Здавалка
Главная | Обратная связь

Есепте есептеулерді орындау.



Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында жалпы мен күрделі есептер сияқты түрлі есептерді жасай аласыз. Ең алдымен, есебіңіздің жазба көзі туралы ойлауыңыз қажет. Есебіңіздің құрамында жазбалардың жалпы тізімі не аймақ бойынша топтастырылған сатулар нәтижелері бар болса, ең біріншіден, өрістердің қайсысында есебіңізде көргіңіз келетін деректердің бар болатындығын және кестелер не сұраулардың қайсысында бұл деректердің сақталатындығын анықтауыңыз қажет.. Жазба көзі таңдалғаннан кейін, Есеп шеберін пайдалану арқылы есебіңізді жасау оңайға түседі. Есеп шебері - бірқатар сұрақтар жиынынан өтуіңізге көмектесетін және жауаптарыңызға негізделген есепті жасайтын Access мүмкіндігі. Есеп құралы есеп жасаудың ең жылдам тәсілін ұсынады, өйткені бұл құрал ақпарат беруге шақырусыз есепті дереу құрайды. Негізгі кесте немесе сұраудың барлық өрістері есепте көрсетіледі. Есеп құралы толық құралған және бекітілген өнімді жасай алмаса да, бірақ аталған құрал негізгі деректерді тез көрсетудің тиімді құралы сөзсіз. Жасалған есепті сақтаңыз да, кейінірек оны Құрылым көрінісінде немесе Құрастырушы көрінісінде оның талабыңызға сай болуы үшін өзгерте аласыз.

14.4. Кесте аралық байланыс.

Егер кестелер арасында байланыс берілсе, онда әр түрлі кестелермен біртұтас мәліметтер қоры сияқты жұмыс істеуге болады. Кестелер арасында байланыс құру үшін МҚБЖ ACCESS 9х-та Схема данных атты арнайы диалогты терезе қолданылады.1.Схема данных терезесі Сервис→Схема данных командасы арқылы ашылады.

2. Егер де бұрын кестелер базасының арасында ешқандай байланыс болмаған болса, онда Схема данных терезесінің ашылуымен бірге Добавление тадлицы терезесі ашылады, бұнда кестелер арасындағы байланыс құрылымына енгізуге арналған керекті кестелерді таңдауға болады.

3. Егер кестелер арасында байланыс алдына берілген балса, онда Схема данных терезесінде жаңа кесте енгізу үшін тышқанның оң жақ батырмасын деректер схемасына апарып сырт еткізу керек және контекстік менюден кесте қосу пунктін таңдау.

4.Байланыстыратын барлық кестелерді деректер схемасына енгізгенненкейін, кестелер өрістерінің арасында байланыс құруды бастауға болады

5.Өрістер арасындағы байланыс өріс атын байланысқан өріске сәйкес келетін бір кестеден екінші кестеге орын ауыстыру жолымен орнатыады.

6. Орын ауыстырғаннан кейін Окно связи терезесі ашылады, бұнда пайда болатын байланыстың қасиеттерін сұрауға болады.

7. Деректер тұтастығының шартының қамтамасыз ету жалаушасын қосу кестедегі деректерді өшіру жағдайларынан сақтайды, олармен байланысты басқа кестелердің деректері байланыссыз қалады.

8.Тұтастық шарты болуы үшін негізгі кесте өрісі міндетті түрде өзекті болуы керек және екі өрістің типтері бірдей болуы керек.

9.Өзара байланысты өрістердің каскадын жаңарту және өзара байланысты тізімдерді каскадтың өшіру жалаушалары негізгі кестелерде өзгеруіне байланысты бағынышты барлық кестелер бір уақытта жаңартуын және өшіруін қамтамасыз етеді.

14.5. Параметірлік жəне айқастырылған Сұраныстарды құру.

Параметрлі сұрату –қолданушы сұрату сұхбат терзесінде таңдауға берілген параметрлерді енгізеді.Параметрлі сұрату қолданушыға кестелер ішінен кейбір мәліметтер тобы керек болған жағдайда қолданылады.Керекті мәліметтерді табу үшін оған бірнеше сұрату құрудың орнына тек керек параметрлерін енгізіп,параметрлі сұрату құрады.

