Здавалка
Главная | Обратная связь

Босану физиологиясы



Алматы, 2014

 

Мазмұны

 

1. Силлабус ................................................................................... 3 - 45

2. Дәрістік кешен ......................................................................... 46 - 76

3. Тәжірибелік сабаққа әдістімелік кеңестер ............................. 77 - 309

4. Өзіндік жұмысқа әдістімелік кеңестер ................................... 310 -383

5. Бақылау-өлшегіш құралдары ....................................................384– 457

 

 

СИЛЛАБУС

 

Пәні – «акушерия және гинекология»

Мамандық: 051301 - «Жалпы медицина»

Кафедра: №1 акушерия және гинекология

 

Курс – төртінші

Семестр – жетінші, сегізінші

Дәріс –30 сағат

 

 

Тәжірибелік сабақ – 120

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы- 120

 

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 135 сағат

Барлығы – 405 сағат (9 блок)

Бақылау түрі - емтихан

 

Алматы, 2014ж

Силлабус Жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалған, №1 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент Г.К.Омарова, доцент Ж.С.Бегниязова, доцент Аманжолова Б.К, доц. Г.Ж.Жатканбаева, доц. Ш.К.Сармулдаева, доц. Ш.М.Садуакасова, доц. А.И. Коркан, ассистенттер: Ж.Т. Галиева, Г.Ш. Далиева, М.К. Имангалиева, А.Б.Сексенова, М.М. Майкупов, Ж.У. Базарбаева, А.Т. Бержанова, Ш.У. Алиева, Г.К. Джаркинбекова, Б.У. Умбетов, М.Д. Хасенова, А.С. Тайбогаров, Ж.М.Сарсенова, Л.К.Шаймарданова, Абдужабарова Ш.А. Астана қаласының медициналық білім және ғылым инновациялық технологиясының Республикалық орталығымен, АО «Астана Медицина университеті», Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс – Қазақстан мемлекеттік медицина университетімен дайындалған акушерия және гинекология бойынша типті бағдарламаға негізделіп дайындалды.

 

Силлабус №1 акушерия және гинекология кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді, хаттама № 11 26.06.2014 ж

 

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

№1 акушерия және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Омарова Г.К.

 

 

1.1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2 Кафедра №1 акушерия және гинекология

 

1.3 Пән «акушерия және гинекология»

 

1.4 Мамандық: 051301 - «Жалпы медицина»

 

1.5 Оқу сағаттар көлемі – 405 сағат

 

1.6 Оқитын курсы және семестрі - 4 курс, 7-8 семестр

 

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер

 

№1 акушерия және гинекология кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

Ф.И.О. Должность Уч. степень, звания
Омарова Гульжахан Кашкинбаевна зав.каф. д.м.н.
Коркан Ануар Иванович и.о. проф. д.м.н.
Бегниязова Жанара Советжановна доцент к.м.н.
Аманжолова Балхаш Керихановна доцент к.м.н.
Сармулдаева Шолпан Куанышбековна доцент к м.н.
Жатканбаева Гульмира Жумакановна доцент к.м.н.
Садуакасова Шынар Муратовна доцент к.м.н.
Кудаманова Айгуль Бахытжановна доцент к м.н.
Нартаева Мухаббат Муминовна доцент к м.н.
Галиева Жулдыз Талаповна ассистент к.м.н.
Абдужабарова Шахло Абдумаликовна ассистент к.м.н.
Сексенова Айкумыс Бакаевна ассистент -
Далиева Гульназ Шалабаевна ассистент -
Бержанова Айгул Турганбаевна ассистент -
Майкупов Мухтар Мысырович ассистент -
Умбетов Базарбай Умбетович ассистент -
Алиева Шолпан Уркендовна ассистент -
Джаркинбекова Гульзат Калжешовна ассистент -
Тайбогаров Аргын Сагинтаевич ассистент -
Шаймарданова Ляйля Кумарбековна ассистент -
Сарсенова Жанна Мартбаевна ассистент -
Хасенова Майра Жабулдиновна ассистент -
Бузумова Жанар Омановна ассистент -
Меирманова Алия Оналбаевна ассистент -
Несипбаева Гулбану Максутовна ассистент -
Мухтарова Саяра Мырзахметовна ассистент -
Базарбаева Жадыра Улыкпановна ассистент -
Имамухаметов Ондасын Мухтарович ассистент -
Пулатова Амина Абдуманаповна   ассистент -
Имангалиева Майя Кожаевна   ассистент -
Насырова Шырын Тураповна   ассистент -
Айдильдаева Нажия Кадировна   ассистент -
Байлина Мадина Избасаровна   ассистент к.м.н
Турсунова Айгуль Даировна   ассистент -

