Здавалка
Главная | Обратная связь

Кешегі болып кетті,



ертеңгі белгісіз, бүгінгі сыйлық!

 

ЭТАЖ

ТІЗІМ ҚҰРУ — CREATING A LIST

Осы уақытқа дейін сіз өз бизнесіңіз дамуы үшін мақсат керек екенін, сонымен қатар оған жету үшін, күшіңіз бен уақытыңызды жұмсау керек екенін білдіңіз (түсіндіңіз). Тізім құру арқылы сіз қолыңыздың оң немесе сол жағыңызға қалай және қандай адамдар дайректіңіз ретінде және оларды өз тармағыңызға тіркеуді үйренесіз. Осы бизнесті бастау үшін, сізге достарыңыздың, туысқандарыңыздың, әріптестеріңіздің тізімін құруыңыз керек. Тізім құру өте маңызды бөлімі болып саналады.

 

ТІЗІМ ҚҰРУСЫЗ,

МҰЗ АЛҒА СЫРҒЫМАЙДЫ

Жұмыс барысында біз көп адамның 3-этажға келгенде:

- Неге достарымның атын жазамын? Менің қазірден-ақ шақыратын 2 адамым дайын – деп сұрағанын байқадық. Бұл дұрыс емес, себебі:

Сіз тізім құру арқылы өзіңіздің оң және сол жағыңызда қандай адамдар болу керегін және өзіңіздің ықпал ету ортаңызды анықтайсыз.

Қағазға жазудың жақсы жақтары бар, басқада жақсы жақтары туралы өз лидеріңізден сұраңыз.

Тізім қалай құру керек?

Тізім құрудың бір үлгісін өз лидеріңізден (сізді шақырған адамнан) алыңыз. Әрбір тізімде топтың аты, адамның аты, қойылған балы, білімі туралы мәлімет болуы керек.

Бірнешеуін өз дайректеріңізге көшірмелеп әзірлеп қойыңыз. Бастапқыда достарыңыздың атын және тустарыңыздың атын жазып, оларды топтаңыз.

Мысалы: достар тобы, туыстар тобы, көршілер тобы, сыныптастар тобы, группаластар тобы, коллегалар тобы және басқа қала мен мемлекетте тұратын туыстар мен достар тобы, жаңа таныстар тобы. Тізім құру кезінде мына талаптарды ұстану қажет:

1) Ең алдымен топтарыңызды нақтылаңыз;

2) Тізімнің басында ең бірінші топты жазыңыз;

3) Сіз білетін және сізді білетін адамдардың атын;

4) Бір топты толық аяқтамай тұрып, келесі топқа көшпеңіз;

5) Бірінші топта барлық мәлімет толық жазылғандығын сенімді болғаныңызда ғана, келесі топқа көшіңіз және кейінде солай жалғастырыңыз;

6) Адам атын жазғанда атыңызды нақтылаңыз. Ары қарай әрқайсысына балл қойып шығыңыз (1 ден 5 дейін).

 

Төмендегі жағдайлармен сіз адамдарға балл қоясыз.

5. балл - Бұл сіз үшін не жағдайда кез-келген жұмысты сұрамай-ақ орындайтын және сіздің әр сөзіңізге 100% сенетін адам.

4. балл - жұмысқа қызығушылығы бар және сізге толық сене алатын. Ол 25% жұмысқа, 75% сізге сенеді.

3. балл - әдетте, бұл адам сізге сенеді, бірақ, жұмысқа да қызығушылығы бар. Егер пайда әкелетін болса, онда жұмысқа қызығады, яғни 50 % жұмысқа, 50 % сізге сенеді.

2. балл - ол сізге сенбейді және әрқашан өз пайдасын ойлайды. Егер сіздің сөзіңіз оған пайда әкелетін болса, ол сіздің ұсынысыңызды қабылдайды. Яғни 75% жұмыс үшін, 25% сіз үшін келеді.

1. балл - ол сізге мүлдем сенбейді және сіздің көзқарасыңыздың ол үшін ешқандай маңызы жоқ. Ол толығымен жұмысқа сенеді. 100% жұмыс үшін келеді.

