Здавалка
Главная | Обратная связь

ЖАЛПЫ МИКРОБИОЛОГИЯ.



СИЛЛАБУС

 

Дисциплина - микробиология

Мамандығы: 051301 Жалпы медицина

 

 

Оқу сағатының мөлшері – 216 сағат

Дәрістер - 12 часов

Тәжірибелік сабақтар - 60 сағат

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)– 72 сағат

Студенттің өзіндік жүмысы (СӨЖ) - 72 сағат

Аудиториялық сағаттар - 144 сағат

Аудиториядан тыс сағаттар (СӨЖ) - 72 сағат

Бақылау формасы – экзамен

 

 

Курс 2

Семестр 3,4

Алматы 2012ж

 

Силлабус проф. Рамазанова Б.А., доц. Мустафина К.К. «Жалпы медицина» факультетінің студенттері үшін «Микробиология» мамандығы үшін құрастырылды.

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының отырысында қарастырылып, мақұлданды.

Хаттама № _____ ___________ 20______ж.

 

Каф.меңгерушісі проф., м.ғ.к. Рамазанова Б.А.

 

1. Оқытушылар туралы мәлімет:

 

Аты-жөні Лауазымы Қызметі Ғылыми-қызығушылық приоритетті, жетістіктер
1. Рамазанова Б.А. проф., м.ғ.д. Каф.меңгерушісі Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
2. Котова А.Л. проф., м.ғ.д. профессор Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
3. Акышбаева Г.С. проф., м.ғ.д. профессор Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
4. Табаева А.А. проф., м.ғ.д. профессор Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
5. Урумбаева К.У. проф., м.ғ.к. доцент Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
6. Кудайбергенулы К. проф., м.ғ.к. доцент Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
7. Таурбаева Н.Т. доц., м.ғ.к. доцент Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
Мустафина К.К. доц., м.ғ.к. доцент Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
7. Бисекенова А.Л. доц., м.ғ.к. доцент Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
8. Стамкулова А.А. доц., б.ғ.к. доцент Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
9. Хандиллаева Б.М. м.ғ.к. оқытушы Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
10. Бегадилова Т.С. м.ғ.к. Аға оқытушы Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
11. Бармакова А.М.   - Аға оқытушы Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
12. Бекболатова К.А. - оқытушы Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
13. Хандилла З.М. - оқытушы Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.
14. Мусаева А.А. - оқытушы Микробиология, вирусология, инфекционды иммунология, терілік венерология, паразитология, микология, санитарлы микробиология и гигиена.

Ақпарат: Алматы қаласы, Толе би 92 , Корпус № 3, 2-этаж.

2. Пән саясаты:Оқу процесін реттілікпен және мақсатты бағытта атқару, компетентті-бағдарлы оқытуды іске асыру болып ьабылады.Оқутышылардың студенттерге талап етуі медициналық ЖОО оқытудың жалпы принциптеріне, оқытушылар және студенттер Кодексіне негізделген.

Құрметті студент!

Сіздерге қойылатын шарттарды ұсынамыз:

· Оқу прцесіне белсенді қатысу (теориялық материалды дайынду, ситуациялық есептерді, тесттерді құрастыру және шешімін беру,тәжірибелік жұмыстар конспектілеу). Басқалардың пікірлерін және көзқарастарын толерантты қабылдау. Азғантай топтың және қосақталған құрамда дұмыс атқара білу;

· Студент сабаққа кешікпей келуі керек;

· студент өзіне қажетті білім алу, дағдылық пен іскерлікке машықтану үшін оқытушымен белсенді бірлесіп жұмыс жасау керек;

· СОӨЖ (СРСП) және СӨЖ (СРС) тақырыптары бойынша қарастырылатын сұрақтар "білім" компетенциясына, және де ағымдық, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарын бағалау үшін міндетті түрде кіреді;

· талаптарға сәйкес СӨЖ бойынша барлық тапсырмаларды орындау: тесттерді, ситуациялық есептерді тапсыру, ғылыми мақалаларды рецензиялау, СӨЖ тақырыбын қорғау тақырыптық жоспар бойынша тиісті кредит мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде орындалуы керек;

· аралық бақылауды белгіленген мерзімде міндетті түрде тапсыру.Аралық бақылауға студент тәжірибелік сабақтарға қатысып,СОӨЖ орындағаннан кейін, және де СӨЖ-і уақытылы тапсырғаннан кейін жіберіледі;

· студент міндетті түрде тақырыптар бойынша 4 СӨЖ орындау керек: 2- жалпы микробиология, 2-жеке микробиология бойынша. Студент СӨЖ-і әрбір кредит аяқталғанша тапсыруға міндетті;

· студент белгіленген уақытта аралық бақылауды тапсырғанда, тәжірибелік жұмыстар қаттамасы бар болса, дағдылық пен іскерлікті игергенде, тесттерді және ситуациялық есептерді дұрыс шешкенде, оқу процесіне белсенді қатысқанда, СӨЖ тақырыптарын уақытылы қорғаған жағдайда тиісті баллдарға ие болады;

