Здавалка
Главная | Обратная связь

Физика-математика факультеті



Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор, п.ғ.д, профессор

М.Ж.Мальтекбасов ______________

«_____»_________________2015 ж.

 

3D MAX-те модельдеу негіздері пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандықтар: 5В070300-«Ақпараттық жүйелер», 5B060200-Информатика

 

Оқу формасы: күндізгі

 

Талдықорған 2015 ж.

 

Оқу-әдістемелік кешенді оқу бағдарламасы негізінде 5В070300 – Ақпараттық жүйелер, 5В060200-Информатика мамандықтарына аға оқытушы А.У.Елепбергенова құрастырған.

 

____________________________

(оқытушының қолы)

Ақпараттық технологиялар кафедрасының отырысында қарастырылды.

 

 

«____ »________ 2015 ж. №_______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі ______________п.ғ.к., доцент А.О.Алдабергенова

(қолы)

 

 

«_____»__________ ___2015 ж. №______ хаттама

Физика-математика факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ________________ С.С.Сламжанова

(қолы)

 


ТҮСІНІКТЕМЕ

 

3ds max бағдарламасы - қазіргі танда күн санап дамып келе жатқан ең үздік бағдарламаның бірі. Бұл бағдарламаның атқаратын қызметтері шексіз, ал мүмкіндіктері өте ауқымды деп айтуға болады. 3ds max үш өлшемді компьютерлік графика бағдарламаларының тобына кіреді, немесе оны 3d-графика (3 dimensional-үш өлшемді) деп те атайды. Сонымен қатар, осы бағдарламаның көмегімен жекелеген суретті синтездеуге және нақты немесе ойдан шығарылған өмірдегі суреттік қойылымдарды ықшамдап көрсетіп, осындай суреттік кадрлар тізбегін анимация деп аталатын объекттің қозғалысы түрінде байқауға болады

3ds max сияқты аса күрделі бағдарламамен танысуды, оның жекеленген кескіндер мен анимацияны жасауға арналған мүмкіндіктерінен бастайық. Олар мыналар:

•Сфера, цилиндр және тікбүрышты параллелипипед сияқты ең қарапайым геометриялық денелерден бастап, жануарлардың денесі, ағаштар сияқты күрделілеріне дейін кезкелген үш өлшемді геометриялық дененің пішінін модельдеуге болады.

•Жылтырату, мөлдірету, жарқылдату, шушылдату немесе көпдэрежелі шағылысу қүбылысы мен жарық сэулесінің құйылуы, түтін немесе тұман тәрізді ауалық қүбылыстар жэне қар, жаңбыр, от тәрізді табиғи қүбылыстар сияқты, объект материалының физикалық қасиеттерін үқсатып жасауға болады.

•Үшөлшемді көріністің жарықтануын кез-келген жағдайда өзгертуге болады: сонау космостан бастап күн сәулесі төгіліп түрған ең ашық күнге дейін. Осыған қоса модельденген объектің көлеңкесін нақты фотографиялық фонға түсіп тұрғанын көрсетуге болады.

•Объектің кез-келген параметрін анимациялауға болады: олардың пішінін, өлшемдерін, кеңістіктегі жағдайын, түсін жэне материалының қасиетін жэне тағы басқалары.

•Қозғалыстың кезкелген түрін өзгертудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін орын ауыстыруды басқарудың эртүрлі эдістерін жүзеге асыруға болады немесе объектің анимациалану процессінде қасиетін өзгертуге болады.

•Объекттердің иерархиялық байланысқан тізбегін жасау жэне оларды бір объектің қозғалысы сәйкесінше тізбектің қалған объектілерінің орын ауыстыруына алып келетіндей тура және кері анимациялауға болады.

•Біртіндеп, пішіні мен сыртқы келбеті ерекшеленіп түратын бір объекттің басқа объектке айналуын моделдеу (морфинг).

•Қозғалыстағы объектің динамикалық қасиеттерін, яғни, тартылыс күші, кері итерілу, тығыздық немесе желді есепке ала отырып моделдеу.

•Фото немесе видеокамера объекттердің айқындылықтың тереңділігі немесе линзаның шағылысуы сияқты қасиеттерін ықшамдау арқылы синтезделген кескіндерге эртүрлі сүзгілерді қолдануға болады.

Курстың мақсаты:

• 3D Studio Max туралы қалыптастыру;

• 3D Studio Max программасының фундаментальды түсініктерімен танысу;

• анимацияға жасалатын барлық жұмыстар этаптарының эдістері және негізгі
құралдарын оқып білу;

• бөлімдері бойынша білімді тереңдету

Курстың негізгі міндеті:

• 3D Studio Max негізгі түсініктерін меңгеру;

• 3D Studio Max негізгі жұмыстары мен үшөлшемді моделдеуде жэне анимацияда оның
мүмкіндіктерін меңгеру;

• объектілерді белгілеу және басқа түрге келтіру;

• объектілерді редакторлау жэне модификациялауды үйрету;

• материалдарды құру жэне қолдануы;

• қазіргі ортаның эртүрлі салаларында 3D Studio Max програмасының эдістерін жэне
тәсілдерімен танысу.

