Здавалка
Главная | Обратная связь

В) Дресслер синдромы



г) жүрек ырғағының бұзылуы

д) асқазанның жедел жарасы

33. Миокард инфарктісін тура антикоагулянттармен (гепаринмен) емдеуді қандай көрсеткішке қарап бақылайды:

а) қан ұю уақыты

б) протромбин индексі

в) рекальцификацияның активтенген уақыты

г) активтенген жартылай тромбопластин уақыты

д) фибриноген уақыты

34. Келтірілген белгілердің біреуінен басқасының бәрі миокард инфарктісінде қарыншааралық перденің жыртылуында кездеседі:

а) жүректің барлық үстінде кенеттен дөрекі систолалық шудың пайда болуы

б) жүрек аймағының өте күшті ауыруы

в) оң қарыншалық жүрек әлсіздігінің тез дамуы

г) жүрек шекарасының солға ығысуы

д) қанды солдан оңға қарай айдау (УДЗ мәліметтері бойынша)

35. Миокард инфарктісінде жүректің жедел аневризмасының дамуында маңызды роль атқарады:

а) миокард некрозының мөлшері мен тереңдігі

б) артериялық гипертензия

в) коронарлық атеросклероздың ауырлығы

г) шамадан тыс күш түсу

д) психоэмоциональдық стресс

36. Миокард инфарктісі бар науқаста жедел сол қарыншалық жүрек әлсіздігінің фонында қарыншаүстілік пароксизмальды тахикардия бой көрсеткенде орындау керек:

а) жүрек гликозидтерін егу

б) пропронолдың 10 мг венаға егу

в) кордаронның 300 мг венаға тамшылатып жіберу

Г) ЭИТ жасау

д) жүректің жабық массажын жасау

37. Ревматизмнің этиологиялық факторы

а) стафилококк

б) гемолитикалық стрептококк

в) вирустар

г) микоплазмалар

д) хламидиялар

38. Ревматизмнің даму типі:

а) стрептококктік инфекция

б) стрептококк антигеніне дамитын гиперергиялық реакция

в) вирустық ауру

г) лезде дамитын аллергиялық реакция

д) иммунды комплексті ауру

39. Біреуінен басқасының бәрі созылмалы ревматизмнің диагнозын қою критерийлеріне жатады:

а) полиартрит

б) кардит

в) жүрек ақауы

г) ошақты нефрит

д) хорея

40. Ревматизмді емдеуде қолданылады:

а) цефалоспорины

Б) пенициллиндер

в) тетрациклин

г) стрептомицин

д) линкомицин

41. Ревматизм басталатын жас:

а) 2-6 жас

Б) 7-14 жас

в) 25-30 жас

г) 35-45 жас

д) 60-75 жас

42. Ревматизмдік емес миокардиттің диагнозын қоюдың ең дәл әдісі:

а) ЭхоКГ

Б) миокард биопсиясы

в) коронарография

г) ЭКГ

д) ФКГ

43. Ревматизмдік емес миокардиттің ең жиі себебі:

а) грипп вирусы

Б) Коксаки вирусы

в) стафилококктар

г) стрептококктар

д) микоплазмалар

44. Миокардитте жүрек мөлшерінің ұлғаю себебі:

а) миокард гипертрофиясы

б) перикард қуысында экссудат болу

в) миокардтың гликогенезі

г) миокард тонусының төмендеуі

д) жүрек ақауының дамуы

45. Миокардиттің ең жиі асқынуы:

а) толық атриовентрикулярлық блокада

б) миокардтың жедел инфарктісі

в) жүрек әлсіздігі

г) аритмия

д) коллапс

46. Абрамов – Фидлердің идиопатиялық миокардитіне тән емес белгі:

а) қан айналысының ауыр жетіспеушілігі

б) қарыншаүстілік және қарыншалық аритмиялар

в) қолқа қақпақтарының үстіндегі вегетациялар

г) қан айналысының үлкен шеңберіндегі тромбоздар мен эмболиялар

д) кардиомегалия

47. Инфекция көзі ауыз-жұтқыншақ аймағы болған жағдайда инфекциялық эндокардиттің мүмкін қоздырғышы:

а) жасыл стрептококк

б) энтерококк

в) пневмококк

г) стафилококк

д) ішек таяқшасы

48. Келтірілген критерийлердің біреуінен басқасының бәрі инфекциялық эндокардиттің диагнозын қою критерийлеріне жатады:

а) қалтырап-дірілдеу болатын қызба

б) клапандық жүрек ақауының қалыптасуы

в) анемия

г) нефрит

Д) гепатит

49. Біреуінен басқасының бәрі инфекциялық эндокардиттің қатерлі факторлары болып табылады:

а) цистоскопия

б) веналарды катетерлеу

в) жатыр қуысын қырып алу

г) өкпе артериясының гипертониясы

д) жүректің туа болған ақауы

50. Констрикциялы перикардиттің ең жиі себебі:

