берейік.

Келесі екінші айда сіздің тобыңызда 4 адам болады және оларды үйретуде сіз жалғыз болмайсыз. Сіздің екі адамыңыз осы жерде көмектеседі. Үшеуіңіз бірігіп осы 4 адамға өзінің тобын құруға көмектесесіз. Ал үшінші айда тобыңызға 8 адам қосасыз. Төртінші айда сіз осы 8 жаңа тіркелген адамға олардың 16 адамын тіркеуге бар күшіңізді салып көмектесіңіз. Егерде сіз осы ретпен өзіңіздің адамдарыңызға көмектесетін болсаңыз онда 10 айдан кейін сіздің сол жағыңызда 1023 адам және оң жағызда да дәл сондай болады.

Бір жылдан кейін дәл осы айда сіздің ұйымыңызда 5000 адам жұмыс жасап жатқанын қалайсыз ба? Бірыңғай жауап: әрине, бәріде осыны қалайды!

Өзіңіздің мақсатыңызға жету үшін сіз өз сеніміңізді арттырыңыз. Қарқынды жұмыс істеп оларға өзінің сенімді ортасын кеңейтуге көмек беріңіз. Тек осылай ғана дамып отырасыз. Егер сіздің оң және сол жақ бағытыңызда 5 миллионер болса, онда олар сіздің көмегінізбен бақытты болады, екі еселік табысыныз сізді де бакытқа жеткізеді.

 

ЭТАЖ

МАҚСАТТЫ АНЫҚТАУ — DETERMINING GOALS

Барлық жетістікке жеткен адамдар – өздерінің мақсаттарын анықтап, сол арқылы жұмысын бастаған. Егер сіздің алға қойған мақсатыңыз болмаса, онда бұл бизнесте еш нәрсеге жетпейсіз. Адамдағы мақсаттың бар болуы, ол машинадағы бензиннің бар болуымен тең. Егерде көлікте жанармай болмаса, онда ол қозғала алмайды. Егер сіздің мақсатыңыз болмаса, онда бірінші қиыншылықта Network Marketting-ті тастап кетесіз. Жұмысты бастамай тұрып осы өмірде нені қалайсыз?! Сіз өз мақсаттарыңызды жазып, оны әр қашанда өз жаныңызда алып жүріңіз. Сізді осы жұмысқа қандай қиыншылықтар алып келді. Өзіңізге және ата-анаңызға жақсы жағдай жасап, оңай бүкіл әлемді саяхаттап, яғни бұл өмірден көп нәрсеге ие болғымыз келеді.

Мақсатқа апаратын бірінші қадам – ол мақсаттың бар болуы. Сіздің мақсатыңыз сіздің жылжу бағытыңызды анықтайды, жетістікке жеткен адамдар осы уақытта А нүктесін қандай қалыпта тұрғанын, В нүктесінде орналасқан мақсатқа жету бағытын және оған қанша уақыт қажет екенін біледі. Мынадай жағдайда сіз өзіңіздің мақсатыңызға жете алмайсыз….

 

? ?

.А ? ?

? ?

 

Өйткені сіздің мақсатыңыз (В нүктесі) анықталмаған. В нүктесі осы беттің кез-келген жерінде тіпті А нүктесінің үстінде де болуы мүмкін. Сіз өзіңіз үшін В нүктесін анықтамағанша дұрыс жолыңызды таба алмайсыз. Тіпті А нүктесінен бастап жылжи бастасаңыз да, сіз бір жерде бірнеше рет айналып жүруіңіз мүмкін және нәтижесінде сіз қажисыз.

Адамдар үнемі уақытқа шағымданады, ал негізгі кедергі мақсаттың болмауы.

Мақсатты анықтау

Мақсатты анықтау – бұл өте маңызды бөлім. Назар аударыңызшы, сіз өзіңіздің мақсатыңызды жазған кезде ішіңізде бір кедергіні сезінесіз, ол сіз өз мақсатыңызды орындай алмау қорқынышынан туындайды. Бұл кедергі үнемі әр біреуде болады. Адамдар өзгерістерден қорқады, ал жетістік өзгерістерге алып келеді. Кім еш нәрсе істемесе қателеспейді, ал қателік жасалмаса еш нәрсе үйренбейді. Бірақ біз бұл кедергілерді жеңуіміз керек. Біз өз мақсаттарымызды жазамыз – бұл жетістікке жетудегі ең бірінші қадам. Жетістік арманнан басталады, сондықтан өз мақсатыңызды анықтаңыз да, ол туралы армандаңыз. Одан кейін оны орындауға кірісіңіз. Райт ағайындары, ұшуды армандады да, ұшақты ойлап тапты. Генри Форд машина туралы армандады да, машина өндірді. Біздің айналамыздағы заттардың барлығын бұрында басқа адамдар армандаған болатын. Олар теледидар, ұялы телефон, керек десеңіз орындықты да. Барлығы да бір арманнан басталады. Сондықтан да өз армандарыңызды қорғаңыз.

