Сурет. Плашкалы превентор
Поршендердің 8 штоктары Г-тәрізді шығыңқылықпен жабдықталған. Коллектордан 3 түтікшелер 19 арқылы гидроцилиндрдің сыртқы аумағына айдалатын сұйықтық қысымынан поршеньдер қарама-қарсы бағытта қозғалып, плашкалар превентордың кіру тесігін жабады. Сұйықтықты цилиндрлердің ішкі аумағына айдаған кезде плашкалар қозғалып, превентордың кіру тесігін ашады. Поршень және штоктар сонымен қатар гидроцилиндрдің жылжымайтын қосылыстары 7 резеңке сақиналармен 9, 13, 14 тығыздалынады. Превентордың гидравликалық басқарылуы гидравликалық жүйенің істен шығуы кезінде және превенторды ұзақ уақытқа жабу кезінде бір әсерлі қол механизмімен алмастырылады. Қол механизмі шлицті білікшеден 10 және поршеньмен шлицті жалғанған аралық бұрандамалы төлкеден 12 тұрады. Білікше 10 карданның вилкасы 11 және тартпа арқылы ұңғы сағасынан қауіпсіз аймаққа шығарылған штурвалға жалғанады. Білікшенің сағат тілі бойынша айналуы кезінде бұрандалы төлке 12 тік сызықты қозғалыс жасайды және поршеньді превенторлардың плашкалары тірелгенше жылжытады. Превентордың есептік жабылу уақыты гидравликалық жүйені қолданғанда 10 секунд, ал қолмен басқарылғанда 70 секундты құрайды. Бұрандалы төлкелерді бастапқы қалыпқа келтіргеннен кейін превенторды басқарудың гидравликалық жүйесі арқылы ашуға болады. Плашкалы превенторларда бұрғылау және шегендеу құбырлары бар ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін құбырлық плашкалар және ұңғыда құбырлар болмағанда тұйық плашкалар қолданады. Қажет болған жағдайда құбырларды кесетін арнайы плашкалары болады. Превентор плашкалары тұрқымен бұрандалармен және винттермен қосылған вкладыштан 17 және резеңке тығыздауыштан 16 тұрады. Беріктендірілген металл пластиналар тығыздауышқа керек беріктікті береді. Тығыздауыштың жұмыс мерзімі превенторды жабу циклының санымен және құбырлардың жалпы ұзыңдығымен өлшенеді. Нормаға сәйкес тығыздауыштың істен шығуына дейін орташа жұмыс мерзімі қысымсыз превентордың 300-ден аз емес жабылуына тең болуы тиіс және жабық превентор арқылы 300 м-ден артық құбырлардың өту мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Плашкалы превенторлардың негізгі параметрлері 13.1-кестеде келтірілген. Структуралық-барлама бұрғылауда электрлі жетекті ППБ-307х320 плашкалы превенторлар қолданылады. Егер плашка деңгейінде бағыттаушы құбыр, бұрғылау құлпы, муфта және диаметрлері мен геометриялық формалары орнатылған плашкаларға сәйкес келмейтін құбырлар тізбегінің басқа да бөлшектері орналасқанда плашкалы превенторлар саңылаусыздықты қамтамасыз ете алмайды. Жабық превентор жағдайында тізбектің баяу қозғалуына жол беріледі, ал бұрғылау тізбегінің айналуы, көтеріліп және түсірілуі мүмкін емес.
13.1-кесте, Гидравликалық және қолмен басқарылатын плашкалы превенторлардың негізгі параметрлері
Әмбебап превенторлар (13.2-сурет) кең мүмкіндіктерге ие. Әмбебап превенторлар бұрғыланатын мұнай және газ ұңғылар сағасын саңылаусыздандыру, бұрғылау тізбегін бұру және құбырларды муфталарымен қоса тарту үшін қолданылады.
13.2-сурет. Әмбебап превентор Әмбебап превенторлар тығыздалатын заттың диаметрі мен геометриялық формасына тәуелсіз ұңғы сағасын саңылаусыздандыра алады. Аталмыш превентор тұрқы 17 тіреу фланеці және превенторды бекітуге арналған шпилькалары 19, монтаждау-демонтаждау жұмыстары және тасымалдау кезінде ілуге арналған құлақшалары 10 бар сатылы цилиндрлі формалы болат құйма болып келеді. Превентор тұрқысында тұтас сатылы поршень 9, резеңкелі-металды тығыздағыш манжет 5 және сақтандырғыш төлке 14 орналасқан. Қиылған конус тәріздес формасы бар тығыздағыш манжет поршеннің конусты тесігімен байланысып қақпаққа 2 тіреледі. Қақпақ манжетпен 4 тығыздалады және тартылған күйінде тоқтатқыш бұрандамен 3 орнықтырылады. Қақпақтың тіректік фланецтеріндегі бұрандалық тесіктер ЛҚЖ-ң фланецті катушкасын бекітуге қолданылатын шпилькаларға 1 арналған. Қақпақ пен тұрқының тіректік фланецтеріндегі сақиналық арналар металл тығыздауыш сақиналарға 18 арналған. Тұрқы, қақпақ және поршень арасында А және Б қуысы пайда болады, олар ЛҚЖ-ң гидавликалық басқару жүйесімен штуцерлер 8, 13 мен құбыржол арқылы байланысады. Майды гидробасқару жүйесінен Б қуысына айдағанда поршень жоғары көтеріліп және ішкі конусымен тығыздауыш манжетаны радиал бағытта қысады. Деформация нәтижесінде манжетаның өту тесігі толық жабылады. Майдың ағып кетуін болдырмау үшін өздігінен тығыздалатын манжеталар 6, 7, 11, 12, 15, 16 және тығыздауыш сақиналар 18 қолданылады. Тығыздауыш манжета жабық күйінде күшпен ұсталынып тұрады. Превентор майдың А қуысына айдау және бір уақытта Б қуысынан төгілу кезінде ашылады. Май қысымының әсерінен А қуысында поршень төмен қозғалады және өзінің серпімділігі арқасында босаңситын (разжим) манжетаны босатады. Әмбебап превентордың есептелген жабылу уақыты 30с-тан аспауы керек.
13.2-кесте, Әмбебап превенторлардың негізгі параметрлері
Ескерту: Шифрдағы 1 саны модель номерін білдіреді. ПУ1 шифрының орнына кейбір техникалық документтерде ПУГ (гидравликалық басқарылатын әмбебап превентор) шифры көрсетіледі.
Айналмалы превенторлар ұңғы сағасы мен бұрғылау тізбегі арасындағы сақиналық саңылауды герметизациялауға және саға саңылаусыздандырылған кезде бұрғылау тізбегін көтеріп-түсіру, айналдыру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге арналған. ЛҚЖ құрамында айналмалы превентор роторлық бұрғылауда, ұңғыны кері жууда қолданылады. Айналмалы превенторлар (13.3-сурет) тұрқыдан 7, жылжымайтын патроннан 4 және айналмалы оқпаннан 6 тұрады. Плашкалы және әмбебап превенторларға қарағанда айналмалы превенторлардың айналатын оқпанға киіліп, өзінің серпімділігімен және сағадағы қысыммен бұрғылау тізбегін қысатын манжеті 9 болады. Легирленген болаттан жасалған құйылған тұрқы 7 плашкалы және әмбебап превенторлармен қосуға арналған тіректік фланецпен және бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесімен қосуға арналған бүйірлік құбырмен жабдықталған.
©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|