Здавалка
Главная | Обратная связь

Сілкіне алмас жапыра



3-тапсырма..Өлең шумағын оқып, түсінгеніңізді жазыңыз.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалан. ­­­­­­­­

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан!

4-тапсырма.Венн диаграммасы

Ы. Алтынсарин ортақ Абай

 
 


5-тапсырма.Өзіңіз жақсы білетін тарихи тұлға жөнінде эссе жазыңыз.

 

1. Ыбырай Алтынсарин қай жылы, қайда туды?

2. Ыбырай Алтынсарин кімнің қолында тәрбиеленді?

3. Ыбырай Алтынсарин ең алғаш қай тілде оқыды?

4. 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап қандай кітаптар жазды?

5. Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесің?

6. Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді кім ретінде бағалайды?

7. Абай қайда және қашан туған?

8. Абайды кім ретінде танимыз?

9. Абайдың әкесі кім болды?

10. Абай Ю.Лермонтовтан қандай шығармалар аударды?

11. И.Крыловтан аударған шығармасы қалай аталады?

12. Абай тәрбиесінде үлкен рөл атқарған кімдер?

13. Абайдың табиғатқа арналған қандай өлеңдерін білесің?

14. Проза түрінде жазылған қара сөздерінің саны қанша?

15. Ы.Алтынсарин мен Абай шығармалары арасында қандай ерекшеліктер бар?

16. Ағартушы ақындар дегеніміз кімдер?

БОӨЖ тапсырмасы.

«Әлемдік классикалық әдебиет » атты баяндама дайындаңыз.

 

 

ТӨРТІНШІ САБАҚ (1-сағат)

Адам мен табиғат егіз Мен және қоршаған орта

 

Қазақстан экологиясы

Мәтінді оқыңыз.

Адамдардың араласуы мұң екен,

Жер шары тез қартая бастады.

К.Э. Циолковский

Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың арақатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Алғашқы рет экология деген ұғымды (1866 ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды.

Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн тонна күкірттің қос тотығы, 250 млн тонна шаң-тозаң, 5 млрд тонна көмір қышқыл газы, 1 млн тоннадай қорғасын қосылыстары ауаға бөлініп шығарылады екен. Әр түрлі зиянды заттардың биосферадағы таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Олардың басты себебі - осы қалаларда өнеркәсіп орындарының көп шоғырлануы.

Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

 

v Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, түсініңіздер.

2. Мәтінге жоспар құрыңыздар.

3. Мәтінді әңгімелеңіздер.

4. Экология нені зерттейді?

5. Өздерің тұратын жерлердің экологиялық жағдайы қандай?

6. Ауыз су мәселесі қалай, дұрыс шешімін тапқан ба?

7. Арал, Семей қасіреттеріне қосар үніңіз.

1. Төмендегі сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

1. «Эко-Ойкос» сөзінің мағынасы не?

2. Бұл сөзді ғылымға кім енгізген?

3. Қазіргі таңдағы басты проблема не?

4. Қай жерлердің экологиялық жағдайы өте төмен?

5. Ауаға тарайтын лас заттардың мөлшері қанша?

2. Мәтіннен шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыз.

Айдынды теңіз, айқындала түсу, ұғым, енгізген, қасірет, ауыз-ға алу, тартылу, зиянын тигізу, ластаушы қосылыстар, шоғырлану.

2. Мәтін бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

1. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан …

2. Бүгінде табиғатты қорғау ісі …

3. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға…

4. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фото-химиялық құрғақ түтін…

5. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан…

6. Берілген шағын мәтіннің идеясын айтыңыз. Демеулік шылауды тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсетіңіз.

Апаттың үлкені адамдар бойындағы эгоистік көзқарастан туындап отыр. «Өз жеріме өзім қожамын. Не істесем де өз еркім: өзен, көлін суалтам ба, даласын жыртып, ақ татыр шөлге айналдырам ба, әлде орман, тоғайын құртам ба, тіпті өртеп жіберем бе - ешкім қолымды қақпайды. Әлем кеңістігін еркін билеймін, табиғатты табындырамын», – деген менмен саясат тіршіліктің тынысын тарылтып бітті.

6. Алматы қаласының экологиялық жағдайы туралы ой алмасыңыздар.

7. «Айнала, қоршаған орта және оны дамыту» тақырыбына шығарма жазыңыз.

8. Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымы бойынша пікір алмасу.

Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіздер

Бұлақ көрсең, көзін аш.

Бір тал кессең, он тал ек.