· студенттің таза, үтіктелген,қонымды халаты және қалпағы (орамалы ) болу керек;

· сабақ барысында және емтихан тапсыру кезінде студент ұялы телефонды пайдаланбау керек;

· студент кафедра қызметкерлеріне және басқа студенттерге ілтипатты болу керек;оқытушыны және өзінің әріптестерін сыйлаңдар, ашық жүзді, кешірімпаз және инабатты болыңдар;

· студент өзінің келіспеушілігін, шағымын және ұсыныстарын ашық айтып оқытушының, оқу меңгерушісінің және/немесе кафедра меңгерушісінің қатысуымен талқылау керек; оқу процесіне жауапты қарау керек; басқалармен оңтайлы өзара қатынас орнатуға ұмтылыңдар;

Ескерту:

· Кеңес беру уақыты-кесте уақыты бойынша.

· Қорытынды бақылау уақыты- әрбір семестрдің соңында ОПнКУП кестесі бойынша. Есіңде сақта:

- сабаққа қатыспаса және тапсырмалар орындалмағанда сіздің қорытынды бағаңыз төмендетіледі;

- СӨЖ уақытылы тапсырмалса баға төмендетіледі;

-емтихан кезінде ұялы телефон қолданылса емтиханнан шығарылады.

· және де сіз барлық сабаққа қатысуыңыз керек, кешікпеу қажет,сабақ барысында белсенділік танытыңыз. Егер де сабаққа қатыса алмайтын күрделі себептер болса, алдын-ала оқытушыға ескертіңіз.

· сіздің іс-әрекетіңізді және этикаңызды біз оқу процесінің маңызды сәттері деп қарастырамыз.Біздің ойымызша, Сіз, университетте қабылданған ережелер мен нормативтерді қатал сақтайтын қоғам мүшесі болады деп сенеміз.

Ақ жол, студент!

 

3. Бағдарлама:

Кіріспе

Микробиология ғылым ретінде микроорганизмдердің морфологиясын, жіктелуін және физиологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың тіршілік ету жағдайларын, қалыпты жағдайда және патологияларда адамдардың өмірінде және табиғаттағы рөлін зерттейді.

Микробиология - өзара тығыз байланысты бірқатар пәндерді - бактериологияны, вирусологияны, микологияны, аронтозоологияны және иммунологияны біріктіретін интегральды пән, сондықтан оларды зерделеу рациональды кешенді жүргізу керек.

Медициналық микробиология адамдардың жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін, патогенділік факторларын, жасушалық және молекулалық-генетикалық деңгейде олардың іске асырылу механизмін зерттейді және оларға диагноз қою, емдеу және алдын алудың стратегиялық әдістерін жасайды.

Медициналық микробиологиямен инфекциялық агенттерді танып алуға және жоюға бағытталған организмнің биологиялық қорғаныс механизмдерін зерттейтін ғылым - инфекциялық иммунологиямен тығыз байланысты.

ҚР және шетелдерде кездесетін жұқпалы және микробтар қоздыратын жұқпалы емес ауруларға зертханалық диагноз қоюды білу, аурулардың даму механизмдерінің негізін түсіну үшін (ауру патогенезін), дер кезінде және дұрыс диагноз қою, емдеу және алдын алу шараларын атқару үшін әрбір маман-дәрігерге қажет.

Оқыту процесі барысында пәнді клиникалық тұрғыдан зерделеудің маңызы зор. Мысалы, макроорганизм мен микроорганизм арасында, микробтардың патогенділік факторлар өндіруімен және қоздырғыштың басқа биологиялық қасиеттерінің аурудың клиникалық симптомдарымен тікелей байланысты екеніне көңіл аудару керек.

3.2 Пәннің мақсаты: студенттерде адамдардың инфекциялық патологиядағы микроорганизмнің рөлі, соматикалық ауруларда микробтар қоздыратын патологиялар дамуы, адам организмнің қалыпты микрофлорасының бұзылуы, жұқпалы ауруларды азайтуда және жоюдағы микробиологияның рөлі, және де микробтық этиологиясы бар ауруларға микробиологиялық әдістермен диагноз қоюдың рөлі туралы білім қалыптастыру.

3.3 Пәннің міндеттері:

· патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің жіктелуі(классификациясы) және биологиялық қасиеттері туралы түсінік беру.

· зерттеу зонттарынан микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентификациялау принциптерін, микробтарға қарсы препараттарға қоздырғыштардың сезімталдығын (төзімділігін) анықтауды үйрету;

· макро- және микроорганизмнің өзара әсерінің молекулалық механизмдері туралы, микроорганизмдер қоздыратын аурулардың патогенезінің негіздері туралы түсінік қалыптастыру;

· инфекциялық агенттерден микроорганизмнің қорғануының негізгі механизмдеріне және иммунологиялық реакциялардың типтеріне сипаттама беру;

· микробтар қоздыратын аурулардың патогенезі, инфекциялық иммунитет қалыптасуының негіздері, спецификалық профилактикасы және емдеуі туралы түсінік беру;

· микроб қоздыратын кең таралған жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қазіргі кезгі микробиологиялық диагноз қою әдістерімен таныстыру;

· микробиологиялық зерттеулер үшін биологиялық материал алудың шарттары туралы түсінік беру.