Егер сізде өміріңізде ешқандай да арманыңыз болмаса, онда сіздің ешқандай орындалатын арманыңыз болмайды. Егер сіз өз мақсатыңызға жетемін бе, жетпеймін бе деген күмәндар туындай берсе, онда сіз өзіңізге-өзіңіз қарсылық жасағаныңыз. Сіз өз мақсатыңыздың орындалуынан күмәндансаңыз, онда сіз жеңіліске тап боласыз. Мақсатқа жетудің бірінші қадамы - ол мақсатты қағаз бетіне түсіру. Егер сіз осы мақсаттарыңызды үнемі қарап отырсаңыз, сіздің ішіңіздегі жетістікке жететін сеніміңіз артады.

Неге осы бизнеске кіргеніңізді сіз білуіңіз керек. Өзіңіздің барлық себептеріңізді жазыңыз.

Көзіңізді жұмып, қараңызшы, сіз 11 айдан кейін айына 40 мың долларға дейін қол жеткіздіңіз. Солай болғанын, қалайсыз ба? Ай сайын өзіңіздің тапқан қаражатыңызға қалаған нәрсеңізді аласыз. Сіз барлық тілеген армандарыңызды қағаз бетіне түсіріңіз.

Сіздің мақсатыңыз – жұмыс жалғастыруға талпындырады. Сіз жетістікке жеткенде не қалайсыз, соны толығымен жазыңыз. Мақсатыңызды анықтап, қандай бағытта, қалай қай уақытта жететініңізді жазыңыз.

Сізге мұқият жұмыс істеу керек, өйткені алда сіздің оң және сол адамдарыңыз болады. Бірақ сіз бірден миллионер болып кетпейсіз. Сондықтан да сіз осы екі адамыңызбен отырып, барлық мақсаттарыңызды жазыңыздар. Оларға күш беріңіз, оларды қолдаңыз. Бір-біріңізді силаңыздар және алдарыңызға мақсат қойыңыздар. Егер сіз осы жұмысты атқарсаңыз, сіздің ұйымыңыз бір жылда алдыға жылжиды және дамиды. Сіздің барлық адамдарыңыз үнемі мақсаттарына жетеді және қарқынды жұмыс істейді. Сіздер бірге болашақ миллионерсіздер.

 

Айтпақшы, ұмытпаңыз, өз мақсатыңызға жету үшін уақытын анықтаңыз. Сіздің мақсатыңыз SMART болуы керек. Ол дегеніміз:

S: Specific – анық, нақты және толық анықталып, өзіңізге не қежет екенін білуіңіз қажет;

М: Measurable – өлшеуге тұрарлық, яғни сіздің мақсаттарыңыздың шегі болуы керек;

А: Action Orientea – қадамдарға бөлу;

R: Realistic – өз сеніміңізге көңіл аударыңыз, мақсаттарыңыз нақты болу керек.

Т:Time Headed –дәл анықталған уақыт.

 

ЕГЕР ЕШ НӘРСЕ ҚАЛАМАСАҢЫЗ,

ЕШҚАНДАЙ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТПЕЙСІЗ

Асығып және ойланбай таңдалған мақсат қиыншылықтар туа салысымен ұмытылады.

Өз мақсатыңызды бағыттау

Егер қағазды күн астына қойсақ, онда ол көп жыл өткеннен кейін де жанбайды. Ал егер біз қағаздың үстіне әйнекті (лупа) қойсақ, онда ол бір мезетте жанып кетеді. Өйткені әйнек күн сәулесін жинайды да, оны бір нүктеге бағытттайды. Сіз өз мақсатыңызды жазсаңыз және оны бағыттасаңыз онда нәтиже болады. Егер сіздің мақсаттарыңыз тек сіздің ойыңызда ғана болса, онда олар нақты емес. Өз мақсатыңызды анықтаңыз – ол сізге тыныш және оңай өмір сүруге көмектеседі.