Судың да сұрауы бар

Өрісіне қарап мал өсер,

Өзеніне қарап тал өсер.

Су анасы - бұлақ.

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Еске түсірейік!

Шылау сөздер

Септеулік шылаулар

Меңгерілетін септіктер Септеуліктер
1. Атау арқылы, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, сияқты, секілді, бойы, бойда, бойынша, бойымен, сайын, үшін, ғұрлы, шамалы, шақты, қаралы.
2. Барыс дейін, шейін, төмен, қарай, қарап, қарсы, салым, тарта, жуық, таяу.
3. Шығыс бері, кейін, соң, бұрын, бетер, гөрі, әрі, басқа, бөлек, өзге.
4. Көмектес қатар, бірге, қабат, қоса.

Демеулік шылаулар

1. Сұраулық демеуліктер -ма (ме, ба, бе, па, пе), ше.
2. Күшейткіш демеуліктер -ақ, -ау, -ай, -да (де, та, те).
3. Шектік демеуліктер -ғана (қана), - ақ, тек.
4. Болжалдық демеуліктер -мыс, (міс), - ау.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері түгел, тұрсын, тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер қой (ғой), ды (ді, ты, ті)

3. Жалғаулық шылаулар

1. Ыңғайластық мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі.
2. Қарсылықты бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, өйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық себебі, өйткені, сондықтан.

СЕМЕЙ СЫНАҚ АЛАҢЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ

Семей сынақ алаңы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен 1947 жылы 21 тамызда ашылды. Алғаш мұнда әскери бөлімдер, құрылысшылар келді. Мұнан кейін жасырын түрде «Москва-400» шағын қалашығы, лабораториялық-экспериментальдық, өндірістік базалар бой көтере бастады. Ядролық тәжірибе жасау үшін халық шаруашылығына арналған 18500 шаршы шақырым жер алынды. Бұл аумақ Қазақстандағы Павлодар, Қарағанды, Семей облыс-тарының кейбір аудандарының жерін қамтыды. Тәжірибе жасау үшін қойлар, шошқалар, иттер, атжалмандар, азық-түлік салынған жәшіктер, адам кейпіндегі заттар алынды. Мұның бәрі сынақ күшінің қуатын зерттеу үшін алынды. Ал жергілікті халық бұл тәжірибеден бейхабар болды.

1949 жылы 29 тамызда бірінші сынақ жасалды. Сынақ жер астында да, жер үстінде де жасалды. Жер астында жасалған сынақтардың қуатының күштілігі соншалық, радиоактивті газдар бірнеше рет жер бетіне жарып шықты. Алғашқы кезде тұрғын халық осы бір тосын құбылысты қызықтай қарады. Бұл еркіңнен тыс қызықтыратын, беймәлімділігімен үрей туғызатын көрініс еді. Айналадағы болып жатқан сұмдыққа адамдардың еті үйрене бастады. Оның ауыр зардабын тартатынын кеш білді. Абай елінің әрбір екінші тұрғыны қан қысымының төмендеуіне, әлсіздікке, селсоқтыққа ұшырады.

Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерінен барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінген. Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің қырық сегізінде кездесіп отырады. Бұл орта есеппен республика бойынша алғанда 6 есеге көп, ал полигонға жақын орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары.

Семей ғалымдары мен дәрігерлердің пікірінше, сәуле алған ата-анадан туған екінші ұрпақ денсаулығы, бірінші ұрпақтың, яғни тікелей сәуле алған балалардың денсаулығынан едәуір төмен, бұл сәуле алудың генетикалық зардаптары. Сонымен қатар Семей өңірінде лейкоз - қан рагы, лимфоцит - ақ қан ауруымен ауыратын-дар саны көбейген. Әсіресе, әйелдер арасындағы анемия ауруы республика бойынша бірінші орын алады. Уақытына жетпей босану, салмағы аз, әлсіз балалардың тууы, туа біткен анемия және мезгілінен ерте қартаю көрсеткіштері өсіп, әйелдердің бедеулігі республикалық көрсеткіштен екі есе жоғарылады. Бірақ жергілікті халық мұны кеш түсінді.

Оның өзінде 1989 жылы 13 ақпанда кезекті жарылыстан кейін радиациялық тұман бірнеше елді мекендерді және Шағандағы әскери ұшқыштар қалашығын басып қалды. Осы жағдайдан кейін әскери ұшқыштар сол кезде Семей облысынан КСРО Жоғары Кеңесіне депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан ақын О.Сүлейменовтен көмек сұрады. Ол республикалық теледидардан сөйлеп, осы қасіреттің бетін ашты.