Курсты оку нәтижесінде студенттер:

• 3D Studio Max туралы жалпы түсінік, ғылым жүйесінде жэне қазіргі заманда алатын
орның біліп шығады;

• бөлек суреттер және анимацияларды құра білуді үйренеді;

• құрлымды көру терезесі және эртүрлі типті подобъектілер деңгейіндегі объектілерді
модификациялайтын жаңа қүралдар туралы түсінік;

• кез - келген үшөлшемді объектілердің геометриялық формаларын моделдеу түсінігі;

• объектілердің барлық параметрлері бойынша анимацияны құру эдістемесін меңгеру:
олардың формалары, көлемі, кеңістікте орналасуы, түсі және материалдар
мінездемесі;

• объектілер материалдарының физикалық қасиеттер бейнесінің (имитация)формальды
түсініктемесін біліп шығады;

Пән мазмұны

1-дәріс. Тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. 3D графиканың негізгі түсініктері.

Мазмұны: 3D Studio Max туралы жалпы мағлұматтар. 3DsMax мүмкіндігі және қолданылуы. 3DsMax іске қосу және программадан шығу. 3DsMax программасының қосымша модельдері туралы мағлумат.

2-дәріс Тақырыбы: 3D Studio Max негізгі жұмыс жасау принциптері.

Мазмұны: 3DsMax объектілері. Geometry категориясының объектілері. Shapes категориясының объектілері. Light және Cameras категориясының объектілері. Helpers категориясының объектілері. Space Warps категориясының объектілері. System категориясының объектілері. Editable Mesh категориясының объектілері. Editable Patch категориясының объектілері. Объектілердің торланған қабықшаларының элементтері. Объектілердің үлкен көлемді контейнерлері.

3-дәріс Тақырыбы: 3D Studio Max-та объектілері.

Мазмұны: 3DsMax интерфейсінің элементтерін көріп шығу. Бас (негізгі)меню. File менюі. Edit менюі. Tools менюі. Group менюі. Views менюі. Rendering менюі. Track View және Schematic View менюі. Customize менюі. MAXScript менюі. Help менюі.

4-дәріс Тақырыбы: Модельдеу.

Мазмұны: Құралдар панелі қосымшаларымен. Негізгі құралдар панелі батырмаларының құрамы. Командалық панелдер жиынтығы. Эксперттік режимде 3DsMax интерфейсі. Модальды жэне модальдальды емес диалог терезелері. Интерфейсті дербес баптау. Құралдар панелін жэне командалық панелді ашу жэне көрсету.

5-дәріс Тақырыбы: Лофтинг әдісі

Мазмұны: Проекция терезелері туралы жалпы мағлұмат. Проекция терезелерін конфигурациялау. Проекция терезелерін басқару. Бөлек объектілердің көлеңкелерін басқару. Проекция терезелерінде фонның көлеңкесі. Объектілерді белгілеу қүралдары. Объектілерді белгілеу эдістері. Белгіленген объектілерді қосу жэне белгіленген бөлек объектілерді алып тастау. Белгіленген объектілердің жеке жиындарын қолдану. Объектілер мазмұны. Объектілер топтарын құру. Объектілерді дубликаттау. Объектілерді көркемдеу.

6-дәріс Тақырыбы: Материалдарды құру және орналастыру.

Мазмұны: Greate командалық панелі. Оларды қүрып біту алдында объектілер параметрлерін модификациялау. Геометриялық примитивтерді құру. Жазықтық. Параллепипед. Фаскісі бар параллепипед. Сфера. Геосфера, Цилиндр. Фаскісі бар цилиндр. Капсула. Цистерна. Веретино. Труба. Үшбүрышты призма. Көп қырлы призма. Конус. Пирамида. Top. Тороидалды түйін. Көпқырлы. Шэугім. L- дене жэне С- дене экструзиі. Домалақ толқын. Безье бөліктерінің торын құру. NURBS- бетін құру. Сплайындарды құру. NURS-қисықтарын құру. Профильді бүру эдісімен үш өлшемді денелерді құру. Түзеу эдісі арқылы үш өлшемді денелерді қүру.

7-дәріс Тақырыбы: Текстуралы карта.

Мазмұны: Қүрама объектілердің негізгі типтерін құру. Лофтинга эдісімен объектілерді қү-ру. Лофтинг эдісімен құрылған объектілерді деформациялау.

8-дәріс Тақырыбы: Үшөлшемді анимация құру.

Мазмұны: NURBS -лофтинг денелерінің күру ерекшеліктері. Жүйе бөлшектерін құру.

Динамикалық объектілерді құру. Терезе жэне есік модельдерін құру. Көлемді деформацияларды кұру- Объектілер жүйелерін құру.

9-дәріс Тақырыбы: Жарықтандыру.

