Здавалка
Главная | Обратная связь

Отан – отбасынан басталады. 2 страница



Дәнекер – связь ағайын-туыс – родственники

Ата салты – традиции жат – чужой

 

1.1.2. Қазақ тілінде амандасудың бірнеше нұсқасы бар.

 

 

- Ассалаумағалайкүм!

- Уағалайкүмассалам!

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлемет пе?

- Амансыз ба?

- Шүкір, аманшылық.

- Қалайсыз?

- Жақсы.

- Жағдайыңыз қалай?

- Рақмет, жаман емес.

1.1.3. Еске түсіріңіз.

Қазақ алфавиті 33 орыс әрпінен және 9 қазақ әрпінен тұрады. Қазақ әріптері мыналар: ә, і, ө, ұ, ү, ң, ғ, қ, һ.

Олар төмендегіше жіктеледі:

Дауысты дыбыстар

1) Жуан дауысты дыбыстар – а, о, у, ұ, ы, /ю, я, ё/

2) Жіңішке дауысты дыбыстар – ә, е, и, ө, ү, і, /э/

Дауыссыз дыбыстар

1) Қатаң дауыссыз дыбыстар – к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ

2) Ұяң дауыссыз дыбыстар – б, в, г, ғ, д, ж, з

3) Үнді дауыссыз дыбыстар – л, м, н, ң, р, й / у

1.1.4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.

 

А: Ана, аға, ата, астана, аң, асық, ақыл.

У: Укол, ультрадыбыс, ультракүлгін, уролог, уқалау, улы газ.

Ұ: Ұя, ұйықтау, ұйқы, ұзын, ұнату, ұят.

Ы: Таза, қайшы, қызыл, пышақ, зауыт, қызылша, сырқат.

О: Осал, отыз, омыртқа, ояу, отыр, шомылу.

1.1.5. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - дем тілек тілейді екен.

Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.

Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.

Ж.Бейсембаев.

1.1.6. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.

 

Сырттан кірген адамның дауыстап сәлем беруі –

Қолын кеудесіне салып, басын иіп сәлемдесу –

Қос қолдап сәлемдесу –

Төс қағыстырып сәлемдесу –

Тізе бүгіп иіліп сәлем беру –

Бауырына басып, бетінен, маңдайынан сүю –

Маңдайына ернін тигізу –

1.1.7. Төмендегі сәлемдесу ұнамды әдетке жата ма?

 

Сәлемді селқос қабылдау, сәлемдескенде қолының ұшын ғана беру, жақтырмаған кейіп таныту, сәлемдескенде қабағын түнерту, жүзін суытып, сүйкімсіз тыржиту, естілер-естілмес сәлем беру.

 

1.1.8. Мақалдарды еске сақтаңыз

v Сәлем – сөздің атасы.

\

v Сәлеміне қарап, кісіні таны.

1.1.9. Жағдай сұрау:

 

- Қалың қалай? – Қалыңыз қалай?

- Қалыңыз жақсы ма? Как ваши дела?

- Хал - жағдайыңыз қалай?

- Хал - ахуалыңыз қалай?

- Деңсаулығыңыз қалай? Как ваше здоровье?

- Деңсаулық жақсы ма?

- Тәуірсіз бе?

- Көңіл – күйіңіз қалай?

Жақсы – хорошо

Өте жақсы – очень хорошо

Жаман емес – неплохо

Ойдағыдай – благополучно

Тамаша – прекрасно

Тәуірмін – мне лучше (выздоравливаю)

 

 

Шүкір Слава богу, помаленьку Құдайға шүкір

Шүкіршілік Құдай деп

 

1.1.10. Бос орындарға а, ә, о, ө, і, и, ұ, ү дауысты дыбыстарын қойыңыз, аудармасын есте сақтаңыз.

(а, ә)т...бет (аппетит), т...уелсіздік (независимость), ...урухана (больница), ...уыру (болеть), д...рігер (врач), ж...рдем (помощь).

(о, ө) ...кпе (легкие), ж...л (дорога), к...з (глаза), ...т (огонь), қ...л (рука), ж...лдама (направление).