 

7) Олардың білім дәрежесін және бос уақытын жазыңыз;

Білім дәрежесі:

5. магистратура, аспирантура;

4. жоғары білімді дипломы бар;

3. мамандандырылған орташа білімді дипломы бар;

2. орташа білімді аттестат;

1. тек оқып жаза алатын;

Бос уақыты:

5. Әрқашан бос уақыты бар және 24 сағатын босата алатын адам;

4. Өз уақытының көп бөлігін бөле алатын адам;

3. Уақытының жартысын бөле алатын адам;

2. Уақытының тек 3-4 сағатын бөле алатын адам;

1. Уақытының 3-4 сағаттан аз бөлетін адам;

Сіздер енді қалай тізім құруды үйрендіңіздер. Жақсы тізім құру сіздің жетістікке жетуіңіздің кілті. Сол үшін тізім құруға кеткен уақытыңызбен күшіңізге өкінбеуіңіз керек. Егер тізіміңіз жақсы немесе пайдасы болсын десеңіз, мына маңызды шарттарға назар аударыңыз немесе осы шарттарды қолданыңыз. Осы шарттарды қолданбасаңыз сіздің тізіміңіз дұрыс болмайды:

1- Егер сіздің тек 5 танысыңыз болса, әрбір 30-ға толғанының орташа есеппен 2500 танысы бар;

2- Тізіміңізде адам көп болған сайын сіздің лидеріңіз сізге солғұрлым сенімді және сізге деген қарым-қатынасы шынайы әрі өте жақсы болады. Кем дегенде 1000 нан 2000-ға дейін адамды жазуыңыз керек;

3- Өз тізіміңізді өзіңіз құрыңыз. Қандай жағдай болмасын бұл жұмысты басқа адамдарға тапсырмаңыз. Өз басыңызбен жұмыс істеуіңіз керек;

4- Тіпті сіздің барлық достарыңыздың және туысқандарыңыздың есімі телефоныңызда болған жағдайда оны қолданбаңыз, өзіңіз жазыңыз. Қалай ойлайсыз, неге телефондағы анықтаманы қолдануға болмайды?

5- Егер осы тізімдегі адамдардың біреуі осы бизнесті түсіне алмайды немесе салымға ақшасы жоқ деген ой болса, олардың есімін өшірмеңіз, яғни сіз оның миллионер болуына бөгет жасайсыз, өз командаңызға зиян келтіресіз. Ойланыңыз егер сіз үлкен жетістіктерге жетіп, шексіз байлыққа жеткенде сіз кезінде есімін сызып тастаған адамдарыңыздың бәрі сізге ренжуі мүмкін. Сол кезде сіз өзіңізді ақтай алмайсыз;

6- Бәріне мүмкіндік беріңіз. Ешкімді жіберіп алмаңыз, тіпті ол бай, кедей, жас, кәрі, жетістікке жеткен, жетпеген, білімді, білімсіз болса да. Олар өздері бұл бизнеспен танысады. Таңдау еркіндігін өздеріне қалдырыңыздар. Олар бұл бизнесте қала ма, жоқ па ешқашан олар үшін шешім қабылдамаңыз. Өз өмірін жақсы жаққа қарай өзгерту үшін, Жер шарында қаншама адам осындай жұмысты іздеп жүр;

7- Әсер ету ортаңызды анықтау кезінде лидеріңізбен ақылдасыңыз ешқашан тәжірибесіз және жалғыз өзіңіз жұмысқа адам шақырмаңыз.

8- Әрқашан тізіміңізді жаңа есімдермен толтырып отырыңыз. Яғни әрбір танысқан адамды және жазылмай кеткен есімдерді қосып отырыңыз.

9- Адамды таңдау барысында және лидеріңізбен ақылдасу кезінде одан ешнәрсені жасырмаңыз ол сізге жақсы адамды таңдауға көмектесу үшін және дұрыс ақыл беру үшін көмектеседі. Онымен қажетті ақпараттың барлығымен бөлісіңіз. Қалай ойлайсыз неге тізімге өзіңізге қарсы тұрған адамды кіргізу қажет?

 

ЭТАЖ

ШАҚЫРУ — INVITATION

Біздің ең басты мақсатымыз осы жұмысқа достарымызды, туысқандарыңызды, таныстарыңызды шақырып, бизнеспен таныстыру. Шақыру барысында назарға мына ережені сақтауымыз керек:

1- Ешқашан, алдын-ала (жиналысқа дейін, презинтацияға дейін) осы бизнес, осы компанияның аты туралы айтпаңыз және т.с.с. Сіз жеткіліксіз, толық емес, немесе дұрыс емес информация беріп, ықпал ету ортаңыздағы адамдарды жоғалтасыз.