Мазмұны: Объектілерді модификациялау жэне редакторлау. Объектілерді модификациялау қүралдары. MODIFI командалық панелі. Модификаторлар туралы жалпы түсінік. MODIFI командалық панелінің ағымдағы модификаторы. Жалпы қолданыстағы модификаторлар. Безье бөліктерінің жэне сплайндардың модификаторы. Торлар модификаторы. Беттің модификаторы. NURBS - объектілерінің модификаторлары. Ауқымды кеңістіктің модификаторы.

10-дәріс Тақырыбы: Камерамен жұмыс.

Мазмұны: Материалдар редакторы. Материалдар туралы жалпы мағлұмат. Стандартты материалдар. Құрама материалдар. Matte/Shadow типті материал. Мэтіндер картасы. Мәтіндердің екі өлшемді картасы. Материалдардың үш өлшемді картасы. Мэтіндердің қүрама картасы.

11-дәріс Тақырыбы: Эффектілерді бейнелеу (имитация) және сахнаны визуалдау.

Мазмұны: Визуализацияны басқару қүралдары. Визуализация параметрлерін баптау.

Визуализация процесін қадағалау. Кадрлардың виртуальды буфері. Сыртқы ортаның эффектілерін бейнелеу (имитация). Перспективаларды келістіру. Оптикалық эффектілерді визуализациялау. Анимациялар туралы жалпы мағлұмат. Анимацияны басқару құралдары. Уақытша интервалдарды баптау. Анимацияларды кұру жэне көрсету. Анимация эскиздерін құру жэне көру. Анимацияларды визуализациялау. RAM Player модулі көмегімен анимацияларды көру. Трека жолында анимация кілттерін редакторлау. Track View диалог терезесі. Анимация тексерушілері (контролер). Анимация тексерушілерінің параметрлерін баптау.

12-дәріс. Тақырыбы: Арнайы эффектілер

Мазмұны: Байланған объектілерді анимациялау. Нақты қозғалу динамикасын есепке алу арқылы анимациялау. Video Post модулі туралы жалпы мағлұмат. Video Post диалог терезесі.

13-дәріс Тақырыбы: 3D Studio Max үшін қосымша модульдер

Мазмұны: Камераны құру. Камераны күйге келтіру. Камераның навигациясы. Видео монтаж кезегінің оқиғасы. Оқиға тізбегінің орындалуы. Фильтірді қолдану.

14-дәріс Тақырыбы: Динамика. Reactor, Hair and Fur және Cloth модульдері

Мазмұны: Жарықтандыруды қүру. Жарықтың сэуле көзін күйге келтіру. Көлеңкені бейнелеу. Күн сэуле жүйесін құру. Жарықтандыруды анимациялау.

15-дәріс Тақырыбы: Үшөлшемді графиканы және видеобейнені біріктіру.

 

Зертханалық сабақтар тақырыптары

1. 3D Studio Max интерфейсімен таңысу

2. Стандартты объектілер құру

3. Қеңейтілген объектілерді құру

4. Сплайнмен модельдеу

5. Модификаторларды және лофтингті қолдану

6. Объектілерге материалдарды қолдану

7. Объектілерге текстураны қолдану

8. Анимация құру

9. Объектілерге жарық түсіру

10.Қамераларды орнату

11.Визуализациялау

12.Арнайы эффектілерді қолдану

13.3D Studio Max үшін қосымша модульдерді қолдану Динамика. reactor, Hair and Fur және Cloth модільдерің қолдану

14.Үшөлшемді графиканы және видеобейнені біріктіру. Видеомонтаж жасау.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Михаил Маров. 3D Studio Мах-3. Санк-Петербург 2010.

2. Келли Мэрдок. 3D Studio Мах-4 «Библия пользователя». Компьютерная издательство «Диалектика» 2002.

3. Келли Мэрдок. 3D Studio Мах-5 Компьютерная издательство «Диалектика» 2003.

4. В. Б Комягин. 3D Studio. Трехмерная компьютерная анимация, 4-версия. Издательство «Эком», Москва, 1996.

5. А. Хонич. Как самому создать трехмерную игру. Издательство «МикроАРТ», Москва, 1996.

б.Петерсон М. Эффективная работа с 3D Studio MAX 2.Питер, 1999г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Мишель Матоссян. 3Ds Max 6 для Windows. Москва, издательство ДМК Пресс, 2004 - 624с.

2. Флеминг Билл. Фотореализм. Профессиональные приемы работы. Москва, издательство ДМКПресс 2004-384 с.

3. Флеминг Билл. Создание трехмерных персонажей.Уроки мастерства. Москва, издательство ДМК Пресс. 2005- 448 с.


 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-28
28.05.2015 ж.

Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

С И Л Л А Б У С

 

Пән: 3D MAX-те модельдеу негіздері

5В060200 – информатика, 5В070300 – ақпараттық жүйелер мамандықтары үшін

 

Оқыту түрі: қашықтан оқыту

курс: 3 (5В060200-«Информатика»), 4 (5В070300-«Ақпараттық жүйелер»)

семестр: 5, 7

кредит саны: 3

Барлық сағат саны: 135

соның ішінде:

Дәрістер: 15

Лабораториялық сабақтар: 30

СОӨЖ: 45

СӨЖ:45

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 5, 7 семестр

 

 

Талдықорған 2015 ж.


