Здавалка
Главная | Обратная связь

Лекция 14. Саяси болжамдау



1. Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері

2. Саяси болжамның мақсаты, негізгі әдістері және өлшемдері

3. Саяси болжамның қызметтік міндеттері

Саяси болжамдау (грек, prognosis - алдын ала көру) - саяси құбылыстардың даму болашағын анықтау мақсатында құбылыстар мен саяси үрдістерді ғылыми зерттеу. Мұндай зерттеулер саяси талдау әдістемесіне негізделеді. Саяси тәжірибедегі табыстар мүмкіндігі мен мінез-құлық стратегиясын бағалау нақты нәтижелерғе алып келеді. Бірақ саяси болжамдаудың негізгі мәселесі - зерттеушінің саяси даму мүмкіндігін алдын ала болжау, көре алу. Алғашқы талап-тілек пен олардың нәтижелерін жүзеге асыруда сәйкессіздік болуы мүмкін.

Әлеумет өмірінде, қоғам тіршілігінде алдағы болатын оқиғаны дөп басып тану, айнытпай болжау-қиынның қиыны. Мұның бір ұшығы осынау құбылыста өзге де қоғамдық қарекеттермен, тіпті, физикалық немесе биологиялық үдерістермен белгілі бір байланыстың орын алатындығында жатса керек. Соған қарамастан әлеуметтік тірлікті бағамдау мен болжауға әсер ететін проблемаларды пайымдай білгеніміз жөн. Төменде «халықаралық сценарий» деп аталатын болжау тәсілдерінің бірін сөз етіп, Қазақстанда қоғамдық-әлеуметтік өмірді болжаумен, яғни, саяси футурологиямен (болашақты зерттеу ғылымы) айналысып жүрген ғалымдар мен практиктер ұшырасуы ықтимал түбірлі түйіндерге тоқталып өтеміз.
Зерттеуші К. Стрийский әділ атап өткеніндей, қоғамдық құбылыстарды болжамдау көптеген көзқарас тұрғысынан алып қарағанда күрделі болып табылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл құбылыстардың табиғаты өте күрделі болып табылады әрі физикалық немесе биологиялық құбылыстармен өте тығыз байланыста болады. Міне, осыдан келіп қоғамдық құбылыс үдеріс­терінің тереңдігі мен көпжақтылығы жөніндегі пайымдаулар туындайды, өйткені, нақты себеп-салдарларға сүйенетін физикалық құбылыстардай емес, олар тұрақтылығы әртүрлі деңгейдегі көптеген факторларға тәуелді. Сондай-ақ, кез келген қоғамдық құбылыста тәжірибе-эксперимент жасау мүмкіндігі жоққа тән десек болады. Міне, осының бәрі қоғамдық құбылыстар үдерістерінің болашақтағы бейнесін болжауға кедергі жасайды. Себебі, бұл кезде қоғамдық құбылыстың өзі болжам түрінде көрініп, өзге құбылыстармен түйісе келе болжамдау үдерісіне өз әсерін тигізеді [11; 30-31 б.].
Қоғамдық құбылыстарды ғаламдық ау­қымда болжамдау:
1. Қоғамдық ғылымдарда зерттеудің сапалық тұрғыда жүргізілетіндігіне;
2. Келешекті көре білу өз кезегінде жауап әрекет туғызатынын бейнелейтін Эдип эффек­тісіне;
3. Қоғамдық құбылыстардың синдромдық сипатына, яғни біз зерделеп отырған құбылыстардың әрқилы бейнеде көрініс табатындығына байланысты тежеліп отыр. Адам және оның мінез-құлқы зерттеу обьектісі бола отырып, өз кезегінде био-психо-және социомәдени жаратылыс болып табылады. Яғни, оның мінез-құлқына ата тегі (ген), ойлау қабілеті (ми) және тәрбиесі (мәдениет) әсер етеді. Сондықтан да болжам жасауда түрлі ғылымдардың, атап айтқанда, антропологияның, психологияның, социологияның, философияның жетістіктері пайдаланылуға тиіс;
4. Қоғамдық болмыс бітімі күрделене түсуде әрі күн санап өзгеріске ұшырап, өзгеше мән-мағы­наға ие болуда. Осыған орай, туындап отырған әрбір жаңа мағлұмат, дерек пен ақпарат ой еле­гінен өткізіліп, әлеумет кәдесіне жаратылғаны абзал. Сонымен қатар, олар зерттеу нысаны ретінде таңдап алынған қоғамдық құбылысқа болжам жасау үдерісінде қолданылуы керек [7; 5; 175-188 б.].