 

Онкология, маммология және сәулемен емдеу кафедрасы

2013-2014 оқу жылы

 

1. Кафедра Онкология, маммология және сәулемен емдеу
  2. Пән, код   Онкология, AG-4303  
  3. Мамандығы   051301 «Жалпы медицина»  
  4. Сағат көлемі   54 сағат, оның ішінде   Дәріс - 6 сағ   Тәжірибелік(практикалық) сабақ -30 сағат   Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 18 сағат  
  5. Курс. Оқу семестрі     7,8  
  6. Оқытушылар туралы мәліметтер   1.Қайдаров Бақыт Қасенович м.ғ.д., профессор, Еуропаның онколог-хирургтар ассоциациясының мүшесі.   2. Есенқұлова Сәуле Әскеровна м.ғ.д., профессор   3. Кайдарова Диляра Радиковна м.ғ.д.   4. Садықова Толқын Таждиновна м.ғ.к.   5. Джакипбаева Айжан Кумискалиевна м.ғ.к.  
  7. Байланыс ақпараты   Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, емханалық корпус 2 этаж, тел. 292-00-61 (238): Утепов көшесі-3 Алматы қалалық онкологиялық диспансер тел. 249-05-77, электронды мекен-жай:  

 

1.8. Хабарласу жүйесі

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жангилдин көш., 28. Жұмыс телефон: 397-63-32.

1.9. Пәннің саясаты: оқу үрдісі кезеңдік және мақсатты бағытта жүргізуге негізделген. Оқытушылардың студенттерден талаптары медициналық жоғарғы оқу орындарында оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.

Кафедраның жалпы талаптары:

1. Тәжірибелік сабақтарға, дәрістерге міндетті түрде қатысу.

2. Сабақтың басталу қарсаңында студенттерде болуы керек: санитарлық кітапша, медициналық халат, қалпақ, дәке маскасы, ауыстырып киетін аяқ киім.

3. Оқу үрдісіне белсенді қатысу; тәжірибелік сабақтың конспектісі мен теориялық материалдар өзінде болуы керек, тесттер мен ситуациялық есептерді шешу, пальпация, перкуссия, аускультация сияқты науқастарды объективті зерттеу әдістерін меңгеру және қолдануы керек.

4. СӨЖ міндетті түрде орындауы көрсетілген тақырып бойынша.

5. СӨЖ материалдарын (ситуациялық есеп, диагностикалау алгоритмі, емдеу кестелері) және СӨЖ тақырыптарын қорғау тақырыптық жоспарға байланысты бекітілген уақытында орындалуы керек.

6. Тәжірибелік сабаққа қатыспау себебі болса, студент сабақты деканаттың рұқсатымен тапсыруы керек, ол үшін тәжірибелік сабақтың сағаттық көлемінің 2/3 бөлігін клиникалық бөлімшеде жұмыс істеуі және 1/3 бөлігін жауапты оқытушыға ауызша жауап беруі қажет; тәжірибелік сабаққа қатыспауының себебі жоқ болса студент 0 балл алады.

7. Студенттер науқастар мен клиникалық базаның қызметкерлерімен сыпайы және орынды қарым-қатынаста болуы керек.

8. Кафедра меңгерушісі немесе оқу бөлімінің меңгерушісі қатысуымен топтағы жанжалды жағдайларды ашық талқылау.

2.Бағдарлама:

Кіріспе

Акушерия және гинекология ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі саласы болып табылады. Бұл саладағы біліктілік медициналық жоғары оқу орнының түлегі үшін міндетті. Білікті дәрігер әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі, тек емдік-диагностикалық қана емес, сондай-ақ алдын алу шараларын жасай алуы керек. Сонымен қатар, кез келген мамандық дәрігері жедел көмек көрсету мақсатында ең кең таралған акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, анықтау принциптерін және емін білуі керек.