Оқытушы туралы мәлімет: Ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Елепбергенова Айгүл Узбековна (316 ауд., ұ.т. 87018836116)

Пәні:3D MAX-те модельдеу негіздері

Пәннің пререквизиттері: Компьютерлік графика

Пәннің постреквизиттері: Баспа жүйелері

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Компьютерлік графика – программалық және аппараттық есептеу комплекстердің көмегімен бейнелерді құру және және өңдеу әдістері мен құралдарың зерттейтін информатиканың арнайы аумағы. Компьютерлік графиканың кең дамыған бөлігі 3D графика болып табылады.

3ds max бағдарламасы - қазіргі танда күн санап дамып келе жатқан ең үздік бағдарламаның бірі. Бұл бағдарламаның атқаратын қызметтері шексіз, ал мүмкіндіктері өте ауқым ды деп айтуға болады. 3ds max үш өлшемді компьютерлік графика бағдарламаларының тобына кіреді, немесе оны 3d-графика (3 dimensional-үш өлшемді) деп те атайды. Сонымен қатар, осы бағдарламаның көмегімен жекелеген суретті синтездеуге жэне нақты немесе ойдан шығарылған өмірдегі суреттік қойылымдарды ықшамдап көрсетіп, осындай суреттік кадрлар тізбегін анимация деп аталатын объекттің қозғалысы түрінде байқауға болады

Оқу сабақтары интерактивті лекциялар және практикалық жұмыстар, консультациялар түрінде өткізіледі.

Пәннің мақсаты мен міндеті:

Үш өлшемді графиканың негізгі түсініктері мен принциптері туралы білім қалыптастыру, үш өлшемді объектілерді құруға арналған программаларда жұмыс істеу дағдыларың қалыптастыру.

3D Studio Max негізгі түсініктерін меңгеру; 3D Studio Max негізгі жүмыстары мен үшөлшемді моделдеуде және анимацияда оның мүмкіндіктерін меңгеру; объектілерді белгілеу жэне басқа түрге келтіру; объектілерді редакторлау жэне модификациялауды үйрету; материалдарды құру жэне қолдануы; қазіргі ортаның эртүрлі салаларында 3D Studio Max програмасының эдістерін жэне тэсілдерімен танысу.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер мына білімдер мен дағдыларға қол жеткізулері тиіс:

- компьютерлік графиканың негізгі әдістерін және түсініктерін;

- оқылатың программалық құралдармен негізгі жұмыс жасау әдістемесін;

- программалық өнімдердін ерекшеліктерін және оларды қолдану аймақтарын;

- программалық өнімдердін құру жолдарың;

- үш өлшемді объектілерді, анимацияларды модельдеуді үйренеді.

Құзыреттілікті қалыптастыру

арнайы: логикалық, аналитикалық және концептуальды ойлау қабілеттеріне ие болады.

пәндік: жеке объектілер мен сахналарды тұрғызудың тәжірибелік дағдыларын меңгереді.


Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

ЖМУ-те келесі кестеде көрсетілгендей бағалау жұйесі (әр бағалау үшін максимальный балл – 100) қолданылады.

Бағаланатын бағдар   1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100: СРСП-40, қалғандары-60балл. Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11,14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бақылау түрі Максимальная бағалау баллы Электрондық журналға баллдарды жазу уақыты
Ақтық бақылау: -СОӨЖ - сабаққа қатысуы(1сағ.– 5балл) - үй тапсырмасын орындау - лабораториялық сабақтар - белсенділік(дәрістегі жауаптар...)   Әр сабақ сайын    
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 4-ші апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 7-ші апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 11-ші апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 14-ші апта
Аралық бақылау 1:Коллоквиум Сұрақ 1 – баға 1 Сұрақ 2 – баға 2 Сұрақ 3 – баға 3   8 –ші апта
Аралық бақылау 2 : Коллоквиум Сұрақ 1 – баға 1 Сұрақ 2 – баға 2 Сұрақ 3 – баға 3 Қорытынды баға : (баға 1+баға 2+баға 3)/3   15-ші апта

 

Курс саясаты:

· сабақтарды жібермеу;

· лекцияларға кешікпеу;

· сабақ кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою;

· кафедра лабораторияларында ЕТ қолдану ережелерін сақтау;

· компьютерлер жадында сақталған файлдарды және бөтен бағдарламалық құжаттарды өшірмеу және пайдаланбау;

· оқу процесіне белсенді қатысу.

