Здавалка
Главная | Обратная связь

Жастар деп кімдерді атаймыз?



2. «Еліміздің жарқын болашағы – дарынды жастардың қолында» дегенді қалай түсінесіз?

3. Елбасы бүгінгі жастарды неге «ерекше ұрпақ» дейді?

4. Неліктен мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты?

5. Алдыңғы буын ағалар жастардың қандай болғанын қалайды?

6.Әнші Б.Тілеухан жастарды неге теңейді? Еліміздің болашағын кемелдендіру үшін жастарымыздың бойында қандай қасиеттер болу керек дейді?

6. Халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған қандай дарынды ұл – қыздарымызды білесіздер?

7. «Жастар –тәуелсіз Қазақстанның биік тұғыры» дегенді қалай түсінесіз?

 

 

БОӨЖ тапсырмалары

Меңгерген сөздеріңізді, алған ақпараттарыңызды пайдаланып, «Жастар – қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры» деген тақырыпта өз ойларыңызды жазыңыздар.

.

ОН БІРІНШІ САБАҚ

Қазақстан – әлемдік кеңістікте

Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Шартты бағыныңқы сабақтас–бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келетін сабақтас.

Жасалу жолдары: а) Бағыныңқының баяндауышы етістіктің шартты рай түрі –са/сеарқылы. Қайтсе? Не етсе?Мысалы: Сабақты жақсы оқысаң, келешекте білікті маман боласың.

ә) Болымсыз етістікке –й жұрнақты көсемше жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей?Мысалы: Өз мамандығыңды жақсы меңгермей, білікті маман бола алмайсың.

б) Болымсыз етістікке - йынша/йіншежұрнағы жалғану арқылы. Қайтпейінше? Не етпейінше?Мысалы: Оқығанды көңілге тоқымайынша, білімді бола алмайсыз.

1-тапсырма.Берілген сөйлемдердің екінші сыңарын тауып, шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Қайыршылықтан құтылмайынша, ----------------------------------------------------- Мемлекет өз тәуелсіздігін алмаса, -------------------------------------------------------Қазақстан өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланбаса, ----------------------------------- Егер өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнсе, ------------------------ Аузындағы дәмдісін ұрпағының аузына тоспай, -------------------------------------- Кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайына бейімделмейінше,---------- Жалқаулық пен семіздікке бой алдырса, ------------------------------------------------

Екінші сыңары: Бойындағы барын салып қорғайтын болады. Қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Өз бетінше дербес өмір сүре алмайды. Орта Азия Барысына айналмайды. Оның өресі мен пайымына нәр бермек емес. Өз алдына дербес ел бола алмайды. Индустриялы мемлекетке айналу мүмкін емес.

 

2-тапсырма.Мәтін бойынша бірнеше шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

Мемлекетіміздің экономикасы мен мәдени – әлеуметтік салалары ғана дамудың даңғыл жолына түсіп қойған жоқ, оның халықаралық бейнесі де бедерлене түсті. Қазақ елі дүние жүзілік қауымдастықтың беделді серіктестігіне айналды. Қазақстан - 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, Қазақстанның Дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік еңбек ұйымына, Дүниежүзілік банкке т.б. ұйымдарға әріптес болуы сыртқы саясатта таңдаған жолымыздың дұрыс және толыққанды екендігін дәлелдеп отыр.

3-тапсырма.Мәтіндегі ойды тарқатып, пікірлесіңіздер.

Ел президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму Сратегиясын айқындай отырып, мынандай ұзақ мерзімді жеті басымдықты жүзеге асырады: ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл – ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс, кәсіби мемлекет. Мемлекет басшысының: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады»-деп айтқан сөзі бізді нақты мақсаттарға жетелейді. Қазірде тәуелсіздік пен еркіндіктің алғашқы нәтижесі мен маңызын қоғамдық өмірдің қай саласынан да айқын сезіне аламыз.

 

4-тапсырма.Сұхбатты жазбаша толықтырыңыздар.

