Здавалка
Главная | Обратная связь

Сурет. ВС-1 виброелегі



 

Вс-1 виброелегі екі кассетаға бекітілген елек торымен жабдықталған және онда 0,16х0,16; 0,2х0,2; 0,25х0,25; 0,4х0,4; 0,9х0,9мм өлшемді ұяшықтары бар елек торлары қолданылады. Бірінші елек торы көлденең орналасады, ал екіншісі –горизонтқа шамамен 5º көлбеу орналасады. Әрбір елек торының көлденең керілуі серіппелі болттар көмегімен 50 кН дейінгі күшпен жүзеге асырылады. Елек торларының тербелу траекториясы – эллипстік. Ең үлкен қос амплитуда 8 мм, тербелу жиілігі минутына 1130 және 1040. Елек торының жұмыс беті ауданы 2,7 м2.

ВС-1 виброелегі 0,16х0,16 мм ұяшықты торы арқылы 40 л/с мөлшердегі суды және 10 л/с кем емес мөлшердегі бұрғылау ерітіндісін өткізуге қабілетті. 0,9х0,9 мм ұяшықты торды қолдану кезінде виброелектің өткізу қабілеттілігі 100 л/с асады. Виброелек массасы 1800 кг, ұзындығы 3м, ені 1,85 м, биіктігі 1,64м.

Шетелдік тәжірибеде ірі шламдарды тазалайтын механикалық жабдықтарға үлкен көңіл аударады. АҚШ-тың бірнеше фирмалары виброелектердің бірқабатты, екі- үшқабатты, екіярусты, үшярусты, екісатылы т.с.с. түрлерін шығарады.

Гидроциклон механикалық қоспалардан флюидтерді тазалау үшін қолданылатын, күрделі аппараттардың бірі болып табылады. Оның кез-келген геометриялық өлшемін өзгерту кезінде технологиялық сипаттамасы өзгереді.

Гироциклонды шламайырғыштарды шартты түрде құм- және илайырғыштарға бөледі. Құмайырғыштар – бұл беруші және ағызушы манифольдымен, диаметрі 150 мм және оданда үлкен болатын, біріккен гидроциклондар батареясы. Илайырғыштар деп 100 мм және оданда кіші диаметрлі гидроциклондардан құралған, жоғарыдағыға ұқсас қондырғыларды айтамыз.

Виброелек сияқты бұл аппараттар кез-келген бұрғылау сораптарының өнімділігі кезінде айналатын барлық бұрғылау ерітіндісін өңдеп үлгеруі керек. Сораптың шектік өнімділігінен құмайырғыш өнімділігі 125% құраса, илайырғыш -150 % құрау керек.

Әдетте гидроциклонды шламайырғыштарды ұңғыны бұрғылап бастаған сәттен бастап қосады. Кондуктор аралығын бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісін тазалау жүйесі толық қуатта жұмыс істеп тұруы керек. Бұрғылау шламын жуу сұйығы құрамынан уақытылы аластаған жағдайда ғана бұрғылау ерітінділерінің параметрлерін тұрақты түрде сақтап қалуға, гидравликалық жабдықтарға қосалқы бөлшектердің артық шығындалуынан қашуға, оқпанды тұрақты сақтауға және қашау жұмысының жоғары көрсеткішіне қол жеткізуге болады.

Отандық тәжірибеде құмайырғыш деп аталатын, ПГК типті шламайырғыш кең қолданыс тапқан. Ол диаметрі 150мм төрт параллель жұмыс жасап тұрған гидроциклондардан тұратын батарея (11.12-сурет).

 

11.12 -сурет. 4 гидроциклоннан құралған 1ПГК құмайырғышы

1ПГК құмайырғышы бұрғылау ерітіндісі құрамынан өлшемдері 60мкм шлам бөлшектерін, ең аз мүмкін шамасы 0,2 МПа қысыммен, 60 л/с дейінгі өнімділікпен, өңдеуге мүмкіндігі бар. Құрылымның жалпы массасы 1310 кг.

Гидроциклонға бұрғылау ерітіндісі вертикаль шламды сораппен беріледі. Гидроциклон батареясы (11.13-сурет) пісірілген рамадан 1, төрт гидроциклоннан 2, өзекшеден 3 және резина жеңі бар төрт иілген құбырдан 4 тұрады.

Раманың ішкі бөлігі науа түрінде және люгі бар, түбі көлбеу етіп орындалған. Алдыңғы бүйіржақ қабырғасында шибер орналасқан. Шибер ашық тұрған кезде құмдық жалғама шеттік беттің жоғарғы жиегі арқылы ағатын шламы бар ерітіндіге батырылады. Шибер ашық кезде шлам люктан оңай ағып тұрады.

Гидроциклон (11.14- сурет) ішіне түгелдей пластмассадан немесе резинадан құйылған конус 3 орналасқан металл тұрқыдан 1, резиналы жалғамадан 5 және металдан жасалған құйғыш жалғамадан тұрады. Гидроциклонның төменгі бөлігіне диаметрі 15 немесе 25 мм тесігі бар резина құмдық жалғама 4 орналастырылған. Ерітінді гидроциклоннан келте құбыр 2 бойымен ағызылады.

 

Сурет. Гидроциклон

 

Вертикаль шламды сорап (11.15-сурет), ашық жұмыс дөңгелегімен 5, қорапта 8 орналасқан батпалы ортадан тепкіш сорап болып келеді және дөңгелек дискілермен 7 қорғалған. Онда тығыздама орнына алынбалы резина төлке 4 қолданылады, ол тек тығыздаманың қызметін атқарып қана қоймай, сонымен бір уақытта сорап білігінің төменгі ұшына 6 тірек болып табылады.

Дөңгелек білігінің негізгі тіректері ретінде екі шарикті мойынтіректер таңдалып, олар сорап тұрқысының жоғарғы 3 бөлігінде айдалатын ертінді деңгейінен жоғары сенімді қорғалып орналасқан.

Сорап жетегі тік орналасқан фланецті электрқозғалтқыштан 1 серпімді саусақты муфта 2 арқылы іске асады. Элекрқозғалтқыш ЦЖ ыдысына бекітуге арналып пісірілген екі цапфалы, екі тіректік кронштейні арқылы сораптың тұрқына бекітіледі.

Қазіргі уақытта ПГ-50 және ПГ-90 маркалы (сандық көрсеткіштер л/с өнімділіктерін көрсетеді) аса сенімді құмайырғыштар қолданылады. Олар формасы бойынша жетілдірілген және тұрақты резиналы элементтерімен ерекшеленеді.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.