(і, и) т...с (зуб), ...т (собака), түс...ну (понимать), дәр... (лекарство), ...р... (крупный), з...ян (вредный).

(ұ, ү) ж...рек (сердце), қ...лақ (ухо), м...рын (нос), т...мау (грипп), м...гедек (инвалид).

 

Танысу.

- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім?

- Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?

- Мен де осы университетте оқимын. Есімін – Айдар. Сіз қай факультетте оқисыз?

- Мен филология факультетінде оқимын. Ал, сіз ше?

- Мен инженер-құрылыс факультетінде оқимын. Сіздің мамандығыңыз қандай?

- Журналистика. Сіздің мамандығыңыз ше?

- Жылу энергетикасы мамандығы.

- Мен сабаққа кіремін, Айдар. Танысқаныма қуаныштымын. Сау болыңыз.

- Мен де қуаныштымын, Аяулым. Хабарласып тұрайық. Сау болыңыз.

 

Үндесу /Сингармонизм.

Егер сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады. Ал, сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады.

Мысалы: мектеп-тер, бала-лар, кітап-тар и т.д.

1.1.12. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Мұғалімдер жағалап Қырғызбайдың үйіне келді. Аттан түседі.

- Ассалаумағалейүм!

- Әліксәлем! Қай балаларсыңдар? Жол болсын? – дейді Қырғызбай.

- Әлей болсын. Оқуға түсетін балалардың тізімін алып жүрміз,- дейді Әлібек деген қазағы. – Оқу жасында балаларыңыз бар ма?

Шал ойланып қалады. Өз кіндігінен оқуға түсер бала жоқ. Ал Тұрардың оқуға дер шағы. Бірақ оны жұрт көзінен тасалап жүргенде, жария етіп не жыны бар?

- Қандай оқу, қарағым?

- Оу, отағасы, естімеп пе едіңіз, таяуда Әулие ата оязының өзі келіп, жеті болыс Меркеге арнап орысша-мұсылманша мектеп аштырып кетті ғой. Мектеп үшін Айбар байдың үйін сатып алды.

- Ал, ол оқу не береді?

- Не береді! Балаңыз сот, прокурор болады.

Шал сескеніп қалды. Сот, прокурордан үркек. Оған шатасар жайы жоқ.

- Бізде оқуға беретін бала жоқ, қарағым, - Қырғызбай қипақтай береді.

Бұл әңгімені естіген Салиха бәйбіше ... ернін сылп еткізіп, бетін шымшыды.

- О не дегенің, байғұс-ау, алжиын дедің бе? Тұрарды қайтесің? Ол бала емес пе екен?... Мен шақырып келейін... Тұрар! А, Тұрар! Қайдасың? Шапшаң кел үйге!

 

Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе»

 

1.1.13. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңыз.

 

Қай балаларсыңдар? -

Жол болсын? -

Өз кіндігінен -

Оқуға дер шағы -

Не жыны бар?-

Отағасы –

Үркек –

Оған шатасар жайы жоқ –

 

1.1.14. Cұрақтарға, жақшадағы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жауап беріңіз.

· Қырғызбай атаның үйіне келгендердің мақсаты не еді? (балалар, оқу, жинау)

· Ата Тұрарды неліктен жасырды деп ойлайсыз? (Рысқұл, бала)

· Салиха әже неліктен Тұрарды шақырды? (білім алу)

· Бұл қай кезең деп ойлайсыз? (кеңес, алғашқы жыл)

1.1.15. Жіктік жалғауларды есте сақтаңыз.

 

Жақтар Жіктеу есімдіктері (жекеше түрі)   Жіктік жалғаулары Жіктеу есімдіктері (көпше түрі)   Жіктік жалғаулары
І Мен -мын,-мін,-бын, -бін,-пын,-пін Жақсы+мын, ұстаз+бын, студент+пін Біз   -мыз, -міз, -быз, -біз,пыз, -піз Жақсы+мыз, ұстаз+быз студент+піз
ІІ Сен -сың, -сің Жақсы+сың, ұстаз+сың, студент+сің Сендер -сыңдар, -сіңдер Жақсы+сыңдар, ұстаз+сыңдар, студент+сіңдер
Сыпайы түрі Сіз -сыз, -сіз Жақсы+сыз, ұстаз+сыз, студент+сіз Сіздер -сыздар, -сіздер Жақсы+сыздар, ұстаз+сыздар, студент+сіздер
ІІІ Ол - Жақсы, ұстаз, студент Олар - Жақсы, ұстаз, студент

1.1.16. Жіктеу есімдіктері және жіктелу үлгілеріне мысалға назар аударыңыз.