Қар жауған күні мұғалім өз оқушыларынан оларды бір бағытта жүруін сұрайды. Бұл өте оңай екені анық, бірақ соңында тек бір оқушы ғана тапсырманы орындай алады. Себебі ол өз ойын басқа алаңда тұрған бір ағашқа бағыттайды.

Сіз өз мақсатыңызды мұқият және анық бағыттағанда, кедергілерді көрмейсіз және оларды оңайлықпен өтесіз. Сіз фотоаппарат арқылы бір затты суретке түсірген кезде, сіз тек сол затты ғана көресіз, ал қалғанын байқамайсыз.

Мақсатты жариялау

Сіз өз мақсатыңызды қағазға жазған соң, оларды жариялаңыз. Егер сіз өз мақсаттарыңызды жарияламасаңыз және басқалар оны естіп күлетініне қорықсаңыз, сіз қателік жасайсыз. Сіз өз мақсаттарыңызға күлмейтініңізге сенімді болыуыңыз керек және сіз оларға сенетініңізді білуіңіз керек. Біз өз мақсаттарымызға мақтанышпен сенуімыз керек, өйткені олар қажетті.

Сіздің дауысыңызды еститін ең бірінші қадам – сіздің жаныңыз, ал одан кейін сіз өзіңіз екенін ұмытпаңыз.

Сіздің мақсаттарыңыз қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінуі керек:

Шын мәнінде қысқа мерзімді мақсаттар қарапайым, шынайы және барлық позицияларда қол жеткізуге болады. Сіз бір мақсатқа қол жеткізген кезде осы мақсаттың орындалғанын айтып өз-өзіңізге алғыс білдіріп, екі есе күшпен жаңа мақсатқа ұмтыласыз. Сіздің мақсаттарыңыздан мақтаныш, намыс, өмірге деген құштарлық сезілуі керек. Егер сіздің мақсаттарыңыз оған сай болмаса, сәйкесін іздеп табыңыз.

Егер біздің мақсатымыз 8 айдан кейін LEXUS машинасын сатып алу болса, онда 8 айдан кейін біздің шаршап қалуымыз мүмкін, сондықтан біздің қысқа мерзімді мақсатымыз болуы қажет. Мысалы, 2 айдан кейін ұялы телефон сатып алу немесе 3 айдан кейін саяхатқа бару, осыдан кейін біз мақсатымызға қаншалықты оңай қол жеткізгенімізді түсінеміз, және біздің күшіміз артқан сайын тағы да 6 ай күтеміз.

Негізінен қысқа мерзімді армандар ол түскі астан кейінгі тағам сияқты. Егер түскі ас пен кешкі ас арасында біз тамақтанбасақ, онда біздің көңіл күйіміз түсіп, кешкі асты күте алмаймыз, ал егер түскі астан кейін аз шамада тамақтанып алсақ, онда кешкі асты күте аламыз.

Біз өз мақсаттарымызды жазғаннан кейін, оларды бағдарлаймыз.

Сіз өз мақсатыңызды мына түрде бағдарлауыңыз керек:

Сіздің мақсатыңыз құны шамамен 10000$-ды сіз орнататын тепе-теңдік баланысынан алатын 200$-ға (Е-Voucher қосыңыз) бөліңіз. Егер әр stage бір ай болса, онда ай сайын әр адам жүйеге кіргеннен кейін, осы жүйеге 2 адамды кіргізеді. 5-6 айдан кейін сізде 47 (3000BV /3000BV) BV болады. Осы негізінде әр адам ай сайын жүйеге 2 адамды кіргізу керек. Ал осы уақытта сіздің көлік алу мүмкіндігіңіз ұлғаяды және осы мақсатқа жететін үлкен қадамыңыз ұсақ қадамдарға бөлінеді. Осыдан 5-6 айдан кейін сізде арманыңыздағы көлігіңіз болады. Бұл жолдағы барлық қиыншылықтарды жояды.

Енді біз өз мақсатымызды қалай орындай алатынын анықтайық. Біздің командамызда барлығы тек пайда алып келу керек.

 

ЭТАЖ

УАҚЫТ ПЕН МІНДЕТТЕМЕ — COMMITMENT & TIME

Әр адамның мақсаттары мен қалауы болады, бірақ жер бетіндегі адамдардың біршама үлесі ғана өз қалауымен мақсаттарына қол жеткізеді. Неліктен солай?