Сәкен: Елбасы алға қойған міндеттерді орындау үшін біз қандай ел болуымыз керек деп ойлайсың? Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------

Сәкен: 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын жеті басымдықты атап бере аласың ба? Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------ Сәкен: Әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын ел дегенді қалай түсінесің? Дана:------------------------------------------------------------------------------------------Сәкен: Тәуелсіздік пен еркіндіктің нәтижесі туралы не айта аласың?

Дана: ------------------------------------------------------------------------------------------

5-тапсырма.Берілген мәліметтерді пайдаланып, мәтіндегі ойды кеңейтіп, әңгімелеңіз.

Тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде кең көлемді мемлекеттік түбегейлі өзгерістер орын алды: 2 палаталы Парламент құрылды, сот жүйесінің негізі қаланды, жаңа елорда салынды, Қарулы күштер, Республикалық Ұлан, шекаралық әскерлер және әскери теңіз флоты пайда болды. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды пайдаланудан өз еркімен бас тартты, өзін ядролық қарусыз ел ретінде жариялады. Өткен жылы біз кедендік одаққа кірдік.

6-тапсырма.«Қазақстан - әлемдік кеңістікте» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыз.

 

2-сабақ

Сөздік

Қайыршылық –нищета, крайняя бедность

келбет – внешность, наружность

шынайы – истинный, искренний,

шағу – выделять, сопоставлять,

барыс – барс, ирбис,

тектілік – родовитость, знатность,

бұлалық – ухоженность,

алғырлық – хваткость,

тәкаппарлық – чванливость, надменность, гордоливость

айлалылық – хитрость, ловкость,

жасқануды білмеу – не бояться,

соқтығыс – столкновение,

сыптай – стройный,

серпінді – ударный, мощный,

семіздік – жирность,тучность, упитанность, полнота,

қаймықпау – не трусить перед кем –л не бояться кого л,

босаңсу – ослабевать, становиться не тугим,

тоқшылық - сытость, достаток

өре - кругозор,

пайым – разумение, рассудок,

сақаю – взрослеть, возмужать,

көрегендік –зоркость,

кемеңгерлік – гениальность,

оңалу – улучшаться,

талғампаздық –требовательность, разборчивость, привередливость.

 

1-тапсырма.Осы сөздермен сөз тіркестерін жасаңыздар.

Қазақстан – Азия барысы

Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы елге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия мен Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз - Қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенеміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр. Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.

Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл- өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп – қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс. Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс. Сөйтіп, кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады. Ендеше, Қазақстандық Барыстың бойында дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс. Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен – өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз.

(Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы)

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

 

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Индустриялы мемлекетке айналған қандай Азия елдерін білесіздер?

2. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур қандай еді? Қазір қандай табыстарға жетті?

3. Малайзия неге қол жеткізді?

4. Қазақстанның Орталық Азия Барысына айналуға мүмкіндігі бар ма?

5. Барыс қандай аң?

6. Қазақстандық Барыстың бойына тағы не тән болуға тиіс?

7. Қазақстанды Азия Барысына айналдыру үшін қандай үлес қоса аласыз?

 

 

4-тапсырма.Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

3-сабақ

1-тапсырма.Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем құрастырыңыздар. Тәуелсіздігі,бақыты, мемлекетіміздің, халқымыздың. Және, бағытта, еліміз, қалыптасып, баянды, келе жатыр, дұрыс. Сүрінбей, өткелінен, тарих, халқымыз, өтті, талай, пен, тағдырдың. Мақтан, қазақ, желбіреген, көк, елін, етеді, байрағы, халқы, тәуелсіз. Елбасының, биік, саясатын, әлем, бүгінде, табанды, парасатын, мойындайды, беделін, дара. Кемелді, уақытта, айналды, Қазақстан, тәуелсіз, қазіргі, мемлекетке. Барлық, дені сау, үшін, міндеттерді, біз, орындау, мықты, керек, білімді, және, блуымыз, ел.

 

2-тапсырма.Мәтін бойынша шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер арқылы сұхбат құрастырыңыздар.

Сауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз. Сонымен қатар әрбір адамның жеке басының қадір – қасиеті мен әл – ауқатын арттыра алмаймыз. Осындай болашақтың іргесін тұрғызу үшін және алған бағытымыздан ауытқымау үшін бізге өзіміздің нені қалайтынымызды білу керек. Сондықтан ұзақ мерзімді кезең жайында айтқан кезде, біздің еліміздің мұраты - ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл – ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.

(Елбасы Жолдауынан)

 

БОӨЖ тапсырмалары

Мына мақал – мәтелдегі ойды ашып жазыңыздар.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

 

ОН ЕКІНШІ САБАҚ

Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі

Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас –құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Сабақтас құрмаластың бірінші жай сөйлемдерін (бағыныңқы сөйлемдер) өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз. Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.(Т.Абдрахманова) Екінші сөйлемдері (басыңқы сөйлемдер) тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла береді.

 

1-тапсырма.Сөйлемдерді оқып, сөйлем түрлеріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас) Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Тәуелсіздік - ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен, өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс» - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

 

2-тапсырма.Берілген сабақтас құрмалас сөйлемдердің жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.

Қазақ халқы бостандыққа ұмтылып қана қоймай өзінің асқақ армандарына жетті. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмесе де бұл күн - біз үшін ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Халқымыз өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығын пайдалана отырып қилы кезеңді бастан кешу арқылы тәуелсіздікке қол жеткізді.

3-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңыздар. Мәтін бойынша төмендегі сұхбатты толықтырыңыздар.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан – жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Өзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды. Осы жылдар ішінде Қазақстанның өз жарқын бейнелері пайда болды.

4-тапсырма.Сұхбатты толықтырыңыздар.

Әділ: Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қандай істер атқарылды?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Біздің дербес мемлекет екендігімізді білдіретін қандай рәміздерімізді білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ата заңымыз туралы не білесің?

Айша:---------------------------------------------------------------------------

Әділ: Ал ұлттық валютамыз туралы не айта аласың?

Айша: ---------------------------------------------------------------------------- .

Әділ: Астана Алматыдан қашан көшірілді? Астананы ресми түрде таныстыру рәсімі қашан болды?

Айша:------------------------------------------------------------------------------ .

 

5-тапсырма.Сөйлемнің басыңқы сыңарларын тауып, сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Қазақстан өз тәуелсіздігіне қол жеткізе отырып, өз шекарасын халықаралық шарттарға сай бекітті.

 

2-сабақ

Мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем

(Сложноподчиненные предложения с придаточными времени)

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтас. Сұрақтары: қашан? қашаннан бері? қашанға шейін? а) –ған/ген + сайын, соң, шақта, кезде; шейін, дейін; кейін бері, былай. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген соң, өзінің Негізг Заңын қабылдады. Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, оның ұлттық валютасы болған емес. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. ә) –ған/ген; -ар/ер + жатыс септігі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанда, мен он жаста едім.

Сөздік

Биліктің бүкіл тармақтары – Мемлекеттіліктің қалыптасуы – формирование государственности

Сөз бен баспасөз бостандығы -

Сайлау және сайлану құқығы -

Мызғымас құндылықтар – нерушимые ценности

Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе – советский властолюбивый плановая –админстративная система

Бірегей халықшаруашылық кешені – уникальный сельскохозяйственный комплекс

Күйреу – разрушаться

Алапат дағдарыс – угрожающий кризис

Ауқымды шаралар – большие (масштабные) меры

Жандану –оживать

Зейнетақы жинақтау жүйесі – пенсионно – накопительная система

Бәсекеге қабілетті –конкурентноспособный

Қолайлы ахуал –удобная (благоприятная) обстановка

Қарқынды экономикалық ынтымақтасу –интенсивное экономическое сближение

Игі ықпал етті – лучше повлиял, воздействовал

1-тапсырма. Осы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем құрастырыңыздар.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтіндегі сөйлемдерді түріне қарай ажыратыңыздар. (жай немесе құрмалас)

Тәуелсіз Қазақстанның дамуы

Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемелекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленді.