2- Шақыру барысында сіз ол адамдарға осы бизнеске қызығушылық тудыруыңыз керек. Осы бизнеске деген сенімділігіңізді көрсетіңіз, ол адамдар жағымды жағын қабылдайды.

 

Шақыруда екі бағыт бар:

1. Жақын достарыңызды, туысқандарыңызды құрдастарыңызды немесе жұмыстағы әріптестеріңізді шақыру.

Сіз оларға шамалап былай айтуыңыз керек:

- Міне біраз уақыт бойы бір жаңа бизнеспен айналысып, жақсы табысқа қол жеткізіп отырмын. Әрине, мен сізге уәде беремін сізге осы бизнес ұнайтынын, бірақ сеніммен айтуға тырыссаңыз онда осы бизнеспен жақсы табыстарға жетесіз. Сіздің сөздеріңіздерден кейін, бизнес туралы аздап ақпарат сұрауы мүмкін. Сіздің жауабыңыз мынадай болу керек:

- Құрметті досым бұл жұмысты қазір түсіндіруге уақыт жетпейді және бұл жер қолайсыз. Егер маған екі сағатыңызды бөлсеңіз, онда мен сізді дұрыс ақпаратпен, осы бизнеспен таныстырам. Назар аударыңыз, сіз осы жұмыс жайлы бірде-бір сөз айтпауың керек. Қоймай сұраса онда:

- Қазір уақыт өте аз, ал информация көп. Мен неден бастайтынымды білмей тұрмын. Сіздің асықпауыңызды сұраймын. Біз бұл әңгімеге қолайлы уақыт пен орын табуымыз керек. Оданда уақыт пен орынды анықтайық.

2. Достар немесе туысқандарыңыз, жастары сізден үлкен және сіз олармен ресми қарым-қатынастасыз.

Сіз оларға шамалап былай айтуыңыз керек:

- Жақында бір бизнеспен таныстым, менің ойымша ол біршама қызықты, міне осы аз уақытта онымен айналысып, ляззат алмақшымын. Бірақ үлкен жетістікке жетуде үлкен адамның ақыл-кеңесін қажет етем. Маған екі сағатыңызды бөлсеңіз, керекті құжаттармен барлық ақпараттарды беріп және сіздің көзқарасыңызды біліп қорытынды жасаймын.

БІР НӘТИЖЕЛІ ШАҚЫРУ ҮШІН КЕЛЕСІЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

І. Сіз шақырғанда тілмен сөйлесудің арқасында ғана емес жан тәніңізбен шақырыңыз. Адамдардың көбі назарын сіздің бизнесіңізге емес сізге аударады. Олар сіздің осы бизнеске деген сеніміңізді және қарым-қатынасыңызды көргісі келеді. Неғұрлым бизнеске деген сенім мен құрметіңіз жоғары болса, солғұрлым шақыру оңайға түседі.

ІІ. Шақырғанға дейін лидеріңізбен жаттығып сізде сенімділік пайда болу керек, сонда сіз тілдесе аласыз. Шақыру барысында асығып алаңдамаңыз. Мына нәрсені ескеруіңіз керек, олар сіздің туыстарыңыз, достарыңыз немесе жақындарыңыз. Сондықтан олар сізге екі сағат беруге дайын. Сіз презинтациядан кейін де оларды қызықтырып, қарым-қатынаста бола аласыз және оларды қадағалап отырасыз.

ІІІ. Ол адамға жұмыс жайлы сұрауға мүмкіндік бермеңіз. Компания жайлы және оның табысы туралы еш нәрсе айтпаңыз. Сіз толық емес информацияңызбен оның сенімінен шығып кетесіз.

IV. Егер досыңыз немесе туысыңыз қызығушылық танытса, сұрақтарын үйіп тастаса, оларға былай жауап беріңіз.

- Асықпаңыз. Ешқандай жаман нәрсе болмайды. Егер сіз маған екі сағат бөлсеңіз, содан кейін ғана менің ақпаратымды тындай аласыз. Менімен өткізуге сіздің қашан екі сағатыңыз болады.

V. Егер сізден:

-Сіз маған менің осы бизнесте жетістікке жететініме кепілдік бересіз бе?-деп сұраса, былай жауап беріңіз:

-Әрине, мен сізге кепілдік беремін! Егер сіз жауапкершілікті қабылдап, менімен бірге зейін салып жұмыс жасасаңыз?