Соңғы проблема сонау антикалық заманның белгілі ойшылы Гераклит айтты делінетін «бә­рі де ағады» («Panta rhei») деген әфсанамен ұш­та­сып жатыр. Расында да, ағып жатқан өзенге екі қайтара түсе алмайсыз ғой. Себебі, сіз шомылған су ағып кеткен. Бұл дүниедегі бірден-бір тұрақты нәрсе – сол өзгерістің өзі. Адамды қоршаған орта, яғни, табиғат, әлеумет те өзгереді, үкімет саясаты да заман талабына орай икемделіп, жұртшылық талабына сай әрекет етуді көздейді. Міне, осылардың барлығы қандай да бір мәселе бойынша шешімдер, әсіресе стратегиялық шешімдер қабылдау үдерісін күрделендіріп жібереді. Өзгерістер динамикасы жиілеуіне байланысты болжам жасау да қиындай түседі. Күнделікті тіршіліктен көріп жүргеніміздей, алдағы күнге ой жіберу, қолдан келсе қамданып, қарману әр адамның бойынан табылатын қасиет. Ол сондай-ақ, жоғарыда тоқталғанымыздай, жалпы қоғамға, жұртшылыққа, жекелеген ұжымға тән. Сондықтан да, А.С.Пушкин «Келер күн отыр екен не дайындап» деп жазғандай (Абай аудармасы), келешектен үміті бар кез келген көпшілік болашаққа бойлаудың нәтижелі әдіс-тәсілдерінен хабардар болуға тиіс [1; 7 б.].
Кезінде әлеуметтанушы Здислав Сариуш-Вольски атап көрсеткеніндей, болашақты болжамдау, яғни, болжау (прогноз) жасау тетігі болжанып отырған нысан тұрғысынан алғанда маңызды болып табылатын бұрынғы іс-әрекеттер мен олардың өзара байланыстарын (себеп-салдарлық байланыстар типі мен әлеуетін) танып-білу, тұжырым жасап, болашақта қолға алынатын қимыл-қарекетті жобалаудан тұрады. Болжамдау тетігін, міне, төмендегідей қарапайым мысалмен түсіндіруге болар. Мәселен, біз әжептәуір терең айдынды өзеннің жағасына жетіп, енді арғы бетке етігімізбен су кешпей, құп-құрғақ өткіміз келеді делік. Бірақ, жуық маңда көпір көрінбейді. Алайда, біз егер қолымызға қайық түссе, арғы бетке аман-сау өтетінімізді білеміз (қайық табу-саналы іс-әрекет). Бақытымызға орай, біз қажет қайықты төңіректегі тал-терек арасынан тауып алайық (бұл-болмысты тану дегенді білдіреді). Осынау алғышарттар негізінде біз көп ұзамай келесі жағалауға жетіп жығыламыз. Дегенмен, біздің қайық туралы дерек-мәліметіміз толық болмаса, яғни, оның түбі бүтін немесе тесіктігінен бейхабар болсақ, біздің болжауымыз жаңсақ болып шығар еді. Сөйтіп, ақыр-соңында біз басқа бір беймәлім тұстан қылаң берер едік [9]. Қоғамдық құбылыстарды немесе олардың дамуы мен өрістеуін болжамдау қайықты қолға түсіру дегенді білдірмейді. Бұл жердегі мәселе арғы жағалау бар ма, жоқ па, тобықтай түйін, міне, осында.
Өзгермелі саяси ахуалды болжамдау тәсілде­рінің бірі сценарий әдісі болып табылады. Бұл әдіс ХХ ғасырдың 70-жылдарында өркен жая дамып, болжамдаудың басты тәсіліне айналды. Бүгінгі мағынада алғандағы scenario терминін алғаш рет әлеуметтанушы Герман Кан қолданды. Бұл тәсіл оқиғалар дамуына әсер ете алатын, сөйтіп, болашақтың түрлі нұсқаларына (сценарийлеріне) жетелейтін факторларды іздестіруге негізделеді. Аталған әдістеме оқиға барысы ушығып кеткенде, проблемаға қатысты ахуал барысы беймәлім болғанда, басты оқиғалардың өрбу барысын айқындау қиынға соққанда, даму кезеңі салыс­тырмалы түрде ұзақ уақытқа созылғанда кәдеге асады [1; 84 б.]. Өзге аналитикалық құралдар сияқты сценарийдің төркіні де әскери ғылымға тіреледі, ол ерте замандарда-ақ қолданыста болған. Практикалық көзқарас тұрғысынан алғанда сценарий әскерлерді жаттықтыру негізі, сондай-ақ саяси және экономикалық шешімдер қабылдаудағы көмекші құрылғы болып табылады [13; 136 б.].