Network Marketting – біздің болашағымыздың бизнесі. Ол жер бетіндегі адамдар үшін бақытқа апарар жол істепті. Біздің бизнесіміздің бар тартымдылығы ол барлық адамдарға мол табысқа жетуге және өз мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік береді. Бірақ не себепті барлық адамдардың тек біршамасы ғана жетістікке жетіп жатады?

- Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздің армандарыңыз жұлдыз секілді, сіз әрдайым жоғары қараған сайын аспаннан өз армандарыңызды көресіз (2 этаж деңгейінде сіз өзіңіздің барлық қадамдарыңызды қағаз бетіне түсіріп оны жоғарыға қыстырып қойдыңыз) өз қалауыңызға жету үшін сіз жоғарыға самғауыңыз керек. Ол үшін сізге қанат қажет, солардың көмегімен сіз аспанға, яғни өз қалауыңызға көтеріле аласыз.

БҰЛ БИЗНЕСТЕ СІЗДІҢ БІР ҚАНАТЫҢЫЗ – МІНДЕТТЕМЕҢІЗ,

АЛ ЕКІНШІСІ - УАҚЫТЫҢЫЗ

Бұл қанат қаққан сайын өзінің күші мен әлін жоғалтады, бірақ біртіндеп жылдамдығын арттырады, қағыстары жиілеген сайын, аспанға тезірек көтеріледі.

Жұмысты бастағанда сіз өз уақытыңызды, күшіңізді, энергияңызды жұмсайсыз және біртіндеп жетілесіз.

Бірден бір апта немесе бір айдан кейін өз қалауыңызға жетпеуіңізде мүмкін. Бүгінгі күні қарқынды жұмыс жасап, болашаққа сенімді көзбен қараңыз. Тек жақсыға ғана бет бұрып, өз лидерлеріңізден көмек сұраңыз.

 

БЕРІК УӘДЕ БЕРІП, ОНЫ ҚАҒАЗ БЕТІНЕ ТҮСІРІҢІЗ

Әр жұмыста табысқа жетудің ең басты құпиясы белгілі бір мақсатқа байланысты. Мақсат пен уәде жеңіске жетудегі адамның екі қанаты деп айтуға болады. Бұл жұмыста сіз уәде беріп қана қоймай, оған міндеттелуіңіз керек, себебі негізгі жұмыс үшін біз жазбаша келісім-шарт емес, міндеттеме жазамыз. Шын мәнінде біз өз мақсатымызды жазғанда оған міндеттелеміз және әрдайым басты міндеттерді жазамыз.

Бұл жұмыста адамдар төменде көрсетілген жағдайларға міндеттеледі:

- Өз арманыңыз бен оның болашағына деген міндеттеме.

- Осы жұмысқа бөлетін уақытыңызға байланысты міндеттеме.

- Осы жұмысқа қажетті оқытуға байланысты міндеттеме.

- Өз командаңызға өз білгеніңізді үйретуге байланысты міндеттеме.

Сіз осы міндеттемелерді өз дәйректіңізге түсіндіргеннен кейін, ол осы бизнеске және өз армандарына қатысты міндеттеме жазуы керек:

А) Өз арманына қатысты уәде (барлық армандарымды орындауға уәде беремін)

Б) Жұмысқа деген уәде беру. Мысалы: 2 адам тіркегенше аптасына 3 презентация қоюға, 2 адам тіркегеннен кейін лидерім маған үйреткенді толығымен үйретуге уәде беремін.

Міндеттемені қағазға жазғаннан кейін бір данасы сізде, бір данасы дайректіңізде болуы керек. Бұл міндеттемемен сіз дәйректіңізге кез-келген уақытта қысым жасай аласыз. Жұмыс жасамай жатқан жағдайда осының бәрі өзі үшін істеліп жатқанын білуі керек. Өз өміріңізді өзіңіз құратыныңызды айтыңыз.

Бұл бизнеске салмақты қарайтыныңызға уәде беріңіз. Өз жоспарыңызды бір аптаға жазыңыз және әр апта сайын жетістікке жету үшін кем дегенде күніне 4 сағат бөлу керек. Уақыт бөлмесеңіз сізде, сіздің командаңыз да өспейді. Егер сіз мейрамхана иесі боласаңыз, есігін жабық тұрса сізде тұтынушы да, кіріс те болмайды. Әр аптаның басында келер аптаның жоспарын құрыңыз және осы жұмысқа бөлетін уақытыңызды анықтаңыз. Ары қарай жоспарланған жұмысты орындауға міндеттеме алып, аптаның соңында істеген жұмысты қортындылаңыз. Егер орындалмай қалған жұмыс болса, келесі аптаның жоспарына жазыңыз.

