Здавалка
Главная | Обратная связь

Тесттік тапсырмалар



Тест №1

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде антибактериальды терапия келесі препараттарды қолдануды қарастырады:

1. Ампициллин

2. Эритромицин

3. Ципрофлоксацин

4. Меропенем

5. Бийохинол

Тест №2

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде қолданылатын пенициллин тобының антибиотигі, сонымен қатар балалар тәжірибесінде:

1. Бензилпенициллиннің натрий тұзы, ампициллин, амоксициллин

2. Цефазолин, оксациллин, левофлоксацин, аугментин

3. Моксифлоксацин, бензилпенициллиннің калий тұзы, цефтриаксон

4. Уназин, ципрофлоксацин, ко-тримаксозол (бактрим), цефпиром

5. Аугментин, цефотаксим, цефамандол, эритромицин

Тест №3

Цефалоспориндер бактерицидті әсер көрсетеді, себебі:

1. Рибосома деңгейінде белок синтезін бұзады

2. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

3. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

4. Парааминобензой қышқылының антагонисті болып саналады

5. Сульфгидрильді топтардың синтезін бұзады

Тест №4

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромың емдеуге арналған жұптастырылған антибиотик:

1. Ампициллин

2. Цефтриаксон

3. Эритромицин

4. Аугментин

5. Меропенем

Тест №5

Биосинтетикалық пенициллинге төменде келтірілген микробтар сезімтал:

1. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзуші

2. Грам оң кокктар, β-лактамаза түзбейтің

3. Газды гангренаның және сіреспенің қоздырушысы

4. Күйдіргінің қоздырғышы

5. Спирохета және бореллалар

Тест №6

Ауруханадан тыс пневмонияда қолданылатын жұптастырылған сульфаниламидті препарат:

1. Уназин

2. Цефазолин

3. Линкомицин

4. Ципрофлоксацин

5. Ко-тримаксозол

Тест №7

Сульфаниламидті препараттың антибактериальды әсер механизмі:

1. Парааминобензой қышқылының антагонисті болып саналады

2. Сульфгидрильді топтың синтезін бұзады

3. Рибосома деңгейінде ақуыз синтезін бұзады

4. Жасуша қабырғасының синтезін бұзады

5. Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

Тест №8

Сульфаниламидті препараттардың жанама әсерлеріне жатады:

1. Кристаллурия

2. Ототоксикалық әсер

3. Дисбактериоз

4. Гематологиялық бұзылыстар

5. Диспепсиялық бұзылыстар

Тест №9

Өкпе тінінің тығыздалу (пневмония) синдромы кезінде қолданылатын фторхинолон тобының препараты:

1. Ампициллин

2. Сульфодиметоксин

3. Ципрофлоксацин

4. Меропенем

5. Эритромицин

Тест №10

Фторхинолондарға келесі қасиеттер тән:

1. Әсер спектрі кең

2. Негізінен грам оң бактерияларға әсер етеді

3. II және IV топоизомеразаны ингибирлейді

4. Бактериоцидті әсер етеді

5. Бактерияға тұрақтылық баяу дамиды

 

Тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тесттер Жауабы Тесттер Жауабы
Тест 1 Тест 6
Тест 2 Тест 7
Тест 3 1,2,3,4 Тест 8 1,3,4,5
Тест 4 Тест 9
Тест 5 2,3,4,5 Тест 10 1,3,4,5

 

№2 cабақ

Тақырыбы: «Бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

1. Мақсаты: бронх өткізгіштігі бұзылыстары синдромында қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, бронх өткізгіштігі бұзылыстарында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

 

2. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1.Бета-адреномиметиктер, М-холиноблокаторлар, фосфодиэстераза ингибиторлары тобына жататын бронхолитикалық заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2.Бронхолитикалық заттарды таңдау принциптері (ентікпе ұсатамасын тоқтату және алдын алу үшін) бойынша білімді қалыптастыру.

3.Бронхолитиктердің жанама әсерлерін білу.

4.Қабынуға қарсы және аллергияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктерін және бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында таңдау принциптері бойынша білімді қалыптастыру.

5.Бронхолитиктердің, қабынуға және аллергияға қарсы заттардың балалар практикасында қолдану ерекшеліктері бойынша білімді қалыптастыру.

6.Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттардың негізгі емдік

әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында

жұптастырып қолдана білу.

Операционалды компетенция:

1. Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жаза білу және талдау.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

6. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

7. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

8. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

9. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

10. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

5. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

6. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдарды білу

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин)

· Ұйымдастыру кезеңі -3 мин

· Білімнің алғашқы деңгейін бағалау - 7 мин

· Студенттердің өзіндік жұмысы -45 мин

· Студенттердің оқытушымен бірлесіп жұмысы -25 мин

· Білімнің соңғы деңгейін тексеру – 15 мин

· Білімнің жалпы білімін бағалау – 3 мин

· Өзіндік жұмыс бойынша тапсырмалар орындау - 2 мин.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттардың жіктелуі.

2.Бронх өткізгіштіктігі бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын қабынуға қарсы препараттардың (глюкокортикостероидтардың) салыстырмалы сипаттамасы.

3.Бронх өткізгіштіктігі бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын мембрана тұрақтырушы заттардың қолдану ерекшеліктері.

4.Бронх өткізгіштіктігі бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын β-адреномиметик тобының бронхолитиктердің қолдану ерекшеліктері.

5.М-холиноблокаторлар, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдану ерекшеліктері, жанама әсерлері.

6.Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылыстары синдромында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын фосфодиэстараза ингибиторының салыстырмалы сипаттамасы.

7.Лейкотриен жүйесіне әсер ететін заттар, қолданылуы, жанама әсерлері.

5. Білім беру және оқыту әдістері:тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, «ми шабуылы», «мозаика» тәсілдері, кроссвордтар, сканвордтар, жетекші құралдар бойынша тапсырмаларды орындау, рецепт жазу, талдау, бір реттік мөлшерін анықтау.

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, Алматы, 2004– 604 б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

4. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 450 б.

5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004. -591б.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

4. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

5. Методические указания к лабораторным занятиям по фармакологии. /под ред. Пичхадзе Г.М., Алматы.- 2003. - 183 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 б.

9. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

10. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

11. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 б.

12. Деримедведь Л.В., И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. 782 б.

13. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 г.

Бағдарламалық препараттар: преднизолон, дексаметазон дипропионаты, триамцинолон, беклометазон дипропионаты, флунизолид, кромолин-натрий, кетотифен, недокромил натриі, зафирлукаст, монтелукаст, зилеутон, изадрин, сальметерол, сальбутамол, формотерол, ипратропий бромиді, тиотропий бромиді, метацин, беродуал, эуфиллин

Есте сақтауға арналған препараттар тізімі:преднизолон, беклометазон дипропионаты, кетотифен, изадрин, метацин, беродуал, эуфиллин

7. Бақылау

Келесі компетенция бағаланады: операционалды компетенция (практикалық дағды)

Бронх өткізгіштіктігі бұзылысы синдромында қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жазу, оны талдау және бір реттік дозасын есептеу.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.