Здавалка
Главная | Обратная связь

В) ААФ ингибиторлары



г) антиаритмиялық препараттардың 1 А және 1 С кластары

д) БҚҚП

91. Келтірілген дәрілердің ішінде жүрек әлсіздігінде өмірді көбірек ұлғайтатыны:

а) жүрек гликозидтері

б) кальций антагонистері

в) диуретиктер

Г) ААФ ингибиторлары

д) антиаритмиялық дәрілердің ІІІ класы

92. Созылмалы жүрек әлсіздігінде жүрек гликозидтерін тағайындаудың көрсетпелері:

а) жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түрі

б) инфарктіден кейінгі кардиосклероз

в) миокардиттік кардиосклероз

г) жыбыр аритмиясының нормосистолиялық түрі

93. Өкпе шеменінде (ісінуінде) ең тиімді диуретик:

а) гипотиазид

Б) фуросемид

в) триамтерен

г) верошпирон

д) амилорид

94. Қолқа сағасының тарылуын сипаттайтын сырт белгі:

а) тері жамылғының жайылмалы цианозы

б) акроцианоз

в) тері түсінің қуқыл тартуы

г) Мюссе симптомы

д) «каротидтер биі»

95. Сол жақ қарыншаның ең үлкен гипертрофиясы байқалады:

а) қолқа қақпақтарының кемістігі

б) қолқа сағасының стенозы

в) митральдық қақпақ кемістігі

г) митральдық стеноз

д) трикуспидальды қақпақ кемістігі

96. Стенокардияның эквиваленті болатын екі белгі:

а) жылдам жүргенде болатын қыжыл

б) ортостазға көшкенде бас айналуы

в) күш түскенде АҚҚ көтерілуі

г) күш түскенде болатын ентікпе ұстамасы

д) денені еңкейткен кезде болатын жүрек тұсының шаншып ауыруы

97. Жүрек гликозидтеріне сезімталдықты күшейтетін күйлер:

А) егде жас

Б) тиреотоксикоз

в) өкпе-текті жүрек

Г) гипокалиемия

д) қан іркілмелі жүрек әлсіздігі

98. Антифибрилляциялық әсер көрсететін дәрілер тобын көрсетіңіз:

а) жүрек гликозидтері

б) кальций антагонистері

В) бета-блокаторлар

Г) амиодарон, бретилий тозилаты

д) хинидин, прокаинамид және 1 А тобының басқа дәрілері

99. WPW синдромында жүрекшелік тахиаритмия ұстамасының туындауына түрткі болатын препараттар:

а) дигоксин

б) амиодарон

В) верапамил

г) пропроналол

д) этмозин

100. Антиаритмиялық дәрілермен емдеу көрсетпелері:

а) гемодинамиканы бұзатын аритмиялар

б) аритмияны субъективті түрде көтере алмау

в) жоғары градациялы ырғақтың бұзылуы

г) ырғақтың жиі бұзылуы

101. Негізгі антиаритмиялық әсері атриовентрикулярлық өткізгіштікті ұзарту болып табылатын дәрілер:

А) пропроналол

б) лидокаин

В) верапамил

Г) дигоксин

д) прокаинамид

102. Қант диабеті мен гипертония ауруы қоса кездескенде сақтықпен тағайындау керек гипотензивтік дәрілер:

а) верапамил

Б) пропроналол

в) дилтиазем

Г) гипотиазид

д) эналаприл

103. Миокард инфарктісінің алғашқы сағаттарында болатын ең жиі асқыну:

а) өкпе шемені

б) ырғақтың бұзылуы

в) жедел жүрек әлсіздігі

г) кардиогендік шок

д) жүректің жарылуы

104. Митральдық стенозда жыбыр аритмиясы пайда болған кезде қандай аускультативтік симптом жойылып кетеді?

а) желкенді І тон

б) митральдық қақпақтың ашылу тоны

в) пресистолалық шу

г) диастолалық шу

д) екінші тонның өкпе артериясы үстіндегі акценті

105. ЖИА диагнозын қоярдағы ең маңызды мәліметтер?