Академиялық тәртіп және әдептану саясаты:

төзімді болу; басқа біреулердің ойын сыйлай және тыңдай білу; рұқсат берілмеген материалдарды көшіруге болмайды.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1 «Файлдармен жұмыс»
  Дәріс 1. 3d studio max бағдарламасына кіріспе. Объектілерді қарапайымдар негізінде модельдеу. 1 апта
Практикалық сабақ 1. 3D Studio Max интерфейсімен таңысу.
СОӨЖ 1. Файлдардың импорты және экспорты қалай орындалады. Файлды әртүрлі форматта сақтаңыз. 3DMax бағдарламасының интерфейс элементтеріне толық баяндама, жалпы мағлұматтар. 1) талдау, қысқаша конспект дайындау; 2) жобаны құру және түсіндіру (СОӨЖ КТЖ қараңыз)
Дәріс 2. Материалдарды тағайындау. 2 апта
Практикалық сабақ 2.Стандартты объектілер құру.
СОӨЖ2. Стандартты примитивтерге жататын барлық объектілерді құрыңыз және әр объектінің қасиеттерін атап өтіңіз. Модельді құрастырыңыз (СОӨЖ КТЖ қараңыз)
Дәріс 3.Камераларды баптау және анимациямен танысу. 3 апта
Практикалық сабақ 3.Қеңейтілген объектілерді құру
СОӨЖ3.Кеңейтілген примитивтерге жататын барлық объектілерді құрыңыз, қасиеттерін атаңыз. Өзіндік жоба. «Автомобиль» жобасын құрыңыз. (СОӨЖ КТЖ қараңыз)
Дәріс 4.Өлшем бірліктерді таңдау. 4апта
Практикалық сабақ 4.Сплайнмен модельдеу
СОӨЖ4. Сплайндардың әртүрлі формаларын құрыңыз.
СӨЖ 1. Тапсырма 1. Түс модельдері (конспект) Тапсырма 2. Графикалық бейнелерді сақтау форматтары. (баяндама) Тапсырма 3. 3D графиканың қолдану аймақтары. (баяндама) (СӨЖ КТЖ қараңыз)  
Модуль 2. «Баптау жұмыстары»
Дәріс 5. Координаталық торды баптау. 5 апта  
Практикалық сабақ 5.Модификаторларды және лофтингті қолдану
СОӨЖ5.Объектілерді ерекшелеу құралдары мен әдістерің қолданыңыз. Өзіндік жоба. «Велосипед» жобасын құрыңыз.
Дәріс 6.Объектіні белгілеу 6 апта    
Практикалық сабақ 6. Объектілерге материалдарды қолдану.
  СОӨЖ6. Трансформация құралын қолданып объектілердің формасын өзгертіңіз. .
Дәріс 7. Объект топтары.   7апта
Практикалық сабақ 7.Объектілерге текстураны қолдану.
СОӨЖ7.Объектілерге әртүрлі модификаторларды қолданыңыз және нәтижелерін дәптерге жазыңыз.
СӨЖ 2 Тапсырма 1. 3D Studio Max программасында қолданылатың жылдам батырмалар. (конспект) Тапсырма 2. 3D Studio Max программасының негізгі батымалары. (конспект) Тапсырма 3. Құрама торлар тобының объектілерінің сипаттамасы және қасиеттері. Құрама торлар тобының обеъктілерің құру (СӨЖ КТЖ қараңыз)
Дәріс 8. Контекстті өзгертуді қолдану 8апта    
Практикалық сабақ 8. Анимация құру
СОӨЖ8.Өзіндік жоба. Бөлменің интерьерлік жобасын құрастыру.
Аралық бақылау 1 (Коллоквиум)    
Модуль 3. «Сплайндармен жұмыс»
Дәріс 9. Модельдерді лофтинг әдісімен құру. Лофтинг әдісімен құрылған модельдерді деформациялау 9 апта
Практикалық сабақ 9.Объектілерге жарық түсіру.
СОӨЖ9. Lathe модификаторының көмегімен кесе, шыңы, бокал құрыңыз. Консерв пышағын модельдеу.
Дәріс 10.Материалдармен жұмыс. Стандартты емес материалдар     10 апта
Практикалық сабақ 10.Қамераларды орнату.
СОӨЖ10. Күн моделін құрып анимацияны қолданыңыз.
Дәріс 11.Анимацияға кіріспе. Character Studio құралдары көмегімен кейіпкерлік көрініс құру   11апта
Практикалық сабақ 11.Визуализациялау.
СОӨЖ11. Жыланды құрып, қозғалтыңыз. Телеарна логотипін құрыңыз
СӨЖ 3 Тапсырма 1. Әйнек картасың модельдеу (текстуралық карталарың құру). Тапсырма 2. Жер және ландшафты модельдеу (текстуралық карталарың құру). Тапсырма 3. Spray және Video Post қолданып сиқырлы шаңды жасау.
Модуль 4 «Модельдеу»
Дәріс 12.Сахнаны модельдеу     12 апта
Практикалық сабақ 12.Арнайы эффектілерді қолдану.
СОӨЖ12 Баяндама үлгісінде дайындау: 1.Үш өлшемді анимация туралы жалпы мағлұмат және анимация құру. 2. reactor 2 модулі. (СӨЖ КТЖ қараңыз)
Дәріс 13.Қабырғалы объектілердің лофтингтік моделі     13 апта
Практикалық сабақ 13.3D Studio Max үшін қосымша модульдерді қолдану Динамика. reactor, Hair and Fur және Cloth модільдерің қолдану
СОӨЖ13. Үй моделін құрып есік және терезелеріне анимация қолданыңыз.
Дәріс 14.Текстуралық карталарды қолдану     14апта
Практикалық сабақ 14.Үшөлшемді графиканы және видеобейнені біріктіру.
СОӨЖ14.Алдыңғы сабақтарда құрылған объектілерге материалдарды қолданыңыз
СӨЖ 4 Тапсырма 1. Машинаны белгіленген траектория бойынша жүргізу. Тапсырма 2. Планеталарды құрып, оларға текстуралық карта қолданып, бір біріне қатысты жылжыту. Тапсырма 3. Бөлмені модельдеу (СӨЖ КТЖ қараңыз)
Дәріс 15.Материалдарды проекциялау негіздері   15апта  
Практикалық сабақ 15.Видеомонтаж жасау.
СОӨЖ15.Объектілермен анимациялық әсерлер
Аралық бақылау 2 (Коллоквиум)  
  ДС – жоба(жоба тақырыптары берілген)   16апта
  Барлығы: дәрістер- прак.саб. СӨЖ (СОӨЖ бірге)  

Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмысын (СОӨЖ) орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар

 

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмыстарының мақсаты:

· өзіндік білім алуды үйрену, оларды анализдеу, түрлі жағдайларда қолдана білу;

· ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен және оқу жұмыстарымен жұмыс жасай білу;

· өңдеу 15 тақырыпты өздік жұмыстан тұрады.

Студенттер берілген материал бойынша оқытушымен келісе отырып өз бетінше жұмыс жасауы тиіс. Әр жұмысқа тиісті әдебиеттері көрсетілген. Өздік жұмысты көрсетілген бақылау формасы бойынша орындау керек.

ОСӨЖ күнтізбелік - тақырыптық жоспары мен тапсырмалары

ОСӨЖ бойынша тақырып және тапсырмасы   Сағат саны Апталар Өткізу формасы
1. Файлдардың импорты және экспорты қалай орындалады. Файлды әртүрлі форматта сақтаңыз. 3DMax бағдарламасының интерфейс элементтеріне толық баяндама, жалпы мағлұматтар. 3) талдау, қысқаша конспект дайындау; 4) жобаны құру және түсіндіру. Келесі модельді құрастырыңыз:   Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
2. Стандартты примитивтерге жататын барлық объектілерді құрыңыз және әр объектінің қасиеттерін атап өтіңіз. Келесі модельді құрастырыңыз: Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
3. Кеңейтілген примитивтерге жататын барлық объектілерді құрыңыз, қасиеттерін атаңыз. Өзіндік жоба. «Автомобиль» жобасын құрыңыз. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
4. Сплайндардың әртүрлі формаларын құрыңыз. Келесі модельді құрастырыңыз: Өзіндік жоба. «Аэроплан» жобасын құрыңыз. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
5. Объектілерді ерекшелеу құралдары мен әдістерің қолданыңыз. Өзіндік жоба. «Велосипед» жобасын құрыңыз. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
6. Трансформация құралын қолданып объектілердің формасын өзгертіңіз. Келесі модельді құрастырыңыз: Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
7. Объектілерге әртүрлі модификаторларды қолданыңыз және нәтижелерін дәптерге жазыңыз. Өзіндік жоба. «Ваза», «Үстел», «Үстел үстіне қажетті құралдар» объектілерін құрып, барлық элементтерді бір интерфейске жинақтау. Келесі бейнедегі нәтижені орындау: Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
8. Өзіндік жоба. Бөлменің интерьерлік жобасын құрастыру. Материалдармен жұмыс, құрама материалдарды қолдану, суреттерді объектілерге жүктеу. Секіріп тұрған доптың анимациясын құрыңыз. Жобада объектілер моделін құру және объектіге анимация қолдану. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
9. Lathe модификаторының көмегімен кесе, шыңы, бокал құрыңыз. Консерв пышағын модельдеу   Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
10. Күн моделін құрып анимацияны қолданыңыз. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
11. Жыланды құрып, қозғалтыңыз. Телеарна логотипін құрыңыз. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
12. Баяндама үлгісінде дайындау: 1.Үш өлшемді анимация туралы жалпы мағлұмат және анимация құру. 2. reactor 2 модулі 3. Персонаждық анимация түсінігі. 4. Объектілерге текстура қолдану және материал қолдану. 5. Сахнаны жарықтандыру. 6. Виртуалды камераны ұйымдастыру. 7. Бағдарламаның қосымша модульдері. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
13. Үй моделін құрып есік және терезелеріне анимация қолданыңыз. Вентилятор моделін құрыңыз Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
14. Алдыңғы сабақтарда құрылған объектілерге материалдарды қолданыңыз. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
15. 1.Объектілермен анимациялық әсерлер.   2. Материалдарды қолдану. 3. Камераны тиімді қолдану әдістерін зерттеу. Сахнаны визуализациялау. Элект. нұсқасы Жұмыс нәтижесі
  Барлығы семестр бойынша    