1989 жылы 28 ақпанда «Невада-Семей» деп аталатын ядроға қарсы қозғалыс пайда болды. Қозғалыс, бейнелеп айтқанда жұртты ұйқысынан оятты. Бұл қозғалыс біртіндеп халықаралық қозғалысқа ұласты. Қозғалыстың басты жетістігі, біріншіден, халықтың тікелей қатысуымен аз уақыттың ішінде Семей жеріндегі сынақ санының азаюына ықпал етсе, екіншіден, 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен полигонның жабылуына жәрдемдесті. Бұл үрдіс басқа мемлекеттерде өз жалғастығын тапты. Мысалы, Ресейде Жаңа Жер, Америкада Невада, Францияда Морурора, Қытайда Лобнор жабылды.

Біз дүние жүзінде ядролық қарудың аз болуы, ал алдағы уақытта мүлдем болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Адам қорқынышсыз, жақсы, еркін өмір сүргісі келеді. Ондай өмір үшін ядролық, бактериологиялық, химиялық қарудың қажеті жоқ. Адамдар қару-жарақсыз, еркін өмірде де Әлемді, Табиғатты, заттар мен құбылыстарды танып-білуге деген құштарлығы қалады.

 

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

2. Семей сынақ алаңы туралы не білесіздер?

3. Сынақ алаңының зардабын (қасіретін) қалай түсіндіре-сіздер?

4. Абай, Шәкәрім, Әміре, Мұхтардай ұлыларымызды дүниеге әкелген қасиетті Семей жерінің сынақ алаңына айналуына қандай жағдай себеп болды?

4. Атом бомбасының адамзатқа келтірер зияны қандай болмақ?

2. Мәтіннен шылауларды тауып, тіркескен сөздерге қандай мағына үстеп тұрғанын байқаңыз.

3. Септеулік шылау арқылы байланысып тұрған сөздерді септеулігімен бірге теріп жазыңыз.

Арал теңізі

Қазақстанның оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы 428 шақырым, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.

Арал теңізінде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.

Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында «Барсакелмес» қорығы құрылған. Қорық аумағындағы бөкен, құлан, жайран, қырғауыл, т.б. аң, құс түрлері қорғауға алынған. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмен түсуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 шаршы шақырым жерінен 8000 тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.

Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан, т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда.

Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конферен-циялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекет басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалмауда. Өйткені бұл ғаламдық мәселе.

v Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп, оқыңыз.

2. Мәтінге жоспар құрыңыз.

3. Мәтінді әңгімелеңіз.

4. Сұрақты топ болып талқылаңыз.

1. Арал теңізінің тарихы туралы не білесіңдер?

2. Арал теңізі суының тұздылығының арту себебін түсінді-ріңдер.

3. «Арал тағдыры - ел тағдыры» деген қанатты сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер.

4. Арал теңізі не себепті экологиялық апатты өңірге айналып отыр?

5. Арал-Балқаш қоры туралы не білесіңдер?

6. Арал проблемасын не себепті ғаламдық проблема санайды?

 

 

БОӨЖ тапсырмасы.

Аралға арналған халықаралық конференция материалдарын жинап, қысқаша мәлімет жазыңыз.

 

БЕСІНШІ САБАҚ (1-сағат)

Лексикалық тақырып: Адам және табиғат

Грамматикалық тақырып: Көсемше

Сөздік

қоршаған орта – окружающая среда

жан-жануарлар мен өсімдіктер – животные и растения

алыстағы жұлдыздар – звезды на далеких

ажырамас бөлігі – часть, которая не отделится

егіз ұғым – близнец понятие

туған жер –родина

ыстық махаббат – жарко любовь

орман-тоғайлар – лес-рощи

ерекше – особенный

үздіксіз өзгерістер – непрерывные изменения

жанартаудың атқылауы – постреливание, которое заденет

найзағайдың жарқылы – блеск молнии

табиғат құбылыстары – явления природы

себеп-салдар –причина

 

Грамматикалық нұсқа


Көсемше

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Табиғат құбылыстар, үздіксіз өзгерістер, жанартаудың атқылауы, найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы, табиғаттағы өзгерістер, аспан денелері, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы, көлдердің тартылуы, қоршаған орта.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрыңыз.