Егер сіз 1-2 апта бар зейініңізді салып жұмыс істесеңіз, бұл жұмыстың қаншалықты керемет екенін және бұл сіз армандаған жұмыс екенін түсінесіз.

Қысқасы: «Егер сіз, уақыт пен энергияңызды бөлмей, немқұрайлы қарасаңыз ештеңеге қол жеткізбейсіз. Өміріңіздің 2 жылын осы бизнеске бөлсеңіз, қалған өміріңізді тыныш және бақытты сүресіз».

Сіздің оң және сол жағыңыздағы алғашқы екі адамыңыз сізді бақылап отырады, сіздің осы жұмысқа уақытыңыз бен энергияңызды бөліп жүргеніңізді көрген соң, оларда дәл солай жасайтын болады. Оларға көңіл бөліп отыруыңыз үшін, сізде дайректілеріңіздің апталық жоспарының бір данасы болуы керек. Егер олар жұмысты дұрыс орындамаса олармен дауласпаңыз, тек олардың жоспары мен міндетін ескертіп қойыңыз.

 

УӘДЕ БЕРМЕҢІЗ, УӘДЕ БЕРСЕҢІЗ ОРЫНДАҢЫЗ

ОНДАЙ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ ҰҚЫПТЫЛЫҚ ДЕП АТАЛАДЫ

Ақша алып көрмеген және сенбейтін көп адамдар болашақта ақша алатынына сенбейтіндіктен не энергиясын, не уақытын жұмсамайды. Олар былай ойлайды:

«Ақша тапқан күні ғана біз осы бизнеске сенеміз және өзіміздің энергиямыз бен уақытымызды жұмсай бастаймыз». Осындай ойлау қабылетпен жетістікке жетуге бола ма?

 

БАСТАПҚЫДА СІЗ УАҚЫТ ПЕН ЭНЕРГИЯҢЫЗДЫ ЖҰМСАЙСЫЗ, ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙСІЗ,

ТЕК СОДАН КЕЙІН БИЗНЕСІҢІЗ СІЗГЕ ҮЛКЕН ПАЙДА АЛЫП КЕЛЕДІ

 

ЭТАЖ

УАҚЫТТЫ ЖОСПАРЛАУ

Бұл бизнестегі басты капиталыңыз продукцияға кеткен шығын емес, ол сіздің уақытыңыз бен энергияңыз. Жетістікке жетпеген адамдардың кемшілігі, ол осы бизнеске уақыт бөлмегендіктен. Тіркеліп қойған кейбір адамдар бизнеске дұрыс уақыт бөлмейді және шексіз ақша табуға болатынын көзіне елестете алмайды. Егер кімде-кім жаңа жұмыс бастағысы келсе, біз жаңа жоспар ұсынамыз, яғни 1-2 апталық толық уақыт. Бастапқыда уақыт салымы, содан кейін өзіңізге пайда алып келеді. Кейбір адамдар миллионер болуғаасығады, бірақ жүйеге кіргеннен кейін уақыттары жоқ екенін айтады. Осы жүйеде жетістікке жету үшін, басқа жұмыстардағыдай уақыт жұмсауыңыз қажет. Мысалы: бір банк күнде тәңертең сіздің шотыңызға күнделікті 86 400 $ түсіріп отырады. Осы ақшаны түнге дейін жаратуыңыз қажет, егер сіз үлгермесеңіз, ол ақша күйіп кетеді. Сонымен, сіз осы жағдайда не істейсіз? Бәрімізде осындай банк бар. Ол: УАҚЫТ.

Әр күн сайын таңертең сіздің уақыт атты банкіңізге 86 400 сәт түседі. Бірақ бұл сәттер мерзімі түнде бітеді, Олардың еш біреуіде мүлдем сізге оралып келмейді.

Әрбір сәт – қазына, осы қазынаны жоғалтып алмаңыз. Ең маңыздысы – уақыт ешкімді тоспайтынын есіңізге сақтаңыз!

Ең алдымен өз жұмысыңыз үшін нақты бір жоспар құрыңыз және оны өзіңізден жоғарыдағыларға тапсырып отырыңыз, жұмыста бірге болуы үшін, ол сізге көмектеседі.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.