Реакции IVтипа (опосредованные Т-лимфацитами) 1 страница
Тесты в блоке контрольно-измерительные средства
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар 1-тақырып.Бактериологиялық лабораторияның құырлымы. Жұмыс ережесi. Микроскоппен зерттеу техникасы. 2.Мақсаты: Бактериологиялық лабораторияларда жұмыс жасау ережелерін, әр түрлі пішінді бактериялар морфологиясын зерттеу және иммерсиялық жүйеде микроскопиялық зерттеудің техникасын меңгеру. 3. Оқыту міндеттері: Бактериологиялық лабораторияларда жұмыс жасау ережелерін, медициналық микробиология пәнінің және міндеттерін, микроорганизмдер жіктелуінің принциптерін, прокариоттардың морфологиясын. 4. Оқытудың негізгі қорытындылауы Студенттің білімін қалыптастыру: - биологиялық микроскоптың құрылымы; - иммерсиялық жүйенің көмегімен микроскопта қарау техникасы; - микроскоптың түлерімен танысу: темнопольной, фазалық - контрастты, люминесцентті, электронды. Тәжірибелік дағдыларға қалыптастыру: -боялған жағындыларды микроскопиялау. Құқықтық компетенцияны қалыптастыру: - эпидемияға қарсы ережелерді қадағалау. 5. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Микробиологияның зерттеу әдістері 2. Микроскопиялау әдістері және түрлері 3. Оптикалық микроскоп. Иммерсиялық объектив. Иммерсиялық жүйемен жұмыс істеу ережесі. 4. Иммерсиялық жүйенің көмегімен микроскопта қарау техникасы. 5. Білім беру және оқыту әдістері: (кішігірім топтар, сабақ барысында жұмыс, кейс стадиялар, пікірталастар, ситуациялық есептер, презентациялар және т.б.) Пассивті әдіс - түсіндіру. Белсенді әдіс – тәжірибелік жұмысты орындау және талқылау, зерттеу хаттамасын толтыру; мультимедиялық мәліметтер базасым, компьютерлік моделдержәне бағдарламалармен жұмыс жасау. Интерактивті - кішігірім топтарда жұмыс жасау. Әдебиеттер: Негізгі: 1.Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2005. - 734 с. 2.Медицинская микробиология, вирусология, иммунология (под ред. Воробьёв А.А) МИА., Москва, 2004.- 690с. 3.Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000. - 591 с. 4.Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2006. — 1200 с. 5.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с. 6.Компьютерная программа "Диаморф" - "Медицинская микробиология" - атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад.проф. Воробьева А.А. 7.Дикий И.Л, Сидарчук И.И. и др. Микробиология. Руководство к лабораторным занятием. Киев, 2004, 583 с. Қосымша: 1.Борисов Л.Б., Козьмин-Соколов Б.В., Фрейдлин И.С. Руководство клабораторным занятиямпо медицинской микробиологии, вирусологии, иммунологии. - М.: Медицина, 1993. 2.Н.Красилыников А II. Справочник по антисептике. - Минск. - Выс шк.- 1995. - 367с. 3.Галактионов В.Т. Иммунология. - М. - Изд. "РИЦ МДК". - 2000. – 487с. 4.Воробьев А.А. "Микробиология, иммунология". - М.: МИА, 2002. 5.Воробьев А.А., Кривошейн Ю.С., Широбоков В.П. Медицинская и санитарнаямикробиология. - М.: Издательский центр "Академия" – 2003. – 464 с. 6.Аравийский Р.А., Горшкова Г.И. Практикум по медицинской микологии. - С-Пб. - 1995. - 50 с. 7.Всант P., Мосс У., Уивер Р. Определитель нетривиальных патогенных грамотрицательных бактерий (аэробных и факультативно-анаэробных). - М.: Мир, 1999. – 791 с. 8.Внутрибольничные инфекции // Под ред. Р.П.Венцелла. - М.:Медицина, 1990.- 656 с. 9.