 

2.2. Пәннің мақсаты: жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою бойынша, жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияға диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

 

2.3.Пәннің міндетттері:

1. Акушерия және гинекологиядағы негізгі диагностикалау әдістері бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

2. Физиологиялық жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді жүргізу бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

3. Негізгі акушерлік және гинекологиялық патологиялар кезінде шұғыл көмек көрсету принциптері, шұғыл ем көрсету дағдылары бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

4. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын, науқастың және ҚР медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау заңды актілері, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру бойынша студенттердің білімін қалыптастыру;

5. Адамдардың және отбасының салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері мен принциптері бойынша білімдерін қалыптастыру және жетілдіру;

6. Сыртқы және ішкі акушерлік зерттеу, пельвиометрия, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды арнайы зерттеу әдістері, босануға көмек беру мекемелерінің ағымдағы тіркеу-есеп медициналық құжаттарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

7. Тұлғааралық қарым-қатынас, топтағы жұмыс, жүктілер, босанушы, босанған әйелдермен, гинекологиялық науқастармен және олардың туысқандарымен қарым-қатынас бойынша коммуникативті дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру;

8. Акушерия және гинекологиядағы медициналық деонтология және дәрігерлік этика дағдыларын қалыптастыру;

9. Үздіксіз мамандандырылған оқу, өз білімі мен дағдыларын әрқашан жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру;

10. Ғылыми зерттеу жұмыстары дағдыларын қалыптастыру және дамытуға себепші болу.

 

2.4.Оқытудың соңғы нәтижелері

 

Білімінді төмендегілер бойынша қалыптастыру қажет:

  • ҚР акушерия және гинекологиялық қызметін ұйымдастыру және жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушерия және гинекологиялық көмек көрсетудің аймақтандыру принциптері;
  • әр түрлі жас кезеңіндегі әйел организміндегі клинико-физиологиялық ерекшеліктер;
  • жүкті, босанушы, босанған әйелдерді және гинекологиялық науқастарды зерттеудің жалпы, арнайы және қосымша заманауи әдістері;
  • ұрық жағдайын антенаталды бағалаудың негізгі әдістері;
  • жүктілер мен гинекологиялық науқастарды зерттеу ерекшеліктері;
  • физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанудан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптері;
  • негізгі акушерия және гинекологиялық патологиялар кезінде клиникалық көріністері, диагностикалау принциптері және шұғыл көмек көрсетуі және олардың алдын-алу;

· емшекпен емізу принциптері;

· жанұяны жоспарлау және әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау принциптері.

 

Білімінді келесі дағдыларды игеру арқылы қалыптастыру қажет:

  • жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинау;
  • жүктілер мен гинекологиялық науқастарды зерттеу;
  • жүкті, босанушы, босанған және гинекологиялық науқастарды зерттеу және жүргізу жоспарын құру;
  • жүкті, босанушы, босанған және гинекологиялық науқастарды зерттеу нәтижелерін итерпретациялау;
  • жүктілік және босану кезеңінде қауіп факторларын анықтау;
  • жүктілік және босану кезеңінде негізгі патологияларды диагностикалау;
  • босанған әйелге емшекпен емізу техникасын үйрету;
  • Апгар бойынша нәресте жағдайын бағалау;
  • нәрестені реанимациялау;
  • бала жолдасының бүтіндігін және босанудан кейінгі қан кетуді бағалау;
  • босанған әйелдерге контрацепция әдістері, соның ішінде лактационды аменорея әдісі (ЛАӘ) бойынша кеңес беру;

 

Студент дағдыларды қалыптастыру қажет:

  • сыртқы және ішкі акушериялық зерттеу, сыртқы пельвиометрия;
  • арнайы зерттеу әдістері: жатыр мойнын айнамен қарау, бимануальді зерттеу, қынаптық зерттеу, ректальді және ректовагинальді зерттеу;
  • сүт бездерін қарау және пальпациялау;
  • бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеуге, қынаптық затты онкоцитологиялық зерттеуге жағында алу;
  • гравидограмма, партограмманы толтыру және интерпретациялау;
  • операциядан кейінгі және аралықтағы тігісті өңдеу;
  • босанған әйелдерге контрацепция әдістері, соның ішінде лактационды аменорея әдісі (ЛАӘ) бойынша кеңес беру;
  • босанған әйелдердің жағдайын бағалау;
  • ұрықтың жүрек соғысының аускультациясы;
  • нәрестені алғашқы өңдеуі;
  • нәрестені реанимациялау;

Комуникативті дағдыларды қалыптастыру

· Науқаспен олардың туысқандары және өзіңіздің әріптестеріңізбен негізгі қарым қатынас моделін ұйғару.

· Науқастар олардың туысқандары;әріптестер және басқа да медициналық жұмысшылар арасында максимальды сенімділік қарым қатынасын құру.