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. (интернеттен)

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып жазыңыздар.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ...... . Конституциялық құрылыс процесі ...... . Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары конституциялық нормаларға ...... . Кеңестік өкімшіл – жоспарлы әкімшілік жүйе ...... . Бірегей халық шаруашылық кешені ...... . Қазақстан экономикасы алапат дағдарысқа ...... . Аса ауқымды шаралар ...... . Елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдары ...... . Елде микроэкономикалық тұрақтылық ...... . Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы ...... . Экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі ...... . Қолайлы инвестициялық ахуал ...... .

Қажетті етістіктер : белгіленді, айқындалды, қалыптасты, құрылды, тап болды, бұзылды, ықпал етті, жүзеге асты, күйреді, айналды, іске асырылды, орын алды,

3 – тапсырма. Мәтінді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар, оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Қазақстан Республикасының дамуында мына мәселелер Н.Ә. Назарбаев есімімен тығыз байланысты: ------------------------------------------------------------- Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асырылып, ------------------------------------------------------------------------------------Азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары мыналар:-------------------------- Кеңестік өкімшіл - жоспарлы әкімшілік жүйе мен бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін Қазақстан экономикасы ----------------------------- Қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған -------------------------------- . 1992 жылдың басында Н.Ә.Назарбаев елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындауға арналған --------------------------------------------- . Елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға --------------------------------------------------------- .

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

3-сабақ

 

1-тапсырма.Өлеңді оқып, мазмұнын өз сөздеріңізбен әңгімелеңіздер.

Есте сақтаңыздар : Кенен - кең, дархан; өте бай, мол, түрлену –құлпыру, қарыштау – ілгері басу, көсем- белгілі бір әлеуметтік таптың идеялық, саяси жетекшісі, дем берушісі, өркенін өсіру –мәртебесін өсіру.

Жаса, Қазақстан

Басты алға азат ел – анамыз,

Бастауда Нұрсұлтан данамыз.

Гүлденді кең байтақ даламыз,

Түрленді сәнді сан қаламыз.

Елдікке, бірлікке сенеміз, Ерлікке, тірлікке кененбіз. Қажырмен қарыштап келеміз, Болашақ бағына енеміз.

Басқарған Елбасы ұлы іс- Басталған жаңаша құрылыс.

Оңғарған ер көсем құрып іс.

Жаңаша дарыған білімім,

Жараса дамыған ғылымым. Қазақтың өркенін өсірген, Азат күн – бақытым – ұлы күн.

Құтты бақ төрінде той бүгін,

Құттықтап құшағын жайды күн, Ақтарып туған жер байлығын,

Мақтан қып, тойлаймыз айбынын! (Әдібай Табылды)

2-тапсырма.Өлең мазмұнына байланысты бірнеше мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыздар. Мысалы: Халықты Нұрсұлтан данамыз бастағаннан бері,азат еліміз алға басты.

3-тапсырма.Өлең мазмұны бойыншща сұхбат құрастырыңыздар.

4-тапсырма.Өлеңді жаттап алыңыздар.

 

 

БОӨЖ тапсырмасы.

 

«Бабалар аңсаған азаттық» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

 

ОН ҮШІНШІ САБАҚ

Қазақстандағы білім беру жүйесі

Себеп бағыныңқы сабақтас

Себепті бағыныңқы сабақтас –бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары:

а) Есімшенің -қан/кен, -ған/ген жұрнағына -дықтан/діктенжұрнағы мен соң шылауы жалғану арқылы. Неліктен? Қайткен соң? Не еткен соң?Мемлекет жағдай жасағандықтан, олар шет елде білім алып жүр.

ә) Болымсыз етістікке көсемшенің –йжұрнағы жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей? Әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашпай, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыра алмаймыз.

1-тапсырма.Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі. Ол халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан – жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім ордасы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, ғасырлар бойы жиналып сақталып келе жатқан асыл мұраларымызды келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ.

2-тапсырма.Мәтін бойынша берілген бағыныңқы сөйлемге ортақ бірнеше басыңқы сөйлем тауып, себепті бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Мемлекет барлық жағдайды жасап отырғандықтан, ол халықтық мәдениетке интеграцияланған мектеп болуы керек.