а) аускультациялық мәліметтер

б) ауруға тән анамнездік мәліметтер

в) ЭКГ

г) қан анализі (клиникалық және биохимиялық)

д) гемодинамика күйі

106. Пульстік қысымның көтерілуі жүректің қандай ақауына тән:

а) қолқа сағасының стенозы

б) бірлескен митральдық ақау

в) қолқа қақпақтарының кемістігі

г) үшжармалы қақпақтың кемістігі

д) қарыншааралық перде кемістігі

107. Қолқаның шарбылану аневризмасына тән симптомдар:

а) қолдағы пульстің асимметриялығы

Б) талмалар

в) қолқа қақпақтарының кемістігі

Г) гемоперикард

д) митральдық қақпақтың кемістігі

108. Жүрек гликозидтерімен улану белгілері:

а) құсу

б) іш өту

в) брадикардия

г) ұйқы қашу

д) бәрі дұрыс

109. 32 жастағы И. атты әйел 10 жасында полиартритпен ауырған. 16 жасынан бері жүрек тұсында шу естіледі. 4 ай бұрын ЖРА-дан кейін әлсіздік, шамалы күш түскенде ентігу, жүрек соғуы, субфебрилитет (37,2-37,4°) пайда болған. Еріндердің болмашы цианозы көрінеді. Өкпелерде сырылдар жоқ. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шектері: сол жағы – бұғана ортасы сызығынан 2 см сыртқа орналасқан, жоғарғы шегі – 3-ші қабырғаның жоғарғы қыры, оң жақ шегі - өзгермеген. Жүрек тондары ырғақты, жүрек ұшы тұсында І тон әлсіреген, одан кейін қолтық астына тарайтын шу естіледі. АҚҚ с.б. 105/70 мм, пульс 86/мин. Қан анализінде: ЭТЖ 30 мм/сағ., жалпы белок 76 г/л (альбуминдер – 46%, глобулиндер - 54%, a-глобулиндер - 5%, b-глобулиндер - 14%, g-глобулиндер - 27%), С реактивті белок реакциясы оң мәнді.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

а) бейспецификалық миокардит

б) митральдық қақпақ пролапсы

в) ревматизм (активті түрі) митральдық қақпақ кемістігі

г) дилатациялық кардиомиопатия

д) тиреотоксикоз

110. 27 жастағы жігітке гипертония ауруының диагнозы қойылған, қан қысымы көтерілген мезгілде бас ауыруы болады. Тексергенде тахикардияға бейімділік (85-90/мин) АҚҚ емсіз жағдайда с.б. 145/95-175/105 мм арасында. Басқа айтарлықтай өзгерістер жоқ. Бұл ауруды емдеуде қандай дәрі таңдамалы дәрі болып табылады:

а) клофеллин

б) нифедипин

В) пропроналол

г) гипотиазид

д) гидралазин

111. Практикалық тұрғыдан өзін саумын деп есептейтін 47 жастағы еркек эпигастрий аймағында кенеттен жаншып ауыру болатынын, жүрек айнуға шағым айтады, бір рет құсу болған. Басы айналады, әлсіздік байқалады. Алдымен қандай тексеру жасау керек:

а) қанның клиникалық анализі

б) фиброгастроскопия

в) асқазан рентгеноскопиясы

Г) ЭКГ

д) іш қуысын ультрадыбысты зерттеу

112. Жүрек ырғағының бұзылуы мен жүрек әлсіздігі жоқ жүректің ревматизмдік асқынуымен ауыратын науқаста тісін алдырғаннан кейін бір ай өткенде жалпы күйі нашарлап, жүдеп, тұрақты субфебрилитет пайда болған. Қанның жалпы анализі: ЭТЖ 40 мм/сағ. дейін көтеріледі, несептің жалпы анализінде – шамалы протеинурия, микрогематурия. Аспирин және ибупрофенмен емдеу нәтиже бермеген.

Мүмкін диагноз:

а) ревматизмдік қызба

б) созылмалы пиелонефрит

в) инфекциялық миокардит

г) инфекциялық эндокардит

д) туберкулез

113. Бұл жағдайда қандай тексеру әдісі ең мәліметті деп есептеледі?

а) кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы

б) ЭКГ

В) ЭхоКГ

г) ангиография

д) компьютерлік томография

114. 39 жастағы ер адам басының ауыратынына, бұлшықет әлсіздігіне, парестезияға шағым айтады. Никтурия және полиурия байқалады. Объективті: шеткі ісінулер жоқ. АҚҚ с.б. 180/100 мм. Пульс 98/мин. Қосымша тексергенде: альдостеронның несеппен көп бөлінуі, гипокалиемия, протеинурия, изостенурия. УДЗ – бүйрек бездері қыртысының шумақты қабатының гиперплазиясы.

Қандай ауру туралы ой туады?