Саттон Д., Фотергилл А., Ринальди М. Определитель патогенных и условно-патогенных грибов. - Изд. Мир, 2001. - 470 с. 10.МаянскийА.Н.Микробиология дляврачей. - Нижний Новгород: Издательство Нижегородской государственной медицинской академии, 1999. — 400 с. 11.Котова А.Л. Клиническая микробиология: Методические указания.-Алматы, 2004.- 162с. 12.Тец В.В. Справочник по клинической микробиологии – СП Стройлеспечать. – 1994.– 224 с. 13.Определитель бактерий Берджи /Под ред Д.Хоулта, Н.Крига, П.Снитаи др.// М.: Мир, 1997. - в 2 томах. 14.Вопросы общей вирусологии, под ред. Кисилева И.О. Санкт- Петербург, 2007, 375 с. 15.Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб. О.К.Поздеев; под ред. В.И.Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД,2004.-768 с Қазақ тілінде: Негізгі: 1. Медициналық микробиология , Алматы,2011,683 б Рамазанова Б.А, Кудайбергенұлы К.К редакциялаумен. 2. Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова және т.б. Микроорганизмдер морфологиясы.(оқу- әдістемелік құрал) Алматы,2007, 131б. 3. Б.А. Рамазанова, К.К Құдайбергенұлы, А.Л Котова. Инфекция туралы ілім.(оқу-құралы) Алматы 2007,111 б . 4. Б.А.Рамазанова, А.Л Котова және т.б. Микроорганизмдер физиологиясы. (оқу - әдістемелік құрал). Алматы,2007, 126 б. 5. Б.А. Рамазанова, А.Л Котова және т.б. Микроорганизмдер экологиясы. (оқу- құралы). Алматы, 2007, 95 б. 6. Б.А. Рамазанова, А.Л Котова және т.б. Микробтарға қарсы қолданылатын препараттар (оқу- құралы) Алматы, 2007.,47 б. 7. Микробиология және вирусология (жалпы бөлімі): Оқу құралы /Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова, Койшебаева К.Б., Бисимбаева С.К., Калина Н.В./. 1-ші басылым. (Медициналық және фармацевтикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы) - Астана, 2005. – 208 б. 8. «Микроорганизмдердің морфологиясы» оқу құралы, Астана, 2004, 32б.; Микробиология және вирусология (жеке бөлімі): Оқу құралы /Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, Ә.Ө.Байдүйсенова, Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова /1-ші басылым. (Медициналық және фармацевтикалық мамандық бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы) - Астана, 2006. – 199 б. Қосымша: 1. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар бойынша оқу-әдістемелік құрал (А.Л. Котованың ред.). – Алматы, 1997. Ағылшын тілінде: Негізгі: 1.Richard V Georing, Hazel M Docrell, Mark Zukerman, Derek Wakelin, Ivan M Roit, Cedric Mims,Peter L Chiodini “Medical Microbiology”,4th Edithion, 2008, UK, p.656. 2.Jacquelyn G Black “Microbiology”,7 th ,WILEY,2010,p.846 3. Patric R Muray,Ken S Rosenthal, Michael F Pfaller “Medical Mcrobiology”,5th Edithion, 2008,p.962 4. Cedric Mims, Hazel M Docrell, Richard V Georing , Ivan M Roit, Derek Wakelin, Mark Zukerman, “Medical Microbiology”,3th Edithion, 2004, ELSEVIER MOSBY, p.659. 5. Geo F Brooks,Kaaren C Carroll, Janett S Butel, Stephen F Morse,24th Edithion, JAWETZ,MELNICK&ADELBERG^S 6. Mark Gladwin, Bill Trattler, “Clinical Microbiology”, 4th Edithion, MedMaster, Miami, 2007, p.393. 7. Anathanarayan R., Paniker C.K.J. Text book of microbiology. Orien Longman. Seven edition, 2005. 