Здавалка
Главная | Обратная связь

Отан – отбасынан басталады. 1 страница



Астана

1. Курс оқытушысы: практикалық қазақ тілі кафедрасының доценттері, ф.ғ.к. А.А.Мұсабекова, Қ.Е.Тілешова, аға оқытушы Ә.Қ.Мағзұмбекова.

Байланыс телефоны: 56-24

2. Курс атауы: Қазақ тілі. Курстың коды: K (R) Ya 1105. Кредит саны – 6

3. Оқу пәнінің мен орны: кесте бойынша

4. Оқу пәнінің пререквизиттері«Қазақ тілі» пәні студенттердің орта мектепте мемлекеттік тіл бойынша игерген білім, білік дағдыларын одан әрі толықтырып, дамытады. Және студенттердің таңдап алған мамандықтарына сай кәсіби тілдің өзіндік ерекшеліктерін үйретіп, оны қатынас құралы ретінде меңгертуге бағытталады.

Постреквизиттері (деректемелері):«Қазақ тілі» пәні студенттердің орта мектепте мемлекеттік тіл бойынша игерген білім, білік дағдыларын одан әрі толықтырып, дамытады. Және студенттерге қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін үйретіп, оны қатынас құралы ретінде меңгертуге бағытталады.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы.

5.1. Оқу пәнінің мазмұны:Практикалық қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі. Қазақ тіліне қатысты теориялық мәселелерге қоса, қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, мәтіндермен жұмыс жасау, көркем әдебиеттерден үзінділер оқытып, мемлекеттік тілде еркін және сауатты жазуға төселдіру. Аударма жұмыстарына дағдыландыру.

5.2. Оқу пәнінің мақсаты: Қазақ тілін оқытудың жалпы мақсаты – жоғары оқу орнының студенттеріне мемлекеттік тілді қатысымдық қырынан меңгерту. Тілді қатысымдық тұрғыда меңгеру олардың өздерінің сөздік қорын тұрмыс-тіршілікте , қоғамдық әлеуметтік салада және оқу үрдісінде еркін пайдаланып, сауатты жаза білуінде көрініс береді.

5.3. Оқу пәнінің міндеттері.

- мемлекеттік тілді меңгеру азаматтық борыш екендігін ұғындыру;

- қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін, қажетті сөздік қорын ұғына білу-тілді еркін меңгеруге жетелейтіндігін дәлелдеу;

- қазақ тілі – көркем, оралымды, бай тіл екендігін таныту.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

І семестр

Апта Тақырып аты Сағат саны БӨЖ тапсырмалары
Отан отбасынан басталады. Фонетика. Орфография. Екпін. Үндестік заңы. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Отан, ел туралы мақал-мәтелдер.
Жас отбасы және дәстүр. Ілік септік. Күрделі сөздер.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.). Әдептілік әлемінде.
  Қазіргі тұрғын үй. Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Ұлттық киіз үй жабдықтары.
Мінез және келбет. Етістіктің шақтары.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Адамның сыртқы келбеті.
Уақыт және адам. Есептік сан есім.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Уақыт алтыннан қымбат. Эссе.
Бос уақыт және қызығушылық. Реттік сан есім. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Ұлылардың хоббиі.
Денсаулық – зор байлық Есімшенің өткен шағы.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Салауатты өмір салты.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары    
Менің Отаным Қазақстан. Жалпы және жалқы есімдер.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Менің туған қалам. Эссе.
Тәуелсіздік тұғыры. Шылау, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Тіл туралы заңдар.
Халықаралық қатынастар. Сын есім, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Қазақстанның сыртқы саясаты.
Мен елімнің патриотымын. Есімдік, оның түрлері.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Патриоттық өлеңдер (жаттау)
Елордасы Астана. Етіс, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Астана қаласына арналған өлеңдер
Мемлекеттік тіл. Жалғаулықтар. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Тіл туралы ғалымдар пікірі.
Ұлттық дәстүр. Зат есім тудырушы жұрнақтар.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Ұлттық дәстүріміз туралы не білеміз
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары.    
Ұлттық мәдениет. Қос сөз және біріккен сөздер. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Қаладағы ұлттық мұражайлар  

Барлығы практ. 45 сағат., БОӨЖ-45 сағ., БӨЖ-45 сағ.

