Здавалка
Главная | Обратная связь

Белгіленген объектілер жиынын блоктау.



Объектілер тобын белгілеп блоктауға болады.

1. Конус пен сфераны белгілеп алыңыз.

2. экранның төменгі жағындағы жағдайлар тізіміндегі кілт пиктограммасы бар Lock Selection Set (Блокировка выделенной группы) батырмасында LM-ді шертіңіз. Блоктауды іске қосқаннан кейін батырма сары түске боялады. Блоктау алынып тасталғанша жаңа объектіні белгілеуге, алып тастауға болмайды. Блоктауды сол батырманы басу арқылы алып тастауға болады.

3. Lock Selection Set (Блокировка выделенной группы) батырмасында LM-ді шертіңіз де блоктауды алып тастаңыз.

 

8-дәріс. Объект топтары

Жоспар:

· Объектілерді топтау

· Объектілерді дубльдеу

· Объектіні айналдыру мен масштабтау

Объектілерді топтау

Топ дегеніміз – объектілерді топтағаннан кейін бір объект ретінде қолданылуы. Бір объектіге қолданылатын өзгерістер топқа әсер етеді. Сахнаның құрамындағы топтар мөлшерін өз еркіңізше өзгерте аласыз. Кірістірілген топтар құруға да болады, яғни топ ішінде топты шексіз мөлшерде құруға мүмкіндік бар.

1. Барлық үш объектіні белгілеп алыңыз да Draw (Рисовать) мәзірін таңдаңыз оның Group (Группа) командасын, содан кейін Create(Сгруппировать) командасын таңдаңыз. Текстік өрісі бар диалогтық терезе ашылады (8.1-сурет), онда топтың атын беруге болады. Үнсіз жағдайда топқа Group1, Group2және т.б.

8.1-сурет. Объектілерді топтау диалогтық терезесі.

 

2. OK батырмасында LM-ді шертіңіз.

3. Group (Группа) мәзірінде Open (Открыть) командасын белгілеңіз. Барлық үш объекті де блоктан шығарылады.

4. Group (Группа) мәзірінде Close (Закрыть) командасын белгілеңіз.

Объектілердің орнын ауыстыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

1. Құрал саймандар тақтасынан Select and Move батырмасында LM-ді басыңыз.

2. Курсорды конусқа апарып LM –ді шертіңіз.

3. Курсор Select and Move батырмасындағы сурет түріне ауысады.

4. Батырманы жібермей объекті орнын ауыстырыңыз. Орын ауыстырудың нәтижесі 8.2-суретте көрсетілген. Орын ауыстырғанна кейін объект белгіленген қалпында қалады. Басқа проекция терезесіне ауысып жұмысты жалғастыра беріңіз.

8.2-сурет. Объектінің орын ауыстыруына мысал.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.