· Топтасып жұмыс істеу

Құқықтық компетеценияны қалыптастыру.

· Дәрілік аллергиясы бар науқастарға арналған негізіг құқықтық сұрақтарын білу.

· ҚР еңбек кодексінің негізгі аспектілерін білу.

· Қорғану және пациент құқықтарын білу.

Өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастыру

· Ақпараттармен өз бетінше жұмыс істеу. ( оқу,анықтау,қалыптастыру,ғылыми,)

· Зерттелген нұсқаны және ғылыми жұмыстарды анализдеу және критикалық толықтырулар енгізу.

· Интернетпен өз бетінше жұмыс істеу.

· СӨЖ және презентацияларды қорғау және істеп білу.

· ААА бар жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастсрдың клиника-лабараториялық нәтижелерін өз бетінше интерпритациялау.

· Науқастардан өз бетінше анамнез жинау.

 

2.5. Реквизитке дейінгі: анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология.

2.6. Реквизиттен кейінгі: жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе, жалпы дәрігерлік тәжірибе бойынша интернатура, хирургиялық аурулар бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура.

 

2.7.Тақырыптық жоспар.

Пәннің мазмұны

БЛОК №1

Дәрістер

 

БЛОК №2

Акушерия-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушерия-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру ұстанымдары.

Қазақстан Республикасында акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі.

Акушериялық-гинекологиялық мекемелердің түрлері, олардың негізгі міндеттері. Аймақтандыру ұстанымдары. Акушерия және гинекологиядағы этика мен деонтология. Акушериялық стационардың санитариялық-гигиеналық режимінің ерекшеліктері.

Репродуктивті денсаулық пен оны қорғау туралы түсінік. Репродуктивті денсаулық. Репродуктивті құқық. Сексуальды құқық. Отбасын жоспарлау. Қыз балаларды жыныстық тәрбиелеу. Контрацепция. Контрацептивті заттардың жіктемесі. Ана өлімінің негізгі себептері, қауіп факторларын анықтау. Түсік түсудің алдын алу.

Жүктілерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру, нәрестені антенатальды қорғау. Жүктілер мен босанған әйелдерді диспансерлік бақылау. Гравидограмма. Нәрестені антенатальды қорғауда әйелдер кеңесінің рөлі. Нәрестені тексерудің биофизикалық және биометриялық әдістері. Пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері. Нәрестенің даму ақауларын ерте анықтау мен алдын алудағы медициналық-генетикалық кеңестің рөлі.

№3 БЛОК

Жүктіліктің физиологиясы мен патологиясы

Жүктілік физиологиясы Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету.

Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің заманауи қосымша әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері.

Жүктілік патологиясы. Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік кезіндегі қан кетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен пато­генезі туралы заманауи көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық дәрежесін бағалау. Әйелдер кеңесі жағдайында алдын алу. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар кезіндегі дәрігердің тәсілі. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл терапияның ұстанымдары. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуы. Плацентаның жатуы.

Экстрагенитальды патология және жүктілік. Экстрагенитальды патологияның (жүрек қан-тамыр, зәр шығару, тыныс алу, асқорыту, эндокриндік жүйе аурулары) жүктілік пен босану ағымына және құрсақішіндегі нәресте жағдайына әсері. Экстрагенитальды патология кезінде жүктілік пен босануды жүргізудің ерекшеліктері. Жүктілерде экстрагенитальды ауруларды емдеу ұстанымдары.

Жүкті әйелдерді босануға дайындау. Жүкті әйелдердің емдік-қорғау режимі. Жүкті әйелдерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. Босану алдында қауіп факторларын бағалау.

 

№4 БЛОК

Босану физиологиясы

Физиологиялық босану туралы түсінік. Босанудың басталу себептері. «Босану доминанты», организмнің босануға дайындығы туралы түсінік. Жатыр мойнының жетілу дәрежелері. Босану кезеңдері. Толғақтар мен күшену. Босанудың ұзақтығы.

Босануды жүргізу. Босануды жүргізудің белсенді-күту тактикасы. Босану қызметін тіркейтін заманауи тәсілдер. Ұрық басының сегменттері туралы түсінік. Босануға нәрестенің бейімделуі. Газ алмасу және босану үрдісіндегі ұрық гомеостазының ерекшеліктері. Босануды ДДСҰ-ға және дәлелді медицина ұсыныстарына сәйкес жүргізу. Партограмма.