ІІ семестр

Апта Тақырып аты Сағат саны БӨЖ тапсырмалары
Қазақ өнері. Шылау Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Өнердің түрлері
Ұлттық әдебиет. Септеулік шылау   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.). Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері
  Классикалық әдебиет. Есімше.   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Классик жазушылардың шығармаларымен танысу.
Мен және қоршаған орта. Үстеу, оның түрлері. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Менің жерімнің табиғаты. Эссе.
Адам және табиғат Көсемше Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Қазақстан экологиясы
Саяхат және туризм Сан есім, оның түрлері Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Әйгілі саяхатшылар
Қазақстанның көрікті жерлері. Сын есімнің шырайлары. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Туған өлкеңді таны.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары.    
Менің мамандығым.Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Мамандық таңдау
Басшы келбеті.Ыңғайлас салалас   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Басшы және ұжым
Қоғам және жастар Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Жастардың қоғамдық ұйымдары
Қазақстан әлемдік кеңістікте Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Қазақстан және әлемдік ұйымдар
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Тәуелсіздік жетістіктері
Қазақстандағы білім беру жүйесі Себеп бағыныңқылы сабақтас Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Білім беру жүйесіндегі реформалар
Білім де бәсекеге түседі Аралас құрмалас сөйлем Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Оқу, білім туралы қанатты сөздер.
  Аралық бақылау. Тест тапсырмалары    
15. Ғылым мен техника Мақсат бағыныңқы сабақтас   Практ.- (3 сағ.) БОӨЖ – (3 сағ.) БӨЖ – (3сағ.) Қазақстандағы белгілі ғалымдар.

Барлығы практ. 45 сағат., БОӨЖ-45 сағ., БӨЖ-45 сағ.

 

6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1. З.С. Күзекова Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарына арналған.

Таным Астана: 2003 ж.

2. З.С. Күзекова Қазақ тілі практикумы. Грамматикалық жаттығулар жинағы.

«ІС-Сервис» ЖШС, 2010ж

3. Астана. Энциклопедия. Алматы: Атамұра, 2008

4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2010

5. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2001

6.2. Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақстан . Ұлттық энциклопедия. Алматы, 1998-2007

2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы, 2000

7. Білімді бағалау

Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау, тестілеу түрінде екі аралық бақылау; ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.

Ағымдық бақылау 20%

БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын бақылау 20%

Аралық бақылау (тест тапсырмалары) 20 %

Ағымдық және аралық бақылау 60%

Қорытынды бақылау 40%

Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Әріптік жүйе бойынша баға Сандық эквивалент % мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 үздік үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы жақсы жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 0-49 қанағаттанарлықсыз

8. Оқу тәртібінің саясаты. Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.

Қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін практикалық сабақтар барысында БОӨЖ, БӨЖ тапсырмаларының орындалу деңгейі нәтижесінде ағымдық, аралық бақылау алынады. Ағымдық бақылау өткен немесе жаңа тақырып бойынша дербес, топтық, жалпы сұрақ-жауап, жазба жұмыстары түрінде өткізіледі.

Оқу үдерісінің 7, 14 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: коллоквиум және тест жұмысы.

Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.

Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.

 

ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК

Академиялық сағат – білім алушының оқытушымен бірге бекітілген кесте бойынша оқу сабақтарының барлық түрінде (аудиториялық жұмыс) немесе жекелей өткізетін жұмыс уақыты;

Белсенді үлестірмелі материал(БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);

Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық бақылау нәтижелері бойынша белгіленетін білім алушының пәннің оқу бағдарламасын меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;

Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;

Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;

Білім алушының оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы(ары қарай – БОӨЖ) – білім алушының бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен өткізілетін аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына байланысты ол мынадай түрлерге бөлінеді: студенттің оқытушының жетекшілігімен өткізетін өздік жұмысы (ары қарай – СОӨЖ), магистранттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – МОӨЖ) және докторанттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – ДОӨЖ);

Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;

Білім алушының үлгерімін ағымдық бақылау– академиялық кезең үрдісінде оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының өткізген аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білім алушының білімін жүйелі тексеру;

Демонстрация(лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.