8. Medical microbiology. Ed.by Inta Ozols. Elsevier Mosby, 2004. Қосымша: 1.Robert M Diamond “Designing Assessing Courses and Curricula”, 3th Edithion,Jossey-Bass,2008,p.487 2.Patric Leonardi “Microbiology Study Guide: Key Review Questions and Answers”, Silver Educational Publishig,2005,p.78 3.N.Cary Engelberg,Victor DiRita,Terence S Dermondy, “Mechanisms of Microbial Disease” , 4th Edithion,Lippincton Williams&Wilkins,2007,p.762 4.William F Strohl, Harriet Rouse, Bruce D Fisher, “Microbiology”, Lippincton^s,2001,p.516 5.Jawetz, Melnic & Adelberg. Medical microbiology. Singapore. 2004. 6.Arora D.R. Text book of microbiology. CB. 2001. 7.William A. Stradit, Harriet Rouse, Bruce D. Fisher. Microbiology. 2001, Lippencott, Williams and Wilkins 8.Black Jacquelyn G. Microbiology. Principles & Applications, 1996 by Prentice-Hall, New Jersey 9.Medical microbiology. An introduction to Infectious Diseases. Ed. by Ryan Kenneth J. Appleton and Lange. Stamford, Connecticut, 1998. 10.Toni Hart, Paul Shears. Atlas de Roche de Microbiologie. - Paris., 1997.- 314р. 8. Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер және т.б.): Сұрақтар: 1. Микроскопиялау әдістері? 2. Бактерия морфологясын қандай әдіспен зерттейді? 3. Бактериялардың тинкториальды қасиеттері дегеніміз не? 4. Микроскоптың иммерсиялық жүйесі дегеніміз не? 5. Иммерсиялық жүйемен микроскопта жұмыс істеу принципін рет-ретімен келтіру. 6. Бактериологиялық лабораторияда жұмыс істеу ережесі. 7. Бактериологиялық лабораторияда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Жағдайлық есептер: 1. Лабораторияға бактериологиялық зерттеуге науқастан алынған зат жеткізілді. Зерттелетін затта микробтың бар – жоғын қандай әдіспен анықтауға болады? Жауабы: Бактериологялық әдіспен. Жағынды дайындап, қарапайым бояу әдісі Грам әдісімен бояу. Иммерсиялық микроскопта микроскопиялау. 1. Егерде микроб дақылы бар пробирканы кездейсоқ сындырып алып, столға, еденге, киіміңізге тигізіп алсаңыз не шара қолданасыз? Жауабы: Болған жерде оқытушыға айтып, ластанған жерді 1% -ды хлорамин ерітіндісімен сүртіп, қолды сабынмен жуу. 2. Микроб дақылынан дайындалған, боялған препаратты иммерсиялық микроскопта қарағанда күлгін – көк түске боялған пакет тәріздес кокктар көрінеді. Бактерияның морфологиясын және Грамша қалай боялғанын анықтаңыз. Жауабы: Грам (+) кокктар, сарциналар. 3. Грамша боялған жағындыда қызыл түсті, орташа көлемдегі, шеттері жұмырланған таяқшалар мен жүзім тәрізді орналасқан күлгін кокктар анықталған. Бактерияның морфологиясын және Грамша қалай боялғанын анықтаңыз. Жауабы: Жағындыда ішек таяқшалары мен стафилококктан тұратын микробтар қоспасы. 4. Сіз бактериологиялық зертханада жұмыс үстелінде жұмысыңызды аяқтадыңыз, от жалынына залалсындандырылған ілмекті стақанға қойдыңыз, спиртшамды қалпақшасымен жаптыңыз, баасыңыздан қалпағыңызды, халатыңызды, жұмыс аяқ-киіміңзді шештіңіз, өз аяқ-киіміңзді киіп, сөмкеңізді алдыңыз. Зертханадан шықтыңыз. Қандай жеке гигиена мен санитарлық-эпидемиологиялық тәртібінде өрескел қателіктер жібердіңіз? Жауабы: Жұмысты аяқтаған соң, жұмыс үстелін дезинфекциялық ерітіндімен (1% хлорамин ерітіндісі) өңдеу керек. Ауа мен заттардың беткейінің деконтаминациясы үшін бактерицидті лампаны қосу керек (сутегінің асқын тотығының сулы ерітіндісін қолдануға болады): 3% ерітінді бөлмені күнделікті жинастыру кезінде негативті флораны жою үшін жеткілікті. Қолды сабынмен жуып, физ.ерітіндімен өңдеу.