3-тапсырма.Берілген нақыл сөздер бойынша себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы өз ойларыңызды жазыңыздар.

Мұғалім – мектептің жүрегі. (Ы.Алтынсарин) Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік. (Абылай хан) Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры - оқушыға деген құрмет сезімде жатыр.(Р.Эмерсон)

4-тапсырма. Мәтін бойынша пікірлесіңіздер.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан –жақты дамыту –қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт – дәстүріне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

2-сабақ

Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.(М.Жұмабаев)

Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да - өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист – философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытқан. Сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім саласы құралып, ары қарай даму үстінде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп атап көрсеткен. Сондықтан Қазақстан бүгін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси – экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл - білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында жасалып жатқан қадам.

1-тапсырма.Мына сөздер мен сөз тіркестері арқылы құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Білім жүйесі, үздіксіз жетілу, күрделене түсу, тамыры тереңге тартылған, негізін салу, өркениетті елдер, заиан талабына сай, терезесін тең ету, ғаламдық коммуникациялық желі, білім кеңістігі, ізденістер мен араласу, талпыныс жасау, жаңа талаптар, бәсекелестік мүмкіндігін көтеру.

2-тапсырма.Мәтін бойынша жазбаша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.

3-тапсырма.Мәтін бойынша пікірлесіңіздер.

4-тапсырма.Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

 

3-сабақ

1-тапсырма.Мәтіндегі таныс емес сөздер бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

-жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; --азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

-республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

-қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрін оқып үйрену үшін жағдайлар жасау.

2-тапсырма.Берілген сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастырыңыздар.

Мүмкіндіктерін ашу, салауатты өмір салты, жағдайлар жасау, жеке адамның құқылары, міндеттерін ұғыну, саяси өмірге қатысу, жалпы және кәсіптік білім алу, шығармашылық қабілет, негіздерін қалыптастыру.

3-тапсырма.Берілген бағыныңқы сөйлемдердің тиісті басыңқы сыңарын тауып, себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Жалпы және кәсіптік білім алуға жағдай жасалғандықтан, ----------------------. Жеке адамның шығармашылық қасиеттерін ашпай, -------------------------------- . Салауатты өмір салтын қалыптастырмай, --------------------------------------------- . Қоғамдық, экономикалық және саяси өмірге белсене қатысқандықтан, ------- . Үйелмен алдындағы міндетін ұғынған соң, ------------------------------------------ . Өз міндетін жақсы орындағандықтан, ------------------------------------------------- . Қазақ халқының салт – дәстүрі мен мәдениетін оқып – үйренген соң, --------- .

4-тапсырма.Мына даналық сөздерге өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. (Әл -Фараби) Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі.(В.Белинский) Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?(А.Байтұрсынов)

 

БОӨЖ тапсырмасы.

«Білім мен тәрбие - егіз»деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.

 

ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ

Білім де бәсекеге түседі

1–Сабақ. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі тірегі

1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Білімді маман дегенді қалай түсінесіздер?

2) Білім алудың формуласы бар ма?

3) Білім мен ғылымды дамыту үшін не қажет?

4) Кәсіпкерлік пен бәсекелестік деген не?

 

2. Сөздердің мағынасына мән беріңіздер:

1) білім мен білік, біліктілік,

2) мамандық пен кәсіп

3) бәсекелестікке қабілеттілік

4) кәсіпкерлік белсенділік

5) әріптестік ахуал

6) әлемдік өркениет

 

3. «Елдің мақсаты – елулікке жету» туралы пікіріңіз қандай?

4. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстанның мұнайы мен газын ғана емес, білімі мен ғылымын да дүние жүзіне танытатын уақыт жетті. Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етті. Ендігі мақсат – білім мен біліктілікті бәсекеде көрсете білу. Ол үшін мемлекет тарапынан 2012 жылға дейін ғылымды дамытуға салынатын инвестициялар мөлшерін 25 есе ұлғайтып, жылына 350 млн теңгеге жеткізу, ғылымды басқарудың жаңа кезеңіне көшу, жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ҚР Ғылым және білім министрлігі арқылы қаржыландыру, ғылым жөнінде комитет құру, зертханалар ашу, шетелдік мамандармен байланыс жасау, білімнің сапасын арттыру, студенттер мен оқытушы-профессорларға грант тағайындау сияқты мәселелер бүгінде көкейкесті болып отыр.