VI. Сіздің досыңызда Network Marketting туралы кейбір мәлімет болып, QI компаниясы немесе ұқсас компаниялар туралы да білуі мүмкін. Ол бұл компанияны ұнатпайтын шығар. Сізден осы бизнестің алтынға немесе телефон тауарларына қатысы барма деп сұраса, былай жауап беріңіз:

-Жоқ, ешбір қатысы жоқ. Мен нақты білмеймін де. Асықпаңыз. Мен саған дұрыстап түсіндіру үшін маған тек өз уақытыңның екі сағатын бөліңіз (шынында да сіздің бұл сөздеріңіз өтірік емес, себебі шақырылған адамда жұмыс жайлы мәлімет өте аз және ол осы бизнес туралы шындықпен жанаспайды).

VII. Егер сіздің досыңыз сізбен тым менменшілдікпен сөйлесіп, осы бизнесті білетінін және сізбен келіспейтінін айтса, сіз мына нәрсені ескеруіңіз қажет, шынында да ол бизнес туралы ештеңе білмейді және осы бизнес туралы ақпарат дұрыс жетпеген адам болып саналады. Егер осы адам мәліметті жақын достарынан алса, онда ол дәл сіз сияқты осы бизнесте болушы еді. Сол себепті сіздің жауабыңыз сенімді болу керек.

- Сенде бар мәлімет жеткіліксіз. Сен Network Marketting туралы қанша білесің? Сен Step және Cycle не екенін білесің бе? Сен осы компанияның Voucher туралы естідің бе? Осы бизнесті жүргізітіндер Caddy жиналыстарын өткізеді. Сен Caddy не екенін білесіз бе?

Сіздің досыңыз сізде мәліметтің көп екеніне көзі жетіп, ол менменшілдігін қояды. Сол кезде сіз оған:

-Енді сен түсінген боларсың, сен әлі бірталай зат білмейсің. Егер сен маған өз уақытыңнан екі сағат бөлсең, ештеңе болмайды. Керісінше, сен дұрыс және нақты мәлімет аласың. Мен саған сенемін! Егер сен осы бизнесті мықты түсінсең, сен табысқа жетесің.

VIII. Осы бизнеспен айналысқысы келмейтін және уақыты жоқ адамдарды шақырмаңыз. Себебі бұл адамдар жұмыспен танысқан соң оқуға және жаттығуларға уақыт таба алмайды. Олар істі дамыта алмайды. Сондықтан асықпаңыз. Оларда уақыты болғанша күтіңіз. Егер сіз 2 немесе 3 ай қажет кезде ол адамды жұмысқа шақырсаңыз (сіз 3 ай жоғалтсаңызда) онда сізде жаңа бірнеше мың долларлық тармақты ашуға мүмкіндік туады.

IX.Ешқашан достарыңызға жалынбаңыз және кешірім сұрамаңыз. Себебі сіз оларға шынайы баюға мүмкіндік беріп отырсыз. Сондықтан оларды сенімді шақырыңыз, сіз оған қажетті іспен айналысып жатқаныңызды ешбір қысылусыз көрсетіңіз.

X. Тізімге кірген, бірақ сіз ол адам туралы ештеңе білмесеңіз және байланыс құрамасаңыз ол адамды шақырушы болмаңыз. Әуелі онымен сөйлесіңіз, кейін тиімді уақытты тауып онымен кездесуіңіз қажет.

XI. Ешқашан лидердің кеңесінсіз адамдарға бұл жұмысты таныстыруыңызға болмайды. Әрбір шақырылушы тізімдік бойынша шақырылуы тиіс.

XII. Есіңізде болсын, шақырудан соң сізге уақыты мен орнын белгілеу керек, сол себепті ісіңізді лидеріңізбен кеңесіп жасаңыз.

Есіңізде болсын, шақырылған адамда:

1. 2-3 сағ бос уақыты болуы керек;

2. жұмыс үшін келгенін білу керек;

3. қызығушылық болу керек;

4. компания туралы ешбір мәлімет болмау керек;

 

 

Есіңізде болсын:

ЖЫЛДАМ ЕМЕС БІРАҚ, БҰЛ БИЗНЕС – СЕНІМДІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ БАЙЛЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ

 

ЭТАЖ







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.