Сурет. Серпімді муфта
12.16-суретте дизельдің иінді білігін бәсеңдеткіш редуктордың білігімен қосуға арналған серпімді муфта көрсетілген. Тісті тәжі 3 бар диск 2 дизельді стартермен қосу үшін дизель білігінің шлицтеріне орнатылады және онда қола конустармен 1, 7 центрленеді.
12.16-сурет. Дизельдің серпімді муфтасы Конустар тығындар көмегімен тартылады, ол дизель білігіне бұрап кіргізілген және конустық тығынмен 13, гайкамен 11, шайбамен 12 қатты бекітілген. Жетектегі стақан 6 редуктордың тезжүргіш білігінің 9 конустық ұшына бекітілген және гайкамен 10 тартылады. Жетекші және жетектегі дискаларда тоғыз саусақ 5, 14 орнатылған, олар жұп-жұбымен пластиналармен 4 қосылады. Серпімді элемент ретінде резиналы жұлдызша қолданылатын муфталар жоғары қолданыстық қасиеттерге ие. Ілінісу муфталары жиі қосулар мен тоқтатуларда, жұмыс режимін өзгерту керек болғанда қолданылады. Айналу моменті ілінісумен (ілінісетін жұдырықшалы және тісті муфталар) немесе үйкеліс күшімен (фрикционды ілінісу муфталары) беріледі. Ілінісетін жұдырықшалы және тісті муфталар екі жарты муфтадан тұрады, олардың біреуі жетекші білікке, ал екіншісі аша мен тіреуіш көмегімен жетектегі біліктің шлицалары мен шпонкаларында орын ауыстырады. Ауыр жүктелген алға-артқа бірдей айнала алатын қосылыстарда түзу жұдырықшалары бар жұдырықшалы муфталар қолданылады, жұдырықшалар санын берілетін айналу моментіне байланысты таңдайды. Жылжымалы муфтаны әдетте жетектегі білікке орнатады, бұл муфтаның басқару бөлшектерінің тозуын төмендетеді. Реверссіз қосылыстарда үш немесе алты қисық жұдырықшасы бар муфталарды қолданады. Жұдырықшалы муфталар біліктердің өстес еместігіне және көлбей орналасуына өте сезімтал және шынжыр жұлдызшаларын білікпен қосу үшін қолданылады. Қашау берілісін реттегіш пен гидродинамикалық тежегішті шығырмен қосуға жартылай муфталармен жалғанатын біліктердің ұштарында орналасатын жұдырықшалы муфталар қолданылады. Тісті ілінісу муфтасы екі жарты муфтадан тұрады, олардың цилиндрлік беттерінде сыртқы және ішкі эвольвентті немесе жартылай дөңгелек тістері бар. Жұдырықшалы және тісті муфталар фрикциондылармен салыстырғанда конструкциясы бойынша қарапайым және өлшемдері мен массалары аз. Олардың негізгі кемшіліктері – тез жүрісті қосу мүмкіндігінің болмауы. Жұдырықшалы және тісті муфталарды дайындауға арналған материал жұдырықшалардың және жартылай муфталардың бетінің жоғары қаттылығын қамтамасыз етуі қажет. Бұл үшін әдетте 20Х, 20ХН2 маркалы болаттар қолданылады. Ірі өлшемді муфталарды 40Х, 30ХН, 35ХГС маркалы болаттардан дайындайды. Фрикционды муфталар сораптардың, шығырдың күштік берілістерінде қолданылады. Олар бұрғылау кешенінің негізгі агрегаттары мен қозғалтқыштарын алыстан қосу және өшіруге, КТО кезінде шығырдың жылдамдықтарын жедел ауыстыруға арналған. Фрикционды муфталар айналу моментін жетекші және жетектегі жартылай муфталардың дискісі мен пластиналар арасындағы үйкеліс күші арқылы береді. Жұдырықшалы және тісті муфталармен салыстырғанда фрикционды муфталар біліктердің кез-келген айналу жиілігінде бірқалыпты ілінісуін қамтамасыз етеді. Ілінісетін элементтердің пішініне қарай фрикционды муфталар цилиндрлі және дискалы деп бөлінеді. Бұрғылау кешендерінің күштік берілістерінде цилиндрлі фрикционды муфталар кең таралған, олар дискілі муфталармен салыстырғанда келесідей артықшылықтарға ие – конструкция қарапайымдылығы, бағасы төмендігі, кәсіпшілік жағдайлардағы жөндеу мен монтаждың ыңғайлылығы. Конструкциялық белгісіне қарай цилиндрлі фрикционды муфталар шиналы-пневматикалық, пневмокамералық және көпкамералы болып бөлінеді. Шиналы-пневматикалық муфта (12.17, а-сурет) арасында фрикционды саптамалары (накладки) 4 бар пневматикалық баллондары 3 орнатылған концентрлі орналасқан шеңберден 1 және шкивтен 5 тұрады. Пневматикалық баллондарға ниппель 2 арқылы қысылған ауа берген кезде, олар кеңейіп, фрикционды саптамаларды 4 шкив бетіне тақайды. Қарастырылып отырған конструкцияда баллон болат дөңгелекке бекітіледі және ауа қысымының әсерінен шкивті жаншиды. Мұндай муфта радиалды тұтылмалы деп аталады.
12.17-сурет. Шиналы-пневматикалық муфта Керілетін муфталарда баллон ішкі жартымуфтаға бекітіледі, ол шеңбердің жұмысын атқарады. Бұл жағдайда фрикционды саптамалар баллонның сыртқы бетінде орналасады және шкивтің қызыметін атқаратын сыртқы жартымуфтаға тақалады. Баллон (12.17, б-сурет) сақиналық резиналы камерадан 5 және сыртқы резиналық протектордан 6 тұрады, олардың арасында қатпарлы каркас 7 орналасқан. Баллонда камераға ауа беруге арналған бір немесе екі ниппель бар. Баллон дөңгелекке болттармен бекітіледі. Фрикционды саптамалар 1 болат колодкаларға 2 жапсырылған, олар металл біліктер 4 көмегімен баллонның протекторына бекітіледі. Сырғанау нәтижесінде баллонды қызудан қорғау үшін протектор мен колодка арасына паронит төсеме 3 орнатылады. Муфтаның шкиві мен дөңгелегін 60Г маркалы болаттан (МЕСТ 1050-74) немесе 40 және 50 маркалы көміртекті болаттан дайындайды. Шиналы-пневматикалық муфталардың саптамаларын ретинакс немесе бұрғылау шығырының таспалы тежегіштерінде қолданылатын басқа да фрикционды материалдардан дайындайды. Шиналы-пневматикалық муфтаның техникалық сипаттамалары 12.7-кестеде көрсетілген.
12.7-кесте, Шиналы-пневматикалық муфтаның техникалық сипаттамалары
Ескерту: М-муфта, Ш- Шинно-пневматикалық, 1-ші сан – муфта шкивінің диаметрі, 2-ші - фрикционды саптаманың ені.
Пневмокамералы муфталар (12.18-сурет) шиналы-пневматикалық муфталардан баллон мен фрикционды саптамалар арасында башмактардың орналасуымен ерекшеленеді, башмактар муфтаның желдеткішін және баллонның тиімдірек жылубөлгіштігін қамтамасыз етеді.
©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|