3.4 Оқытудың ақтық нәтижелері:

Білім қалыптастыру:

· жұқпалы аурулардың қоздырғыштары (этиологиясы) - микроорганизмдердің негізгі биологиялық қасиеттері (морфологиялық, физиологиялық, антигендік, патогендік) туралы;

· адам организмнің қалыпты микрофлорасы бойынша;

· организмнің антимикробтық қорғанысының спецификалық және бейспецификалық факторлары туралы;

· инфекциялық иммунология және аллергология негіздері бойынша;

· адамдар арасында кең таралған жұқпалы аурулардың патогенезінің негіздері, микробиологиялық диагноз қою әдістері мен принциптері туралы;

· ауруларды микробиологиялық тексеру принциптері бойынша;

· микроб қоздыратын аурулардың спецификалық профилактикасы және антибиотиктермен рационалды емдеудің принциптері бойынша;

· антибиотиктердің және дезинфектанттардың антимикробтық белсенділігін анықтау принциптері бойынша;

· асептика және антисептиканың, дезинфекция және стерилизацияның микробиологиялық негіздері бойынша;

· балалар мен ересектерде аурудың клиникалық көріністеріне сәйкес микробиологиялық мәліметтерді интерпретациялау туралы;

· жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын қамтитын нормативтік құжаттар туралы. Дағдылық қалыптастыру:

· микробиологиялық зерттеу үшін пациенттен материал алу бойынша;

· патологиялық материалдан (ірің, нәжіс және т.б.) микроскопиялық препарат дайындау бойынша;

· жарықтық микроскопта иммерсиялық жүйемен қарауды;

· морфологиялық, тинкториалдық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттері бойынша микроорганизмдерді дифференциациялауды;

· бактериологиялық және вирусологиялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялауды;

· жұқпалы ауруларға серологиялық диагноз қою нәтижелерін интерпретациялауды;

· зерттеу заттарын алуды және оны бактериологиялық зертханаға жеткізуді;

· микроскопиялық зерттеу әдістерін атқаруды;

· микробтардың таза дақылын бөліп алуды.

Құқықтық білімді қалыптастыру:

· бактериологиялық зертханаларда эпидемияға қарсы ереже шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақтау туралы;

· емдеу мекемелерінде қызметкерлердің және пациенттің инфекциондық қауіпсіздігінің шарттарын орындау туралы;

· вакцина егудің ұлттық күнтізбесі бойынша.

Өздігінше жұмыс атқара білуді және активті және интерактивті оқыту әдістерін жүргізу арқылы коммуникативті дағдылықтарын қалыптастыру.

 

3.5 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер: молекулалық биология және медициналық генетика, экология, химия, гистология, биофизика, биохимия.

Постреквизиттер: физиология-2, хирургиялық аурулар, ішкі ағзалар аурулары, эпидемиология, жалпы гигиена, жалпы иммунология, балалар аурулары, жұқпалы аурулар.

3.6 Пәннің қысқаша мазмұны

Кіріспе

Микробиология пәні, мақсаты және міндеттері. Микробиология іргелі және қолданбалы ғылым ретінде. Медициналық микробиологияның зерттеу нысандары: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар.

Микробиологиялық лабораторияның құрылымдық принциптері. Микробиологиялық зерттеу әдістері: микроскопиялық, дақылдық, серологиялық, биологиялық, аллергиялық, молекулалық-генетикалық.

Медицинаның ілгері дамуында және жалпы профильдік дәрігерлердің тәжірибелік (практикалық) қызметіндегі микробиологияның маңызы. Микробиологиялық эерттеулер саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың жетістіктері.

ЖАЛПЫ МИКРОБИОЛОГИЯ.

Кредит 1

1.1 Микроорганизмдердің жіктелуі және номенклатурасы

Микроорганизмдерді жіктеу принциптері. Прокариоттар (фотобактериялар, скотобактериялар, эубактериялар, спирохеталар, актиномиоциттер, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар).Эукариоттар (қарапайымдылар, саңырауқұлақтар). Вирустар.

Таксономиялық категориялар: патшалық(әлем), бөлім, класс, қатар, тұқымдастық, туыстастық, түр. Түр - негізгі таксономиялық категория. Инфратүршелік түсініктер: биовар, серовар, фаговар. Микроорганизмдер номенклатурасы. Микроорганизмдер классификациясы. Микроорганизмдер эволюциясы және оның ерекшеліктері.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.