Диалог –екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.

Дискуссия(лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.

Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.

Жазылым– сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.

Жеке оқу жоспары – типтік оқу жоспары мен таңдау пәндері каталогының негізінде әр оқу жылына эдвайзердің көмегімен білім алушының өзі құрастыратын оқу жоспары;

Жұмыс оқу жоспары – білім беру ұйымдары мамандықтың типтік оқу жоспары мен білім алушының жеке оқу жоспары негізінде жасайтын құжат;

Кезеңдік бақылау – оқу пәнінің бөлігін (модульді) аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқу жетістігін бақылау;

Кредит(Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі;

Қорытынды бақылау – аралық аттестаттау кезеңінде емтихан түрінде өткізілген оқу пәнінің бағдарламасын меңгеруін бағалау сапасы мақсатында білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңде оқытылса, онда қорытынды бақылау белгілі академиялық кезеңде оқытылған бөлімі бойынша өткізіледі;

Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.

Оқудағы жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі– халықаралық тәжірибедегі әріптік жүйеге сәйкес қабылданған және білім алушының рейтингісін анықтайтын оқудағы жетістіктері деңгейін баллмен бағалау жүйесі;

Оқу пәнінің саясаты(грек. Politike – мемлекетті басқару өнері) – оқытушының пәнді оқыту барысында студентке қоятын талап деңгейінің жүйесі.

Оқылым- өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.

Пәннің бағдарламасы (Syllabus) – пәннің қысқаша бағдарламасы, оның құрамында оқытылатын пәннің сипаттамасы, пәннің мақсаты мен міндеттері, оның қысқаша мазмұны, тақырыптар мен оларды оқу мерзімі, өздік жұмыс тапсырмалары, кеңес беру уақыты, білім алушының білімін тексеру кестесі, оқытушы талаптары, білім алушының білімін бағалау ұстанымдары және әдебиет тізімі беріледі;

Пәннің сипаттамасы(Course Description) – пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлемнен тұрады), онда пәннің мақсаты, міндеттері және мазмұны сипатталады;

Презентация(лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.

Силлабус(лат. Syllabus – қадам, саты) - әрбір пән бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы.

Семинар – (лат. Seminarum - орда) – жоғарғы оқу орындарындағы практикалық сабақ. Семинар сабақтың мақсаты – оқу пәнін тереңдетіп оқыту.

Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.

Типтік оқу жоспары – білім берудің кәсіби оқу бағдарламасының оқу пәндерінің көлемі мен тізбесін, олардың оқытылу тәртібі мен бақылау формасын белгілеп беретін құжат;

Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.

Тьютор – нақты пәнді меңгеруде білім алушының академиялық кеңесшісі рөліндегі оқытушы;

Тренинг – студенттің өзін-өзі танудағы білімі мен дағдысын қалыптастырудың, топтағы адамдармен қарым-қатынастық әдіс жиынтығы. Тренингтің негізгі құралдары топтық дискуссия және рөлдік ойындар болып табылады.

Үлгерімнің орташа балы(Grade Point Average - GPA) – таңдалған бағдарлама бойынша білім алушының бір оқу жылындағы оқудағы жетістіктер деңгейінің орташа есептелген бағасы (барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау бағаларының сандық эквивалентінің кредиттерін ағымдық оқу кезеңіндегі кредиттердің жалпы санына шаққандағы есебі);

 

І Қатысымның әлеуметтік-тұрмыстық саласы

Отан – отбасынан басталады.

1.1. Сәлем – сөздің анасы

Грамматика: Фонетика. Үндестік заңы.

1.1.1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті.

Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді.

Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. Алыс пен жақынды танытатын, жақсыдан үлгі алдырып, көңіліндегі ой-түрткі сезімдерден арылтатын сәлем емес пе?!

Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

 

Жаңа сөздермен танысыңыз.

Лебіз –внимание талғам – вкус

Қасиет – качество әдептілік – воспитанность







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.