Табиғат құбылыстары, физика заңдарына сүйену, аспан денелері, құбылыстардың себеп-салдарын ашу, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар, күн мен түннің ауысуы, күннің тұтылуы, жердің өсі, үздіксіз айналуы, жердің айналуы, жыл мезгілдерінің ауысуы.

3-тапсырма.Сөз тіркестерін жасаңыз.

 

       
 
   
 

 


Адам Табиғат

4-тапсырма.Диаграмманы толтырыңыз.

 
 


5-тапсырма.Көсемшеге тапсырма

Тоғызыншы сабақ (2-сағат)


Адам және табиғат

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, жер мен ай, күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да «табиғат» деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу ата салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме»,

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.

Адам мен табиғаттың жарасымы мен үйлесімі сақталғанда ғана, олардың өзара өмір сүру тепе-теңдігі сақталмақ. ХХ ғасырда осындай тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамзаттың индустриялық кезеңге өтуі, қалалардың көбеюі – табиғатқа зақым келтіре бастады. Соның нәтижесінде, бүгін көп айтылатын экологиялық мәселе туындап, оны шешу жолдары ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық мәселе, әсіресе, экономикасы жоғары дамыған елдерге аса тән. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүруіне қоғамның көңілін бөлу үшін экологиялық ұйымдар құрылуда. Өнеркәсібі дами бастаған біздің елімізде де осындай мәселе бар. Мысалы, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау сияқты қалалардағы экологиялық ахуал адамның денсаулығына зиян келтіруде. Сол себепті қоғамдық ұйымдар, ақпарат құралдары осы мәселелерді жиі көтеруде.

Адамзаттың өркениет биігіне жетуі – индустрияландырумен ғана шешілмейтінін уақыт дәлелдеуде. Сондықтан бүгінгі адамзат баласы табиғатпен үйлесіп өмір сүрудің тиімді жолдарын шешуде.

 

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

– Қоршаған орта дегеніміз не?

– «Жер-Ана» деген ұғымды қалай түсінесіз?

– Табиғатта кездесетін өзгерістерді атаңыз?

– Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы айтыңыз.

– Өз мінезіңізді табиғаттың қандай құбылысымен сипаттайсыз?

 

2-тапсырма.Мәтінді оқыңыз.Берілген жоспар бойынша әңгімелеңіз.

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

 

3-тапсырма.Венн диаграммасын толтырыңыз.

       
   
 
 


 
 


4-тапсырма.Сөйлемдерді орын тәртібімен жинаңыз.

1. Табиғаттың, Адам, бөлігі, ажырамас.

_____________________________________________________________

2. Жатады, өзгерістер, болып, үздіксіз, табиғатта.

_____________________________________________________________

3. Деп, әлемде, сан, алатын, аталады, орын, алуан, құбылыстары, өзгерістер, табиғат.

______________________________________________________________

4. Бір-бірімен, табиғат, байланысты, тығыз, құбылыстары.

_________________________________________________________________

5. Жан-жануарлар, өсімдіктер, мен, табиғат, ауқымды, білдіреді, деген, барлығы, алыстағы, Жер, Күн, мен, жұлдыздар, Ай, мен, ұғымды, –, да, осылардың.

_________________________________________________________________________________________________________________________________

Бесінші сабақ (3-сағат)

1-тапсырма.Мәтін бойынша сұрақ қойыңыз.

Үлгі: Адам ненің ажырамас бөлігі?

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

2-тапсырма.Жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

1. қоршаған орта –

_________________________________________________________

2. ауқымды –

_________________________________________________________

3. туған жер –

_________________________________________________________

4. орман-тоғайлар –

__________________________________________________________

5. жанартаудың атқылауы –

___________________________________________________________

6. табиғат құбылыстары –

____________________________________________________________

7. күн мен түннің тұтылуы –

_____________________________________________________________

3-тапсырма.Қазақ тіліне аударыңыз.

C давних времен человек и природа тесно взаимосвязаны. В древности первобытные люди полностью зависели от окружающей среды. Не понимая сути происходящих природных явлений, люди возводили их в ранг богов. Так, и огонь, и вода, и земля, и деревья, и воздух, и гром с молнией считались божествами. Чтобы умилостивить их, люди совершали ритуальные жертвоприношения.

Но шло время, человек эволюционировал, совершенствовался его мозг. Люди научились добывать огонь, строить жилища, создавать орудия труда. Человек не только завоевывал свое место среди других племен, но и вознамерился подчинить саму природу.