Студенттердің өзіндік жұмыстарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары

  Тапсырмалар мазмұны Сағат саны Тапсырылу мерзімі Бақылау түрі
1. Тақырыбы: 3D графиканың негізгі түсініктері Тапсырма 1. Түс модельдері (конспект) Тапсырма 2. Графикалық бейнелерді сақтау форматтары. (баяндама) Тапсырма 3. 3D графиканың қолдану аймақтары. (баяндама) Конспект
2. Тақырыбы: 3D Studio Max негізгі жұмыс жасау принциптері. Тапсырма 1. 3D Studio Max программасында қолданылатың жылдам батырмалар. (конспект) Тапсырма 2. 3D Studio Max программасының негізгі батымалары. (конспект) Тапсырма 3. Құрама торлар тобының объектілерінің сипаттамасы және қасиеттері. Құрама торлар тобының обеъктілерің құру. Конспект     Электроныд нұсқа
3. Тақырыбы: Текстуралы карта. Тапсырма 1. Әйнек картасың модельдеу (текстуралық карталарың құру). Тапсырма 2. Жер және ландшафты модельдеу (текстуралық карталарың құру). Тапсырма 3. Spray және Video Post қолданып сиқырлы шаңды жасау. Электроныд нұсқа
4. Тақырыбы: Үшөлшемді анимация құру Тапсырма 1. Машинаны белгіленген траектория бойынша жүргізу. Тапсырма 2. Планеталарды құрып, оларға текстуралық карта қолданып, бір біріне қатысты жылжыту. Тапсырма 3. Бөлмені модельдеу. Электроныд нұсқа
  Барлығы:    

СӨЖ – оқытушының қатынасынсыз аудиториядан тыс уақытта өзбетінше тапсырмаларды орындауға бағытталған, сабақ жүктемесінің арнайы түрі.

СӨЖ міндетті графикалық жұмыстарды, семестрлік тапсырмаларды, есептерді шешу және т.б. тапсырмаларды орындауда негізделген.

Мақсаты: Өзбетінше тапсырмаларды орындау және конспектілеу. Пәнді оқу барысында әр студент курстың негізгі бөлімдерін қамтитың және теориялық мәліметтерді, практикалық тапсырмаларды орындауда қолдану қабілетін және білім деңгейін тексеретің жеке тапсырмалар алады.

Тапсырмаларды орындау жолдарының қысқаша түсініктемелерің жазу қажет.


Дәрістер кешені

1-дәріс. Алғашқы танысу

Жоспар:

· Программаны жүктеу

· Параллелипипед

· Фаскамен құрылған цилиндр

· Иілмелі түйіндер

Программаны жүктеу

Ең алғашқы жұмысымызды программаны жүктеу мен ондағы қарапайым геометриялық фигураларды жасаудан бастайық. Сондай-ақ осы фигуралардың сыртқы материалы мен оның түсінің параметрлерін өзгерте отырып, оны қозғалысқа келтірейік. Осы құбылыстардың өзі 3D Studio MAX программасының негізгі мүмкіндіктерін кеңінен түсінуге мүмкіндік береді.

1. Программаны іске қосу үшін тінтуірдің сол жағымен Windows жүйесінің Пуск батырмасын басыңыз.

2. 3dsmax жарлығын іздеп тауып, сол жерді шертіңіз.

1-сурет. 3D Studio MAX жарлығының жалпы түрі

Ары қарай жазбаларды қысқарту үшін біз тінтуірдің сол жақ батырмасы үшін LM мәнін қолданатын боламыз. Программа іске қосылып тұр. Оны жүктегеннен кейін 3D Studio MAX программасының интерфесі шығады. Программаның жұмыс өрісі жобалар терезесіне бөлінеді. Үнсіз түрде экранда жобаның төрт терезешігі пайда болады: Top (төбесінен қарау), Front (алдынан қарау), Left (сол жағынан қарау) және Perspecntive (перспектива). Бір мезгілде тек бір ғана терезе белсенді болады. Белсенді терезенің жиектері ақ түспен қоршалған.

Параллелепипед.

Ең алдымен каркастан жасалған параллелепипед құрастырайық.

1. LM арқылы Geometry (Геометрия) батырмасын шертіп, түрлі объектілер тізімінен Extended Primitives таңдайық. Object Type бөлімінде стандартты примитивтерге сәйкес келетін типтер пайда болады.

1.2-сурет. Geometry батырмасын шерткендегі құралдар панелі.

 

2. LM-мен Chamfer Box батырмасын шертіңіз.

3. LM-ді Perspecntive шертіңіз де батырманы жібермей тұрып курсорды диагональ арқылы сүйреңіз.

4. Содан кейін негіздің ені мен ұзындығын белгілеу үшін тінтуір батырмасын жібере салыңыз.

5. Жіберілген курсорды төмен немесе жоғары қозғалтсаңыз, параллелепипедтің биіктігін беруге болады. Ол үшін Height параметрін қадағалап отырыңыз.

