Здавалка
Главная | Обратная связь

Кристалды химотрипсин



Химитрипсин ұйқы безінде химотрипсиноген түрінде құралады. Терең гидролизді белокқа ұшырайды.

Периодонтитті емдегенде протеолитикалық фермент трипсин мен химиотрипсинді, кең спектрлі антибиотиктермен бірге (стрептомицин, микроцид, мономецин, неомицин) натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен қолданады.

3.3 Стероидты қабынуға қарсы дәрілік заттар.

Стоматологиялық практикада жергілікті жерге стероидты қабынуға қарсы дәрілік заттардың кең синтетикалық глюкокортикоид дәрілік заттар: триамцинолон ацетонид (фторокорт) флюоцинолона ацетонид (синалар, флуциндер) және флюметазон пивалат (локакартен, лоринден) қолданады.

Ауыз қуысының кілегей қабаты аллергияға және қабыну кең спектрлі глюкокортикоид дәрілік заттар қолданады.

Гидрокортизон гемисукцинат –көк тамырға енгізеді. (тамшылатып)Ампуланы (25-100мг препаратта) 5-10 мл инъекцияға арналған суға ерітіп, 35-70С-та жылытады. Тамшылатып енгізгенде (30-70 тамшы 1 мин) 250-500 мл натрий хлорид изотоникалық ерітіндімен араластырады. Көбіне шок, коллапс, жедел жүрек жетіспеушілігінде, ауыр аллергиялық реакцияда. Шок кезінде препаратты алдымен тамырға, кейін тамшылатып құяды, Артериялық қысым қалыпқа келгенше.Бір реттік доза 50-150 мг, ауыр жағдайда 300мг жоғарылатады. Тәуліктік доза 1000-1300 мг немесе адам көп қарсы көрсеткіші басқа кортикостероидты дәрілік зат сияқты тромбофлебит.

Локакортен және лоринден – мазь. Флюметазон пивалат сияқты алғашқы да әсер етеді.Локакортен 0,02 % мазь немесе крем ретінде қолданады. Инфекцияланған зақымдарда локакортен Н мазь, 0,02 % локакортен және 0,5 неомициллина сульфаттан тұрады.

Преднизолон –гемисукцинат -лиофилизирленген 25 мг ампулада шығады.Шок коллапс, жедел жүрек жеткіліксіздігінде, ауыр аллергиялық реакцияда қолданылады.Көк тамырға және бұлшық етке егеді. Ампуланы 5 мл инъекциялық суға ерітеді, 35-37 С-қа жылытады. 250-500мл натрий хлор изотоникалық ерітіндіні, 5 % глюкоза немесе декстран 40 ерітіндісін көк тамырға тамшылатып құяды.

Синалар и флуцинар –мазь.Флюоцинолон ацетонид түрінде әсер ететін дәрілік затар. Аз концентрацияда әсер етеді. Жергілікті жерге нашар сіңеді. Жағынды, крем немесе эмульсия 0,0025% дәрілік заттар ретінде қолданылады.Ауыз қуысын кілегей қабаты инфекцияланғанда 0,25 % синалар және 0,5 % неомицин сульфатын қолданады.

4. Ауыз қуысының микрофлорасына әсер ететін дәрілік заттар.

Стоматологиялық практикада микробқа қарсы дәрілік заттар қолданады, олар:

4.1 Антисептик

4.2 Антибиотик және сульфаниламидті дәрілік заттар

4.3 Саңырауқұлаққа қарсы дәрілік заттар

4.4 Вирусқа қарсы дәрілік заттар

Антисептиктер

Антисептикалық заттарды стоматологияда тәжірбиеде жиі қолданады –тотықсыздандырғыштар (калии перманганаті, сутегі тотығы ерітіндісі), әлсіз қышқыл және сілтілер (бор қышқылы, натрий боры, натрий гидрокарбанаты), табиғи өнімнен алынған дәрілік заттар (календула тұнбасы, натрии усиниат, хлоро-филлипт, лизодим), материалды майлар және синтетикалық бальзамдар (виниллин, цигерол, цитраль) және де эфир майлары. Антисептикалық сала ретінде (әсіресе парадонтитті емдегенде және тіс түбірінің өзекшелерін өңдегенде) галоидтарды (иод,хлор дәрілік заттарды ), нитрофурандар, декамин және т.б.

Антисептикалық заттардың әсер ету механизмі біркелкі емес, негізінен ақуызды ыдыратуға плазма мембранасының өткізгіштігінің бұзылысына, ферменттерді тежеуге, яғни микроағзалар өмір сүруіне қажетті зат.

Табиғи өнімнен алынған дәрілік заттар жоғары антибактериалды қасиетке ие, бұлардың кейбірлері иммунды жүйені жоғарылату себебінен әлсіз ауырсынуға қарсы әсер шақырады.

Минералды майлар және синтетикалық бальзамдар антисептикалық қасиетке ие, әлсіз жұмсартатын әсері және де ауыз қуысындағы шырышты қабаты дегенерациясын белсендіруге көмектеседі.

Перидонтитті емдегенде инфекциялық ошақа әсер ету болып табылады. Бұл үшін тіс түбіріндегі макро және микро өзекшелердегі микро флораға әсер етуін, биогенді аминдердің әсерін алыстатып, қабыну ошағын жояды. Түбіріндегі өзектерді өңдеуге 3% сутегі тотығын нитро фурал қосындаларын (фурациллин,фуразолидон және т.б.), декамин,демексид және т.б. қолданады.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.