Вопрос взаимодействия с окружающей средой актуален и сегодня. Провозгласив себя царем среди всех живых существ, человек забыл, что сам является частью природы, венцом ее творения. И вместо благодарности продолжает вести себя очень агрессивно. Ни для кого не секрет, сколь пагубно сегодня сказывается на окружающем мире деятельность человека.

4-тапсырма. Көсемшенің -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі жұрнақтарын пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз.

 

Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.

Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі, жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.

 

5-тапсырма.Көсемшенің-ғалы,-гелі,-қалы,-келі, -ып, -іп, -п, -а, -е,-й, -ғанша, -генше, -қанша, -кенше, -майынша, -мейінше жұрнақтарын етістікке жалғаныз.

Үлгі: шығу – шығып –шыққалы – шыққанша – шықпайынша.

Білдіру, қалыптасу, деу, білдіру, сақтау, беру, сіңіру, жату, өзгеру, көрсету, өсу, айналу, қозғалу, ату, тасу, тартылу, суалу, аталу, байланысу, ұғындыру, түсіндіру, қарастыру, тырысу, тұтылу, табу, туындау.

 

 

БОӨЖ тапсырмасы.

Таабиғатты қорғауға арналған халықаралық және мемлекеттік ұйымдар жөнінде баяндама дайындаңыз.

 

 

АЛТЫНШЫ САБАҚ (1-сағат)

Лексикалық тақырып:Саяхат және туризм

Грамматикалық тақырып: Сан есім

 

Сөздік

Қазақстандағы туристік ресурстар –туристические ресурсы в Казахстане

туристік қызмет көрсету –туристически оказывать услугу

әлеуметтік-мәдени –социально-культурный

сауықтыру нысандары –объекты лечения

күш-жігер –сила-воля

мемлекеттік қорық–государственный заповедник

ескерткіш–памятник

маңызды–важность

Грамматикалық нұсқа

Сан есім

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

   

1-тапсырма.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Қазақстандағы турист, туристік ресурстар, туристік қызмет көрсету, табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, туристердің құрал-саймандары, күш-жігерін қалпына келтіру, туризм түрлері, мемлекеттік қорық, археологиялық ескерткіштер, республика аумақ.

2-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрыңыз.

Археологиялық ескерткіштер, туристік-экскурсия жұмыстар, көне қалалардың орны, туристердің қызығушылығы мол, ортағасырлық көне қалалар, тартымды нысандар, республика аумағында, түркі әлемінде, қасиетті қаласы, кесене, мешіт, зират, бейіт, қасиетті жерлер.

3-тапсырма.Диаграмманы толтырыңыз.


4 - тапсырма. Сандармен байланысты жұмбақтарды шешіңіз.

· Бір түкті кілем,

Бір түксіз кілем.

· Таңертең төрт аяқты,

Түсте екі аяқты.

Кешке үш аяқты.

· Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.

· Бір таудың екі күзетшісі,

Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.

· Төсек астында төрт бауырсақ.

Алтыншы сабақ (2-сағат)

Саяхат және туризм

Қазақстандағы туристік ресурстарға – туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық ,тәуеп ету.

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғышарттары қалыптасқан.

Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Шопан ата мешіті, Бекет ата мешіті, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді.

1-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстандағы туристік ресурстар қаншалықты дамыған?

2. Қазақстандағы туристік нысандар неше топтарға бөлінеді?

3. Қазақстан аумағында қандай мемлекеттік қорықтар бар, олар қайда орналасқан?

4. Сен қандай елдерде саяхатта болдың?

5. Ол жақ несімен ұнады?

 

2-тапсырма.Тиісті жалғауларды қойыңыз.

Қазақстан....... турис..... ресурстар.... – туристік қызмет көрсету нысандар.... қамтитын бірнеше нысандар жата.... .

Олар табиғи-климат...., тарихи, әлеумет....-мәдени, сауықтыру нысандар..., сондай-ақ туристер..... рухани қажеттер.... қанағаттандыра алатын, олар.... күш-жігерін қалпына келтіріп сергіту... жәрдемдесетін. Олар мәдени-таным...., экология...., спорт...., әлеумет...., діни, т.б. туризм түрлері.... бөлінеді.

 

3-тапсырма.Топтастырыңыз.

Табиғи-рекреация Тарихи-археология Тәуеп ету
       

 

Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау.

 

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Берілген жоспар бойынша әңгімелеңіз.

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

5-тапсырма. Өлеңнің құрамынан сан есімдерді тауып, түрін ажыратыңыз.