Блиц-сауалнама сұрақтары: 1. Иректелген бактерияларға мысал келтіріңіз. Жауабы: Спирилла, кампилобактерия, вибрион, спирохета 2. Диплококктар жағындыда қалай орналасады? Жауабы: Қос-қостан 3. Грам (-) бактерияларға мысал келтіріңіз. Жауабы: ішек таяқшалары, менингококктар, бордетеллалар , гонококктар, протей 4. Морфонұсқа таксономиялық қасиеттерге жатады ма? Жауабы: Ия 5. Стафилококктар жағындыда қалай орналасады? Жауабы: жүзім тәрізді 6. Стрептококктар жағындыда қалай орналасады? Жауабы: моншақ тәрізді 7. Прокариоттарға сипаттама беріңіз. Жауабы: бөлінудің бинарлы түрі, бір хромосома, 1-10 мкм , азот фиксациясы, анаэробты тыныс алу 8. Сарциналар жағындыда қалай орналасады? Жауабы: қапшық тәрізді 9. Эукариоттарға сипаттама беріңіз. Жауабы: гистондар, ядро мембранасы, бірнеше хромосома, жасуша қабырғасының стероидтары, 10-100 мкм, хитин немесе целлюлоза, тінді дифференциация. 10. Саңырауқұлақтар Грам (+) немесе Грам (-) микроорганизмдердің қайсысына жатады? Жауабы: Грам (+) 11. Хламидиялардың тіршілік ету формасын көрсетіңіз. Жауабы: Жасушадан тыс - элементарлы денешіктер, Жасушаішілік - ретикулярлы денешіктер 12. Саңырауқұлақтар эукариоттар немесе прокариоттардың қайсысына жатады? Жауабы: эукариоттарға 13. Лептоспиралардың морфологиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз. Жауабы: 18-20 ұсақ бұрамалары бар иілгіш спиральтәрізді жасушалар, бір немесе екі шеті ілмек тәрізді иілген (« С» немесе «S» әріптерін еске түсіреді). 11. Актиномицеттер қалай көбейеді? Жауабы: спора арқылы, мицелияның фрагментациясы арқылы 15. Боррелияның морфологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз. Жауабы: 3-8 ірі бұрамалары бар спиральтәрізді жасушалар, 18-20 ұсақ бұрамалары бар иілгіш спиральтәрізді жасушалар. 16. Прокариоттарға мысал келтіріңіз. Жауабы: хламидия, спирохета, риккетсия, микоплазма, актиномицет, жалпы бактериялар 17. Бактериялардың қандай формаларын білесіз? Жауабы: иректелген, шартәрізді, таяқшатәрізді 18. Микробиологиялық зерттеу әдістерін көрсетіңіз. Жауабы: биологиялық, серологиялық, микроскопиялық, аллергиялық, бактерио (вирусо-мико-)логиялық, генотиптеу (ПЦР т.б.). 19. Бактерия мөлшерін қандай өлшемде анықтайды? Жауабы: микрометрде 20. Трепонеманың морфологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз. Жауабы: 8-12 біркелкі бұрамалары бар иректелген жасушалар, Романовский – Гимзе әдісімен нашар боялады (бозғылт-алқызыл түске) 21. Таяқшатәрізді бактерияларға мысал келтіріңіз. Жауабы: ішек таяқшалары, сальмонелла, антракоид т.б. Тесттер: 1. ЕГЕР СІЗ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛЫ БАР СЫНАУЫҚТЫ БАЙҚАУСЫЗДА СЫНДЫРЫП АЛЫП, ІШІНДЕГІСІ ҮСТЕЛГЕ ТӨГІЛСЕ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? 1. Мән берместен жұмысты жалғастыру 2. Ауада кебуіне мүмкіндік беру 3. Сүрткішті алып, үстелден сүрту 4. Бактерицидті шаммен сәулелендіру 5. Дереу жағдайды оқытушыға айтып, бірге залалсыздандыру жүргізу 2. БАКЛАБОРАТОРИЯЛАРДА БИОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ НЕГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ? 