Сценарийлер түзу нақты принциптерге сүйенеді және төмендегі міндеттерді шешуге бағытталады:
1. Обьектіні анықтау, яғни, оның элементтерін белгілеу, сондай-ақ, байланыстар мен олардың өзара ұқсас белгілерін айқындау, сценарий ауқымын көрсету. Бұл кезеңде зерттеу обьектісі туралы неғұрлым көп дерек жинау қажеттігі туындайды. Сондай-ақ, сценарийде назарға алынатын құбылыстарды, сонымен қатар, оларға тән айнымалы шамалардың өзара байланыстарын айқындау керек болады. Сценарийді жасақтаудың осы кезеңінде (фазасында) алғашқы айнымалы шамалар електен өткізіледі, себебі, әдетте алғашқы дерек жинау барысында елеусіз фактілер (болжамдау мақсаты тұрғысынан қарастырғанда) қоржынға түсіп кетуі мүмкін. Деректер арасындағы өзара байланыс дефинициялар (анықтауыштар) көмегімен айқындалады. Мұны белгілі бір шама өзге шамалар көбейтіндісінің немесе қосындысының жиынтығы болғанда, немесе саяси, қоғамдық және мәдени құбылыстарға тән сипаттамалардың өзге де формалары алынғанда қолдануға болады. Бұл кезеңнің қорытынды нәтижесі зерттелініп отырған обьектінің ішкі моделін құрастыру болып табылады;
2. Алынып отырған обьектіге (мәселен, халықаралық қатынастар пәніндегі халықаралық ортаға) тән құбылыстарды айқындап танып, сипаттап жазу, яғни, болжам обьектісінің дамуына елеулі түрде әсер ететін өзара байланыс салаларын идентификациялау. Бұл кезеңде болжамдау обьектісіне сыртқы әсері бар түрлі факторларға тиесілі өзара байланыстар типі мен шама-шарқы айқындалады;
3. Обьект элементтері арасындағы, сондай-ақ, обьекті мен оның төңірегіндегі құбылыстар сандық тұрғыда құжаттаудан өткізіледі;
4. Обьектіге қатысты айнымалы шамаларға болжам жасалынады, бұл зерттелініп отырған обьектіні талдау әдісін де қамтиды;
5. Прасценарий жасау дегеніміз обьектіге қатысты айнымалы шамаларға болжам жасау дегенді білдіреді. Бұлар обьект дамуы сипат­тамаларының бірнеше нұсқасын жасауға және болашақта пайда болатын ықтимал әлеуетті егжей-тегжей талдауға мүмкіндік береді;
6. Обьектінің даму үрдісіне бөгет болатын факторларды сараптау. Зерттелініп (болжауға алы­нып) отырған обьект белгілі бір өрісте жұмыс істеп тұрған динамикалық элемент болып табылады, бұл тікелей зерттеу пәніне, сондай-ақ, онымен байланысты құбылыстар мен үдерістерге де қатысты. Міне, сондықтан да біз обьектіге жағымды тұрғыда немесе теріс әсер ететін факторлар бар екендігін естен шығармауымыз керек. Тұтқиылдан тап болатын, бірақ, апат сипатынан ада оқиғалар кездесуі де әбден ықтимал. Сценарий жасау барысында міне осындай оқиғалардың обьект дамуына әсері бағаланады немесе кері әсер ететін факторлар (оқиға жағымсыз сипат алғанда), болмаса икемделу факторлары (жағымды әсер орын алған жағдайда) анықталады;
7. Обьектінің өзіндегі сандық және сапалық өзгерістерді, соның ішінде обьектінің дамуына бөгет болатын факторларды, сонымен қатар осы кедергілер салдарын есепке алатын, зерттелініп отырған обьектінің таяу болашақтағы жай-күйі немесе даму ахуалы сипатталатын сценарий жасалынады [11; 77-78 б.].
Саясат жөніндегі ғылым пәнінің жоғарыда аталып өткен синдромдық сипатын назарға ала отырып, саясаттанушы ғалым түрлі салалардың зерттеу тәсілдерін қолданғаны абзал екендігін айта кеткеніміз жөн [2; 9-32 б.].