 

Единств. числоМножеств. число

 

І Мен дәрігер-мін, азамат-пын Біз дәрігер-міз, азамат-пыз

ІІ Сен дәрігер-сің, азамат-сың Сендер дәрігер-сіңдер, азамат-сыңдар

Сіз дәрігер-сіз, азамат-сыз Сіздер дәрігер-сіздер, азамат-сыздар

ІІІ Ол дәрігер, ол азамат Олар – дәрігер-лер, азамат-тар

 

 

Есте сақтаңыз: отыр (сидит), тұр(стоит), жатыр (лежит), жүр (ходит) көмекші етістіктері де осылай жіктеледі.

1.1.17. Төмендегі көмекші етістіктерді жіктеп жаттығыңыз.

Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін

Сен отыр ..., тұр ... , жатыр ... , жүр ... .

Сіз отыр... , тұр... , жатыр... , жүр... .

Ол отыр... , тұр... , жатыр... , жүр... .

 

1.1.18.Мәтінді оқып,

Оқыңыз, қызық!

 

· Орта ғасырлар кезінде ел кезген сері–рыцарлар үйдің босағасынан аттай бере темір дулығаларын шешіп, өздерінің үй иесіне сенетіндігін, оны құрмет тұтатынын білдіреді екен. Бұл дағды біздің сәлемдесу салтымыздың бір белгісі ретінде қалып қойды. Амандасқанда, үйге кіргенде бас киімді алу – ежелден келе жатқан салт.

· Тибеттіктер бір-бірімен сәлемдескенде, оң қолымен бас киімін шешіп, сол қолын құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен.

· Жапондардың амандасу салтында үш түрлі тәжім ету рәсімі бар: төмен, орташа және жеңіл иілу.

· Үнділер екі алақанды біріктіріп, маңдайға тигізіп, бас иеді.

· Түркі тектес кейбір халықтардың ескі дәстүрінде келіндер жолы үлкен адамдар үйге енгенде, оң тізесіне екі қолын тигізіп, сол аяғын бүгіп, үш рет сәлем беретін болған. Қазір де ауылдық жерлерде жас келіндер екі қолын қусырып, иіліп ізет жасайды. Мұндай сәттерде оларға: «Көп жаса, қарағым!» - деп рақмет айтады.

· Халықаралық этикет бойынша, бірінші болып жасы үлкен – кішіге, әйел – еркекке, ұстаз – шәкіртіне, бастық – қызметкеріне қол ұсыну жүйеленген. «Міне, мен саған бірінші болып қолымды ұсынып отырмын, бұл саған деген ниетімнің дұрыс екенін көрсетеді» деген пейіл абы бар онда.

Ж.Бейсенбаев.

1.1.19. Төмендегі сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Сәлем берді – Амандасты, саулық сұрасты.

Сәлемдеме берді – сыйлыққа зат беріп жіберді.

Сәлемі түзу – Ниеті дұрыс, көңілі жақсы.

 

1.1.20. Төменде берілген жіктеу үлгісін жалғастырыңыз.

І Мен атама сәлемдестім Біз атамызға сәлемдестік

ІІ Сен Сендер

Сып.

түрі Сіз Сіздер

ІІІ Ол Олар

 

1.1.21. Жағдаяттық әңгіме.

А) Алыстан әжеңіз келді. Амандасыңыз, хал-жағдайын сұраңыз.

Ә) Әріптесіңізбен танысыңыз.

Б) Курстасыңызбен 20 жылда кездестіңіз. Амандасыңыз, хал-жайын сұраңыз.

 

1.1.22. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Таңертең қалай сәлемдеседі?

А. Кеш жарық!

Ә. Қайырлы таң!

Б. Қайырлы күн!

2. Күндіз қалай амандасады?