1. Зерттеу материалы үстелге түскенде, бұл жер дезинфекциялық ерітіндімен залалсызданады 2. Биологиялық сұйықтықтарды мақталы фильтр арқылы ауызбен пипеткалауға рұқсат беріледі 3. Зертханада тамақ ішуге тиым салынады 4. Биологиялық сұйықтық пен тірі микробтармен жұмыс істеуде қолданылған заттар дереу залалсызданады 5. Қалпақсыз, халатсыз, маскасыз жұмыс істеуге тиым салынады. 3. БАКЛАБОРАТОРЯДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ҮШІН МІНДЕТТІ: 1. Қорғаныс киімі мен индивидуальды қорғаныс заттарын қолдану 2. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысқан соң ған рұқсатнама беру 3. Дезинфекцияға қатаң талап 4. Биологиялық материалмен, хим.реактивпен резеңкелі қолқапта жұмыс істеу 5. Жоғарыда аталғандар 4.МИКРОБТАРДЫҢ ТІРІ ДАҚЫЛЫНАН ПРЕПАРАТ ДАЙЫНДАУ ҚАМТИДЫ: 1. Резеңкелі қолқапта жұмыс істеу 2. Сорғыш шкафпен немесе ламинарланған бокспен жұмыс істеу 3. Микробтарды зарарсыздандыру үшін от жалынында фиксациялау 4. Жоғарыда аталғандар 5.БАКЛАБОРАТОРИЯ ҚҰРЫЛЫМЫНА КІРМЕЙДІ: 1. Стерилизациялайтын бөлім 2. Жуғыш бөлім 3. Ортақайнататын бөлім 4. Лаборанттарға арналған асхана 5. Виварий 6.ЗАТТЫҢ ИІСІМЕН ТАНЫСУДА РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ: 1. Сұйықтығы бар ыдысқа еңкею 2. Бар кеудемен тыныс алу 3. дәмін татып көру 4. ыдыстан өзіңізге ауа ағынын қолмен бағыттап, мұрынмен жеңіл тыныс алу 5. жоғарыда аталғандар 7.БАКЛАБОРАТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТІҢ СЫРТ КӨРІНІСІ: 1. ашық жерлерді жабатын киім (шалбар немесе ұзын көйлек, ұзын жең, т.б.) 2. халат, қалпақ 3. екінші аяқ-киім (жабық аяқ-киім) немесе бахилла 4. ұзын шаш артқа буылған, тырнақ кысқа қиылған 5. жоғарыда аталғандар
8.БАКЛАБОРАТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ: 1.сабақ басталмастан бұрын қорғаныс киімін кию 2.сырт киімі мен сөмкесін ілгішке ілу 3.оқу аудиториясынан шыққан сайын қолын жуу 4.артық қимылдар мен әңгімеден аулақ болу 5.жоғарыда аталғандар 9.СІЗ СЫНАУЫҚТАҒЫ МИКРОБТАР ДАҚЫЛЫН ЛАБОРАНТТАР БӨЛМЕСІНЕН ОҚУ АУДИТОРИЯСЫНА АПАРУЫҢЫЗ КЕРЕК. СІЗДІҢ ӘРЕКЕТІҢІЗ: 1.маркирленген сынауықта тасымалдау 2.сынауықты штативте тасымалдау 3.сынауықты медициналық халаттың қалтасында тасымалдау 4.транспорттауға арналған арнайы жәшікте (контейнер, бикс) 5. жоғарыда аталғандардың бәрі 10.СПИРТТІ СПИРТШАМҒА ҚҰЮ БАРЫСЫНДА, СТУДЕНТ ОНЫ ҮСТЕЛКЕ СӘЛ ТӨГІП АЛДЫ, ҮСТЕЛДЕГІ СПИРТ ЖАНА БАСТАДЫ. СТУДЕНТ ӘРЕКЕТІ: 1.тығыз матамен, қақпақпен жабу 2. су құю 3.айқайлап, көмекке шақыру 4.ешқандай әрекет жасамау, өйткені спирт жанған соң,өздігінен өшеді 5. жоғарыда аталғандар 11. МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАДА ЖҰҚПАЛЫ МАТЕРИАЛМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БАРЛЫҚ НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҰСТАНУДЫ ТАЛАП ЕТЕДІ, АТАЛҒАННАН БАСҚАСЫ: 1.Жұмысты жүргізу үшін міндетті түрде халат пен қалпақ кию керек 2.Жұқпалы материал үстелге түссе, ол жер дезинфекциялық ерітіндімен зарарсызданады 3.Жұқпалы материалмен жұмыста қауіпсіздік ережелерін ұстанбауға рұқсат беріледі 4.Лабораторияда тамақ ішуге болмайды 5.Тірі микробтарменжұмыс істеуде қолданылған құралдар дереу зарарсызданады 12. ИММЕРСИЯЛЫҚ МИКРОСКОПҚА ТӘН: 1.40-90 есе ұлғайту 2.Жабық диафрагманы қолдану 3.Құрғақ объектив қолдану 4.Мөлдір объектілерді зерттеу 5.90х объективті қолдану 13. ЖАРЫҚ МИКРОСКОБЫНЫҢ КӨРСЕТУ ҚАБІЛЕТІ ТӘУЕЛДІ: 1.Толқын ұзындығына және объективтің сандық апертурасына 2.Окулярдың ұлғайту мөлшеріне 3.