Лекция 15. Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан

1. Егемен Қазақстанның саяси шынайылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы

2. Жалпыреспубликалық референдум және ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы

3. Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарын дамыту

4. Республиканың халықаралық форумдарға қатысуы

КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».

Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.

Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.

Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін жәнеменшіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктержәне жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі, ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту шараларын қабылдайды. Республиканың ажырамас құқығын құрайтын мәселелерді шешуге кез келген сырттан қол сұғушылық оның мемлекеттік тәуелсіздігіне нұқсан келтіру ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері - Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң тарихи маңызды құжат және егеменді, демократиялық қоғам қалыптастырудың негізі болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні болып жарияланды. Бұл күн 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алудың бес жылдығымен тұспа-тұс келді. Алматыда өткен митингідеҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, академик С. Зиманов, желтоқсан оқиғасына қатысқандар, алыс және жақын шет елден келген қонақтар сөз сөйледі. «1986 жылы желтоқсанда екі күш - жас, қатайып үлгермеген демократия мен тоталитарлық жүйе қақтығысты, - деді митингіде сөз сөйлеген М. Шаханов. - Алматыдағы оқиғалардан соң көптеген демократиялық бой көрсетулер болып өтті, тоталитарлық жүйе күйреді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттердің қатарынан өз орнын алуында 1986 жылғы желтоксанның баға жетпес сіңірген еңбегі бар».

Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Республика өзіне Ұйымның Жарғысын бұлжытпай орындау міндеттемесін алды. Қазақстан адам құқығының БҰҰ ортақ декларациясымен бекітілген құкықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа лайықты түрде қосылуға ұмтылатынын, алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтынын нық мәлімдеді.

1992 жылы каңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.

Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылғы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1. Д.Жамбылов. Саясаттану. Алматы. 2005.

2. Н.Қапесов. Саясаттану. Алматы. 2003.

3. К.Кенжебеков. Саясаттану негіздері. Алматы. 1998.

4. Е.Қуандық. Саясаттану негіздері. Алматы. 2005.

5. Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы Астана 2006 -208бет

6. Балғымбаев А.С. саясаттану негіздері. – Алматы, 2004

7. Балғымбаев А.С. саясаттану негіздері. – Алматы, 2004

8. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. 1 том. Н.Ә.Назарбаев

және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы: 3 том. Құжаттар мен

материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 256 б.

9. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. II том. Н.Ә.Назарбаев

және саяси реформалардың Қазақстандық стратегиясы: 3 том. Құжаттар мен

материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 280 б.

10. Президент Н.Ә.Назарбаев және қазіргі кездегі Қазақстан. III том. Н.Ә.Назарбаев

және Қазақстанның сыртқы саясаты: 3 том. Құжаттар мен

материалдар жинағы. – Алматы: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010. – 256 б.

11. Байделдинов Л.Ә. Теоретикалық саясаттану. – Алматы 2005

12. Әлемдік саяси ой антологиясы – 2007 ж.

13. Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе. Хабаршы.