Босануды жансыздандыру. Акушериялық көмек көрсету. Босануды жансыздандыру әдістері. Жансыздандырушы заттардың нәрестеге әсері. Акушериялық көмекті мұқият көрсету. Босануда босанушы мен ұрық жағдайын бақылау (кардиомониторинг).

Қауіпсіз босану. Босанушыларды сыртқы және қынаптық тексеру. Босануды дәлелді медицина және ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жүргізу – қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын алу.

Нәрестені қарау. «Жылу тізбегін» сақтау. Нәресте жағдайын бағалау. Нәрестенің алғаш дәретке шығуы, инфекциялардың алдын алу.

 

№5 БЛОК

Босану патологиясы

Тар жамбас. Себептері. Жіктелуі. Диагностикасы. Анатомиялық және клиникалық тар жамбас кезінде босануды жүргізу.

Босану қызметінің ауытқулары. Себептері. Жіктелуі. Клиникасы, диагностикасы. Босану қызметінің ақаулары кезінде босануды жүргізу тактикасы.

Ұрықтың дұрыс емес орналасуы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Диагностика. Кесір тілігі операциясына көрсеткіштер. Асқынулардың алдын алу. Диагностика. Босануды жүргізу тәсілдері.

Босану, босанудан кейінгі кезеңдегі акушериялық қан кетулер.

Босану, босанудан кейінгі кезеңдегі акушериялық қан кетулердің қауіп факторлары. Себептері. Клиникасы. Диагностика. Емі. Босанған әйелдердің реабилитациясы. Акушериялық қан кетулердің қауіп факторларын дер кезінде анықтаудағы әйелдер кеңесінің рөлі, алдын алу мен реабилитация.

Акушериялық жарақаттар. Түсінігі. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностика. Емі. Акушериялық жарақаттардың алдын алу. Босанған әйелдердің реабилитациясы

№6 БЛОК

Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы

Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. Ерте және кеш босанғаннан кейінгі кезең туралы түсінік.

Босанған әйелдердің гигиенасы және емдәмі.Босанған әйелдерді бақылау. Лактация. Емшекпен емізу. Емізудің он қадамы. Босанғаннан кейінгі бөлімнің асептикасы мен антисептикасы.

Нәрестелер мен босанған әйелдердің іріңді-септикалық асқынуларының алдын алу. Клиникасы. Диагностика. Емі.Алдын алу.

 

№7 БЛОК

Жалпы гинекология

Гинекологиядағы тексеру әдістері. Әйелдің репродуктивті жүйесінің клиникалық-физиологиялық ерекшеліктері. Гинекологиялық аурулардың семиотикасы. Гинекологиялық аурулардың жіктемесі. Гинекологиялық аурулар диагностикасындағы жалпы және арнайы әдістердің маңызы. Гинекологиядағы арнайы және қосымша тексеру әдістері. Қыз балалар мен жасөспірімдерді тексеру ерекшеліктері.

Етеккір функциясының бұзылуы. Етеккір циклы, реттелуі. Етеккір циклының бұзылуы. Жіктелуі. Этиологиясы мен патогенезі. Дисфункциональды жатырдан қан кетулер (климактериялық, репродуктивті, ювенильді). Аменорея, гипоменструальды синдром. Альгодисменорея. Емдеудің негізгі ұстанымдары.

Гинекологиядағы «жедел іш». Жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы, аналық без ісігі аяқшасының бұралуы. Клиникасы, диагностикасы, оперативті емге көрсеткіштер.

 

№8 БЛОК

Гинекологиялық аурулар

Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары. Жыныс мүшелерінің спецификалы және бейспецификалы аурулары. Клиникасы, диагностикасы, емі мен алдын алу. Жыныс жолдарымен берілетін аурулар. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларын алдын алудағы санитарлық-ағарту жұмыстарының рөлі. Қыз балалардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының ерекшеліктері.

Нейроэндокринді синдромдар. Климактериялық, посткастрационды, етеккіралды синдромдар. Клиникасы, диагностикасы, емдеу ұстанымдары мен алдын алу.

Жыныс мүшелерінің даму ақаулары мен жыныстық дамудың бұзылыстары. Жыныс мүшелерінің даму ақаулары. Қыз балалардың жыныстық дамуының бұзылуы.

Бедеу неке. Жіктелуі. Себептері. Диагностика әдістері мен емдеу ұстанымдары.

 

БЛОК №9







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.