6. LM-ді биіктікті белгілеу үшін шертіңіз. Тіңтуірді шерткеннен кейін біраз уақыт курсорды жоғары ұстап тұрып, LM-ді шертеміз. Сіз белгілеген қашықтық 45°-қа сәйкес фасканың еніне сәйкес келеді.

Фасканың биіктігін беру үшін Fillet параметрін қолдануға болады.

7. Жоғарғы бөлікті тегістеу үшін Smooth фаскасын іске қосыңыз. Нәтижесінде құрылған параллелепипед 1.3 – суреттегідей түрге енеді.

1.3-сурет. Фаскамен құрылған параллелепипед.

 

Біз құрған параллелепипедтің сегмент сандары 1-ге тең болды. Сегменттер санын өзгерту үшін, Lengt Segs және Width Segs параметрлерін көрінетіндей етіп шығару керек. Сегмент сандарын көбейту объектінің торлық бөлігін редактрлеу үшін қажет. Фаска көлеміндегі сегметтерді Fillet Segs параметрі арқылы беруге болады.


Фаскамен құрылған цилиндр.

1. Create командалық панеліндегі Geometry батырмасын басып, Extended Primitives нұсқасын таңдағаннан кейін Chamfer Cyl батырмасын басыңыз. Осы әрекеттердің арқасында цилиндр, цилиндрлік сектор және көптобелі призмалар құруға болады.

2. Цилиндр негізін құру үшін Creation Metod ауыстырып қосқышын Edge жағдайына келтіреміз.

3. LM-ді цилиндрдің негізі құрылатын жерде шертіп, курсорды жібермей үстап тұрып, жоғары/төмен қозғалтамыз. Тінтуірді радиус өлшемін белгілегеннен кейін жібере саламыз. Radius параметрі Parameters бөлігінде негіз радиусының өзгерісін көрсетеді.

4. Осы арқылы цилиндр негізінің ұзындығын беруге болады. LM-д ұзындықты белгілеу үшін шертеміз. Курсорды шерткеннен кейін оны тағы да жоғарырақ көтеріп, LM-д басамыз. Сіз белгілеген аралық 45°-қа сәйкес фасканың еніне сәйкес келеді.

5. Parameters бөлігіндегі келесі параметрлер мәнін беріңіз.

· Height – цилиндр биіктігі;

· Heigth Segments – үстінгі бөліктің сегменттерінің саны;

· Cap Segments – радиус бойынща сегменттер саны;

· Fillet – фаска көлемі;

· Fillet Segs – фаска бойынша сегменттер саны.

1.4-сурет. Фаскамен құрылған цилиндр.

 

Иілмелі түйіндер.

1. Create командалық панеліндегі Geometry батырмасын шертіп, Extended Primitives тізіміндегі Torus Knot батырмасын шертіңіз. Осы әрекеттердің арқасында кеңістіктегі иілмелі құбырлар тобын құрып, олардың формасымен өлшемін жасауға болады.

2. Creation Metod ауыстырып қосқышын Diameter қалпына келтіру керек. Иілмелі түіндерді радиусы бойынша құру үшін Radius ауыстырып қосқышын қою керек.

3. Базалық қисық шеңбер қалыпты болу үшін Base Curve бөліміндеге Circle акыстырып қосқышын қосамыз.

4. Warp Count параметрін 3-ке және Warp Heigth параметрін 0,8-ге тең етіп орнатайық. Бұл мәндердің көлемі базалық қисықтың радиусына байланысты.

5. LM-ді түйіннің бастапқы нүктесіне қойып, курсорды жібермей үстап тұрып, жоғары/төмен қозғалтамыз. Тінтуірді радиус өлшемін белгілегеннен кейін жібере саламыз. Radius параметрі Base Curve бөлігінде негіз радиусының өзгерісін көрсетсе, ал Cross Section бөлігіндегі радиус мәні құбырлардың қиылысу радиусын көрсетеді.

6. Түйіндердің қиылысу түйінін шеңберден эллипске ауыстырайық. Ол үшін Cross Section бөлігіндегі Eccentrecity өлшемін баптаңыз. Құрылған иілмелі түйіндер 1.6-суреттегідей түрге енеді. Базалық қисық үшөлшемді түйіннің түріне енуі үшін Base Curve бөлігіндегі Knot ауыстырып қосқышын қосу керек.

 

1.5-сурет. Иілмелі түйіндердің параметрлері кестесі.

 

7. Басқа конфигурациялы параметрлер арқылы тағы бір түйін құрастырайық. Knot ауыстырып қосқышын қосып, мынадай параметрлерді беріңіз: Р=2, Q=3. Нәтижесі 1.6 – суретте көрсетілген.

 

1.6-сурет. Нәтижесі

 

P және Q параметрлері иілгіш түйіндердің айналма санын анықтайды. Тура осылай Twist,Lump Height және Lump Offset параметрін баптаймыз.

1.7-сурет. 1.8-сурет.

2, 3-дәріс. Материалдарды тағайындау.

Жоспар:

· Материалдарды редактрлеу

· Жарық көздерін құру

· Жарық параметрлерін баптау







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.