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Яғни, ұлттық кадрларды дайындау үшін жоғары білімнің ұлттық жүйесі жасалуда. Оған жаһандану жағдайындағы аймақтық кірігу, элитарлы білім берудің негіздері, Болон декларациясы мен Еуразия аймағындағы жоғары мектептің дамуы секілді факторлар да әсер етеді.

Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл бағдар-лама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. Сондай-ақ, шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияларды үйрету.

“Қазақстанда ұлттық зияткерлік әлеуетінің дамуына қыруар қаржы құйылуда. Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.

Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры былай дейді: “Қазақстан қазіргі Болон үрдісі кезінде осы заманға сай маман-дарды дайындау ісіне үлкен жауапкершілікпен кірісті. Мәселен, Қазақстанның тоқыма саласындағы кейбір мамандары бүгіннің өзінде жоғары сұранысқа ие”.

Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

 

Тапсырмалар.

1) Мәтінді әңгімелеңіздер.

2) Сұрақтарға жауап беріңіздер.

а) Сіз өз мамандығыңызды дұрыс таңдадым деп ойлайсыз ба?

ә) Еліміз қазіргі күнде қандай мамандықтарға зәру?

3) Мәтіннің соңғы абзацындағы ойды жалғастырыңыздар.

 

6. а) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар.

Қазақстанның мұнайы, бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.

ә) Мәтінге байланысты ойды таратып айтыңыздар. Тақырып: «Уақыт жетті».

а) неге,

ә) не үшін,

б) неліктен,

в) қашан.

Сөйлемдегі әрбір мүшеге сұрақ қойыңыздар?

Үлгі: Еліміздің тәуелсіздігі экономикадағы бәсекеге қабілет-тілікті қамтамасыз етті.

а) Ненің тәуелсіздігі?

ә) недегі бәсекеге?

б) нені қамтамасыз етті?

в) тәуелсіздік қайтті?

 

Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. Мемлекет тарапынан ұлттық кадрларды дайындауға жасалып жатқан шаралардың бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Шетелден келіп жұмыс істеп жатқан ірі-ірі өндірістік компанияларға қойылып отырған талаптардың бірі – жергілікті халықты жұмысқа тарту, оларға жаңа технологияны үйрету.

8. Сөйлемнің құрылысын өзгертіңіздер.

Бағдарлама бойынша сарапшылардың қатал сынынан іріктеліп өткен 3 мың талапкер шетелдің ең алдыңғы оқу орындарынан білім алған соң елімізге оралып теориялық білімді тәжірибе жүзінде көрсетеді. “Келешекте бұл іс жаһандану үрдісі тудырып жатқан Еуразия аймағындағы жоғары білімнің көкейкесті мәселелерін шешуге кең жол ашатын күш болады деп білемін”, – деп Томск мемлекеттік университетінің ректоры Георгий Майердің түйін жасауы біз үшін үлкен баға.

9. Мақал-мәтелдердің мәнін түсініңіздер.

◊Өнерлі өрге жүзеді. ◊Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар.  
◊Өнерлінің өрісі ұзақ. ◊Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді.  
◊Ұстаздан шәкірт озар. ◊Көргеннен көрмегенің көп, Білгеннен білмегенің көп.  
◊Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. ◊Білім ауысады, Ырыс жұғысады.

Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

2–сабақ. Ел болашағы – білікті маман қолында

 

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Сіздер болашақ мамандықтарыңызды ғылыммен байланыстырасыздар ма?

2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарының қайсысын таңдайсыздар?

 

 

2. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.

Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселелер, қолданысқа енгізу.

 

3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтінді оқыңыз.

Біз жоғары білікті маман болсақ және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады.

Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан-жылға көбейіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді.

Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаз-дығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі. Кейде оқу орнын бітірген жас маман жұмыс таппай сенделіп жүріп қалады. Мұндай келеңсіздіктерді болдырмас үшін тиісті мекеме қандай мамандық-тарға сұраныс бар, қандай оқу орнын бітірген тиімді деген сауалдар төңірегінде сараптама, зерттеулер жүргізуі тиіс. Соған орай ең керекті деген мамандықтардың тізімі жариялануы және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында осы мәселе төңірегінде насихаттық жұмыс қолға алынуы керек.

Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында сабақтастық, мүдделілік, басым бағыттар мен көкейкесті мәселелерді айыра білуге ұстаздар көмектеседі. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Иә, еркін елдің ертеңі – білікті де білімді маман қолында. Оған Сіздің қосар үлесіңіз қандай? Әңгіме өзіңізде!

v Тапсырмалар.

1) Мәтін бойынша сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыз.

2)Ақпарат құралдарынан білім, ғылым туралы естіген жаңа-лықтарыңызды айтыңыз.

3) «Ел болашағына қосар үлесім» тақырыбына шығарма жазыңыз.

 

6. а) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.

ә) Бір түбірден таралған сөздердің мағыналық айырма-шылығын түсіндіріңіз.

1) Іздену, ізденіс, ізденімпаз, ізденімпаздылық.

2) Қол, қолдау, қолдану, қолданыс.

 

б) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

1. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық техноло-гиялар даму үстінде.

2. Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі.

3. Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады.

4. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

 

7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Сіз болашақ мамандығыңызды ғылыммен байланыстырасыз ба?

2) Гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдары туралы ой-пікіріңізді айтыңыз.

3) Өз таңдауыңызды (қалауыңызды) айтыңыз.

3–сабақ.

 

1. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.

Ғылыми ізденіс, ақпарат алмасу, ортаға бейімділік, қозғаушы күш, мамандыққа сұраныс, сауалдарға сараптама, насихаттық жұмыс, ғылыми бағыттылық, сабақтастық, мүдделілік, басым бағыт, көкейкесті мәселер, қолданысқа енгізу.

 

2. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.

3. 1) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.

2) Бір түбірден таралған сөздердің мағыналық айырмашылығын түсіндіріңіз.

а) Іздену, ізденіс, ізденімпаз, ізденімпаздылық.

ә) қол, қолдау, қолдану, қолданыс.

 

4. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

1. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық техноло-гиялар даму үстінде.

2. Оқу орнын бітіргеннен кейін қызметке орналасу мәселесі қашанда алдыңғы кезекте тұратыны белгілі.

3. Ертеңгі маман – бүгінгі студент өздерінің оқитын пәндерінің ғылыми бағыттылығына үлкен мән беріп отырады.

4. Әр пән бойынша ғылыми жаңалықтарға уақтылы көңіл бөлініп, қажетінше қолда-нысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылады.

БОӨЖ тапсырмасы.

«Білікті маман болу үшін не істеу керек?» эссе жазыңыз.

ОН БЕСІНШІ САБАҚ

Ғылым мен техника

Мақсат бағыныңқы сабақтас

1-сабақ

 

Мақсат бағыныңқы сабақтас –бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары:

а) -пақ/пек, -мақ/мек +шы/ші болып;

ә) -қысы/кісі, -ғысы/гісікеліп;

б) үшін;

в) -па+с, -айын/ейін, -сын/сіндеп.

Сұрақтары: Не етпек болып? Не мақсатпен? Не үшін? Не деп? Неге?Мысалы: Бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет. Өз пікірін айтпақшы болып, мінбеге көтерілді. Түнгі Астананы көргісі келіп, көлігімен қала орталығына бет алды.

1-тапсырма.Мәтінді оқып, сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Пікірлесіңіздер.

Қазақстан Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық экономика құруды жалпыұлттық өрлеу идеясы ретінде жариялады. Бұл – тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды экономикалық жобасына айналғалы тұр. Шын мәнінде, жаһандану үдерістері үдей түскен қазіргі заманда инновациялық өрлеу – ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің ең басты бір факторы ретінде айқындалуда. Сондықтан Қазақ елі өз өндірісін қарқынды жаңғырту жолына түсті. Осы орайда, ел басшылығының тапсырм







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.