А. Қайырлы кеш!

Ә. Сәлеметсіз бе?

Б. Жайлы жатып, жайлы тұрыңыз!

3. «Жолыңыз болсын» сөз тіркесінің орысша баламасын табыңыз.

А. Счастливого пути!

Ә. До встречи!

Б. Будем знакомы!

4. «Танысқаныма қуаныштымын» сөз тіркесінің орысша баламасын табыңыз.

А. Добрый вечер!

Ә. Рад познакомиться!

Б. Будем знакомы!

5. «Жақын» сөзінің антонимі

А. алыс

Ә. Таяу

Б. алыс емес

7. Мақалды аяқтаңыз.

Алыстан алты жасар бала келсе, .................

А. алпыс адам сәлем береді

Ә. алпыстағы шал сәлем береді

Б. алпыс рет сәлем бер

 

1.2. Отбасы – шағын мемлекет.

Грамматика. Септік жалғаулары. Ілік септігі және тәуелдік жалғау.

1.2.1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіздің отбасыңыз үлкен бе?

2.Отбасыңызда неше адам бар?

3. Сіздің анаңыздың жасы нешеде?

4. Анаңыз кіммен тұрады?

5. Қандай туыстарыңыз бар?

6. Сіздің қанша балаңыз бар, олардың жасы қаншада?

 

1.2.2. Мәтінді оқып, мазмұндап айтыңыз.

Отбасы

 

Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.

Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел – оның серігі, көмекшісі. Ер-азамат – шаңырақ иесі, әйел – отбасының алтын қазығы.

Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлыңша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра».

Қазақ отбасындағы ең жақсы дәстүрлердің бірі – балаға ата-бабасын, яғни жеті атасын және нағашы жұртын таныстырып отыру. Ата-ана баласына кіммен (қай румен) тұрмыс құруға болатынын айтып отырады.

Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде, түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасайды. Бұл – «бұдан былай аталастарға қыз алысуға болады» деп бата беру деген сөз.

(«Қазақтың салт-дәстүрлері»)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Отбасы дегенді қалай түсінесіз?

2. Отбасында әйел мен ер кісінің орны қандай?

3. Отбасындағы балалар тәрбиесі жайлы не айтасыз?

4. Жеті ата дегенді білесіз бе?

 

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

 

Дәстүр – традиция

Тұлға – личность

Шаңырақ иесі – хозяин дома

Құл – слуга

Боз қасқа – конь

Аталас – родные по крови

 

Тапсырма. Сөздікті пайдаланып, туыстық атаулардың анықтамасын дұрыс тауып, сәйкестендіріңіз.

1. Ата а. болашақ жар, ана

2. Әже ә. әкенің әкесі

3. Әке б. ата-анадан тараған ұрпақтар

4. Ана в. әкенің шешесі

5. Бала г. өзіңді өмірге әкелген,

ақ сүтін берген адам

6. Қыз ғ. үй басшысы, асыраушысы

 

1.2.3. Сұраққа жауап жазыңыз.

 

- Сіздің кіміңіз бар?

- Олардың жасы нешеде?

- Олар не істейді?

1.2.4. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

 

1.2.5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіздің отбасыңыз үлкен қалада тұра ма, әлде кішкентай қалада тұра ма?

«Шаңырақ», «отбасы» деген сөздердің қандай байланысы бар?

Сіз қандай үйде тұрасыз, жеке үйде ме, әлде мемлекеттің пәтерінде ме?

Сіздің пәтеріңіз қай қабатта, төменде ме, әлде жоғары қабатта ма?

«Шаңырағың биік болсын!» деп қандай жағдайда айтылады?

Сіздің қарындасыңыз қайда оқиды, университетте ме, әлде колледжде ме?

Сіз университетті бітірген соң жұмыс істейсіз бе, әлде магистратураға оқуға түсесіз бе?

Сіз отбасын құрдыңыз ба, әлде құрған жоқсыз ба?