Әлеуметтану және саяси ғылымдар сериясы. – Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002

№2. – 104-123 беттер

 

Қосымша әдебиеттер:

14.Пугачев, В. П. Введение в политологию [Электронный ресурс] / В. П. Пугачев,

А. И. Соловьев.- М.: КНОРУС, 2010.

 

15. Вебер М. Политика как признание и профессия. М., 1990.

16. Макиавелли И. Государь. М., 1991.

17. Гаджиев К.С. Политическая наука. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.

18. М. Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. А., 1996.

19. И. Азаркин. История политических учений. М., 1994.

20. Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары Алматы 1994

21. Ә.Бөкейханов . Шығармалар. Алматы 1994

22. Д. Жамбыл Саясаттану Оқу құралы. Алматы1994

23. Н.Назарбаев Ғасырлар тоғысында Алматы 1994

24. Всеобщая декларация прав человека. М., 1995.

25. Азаркин Н. История политических учений Москва., 1994Выпуск оска.

Элементы литической науки. Социс. 1995. № 4, 5, 8.

26. Ашин Т.К. Основы элитологии. А., 1996.

27. Олжабаева.К.Т. Қазақстан саяси жетекшілігі. Саясат. 2000. № 2.

28. Қалесов. ҚР саяси элита қалыптасуы. Саясат. 2002. № 12.

29. Молдабеков Ж.Ж. Ұлтшылдық мәселесі. Ақиқат. 2001. №2.

30. Здравомыслов А.Т. Межнациональные конфликты в постсоветском пространстве.

М., 1997.

31. Қадыржанов Р. Қазақстандағы орыс ұлты жайлы. Егеменді Қазақстан, 2004

32. Мурзалин Ж.А. О модернизации / Саясат. 2000. № 2.

33. Нысанбаев А. ҚР даму ерекшеліктері / Саясат 2001. № 6.

34. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. А., 1996.

35. ҚР Конституциясы. А., 1995.

36. Қасымбеков М.Б. ҚР президенттік билік / Ақиқат. 2001. № 2.

37. Айталы А. Казахстанский парламентаризм / Саясат. 2001. № 4.

38. Фукуяма Ф. Конец истории / Вопросы философии. 1990. № 3.

40. Саясаттану. Энциклопедиялық сөздік. А., 2000.

41. Сатпаев Д. Особенности национального лоббизма / Саясат. 1999. № 2.

42. Мустафин. Саяси партиялар сайлау қарқында / Егеменді Қазақстан. 2002. № 4.

43. Артемьев А.И. Политическая культура в реалиях современного Казахстана.

Саясат. 2000. № 4, 5.

44. Ибраева М.Б. Массмедиа, саясаттағы орны. Ақиқат. 2001.

45. Елишбеков А. Вступление Казахстана в ООН Евразийское сообщество. 2004. № 1.

46. Сарсекеев М.М. Национальные интересы и внешняя политика Казахстана /

Евразийское сообщество. 2002. № 1.

47. Шахаман З. Государственная власть в РК в 21 веке. Саясат.2002 №2, ҚР Конституциясы. А., 1995.

48. Байдильдинов Н. Саяси тұрақтылық. Саясат. 2003. № 5.

49. Артықбаев М. К вопросу о прогнозировании современных политических систем / Евразиское сообщество. 2004. № 1.

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы Ф.4.09-47
01.09.2012 ж.

 

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

 

Саясаттану

(пәнің атауы)

Кафедра: философия және саясаттану

Тьютор: А.Н. Калханова

Мамандық: барлық мамандықтар үшін

Кредит саны: 2

Пән циклі: міндетті

Студенттер саны: 800

 

