Сурет. Электрмагниттік муфта
Электрмагниттік муфталардың техникалық сипаттамалары Муфта түрі........................................................ЭМС-750 МЭП-800 Ілінісу моменті, кН*м: номиналды.................................................7,5 8 пусковой.....................................................16 10 остаточный..................................................- 0,03 Номиналды айналу жиілігі, айн/мин...............750 750 Қозу кернеуі, В..................................................72 130 Қозу қуаты, кВт................................................5,5 0,2 Қозу орамының кедергісі, Ом.........................0,94 54 Қозудың номиналды тогы, А...........................76 1,75 Инерция моменті, кг*м2..................................7,75 2 Масса, кг...........................................................3400 1760 Өлшемдері, мм: ұзындығы................................................1380 1100 ені.............................................................1260 1000 биіктігі.....................................................1120 1000 13-ТАРАУ ЛАҚТЫРУҒА ҚАРСЫ ЖАБДЫҚТАР
Лақтыруға қарсы жабдықтар (ЛҚЖ) ұңғы сағасын сұйықтық пен газды-сұйық қоспасының ашық лақтырулары және бұрғылау, сынау, тексеру және пайдалану барысында фонтандау болмауы үшін саңылаусыздандыруға арналған. Бұл жағдайлардың негізгі себебі - ұңғыдағы сұйықтықпен берілетін қысымнан қабат қысымының жоғары болуы:
рқаб >rgh (13.1)
Қабат қысымы 10 м тереңдікке түскен сайын 0,1 МПа интенсивтілігімен өседі. Алайда, аномальды төмен қысым (АНПД) және аномальды жоғары қысымды (АВПД) қабаттар кездеседі. Фонтандау мен лақтырудың интенсивтілігі қысым айырмашылығының өсуімен жоғарылайды:
Δр = рқаб – rgh (13.2)
ЛҚЖ абслоютті сенімділік пен дайындықтың жоғары дәрежесіне сай болуы керек. Тек сол кезде ғана ұңғыны бұрғылау тізбегі болғанда немесе болмағанда өз уақытында жабуға болады. Сонымен қатар келесі технологиялық операциялардың орындалу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс: - бұрғылау құбырларын құлыптармен, ал шегендеу құбырларын муфтамен қозғау, тарту, бұру; - қабатқа қарсы қысым беретін жуу сұйықтығының жабық циркуляциясы; - қабатқа ерітіндіні бұрғылау немесе цементтеу сорапатарымен айдау. ЛҚЖ құрамына превенторлар, сағалық крестовина, превенторүстілік катушка және превенторлы жабдықтың оқпанды бөлігін құрайтын ажырамалы науа, ЛҚЖ оқпанды бөлігін жабдықтайтын манифольдтер, превенторлар мен манифольдтерді басқаратын станция кіреді. ЛҚЖ ұңғы сағасы мен бұрғылау едені арасында орналасады. Қауіпсіздік ережелері бойынша ЛҚЖ-ны барлау алаңдарын, газоконденсатты, газды және АВПД кен орындарын бұрғылағанда міндетті түрде орнату керек. Ұңғы сағасын кондуктор мен аралық тізбекті түсіргеннен кейін ЛҚЖ-мен жабдықтайды. ЛҚЖ міндетті түрде беріктікке және саңылаусыздыққа сыналады. Беріктікке сынау кезінде сығымдау қысымы (р) рұқсат етілген жұмыс қысымына (рр) байланысты анықталады: - р = 2 рр – өту диаметрі 350 мм және жұмыс қысымы 70 МПа жоғары емес превенторлар үшін; - р = 1,5 рр - өту диаметрі 350 мм-ден жоғары және жұмыс қысымы 70 МПа жоғары превенторлар үшін; р = рр кезінде ЛҚЖ саңылаусыздыққа сыналады. Сенімділікті арттыру үшін ЛҚЖ негізгі элементтердің істен шығуы кезінде олардың функцияларын орындау үшін резервті элементтермен жинақталады. Осылайша ЛҚЖ массасы, өлшемдері және бағасы артады, бірақ сенімділік бірнеше есе өседі. ЛҚЖ басқару пульті ұңғы сағасынан 10 м-ден кем емес арақашықтықта орналасады. Превенторлар мен ысырмаларда олардың жағдайын (ашылуын, жабылуын) арақашықтықтан жақсы бақылайтын құрылғылар болуы керек. Превенторлар Ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін плашкалы, әмбебап және айналмалы превенторларды қолданады. Плашкалы превенторлар (13.1-сурет) мұнай-газ атқылауынан сақтандыру мақсатында ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін қолданылады. Превентор тұрқы 2 шпилькаларға арналған тесіктері бар цилиндрлік фланеці және вертикал өту тесігі бар болат құйма түрінде болады. Шпилькалармен бекітілу – превентордың биіктігін азайтуға мүмкіндік береді, алайда, ЛҚЖ монтаждау кезінде шпилька осі мен фланецтердің тесігінің сәйкесітігін қамтамасыз ететін дәлдікті талап етеді. Тұрқыда плашкаларды 18 орналастыруға арналған көлденең өтпелі қуыс бар. Сыртынан бұл қуыс жақтаулық 1 және 6 қақпақтарымен жабылады. Олар тұрқыға бұрандалармен 5 бекітіледі. Қақпақ пен тұрқы резеңкелі төсемелермен 4 тығыздалады. Плашкалардың превентор тұрқысына жабысып қалмауы үшін қысқы уақытта бу жіберетін түтікшелер 15 орналастырылған. Қақпақтың жақтаулық бетінде шпилькалар арқылы гидроцилиндрлер 7 орнатылады.
©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|