 

 

1.2.6. Көп нүктенің орнына тиісті ы, і әріптерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Б...зд...ң отбас...м...з тату тұрад... . Анам қ...здар... мен кел...ндер...н, немерелер...н жақс... көред... . Б...з жаз айлар...нда қалан...ң с...рт...на ш...ғ...п демалам...з. Қала с...рт...нда демалат...н ор...ндар көп. Таудан аққан өзенн...ң жағасы тым әсем, көр...кт... . Онда аласа талдар өзенд... көмкер...п тұрад... . Әр...ректе көкпеңбек жаз...қ дала. Онда мал жай...л...п жүред... . Малд... ау...лда б...зд...ң ту...стар...м...з бар. Б...з оларға да бар...п сәлемдесеміз.

1.2.7. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Мен 1973-шы жылы Қарағанды қаласында дүниеге келдім, ал сіз ше?

2.1979-1988 жылдары Керімбай болыс атындағы орта мектепте оқыдым, сіз ше?

3.1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түстім, ал сіз ше?

4.Мен институтты «заңгер» мамандығы бойынша бітірдім, сіз ше?

 

Еске түсіріңіз: қазақ тілінде сұраулық мағынаны білдіретін сұраулық демеуліктері - ма, ме, ба, бе, па, пе.

1.2.8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіздің атыңыз кім? 2.Өзіңіздің жасыңыз нешеде? 3.Сіз оқисыз ба, жұмыс істейсіз бе? 4.Өзіңнің отбасың бар ма? 5.Әкеңіздің аты кім? 6. Әкеңіз жұмыс істей ме? 7.Омардың жасы нешеде? 8. Сіздің пәтеріңіз қай қабатта? 9. Өзіңіздің үйіңіз жылы ма? 10. Сіздің отбасыңыз үлкен бе, кіші ме? 11.Сіздің балаңыз бар ма? Өздерің қайдансыңдар?

 

 

1.2.9. Сұрақтарға иә, жоқ, емес сөздерін қосып, жазбаша жауап беріңіз.

Үлгі: Мынау сенің кітабың ба? Жоқ, бұл менің кітабым емес, Омардың кітабы.

 

1. Ана кісі Айнұрдың атасы ма?

2. Мынау сенің қаламың ба, әлде (или) менің қаламым ба?

3. Алманың көйлегі қызыл ма, қоңыр ма?

4. Жазда Алматыға барасың ба, бармайсың ба?

5. Сенің әжең ауылда ма, осында ма?

 

1.2.10. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ботагөздің үш ағасы бар еді. Балтабек – ең үлкені. Айбала – соның келіншегі. Екінші – Темірбек – ортаншы ағасы. Кенжетай – кіші ағасы. Кенжетай жалданып, қазынаның жәмшігін айдайды. Ағайынды бұл үшеуінің де жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Әкелері Тұяқ ерте өлген. Шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бес шамасындағы кісі. Ол ауылдағы Кенжетай мен Темірбектің қолында тұрады. Шаруалары кедей. Балтабек Бурабай қаласында темір соғады, етікшілік кәсібін істейді. Ботагөз солардың қолында тұрып, орыс школында оқиды.

«Кенжетай келді» деп ойлаған Ботагөз, оны қарсы алмақ боп үйден шықса, есік алдында Айбала жүр екен.

- Еркем! – деді ол дыбыс беріп.

Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деп үлгірмей, жүгірісін кілт доғарып, жалт қарады.

- Қайда барасың, еркем?

- Кенжетай келді білем.

- Апаңды сағындың ба?..

Көптен көрмегендіктен Ботагөз апасын сағынған. Сондықтан Айбаланың «Апаңды сағындың ба?» - деген сөзі Ботагөздің жүрегіне тық ете түсіп, көзіне жасы келіп қалды. Оны Айбала көрмесін дегендей, Ботагөз жүгіре жөнелді.

 

С.Мұқанов. «Ботагөз» романынан.

1.2.11.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Ботагөздің отбасы жайлы не білесіз?

2) Ботагөз жетім бе? Анасына сипаттама беріңіз.

3) Ботагөз қайда тұрады, кіммен бірге?

4) Ботагөздің жеңгесі кім, ол қандай адам?

5) Боагөз неге ұялды?

 

1.2.12. Мәтіннен ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы тіркескен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.

Үлгі: Ботагөздің үш ағасы, ...







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.