а) Иценко – Кушинг синдромы

б) феохромоцитома

в) гломерулонефрит

г) гидронефроз

Д) Конн синдромы

115. ЖИА ауыратын адамда – инфарктіден кейінгі кардиосклероз. Синус түйінінің әлсіздігі синдромы анықталған, соңғы 2 апта бойында күн сайын жыбыр аритмиясының тахиаритмиялық ұстамасы, кейде брадикардия эпизодтары байқалады, оған қоса бас айналуы болады.

Сіздің тактикаңыз?

а) хинидин тағайындау

б) новокаинамид тағайындау

в) тұрақты ырғақ жетекшісін орналастыру (имплантация)

г) дигоксин тағайындау

д) уақытша кардиостимуляция жасау

116. 50 жастағы ер адам клиникаға миокардтың жайылмалы алдыңғы инфарктісі диагнозымен келіп түсті. Қарқынды ем палатасында екі күн ем алғаннан кейін ауа жетпейтініне және құрғақ жөтелге шағым айта бастады. Тыңдағанда жүрек ұшы тұсы мен Боткин нүктесінде, бұрын болмаған систолалық шу естіле бастады. Қандай болжам диагноз:

а) ӨАТЭ

б) крупозды пневмония

в) инфарктіден кейінгі перикардит

г) емізік етінің үзілуі

д) Дресслер синдромы

117. Миокардтың жедел инфарктісі мен жедел перикардиттегі ауырсыну синдромының ортақ сипаттары болады. Келтірілген белгілердің қайсысы екшеу-іріктеу диагнозында бұл күйлерді бір-бірінен ажыратуға көмектеседі?

а) ауырғандықтың төс артында орналасуы

б) ауырғандықтың сол жақ иыққа тарауы

в) тынысты терең алғанда ауырғандықтың күшейе түсуі

г) нитроглицериннің әсер етпеуі

118. Құрама митральдық жүрек ақауымен ауыратын 35 жастағы әйелде екі аптаға созылған субфебрильдік қызба фонында өмірде бірінші рет жыбыр аритмиясының ұстамасы пайда болды.

Тексергенде:

- отырған мәжбүр қалып

- ЖЖС 122/мин

- АҚҚ с.б. 130/90 мм

Шұғыл көмектің таңдамалы емі:

а) шұғыл электрлік кардиоверсия

б) хинидинді схемаға сәйкес тағайындау

в) новокаинамид егу

г) пропроналол егу

Д) строфантин егу

119. Біреуінен басқасының бәрі ААФ ингибиторларын тағайындаудың қарсы көрсетпелері болып табылады:

а) екі қабаттылық

б) бүйрек артерияларының екі жақты стенозы

в) құрғақ жөтел

г) қолқа сағасы мен митральдық тесіктің ауыр стенозы

д) қант диабеті

120. Жүректің абсолютті тұйықтық шекарасының анағұрлым кеңуінің мүмкін себебі:

а) оң жақ жүрекше дилатациясы

б) оң жақ қарынша дилатациясы

в) оң жақ қарынша гипертрофиясы

г) сол жақ қарынша дилатациясы

д) сол жақ қарынша гипертрофиясы

121. Егер жүрек ұшы тұсында науқастың төсектегі қалпымен байланысты тұрақсыз диастолалық шу естілгенде еске алу керек:

а) емізікше еттің үзілгенін

б) митральдық қақпақ кемістігін

в) сол жақ жүрекше миксомасын

г) митральдық стеноз

д) жүректің іштен туа болатын ақауы

122. Инфекциялық эндокардитте болатын өлімнің ең жиі себебі:

а) миокард абсцессі

б) бүйрек жетіспеушілігі

в) ми артерияларының тромбоэмболиясы

г) интоксикация

д) қан іркілмелі қан айналысы жетіспеушілігі

123. Біреуінен басқасының бәрі инфекциялық эндокардитке тән клиникалық белгілер болып табылады:

а) қызба, қалтырап-дірілдеу

б) талақтың өсуі

в) бауырдың өсуі

г) жүрек ақауының қалыптасуы (көбіне қолқа қақпақтарының ақаулары)

д) теріде болатын петехиялар, төменгі қабақтың кілегей қабығына қан құйылу, Лукин - Либман симптомы

124. Констрикциялы (жаншыма) перикардиттің ең жиі себебі:

а) жедел ревматизм

б) ісік

в) жедел идиопатиялық перикардит

г) туберкулез

д) вирустық миокардит

125. Диагнозын қоюға мүмкіндік беретін ревматизмге тән белгі:

а) аурудың бұрын болған мұрын – жұтқыншақ инфекциясымен байланысы болуы

б) ұзақты 2-4 апта құрайтын латентті кезеңнің болуы

в) аурудың алғашқы белгілерінің бала кезде пайда болуы

г) аурудың полиартралгиядан басталуы

д) келтірілген мәліметтердің бәрі дұрыс

126. 67 жастағы ер адам клиникаға миокардтың жедел артқы инфарктісі диагнозымен келіп түсті. Мониторлық тексергенде PQ аралығының бір циклден бір циклге үдемелі ұзарып, одан кейін QRS комплексінің түсіп қалуы анықталды. ЖЖС 40/мин.