дебиет түрі Шифр Әдебиет атауы Бар болуы Ескерту
Кітапханада және кафедрада %
Негізгі   Ф01(2К)я73 Қуандық Есенғазы Сламғазыұлы. Саясаттану негіздері: Оқу құралы / Е.С. Қуандық.- Толықтырылған 2-ші басылым.- Алматы: Дәуiр, 2005.- 224б.    
  20. Ф01я73   Қапесов Н. Саясаттану: Лекциялардың қысқаша курсы / Н. Қапесов.- Алматы: Жетi жарғы, 2003.- 216б.    
  Ф01(2К)я73   Ж 25 Жамбылов Д. Саясаттану: Оқулық / Д. Жамбылов.- Өзгеріссіз 3-басылымы.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 280бет.      
  Ф01я73 Б22 Балғымбаев А.С. Саясаттану - Политология. 1-ші бөлім: Оқу құралы / А.С. Балғымбаев.- Алматы, 2003ж.- 304б  
  Ф01я73 Б22 Б17 Байділдинов Л.Ә. Теориялық саясаттану: Оқулық / Л.Ә. Байділдинов.- Алматы: Интерлигал, 2005.- 264б.    
Қосымша   Ф . Ф01я73   Абсаттаров Р.Б. Тесты по политологии: Вопросы и ответы: Учебное пособие / Р.Б. Абсаттаров.- Алматы: Ғылым, 2005.- 312с. (Общее кол-во-10,Ост.-  
  Ф01 А43   Актуальные проблемы современной идеологической борьбы: Учебно-методическое пособие.- М.: Политиздат, 1977.- 302 с.      
    Кенжалин Жұмабек. Шындықты шырақ етіп ұстаңыз: Байыптамалар, деректі әңгімелер, очерктер / Ж. Кенжалин.- Алматы: Қазақстан, 1998.- 239бет.    
  22. Ф019   Қуатов Б. Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы / Б. Қуатов.- Алматы: Бiлiм, 1993.- 272бет.    
    Молдабеков Ж. Антикоммунизм идеологиясының дағдарысы / Ж. Молдабеков.- Алматы: Қазақстан, 1982.- 64бет.    
анықтамалық   16. Ф01я73   Коротец И.Д. Политология: 100 экзаменационных ответов / И.Д. Коротец.- 5-е изд. , испр. и доп.- Москва: МарТ, 2005.- 256с.    
  14. Ф01(2К Казахстанская политологическая энциклопедия.- Алматы: Қазақстан даму институты, 1998.- 447с.    
  Ф01(2К) 1. Ф01в6   Абсаттаров Р.Б. Тесты по политологии: Вопросы и ответы: Учебное пособие / Р.Б. Абсаттаров.- Алматы: Ғылым, 2005  

 

 

Емтихан сұрақтары:

1. Саяси элита құрылымы, қызметі.

2. Саяси лидерлік түрлері.

3. Тоталитаризм теоретиктері.

4. Тоталитаризм және диктатура ерекшеліктері, ұқсастығы.

5. Қазіргі дәуірде тоталитарлық саяси тәртіп қандай мемлекеттерде бар.

6. Тоталитаризмнің белгілері.

7. Саяси идеология мәні, қызметі.

8. Либерализм және неолиберализм.

9. Консерватизм және неоконсерватизм.

1. Социализм және социал-демократизм.

2. Фашизм.

3. Саяси идеологияның қоғамдағы мәні.

4. Идеологияның діннен, уағыздаушылықтан ерекшелігі.

5. Фашизмнің пайда болу себептері.

6. Қазақстандық қоғамдағы басты идеяның басты мәні.

16. Саяси мәдениет ұғымы.

17. Саяси мәдениет типологиясы.

18. Саяси әлеуметтену.

19.Мәдениет және саяси мәдениет.

20. Саяси мәдениет теориясының негізін қалаушы.

21. Саяси мәдениет қызметі.

22. Саяси әлеуметтену, тұлға, азамат.

23. Саяси өмірдегі коммуникативтік процестердің мәні мен ерекшілігі.

24. Бұқаралық ақпарат құралдары.

25. Қоғамдық пікір.

26. “Саяси коммуникация” ұғымына зерттеушілер нені енгізді.

27. ҚР қолданылатын саяси комуникация құралдары.

28. Қоғамдық пікір қалыптасуындағы негізгі факторлар.

29. Саяси процесс, халықаралық қатынастар.

30. 20 ғ. дүниежүзілік саясат.

31. Дүниежүзілік глобальдық мәселе

32. “Халықаралық саясат” түсінігі.

33. 20 ғ. халықаралық қатынастар дамуы.

34. Ғаламдану процесі және Қазақстан.

35. ҚР сыртқы саясаты.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.