а) мерез

б) ревматизм

В) туберкулез

г) кеуде торының жарақаты

д) дәнекер тінінің жайылмалы аурулары

51. Экссудатты перикардитке тән ЭКГ-қ белгі:

а) өткізгіштіктің бұзылуы

б) ST аралығының көтерілуі

в) ST аралығының төмендеуі

г) R тісшесі вольтажының аласаруы

д) биік Т тісшелері

52. Құрғақ перикардиттің ерте ЭКГ-қ белгісі:

а) ST сегментінің депрессиясы

б) теріс мәнді Т тісшесі

в) ST сегментінің көптеген тіркемелерде жоғары көтерілуі

г) биік үшкір Т тісшесі

д) QRS комплексі вольтажының төмендеуі

53. Экссудатты перикардиттің диагнозын қоюдың ең сенімді әдісі:

а) аускультация

б) перкуссия

в) ЭКГ

Г) ЭхоКГ

д) кеуде торы мүшелерінің рентгеноскопиясы

54. Келтірілген белгілердің қайсысы жүрек тампонадасының белгісіне жатпайды?

а) мойын веналарының ісінуі

б) парадоксальды пульс

в) асцит, гепатомегалия, ісіну

г) өкпедегі қан іркілу белгілері

д) диспепсиялық белгілер

55. Перикардты тесу (пункция) көрсетпелеріне жатпайды:

а) жүрек тампонадасының үдеме белгілері

б) іріңді перикардит жөнінде күдік туды

в) емнің нәтижесі болмау

г) аурудың аллергиялық сипаты

д) аурудың пайда болу тегін дәлдеу

56. Констрикциялы перикардитте гемодинамика бұзылысының негізгі механизмі:

а) диастолалық жүрек жетіспеушілігі

б) систолалық жүрек әлсіздігі

в) жүрекшелерге оралған қан көлемінің азаюы

г) өкпе артериясының гипертензиясы

д) айналымдағы қан көлемінің азаюы

57. Констрикциялы перикардитті емдеудің ең тиімді әдісі:

а) антибиотиктермен емдеу

б) жүрек гликозидтері

в) глюкокортикоидтар

г) хирургиялық ем

д) диуретиктер

58. Кардиомиопатиялардың диагнозын қоюдың ең сенімді әдісі:

а) ЭКГ

б) ВЭМ

В) ЭхоКГ

г) кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы

д) қан ферменттерін анықтау

59. Дилатациялық кардиомиопатиядағы гемодинамика ерекшеліктері:

а) сол жақ қарыншаның қан айдау фракциясының көбеюі

б) систолалық көлем мен жүректің айдалма қан көлемінің азаюы

в) сол жақ қарынша – қолқа қан қысымы градиентінің (айырмашылығының) көбеюі

г) артериялық гипертензия

д) сол жақ қарыншаға түсетін алғы жүктеменің азаюы

60. Біреуінен басқасының бәрі ДКМП клиникалық көрінісіне жатады:

а) қан айналысы жетіспеушілігінің белгілері

б) жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы

в) тромбоэмболиялық синдром

г) АҚҚ көтерілуі

д) кардиомегалия

61. ДКМП-ға тән эхокардиографиялық белгі:

а) жүрек қуыстарының кеңуі және жайылмалы гипокинезия

б) қарыншааралық перде гипертрофиясы

в) сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының гипертрофиясы

г) митральдық қақпақтың жармаларының бір бағытта қозғалысы

д) жүрек ұшының гипертрофиясы

62. Бір белгіден басқасының бәрі обструкциялы гипертрофиялық кардиомиопатияның белгілеріне жатады:

а) сол жақ қарынша – қолқа арасында қан қысымының айырмашылығы болу

б) сол жақ қарыншадан басталатын ағын жолының тарылуы

в) миокардтың жиырылғыштығының төмендеуі

г) сол жақ қарынша қуысының тарылуы

д) айдалма қан фракциясының азаюы

63. Қандай ауруда нитраттар гемодинамикаға жағымсыз әсер етеді және қауіпті болуы мүмкін?

а) гипертония ауруы

б) дилатациялық кардиомиопатия

в) гипертрофиялық обструкциялы кардиомиопатия

г) қолқа қақпақтарының кемістігі

д) қолқа склерозы

64. ГКМП-да ең жиі кездесетін асқыну:

а) ӨАТЭ

б) қарыншалар ырғағының бұзылуы

в) жедел сол қарыншалық жүрек әлсіздігі

г) ми қан айналысының жедел бұзылуы

д) ми қан айналысының өзгермелі (динамикалық) бұзылуы

65. ГКМП ауыратын адамдарды емдегенде қандай дәрілерге ерекше мән беру керек?

а) нитраттар







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.