Бірінші тілек тілеңіз:
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Пиғылы жаман залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Бұқар жырау

6-тапсырма. Сіз ГИД-сіз делік. Шетелден келген туристерге Түркістанды таныстырыңыз.

Түркістан – қасиетті жер.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.

7-тапсырма.Туризмнің түрлерін жазыңыз.

1. Балаларға арналған туризм.

2. ________________________________________________.

3. ________________________________________________.

4. _________________________________________________.

5. _________________________________________________.

Алтыншы сабақ (3-сағат)

 

1- тапсырма.Қазақ тіліне аударыңыз.

Сегодня Казахстан предоставляет практически все существующие виды туризма - познавательный, развлекательный, этнический, экологический и другие. Для туристов предлагается большое количество маршрутов путешествий по всей территории Казахстана. Взять хотя бы Южный Казахстан. Как не проехать по его Золотому кольцу? В благодатном оазисе южных степей, на стыке кочевой и оседлой цивилизаций существовали древнейшие города мира. Веками по этой земле проходила система древних караванных дорог, ведущих из Китая в страны Ближнего Востока и Европы.

2-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

– Сен жазғы демалыста қайда демалғанды ұнатасың?

– ................................................................................. .

– Ал, сен қайда өткізгенді ұнатасың?

– ................................................................................. .

– Ол жақта теңізде шомылуға рұқсат етілген бе?

– ................................................................................. .

– Онда қаланың көрікті жерлерімен таныстың ба?

– ................................................................................. .

– Қандай жерлер саған ұнады?

– ................................................................................. .

– Демалысыңды қызықты өткізе алдың ба?

– ................................................................................. .

3-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз.

– Айжан, сен білесің бе? Алматы қаласында 20-22 сәуір аралығында 11-ші «Туризм және саяхат» KITF 2011» Қазақстандық Халықаралық туристік көрмесі өтті.

– Хабарым жоқ. Марал, оны кімдер ұйымдастырыпты?

– Жәрмеңкені ҚР Туризм және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімшілігі, қазақстандық «Iteca» компаниясы және «ITE» көрме компаниясынымен бірлесе отырып ұйымдастырған.

– Жақсы. Онда қанша елден келіпті?

– KITF 2011 «Атакенттің» екі павильонында 40 елдің 500-ге жуық туроператорлары мен турагенттері жиналды.

– Олар не көрсетті?

– 19 елдің стенді ұлттық нақышта көрсетті.Дәстүр бойынша дербес павильондар ұлттық туристік орталықтарға, соның ішінде Туризм және спорт министрлігінің, 14 облыстың және 2 қаланың стендте арналды.

– Ол қандай 19 ел?

– Олар Греция, Грузия, Үндістан, Индонезия, Испания және Каталония аймағы, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Словакия, Словения, Таиланд, Түркия, Хорватия, Чех Республикасы, Шри-Ланка, Оңтүстік Африка Республикасы және Оңтүстік Корея.

– Тағы да не таныстырылды?
– Сонымен қатаржәрмеңкеге 8 әуе жолын айрықша атап кетуге болады. олар: AIR ASTANA (Қазақстан), SCAT (Қазақстан), Hainan Airlines (Қытай), Сzech Airlines (Чех Республикасы), Turkish Airlines (Түркия), ATLAS JET (Түркия), Международные Авиалинии Украины (МАУ, Украина) и Air Arabia (БАӘ).

– Көрменің мақсаты не?

– Көрменің басты мақсаты туристік агенттіктер үшін кеңес берулер және семинарларға арналды. Солардың ішінде: TravelSystem компаниясы (Қазақстан), TEZ Tour (Ресей), Amadeus (Украина), SOL-V.I.P. Travel (Испания), Viajes Ancodes S.L. (Испания) семинарлар өткізді. Сонымен қатар бизнес-бағдарламаларды да көрсеткен семинарлар болды, Отельдискаунттың (Ресей), «on-line режимінде қонақ үйлерді брондау» «CORIS Ukraine» компаниясының «Особенности организации помощи и урегулирования убытков в основных туристских регионах», «САМО-Софт» компаниясының «Туристік агенттіктер үшін инновациялық технологиялар» және т.б.

4-тапсырма. Жоғарыдағы берілген сұхбаттан сан есімнің түрлеріне мысалдар жазыңыз.

 
 

 

 


5- тапсырма.Күрделі сан есімдерді оқып, қатесіз жазыңыз.