Параметрлі сұратуды төмендегідей құруға болады:

1. Таңдау сұратуында Конструктр тәртібіне өту керек

2. Іріктеу шарттары(Условия отбора)жолына қажетті шарттарды квадрат жақша ішіне жазу керек

3. Құрылған сұратудың дұрыстығын тексеру үшін сұратуды іске қосу керек.Осы кезде ашылған Парамаетр мәнін енгі(Введите значение параметра )сұхбат терезесінде сәйкес мәндерді енгізіп және OK батырмасын басу қажет.

4. Егер сұрату құру кезінде алдында құрған сұратуды қолданылатын болса, онда параметрлі сұратуды жаңа атпен сақтау қажет. Егер сұхбат терезесінде параметрлі мәндер мәтінмен берілсе,онда бұл параметр қандай мәлімет енгізу керек екендігін көрсетеді.

Айқастырылған сұрату-кестедегі немесе сұратудағы екі немесе одан да көп қатардағы мәліметтерді жинақтау үшін қолданылады.Егер бірнеше кестедегі мәліметтерді жинақтау үшін айқастырылған сұрату керек болса,алдымен жай сұрау ісмерін құрып алып,оны айқастырылған сұрату түрінде құруға болады.

Айқастырылған сұрату құру үшін сұрату(запрос) қосымшасын екпінді етіп алу керек.Құру(создать) батырмасын басып Жаңа сұрату(Новый запрос) сұхбат терезесінен айқастырылған сұрату вариантын таңдау керек.

Мынанадай функция тізімі бар :Avg,Count,First,last,Min,StDew,Surn,Var.

14.6. Таңдамалы Сұраныс құру.

Мәліметтердің есебін шығару үшін таңдау сұратуын Контруктор есебінде ашу керек.Операцияларды топтау(Группировка операции ) батырмасын басса,Сұратублогында топтау жолы пайда болады.Бұл мәнді нәтиже есебін шығаратын өрісте қалдыру қажет.Басқа өрістер үшін нәтижелі функциялар тізімінің терезесін ашып, керек функцияны таңдап,өрістің осы жолына қояды.Тәжірибе жүзінде берілген кестеден белгілі бір критерийлерді қанағатыратын және таңдалғандарды реттейтін жазба бөлігін таңдау жиі кездеседі. Критерийлер бірнеше шарттардың үйлесуін анықтайды

MS Access-те сұранысты қалыптастыру үшін сұранысты құрастырушы мен MS Access тілінің SELECT нұсқауы қолданылады. “Үлгі бойынша сұраныс”дегеніміз-Сұранысты қалыптастырғанда берілген кестеде жазбаларды таңдау критерийін көрсетуіңіз қажет. Мұндай арнайы тілде сөйлемдерді баспадан шығару үшін сұраныс құрастырушының терезесінде орналасқан сұраныс бланкісін толтыруға тиіссіз.

15 сұрақ

Пішін.

Пішін– дерекқор бағдарламасына пайдаланушылық интерфейсін жасау үшін пайдаланылатын дерекқор нысаны. «Байланысты» пішін – кесте немесе сұрау сияқты деректер көзіне тікелей қосылған пішін және оны сол деректер көзінен деректерді енгізу, өңдеу немесе көрсету үшін пайдалануға болады. Осыған ұқсас, деректер көзімен тікелей байланыспайтын, бірақ басқару түймешіктері, ендері немесе басқару элементтерін қолдануға қажетті басқа да басқару элементтері бар «байланысты емес» пішінді жасауға болады.Көрсетілген деректерді өрістері немесе жолдары сияқты деректерге арналған басқару элементінің рұқсатына байланысты пішіндерді пайдалануға болады. Мысалы, кейбір пайдаланушыларға өрістері көп кестеден бірнеше жолды ғана көру керек болуы мүмкін. Сол пайдаланушыларды сондай өрістерді ғана қамтитын пішінмен қамтамасыз ету олардың дерекқорды пайдалануын жеңілдетеді. Сондай-ақ, жиі орындалатын әрекеттерді автоматтандыру үшін пішінге басқару түймешіктерін және басқа да мүмкіндіктерді қосуға болады.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.