Ортаның сыну көрсеткішіне 4.Иммерсиялық майды қолдануға 5.Зерттелетін объектілердің жоғары контрасттылығына 14. ИММЕРСИЯЛЫҚ МИКРОСКОПИЯЛАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЕСКЕРЕДІ: 1.Түсірілген конденсор 2.Күшті бүйір жарықтандыруды пайдалану 3.40 есе ұлғайтатын объектив қолдану 4.Толық жабылған диафрагма 5.Иммерсиялық майды қолдану 15. БОЯЛҒАН БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ҮШІН ҚОЛДАНАДЫ: 1.Фазалы-контрастты микроскоп 2.Люминисцентті микроскоп 3.Иммерсиялық объектив 4.Құрғақ объектив 5.Қараңғы көру аймағы 16. ИММЕРСИЯЛЫҚ ОБЪЕКТИВТІ ПРЕПАРАТТЫ МИКРОСКОПИЯЛАУДА ҚАЖЕТ: 1.Револьверді бұрау және майды тамызу 2.40х белгісінен револьверді бұрау 3.Микроскоп тубусын май беткейіне дейін түсіру 4.Микровинт көмегімен бағдарлық фокусты орнату 5.Микровинтпен орталықтандыру 17. ЕГЕР СІЗ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛЫ БАР СЫНАУЫҚТЫ БАЙҚАУСЫЗДА СЫНДЫРЫП АЛЫП, ІШІНДЕГІСІ ҮСТЕЛГЕ ТӨГІЛСЕ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? 1. Мән берместен жұмысты жалғастыру 6. Ауада кебуіне мүмкіндік беру 7. Сүрткішті алып, үстелден сүрту 8. Бактерицидті шаммен сәулелендіру 9. Дереу жағдайды оқытушыға айтып, бірге залалсыздандыру жүргізу 18.ИММЕРСИЯЛЫҚ МИКРОСКОПИЯЛАУ КЕЗЕҢДЕРІН ДҰРЫС БІРІЗДІЛІККЕ ОРНАЛАСТЫРЫҢЫЗ 1. Микроскоп тубусын май беткейіне дейін түсіру 2. Макровинт көмегімен бағдарлық фокусты орнату 3. Иммерсиялық объективтің 90х белгісіне дейін револьверді бұрау 4. Препаратты ақырғы орталықтандыруды микровинт көмегімен жүргізу, бір айналым көлемінде айналдыру арқылы 5. Дайын боялған жағындыға иммерсиялық майды тамызып, заттық үстелшеге орнату
ТЕЗАУРУС (глоссарий): Микроскопия РИФ Флюорохром Микроскоп жарықтық Нанометр Нанограмм Микрометр Сабақтың болжамды хронометражы:
2-тақырып.Жағынды дайындау техникасы. Қарапайым бояу әдістері. Грам әдісімен бояу. Мақсаты: Студенттерде бактериальды препарат дайындау, оны қарапайым бояу әдістерінің техникасында тәжірибелік дағды мен білімді қалыптастыру. Оқытудың міндеттері: -бактериальды препаратты дайындау техникасында студент білімін қалыптасту -бактериальды препаратты қарапайым бояу әдістерін студенттерге үйреті және таныстыру - Грам әдісімен бояу және жасау техникасы жөнінде білім қалыптастыру - Аталған әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану аясымен таныстыру. Оқытудың соңғы нәтижелері Студенттің білімін қалыптастыру: -бактериальды препаратты дайындау техникасы бойынша - Грам әдісімен бояу, оның мақсаты, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы. - бактериальды препаратты қарапайым бояу әдісі туралы Тәжірибелік дағды қалыптастыру: -сұйық және тығыз қоректік ортада өсетін микробтардан фиксирленген жағынды дайындау; - қарапайым әдіспен жағындыны бояу; - Грам әдісімен жағындыны бояу. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Сұйық және тығыз қоректік ортада препаратта дайындау техникасы. 2.Қарапайым бояу әдістері. Бактериологиялық практикада қолданылатын бояғыштар. 3.Грам әдісімен бояу. Әдістің маңызы, Синев бойынша модификация. Білім беру және оқыту әдістері: (кішігірім топтар, сабақ барысында жұмыс, кейс-стадиялар, пікірталастар, ситуациялық есептер, презентациялар және т.б.) ©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|