2011 - ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1832 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1961 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1992 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1998 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

 

6-тапсырма. Соңғы бес жылдың жазғы демалысыңызды қалай өткіздіңіз? Жазыңыз.

2002 жылы ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­___________________________________________.

2003 жылы____________________________________________

2004 жылы Түркияда демалдым. Демалысым өте қызықты өтті.

2005 жылы ____________________________________________.

2006 жылы ____________________________________________.

БОӨЖ тапсырмасы.

«Мен қайда саяхатқа шығар едім» атты шығарма жазыңыз.

 

ЖЕТІНШІ САБАҚ (1-сағат)

Қазақстанның көрікті жерлері

Ойлан, тап.

Бірінші әріп тілде бар, әдебиетте жоқ.

Екінші әріп туда бар, жалауда жоқ.

Үшінші әріп қарда бар, жаңбырда жоқ.

Төртінші әріп дүниеде бар, аспанда жоқ.

Бесінші әріп қобызда бар, домбырада жоқ.

Алтыншы әріп «М» әрпі ақырғысы,

Жұмбақ шешкен студенттің ақылдысы.

 

 

Ойталқы

1. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.

1. Саяхат деген не?

2. Саяхатқа шығуды ұнатасыз ба?

3. Саяхатқа кімдермен шығасыз?

4. Саяхаттан саяттың айырмашылығы бар ма?

5. Қазақстанда саяхатқа байланысты қандай журнал шығарылады?

2.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.

етене, абыз күндер, әлемдік, б.э.д., орта ғасыр, ерте заман,   адал ниет, үлес, елеулі, ықпал ету, кеңістік үңілу, ұлғаю, мыңжылдық, ежелгі.

3.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Қазақтар ішкі Қытайға көшіп барып, қытайлармен ______________________араласып кетті.

2. Құнды қағаздан түсетін жылдық ______________ 11 пайыз.

3. Бұл айтылғандар __________________________ тарихна-маға кірген.

4. Салтанаттың үйі бізге _____________________________.

5. Бүгін қар ________________________________ жауды.

6. Бүгінгі кештен студенттер жақсы ________________ алды.

Керекті сөздер: қоян-қолтық, жақын, молынан, бұрынғы заман, таза пейіл, дүние жүзі, айтулы, табыс, әсер, қарау, өсу, кіру

Оқыңыз.

Туризмнің даму тарихы

Туризм - қоғамдық, шаруашылық, кеңістік қатынас. Туризм тарихының тамыры өте тереңде жатыр. Біз туризмнің даму кезеңін үшке бөлеміз:

І. ХVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм;

а) ерте заманғы туризм;

ә) жаңадан пайда болған туризм және орта ғасырлар уақытындағы туризм;

б) ХVII-ХVIII ғғ. туризм.

II. ХІХ-ХХ ғғ. туризм – екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі;

III. Қазіргі туризм.

Туризм – туристік саяхаттар, сауда-саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды. Алғашқы діни саяхаттар б.э.д. төртінші мыңжылдықта жүргізілді. Ежелгі Египетте басталды. Б.э.д. 1501-1484 жылдары Египет ханшасы Хатшеспуттың ұйымдасты-руымен Пунт деген теңіз аралына саяхат жасалды. Ал б.э.д. VІ ғасырда египеттік Фараон Нехао Африка төңірегінде атақты үшжылдық саяхат құрған. Осы кезеңде көптеген саяхаттар болды.

Туризмнің алғашқы қадамдары ХVII-ХVIII ғасырларда бас-талды. Ең бірінші туристік саяхат Англияда пайда болған. Онда 1841 жылы Томас Кук 600 адамнан құрылған топты Лейстерден Лафбороға дейін апарып, темір жолмен саяхат жасаған.

1882 жылы ең алғашқы әлемдік «Куктың жер шарын айналған» саяхаты болды. Ол темір жол және пароход компанияларымен, қонақ үй және мейрамханалармен келісім құжат жасады. Томас Кук ең алғашқы болып туристік «тур» деген сөзді ашты. Ол бірінші болып туристік маркетинг пен менеджментке жол ашты. Сол үшін Кук бірінші туризм менеджері болып саналады.

Халықаралық курорттардың дамуы Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехия мемлекеттерін халықаралық дәрежеге жеткізді. ХVIII ғасырдың аяғында басқа елдерге барып саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

v Тапсырмалар:

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, үсініңіздер.

2. Мәтінге жоспар құрыңыздар.