Қандай асқыну бой көрсетті?

а) АВ-блокаданың І дәрежесі

б) АВ-блокаданың ІІ дәрежесі, Мобитц І типі

в) АВ-блокаданың ІІ дәрежесі, Мобитц ІІ

г) АВ-блокаданың ІІІ дәрежесі

д) СА-блокада

127. Ұсынылған ем:

а) уақытша кардиостимуляция

б) тұрақты кардиостимуляция

в) изопропилнорадреналин

г) нуклеин қышқылдары синтезінің кофакторы

д) индерал

128. 74 жастағы ер адамда бір ай бойы бас айналу ұстамасы мен сирек пульс байқалады. Қысқа мерзімге есінен танғанына байланысты стационарға орналастырылды. ЭКГ-да – жүректің толық көлденең блокадасы. ЖЖС – 46/мин., қан айналысы жетіспеушілік белгілері жоқ. Ауруды емдеудің ең тиімді жолын анықтаңыз:

а) изадрин тағайындау

б) аспаркам беру

в) анаприллин беру

г) дефибрилляция жасау

д) келтірілгеннің бірін де қолданбау

129. 47 жастағы науқас адам клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келіп түсті. Бірінші тәулік ішінде кенет есінен танды. Пульс пен қан қысымы анықталмайды. ЭКГ-да синус режимі қарыншалардың асистолиясына көшкен. Емі:

а) дефибрилляция

б) симпатомиметиктерді жүрек ішіне жіберу

в) венаға индерал егу

г) ганглиоблокаторлар

130. Созылмалы өкпе-текті жүректің ЭКГ белгілеріне жатады:

а) ЭКГ төменгі вольтажы

Б) ЭКГ S-типі

в) ауысу зонасының солға ығысуы

г) инфарктіге ұқсас ЭКГ

д) бәрі дұрыс

131. Қолқа коарктациясының ең нағыз физикалық белгісіне жатады:

а) жүрек ұшының тұсындағы систолалық шу

б) аяқтағы АҚҚ қолмен салыстырғанда с.б. 10-20 мм жоғары

в) аяқтағы АҚҚ қолмен салыстырғанда с.б. 10-20 мм төмен

г) қолқа үстінде систолалық шу

д) оң жақ бұғана астында систолалық шу

132. 45 жастағы әйел митральдық стенозбен ауырады. Соңғы жыл ішінде аритмия қосылған. 2 сағат бұрын, кенеттен эпигастрий аймағында күйдіріп ауырғандық, әлсіздік, бас айналуы пайда болған. Қарағанда жалпы жағдайы ауыр, мәжбүр қалыпты. Іш дем алу процесіне қатыспайды, пальпация кезінде іштің үстінде жайылмалы ауырғандық анықталады. Ішперденің тітіркену симптомдары. Перистальтика шуы естілмейді. Бауыр үстіндегі тынық дыбыс сақталған. Іштің жатық жерлерінде тынық дыбыс жоқ. Пульс 120/мин., толықтығы төмен. АҚҚ с.б. 90/40 мм. Іш қуысын шұғыл рентгенологиялық зерттегенде патологиялық өзгеріс табылған жоқ.

Диагноз:

а) 12-елі ішек жарасының тесілуі

б) жедел панкреатит

в) жедел холецистит

г) жоғарғы шажырқай артериясының тромбоэмболиясы

д) келтірілгеннің бәрі дұрыс

133. 48 жастағы әйел дене салмағының өскеніне, бас ауыруына, бел аймағының ауыратынына, бетте түк өскеніне шағым айтады. Бет ұшында қызғылт-қоңыр шырай, іші өскен, қолдары мен аяқтары жіңішкерген. АҚҚ с.б. 190/100 мм. Рентгенограммада: омыртқа жотасы мен жамбас сүйектерінің остеопорозы. Қан мен несепте гидрокартизон деңгейі орташа дәрежеде өскен. Қандай ауру туралы ойлау керек:

а) семіздік

б) гломерулонефрит СБЖ

в) бірінші ретті альдостеронизм







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.