3. Өздеріңіз білетін туризм туралы мәліметтерді айтыңыздар.

4. Мәтін бойынша сұхбат құрыңыздар.

5. Мәтіндегі сан есімдердің жазылуына мән беріңіздер.

1. Төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.

1. Туризмнің алғашқы қадамдары қай ғасырда басталды?

2. Ең бірінші туристік саяхат қай жерде пайда болған?

3. 1841 жылы темір жол саяхатын жасаған кім, қай жерге?

4. Туризм менеджері атанған кім?

 

5. Сөйлемді жалғастырыңыз.

1882 жылы ең алғашқы әлемдік … . Біз туризмнің … . Б.э.д.
VІ ғасырда египеттік … . ХVIII ғасырдың аяғында … . Туризмнен түсетін … . 1841 жылы Томас Кук … . Туризмнің алғашқы қадамдары … .

 

6. Сөздерді тиісті орнына қойыңыз.

1. Темір, Лафбороға, жасаған, саяхат, Лейстерден, дейін.

2. Хатшеспут, ханшасы,жасалды, Египет, саяхат, ұйымдастыруымен.

3. Ашты, туристік менеджмент, маркетинг, пен, бірінші, ол, болып.

4. Келісім, мейрамханалармен, құжат, қонақ үй, жасады, ол.

7. «Әлемдегі туристік орталыққа» саяхат жасаңыз.

Еске түсірейік!

Сан есім

Түрлері Мысалдар
Тұлғасына қарай Негізгі Туынды Екі, төрт, елу, қырық. Бірінші, екеу, бірер, елудей.
2. Құрамына қарай 1. Дара 2. Күрделі Бір, екі, бес, жүз, мың. Он бес, бес жүз, бір мың eлу.
3. Мағынасына қарай 1. Есептік 2. Реттік 3. Жинақтық 4. Топтау 5. Болжалдық 6. Бөлшектік Бір, екі, жүз, мың. Бірінші, жүзінші, мыңыншы. Біреу, екеу, жетеу. Оннан, мыңнан, екі-екіден Елудей, бірер, мыңдап, жүздеген Үштен бір, екі бүтін оннан екі

8. Кестеге жоғарыдағы мәтіннен дара сан есімдерді бір бағанға, күрделі сан есімдерді екінші бағанға жазыңыз.

Дара сан есім Күрделі сан есім
   
   

9. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңыз.

Үлгі: Есептік сан есім: төрт, …

Реттік сан есім: төртінші, …

Жинақтық сан есім: төртеу, …

Топтау сан есім: төрт-төрттен, …

Болжалды сан есім: төртке жуық, …

 

4, 7, 150, 600, 1000, 1484, 1841, 1882

Ойталқы

1.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.

шаш – етек - тен, бәсекелес, етене араласу, табыс көзі,   адал ниет, үлес, елеулі, ықпал ету, үңілу, ұлғаю, іскерлік байланыс.

2. Оқыңыз

Қазақстандағы туризм

 

Біздің елімізде кейінгі жылдары туризм қалың бұқараны қамтитын демалыстың бір түріне айналып келеді. Нарықтық қатынасқа көшкен кезде туризм бизнестің тамаша көзіне айналып отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бәрінде туризм жақсы дамыған. Туған өлкеге саяхат жасау адамдардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады.

Соның ішінде «Интурист» қоғамының орны ерекше. Ол халықтардың бір-бірімен етене араласуына және мемлекетаралық байланыстардың нығаюына елеулі үлес қосып келеді. Сондай-ақ, шетелдерде туризм табыс табудың көзі, шаш етектен пайда түсірудің ең тиімді жолдарының бірі, яғни ел экономикасының бір ықпалды бөлшегі болып табылатындығы белгілі болды. Қазір бірқатар мемлекеттерде туризмнен түсетін табыс ел экономикасының 20 пайызын құрайды екен. Ал бізде бұл көрсеткіш бір пайызға да жетпейтін көрінеді.

Алайда біздің республикамызда бір-бірімен бәсекелес туристік фирмалар қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Солардың ішінде 50 жылдай тарихы бар, өз ісіне қалыптасып қалған еліміздің қазынасына қажетті үлесін құйып жүрген «Яссауи» компаниясы. «Яссауидің» тарихына, өткеніне үңілер болсақ, ол әріден одақ кезіндегі «Интуристпен» байланысты бастады. Ол 1955 жылдың аяғына қарай ашылған болатын. Осы уақыттан бері шетелдіктер &







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.