Здавалка
Главная | Обратная связь

Тесттік тапсырмалар



Тест №1

Төменде келтірілген препараттар ішінен селективті бета 2- адреномиметикті таңдаңыз:

1.Изадрин

2.Кетотифен

3.Зафирлукаст

4.Сальбутамол

5.Эуфиллин

Тест №2.

Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылыстары синдромында қолданылатын қабынуға қарсы препараттарды қолдану көрсетеді:

1.Глюкокортикоидтарды

2.Антигистаминді препараттарды

3.Антибактериальды препараттарды

4.Бета 2- адреномиметиктерді

5.Пролонгирленген теофиллиндерді

Тест №3.

Бронх демікпесі кезінде ингаляция түрінде қолданылатын глюкокортикоид тобының препараты:

1.Преднизолон

2.Зафирлукаст

3.Беклометазон дипропионаты

4.Ипратропия бромиді

5.Кромолин-натриі

 

Тест №4.

Бронхообструктивті синдромның алдын алу және ұстамасын басу үшін, сонымен қатар жас балалар тәжіребесіндеде қолданылатын жұптастырылған препарат:

1.Кромолин-натриі

2.Формотерол

3.Тиотропия бромиді

4.Метацин

5.Беродуал

Тест №5

Балалар тәжірибесінде қолданылатын миотропты әсері бронхолитик:

1.Кромолин-натриі

2.Сальметерол

3.Эуфиллин

4.Метацин

5.Тиотропия бромиді

 

Тест №6

Бронх демікпесінің ұстамасын алдын алу үшін қолданылатын препараттар, біреуінен басқа:

1.Изадрин

2.Сальбутамол

3.Метацин

4.тиотропия бромиді

5.Преднизолон

Тест №7

Бронх демікпесінде қолданылатын аллергияға қарсы зат:

1.Тиотропия бромиді

2.Изадрин

3.Эуфиллин

4.Кетотифен

5.Беродуал

 

Тест №8

Бронхтардың М-холинорецепторларын тежеу нәтижесінде бронхоспазмды басады:

1.Эуфиллин

2.Дексаметазон дипропионаты

3.Зафирлукаст

4.Ипратропия бромиді

5.Формотерол

Тест №9

Кромолин натрийді және недокромилді қолданылады:

1.Бронхообстуктивті синдромды басу үшін

2. Бронхообстуктивті синдромның алдын алу үшін

3. Бронхообстуктивті синдромның алдын алу және ұстаманы басу үшін

4.Тыныс жетіспеушілігін емдеу үшін

5.Сурфактант синтезін ынталандыру үшін

Тест №10

Фенотерол, бронхолитикалық әсерден басқа:

1.Миотропты спазмолитикалық

2.Гипертензивті

3.Токолитикалық

4.Қабынуға қарсы

5.Аллергияға қарсы

Тест №11

Бронхолитикті анықтаңыз: бронхоспазмның алдын алу және ұстамасын басу үшін қолданылады; ішке және парентеральды қолданылады; тахикардия шақырады, қан тамырды кеңейтетін әсері бар, ОЖЖ ынталандырады.

1.Триамцинолон

2.Кромолин-натриі

3.Зафирлукаст

4.Ипратропия бромиді

5.Эуфиллин

Тест №12

Бронхолитикті анықтаңыз: ингаляциялық тағайындалады, сілекей және бронхиалды бездердің секрециясын тежейді, глаукомада қолдануға болмайды:

1.Дексаметазон дипропионаты

2.Недокромил натриі

3.Формотерол

4.Ипратропия бромиді

5.Метацин

Тест №13

Бронхообструктивті синдром кезінде төменде келтірілген препараттардың барлығы қолданылады, біреуінен басқа:

1.Бета 2- адреномиметиктер

2.М-холиномиметиктер

3.Миотропты әсері бар спазмолитиктер

4.Лейкотриен рецепторларының блокаторлары

5.Глюкокортикоидтар

Тест №14

Изадриннің негізгі жанама әсері

1.Артериалық қысымның төмендеуі

2.Брадикардия

3.Бронхоспазм

4.Тахикардия

5.Атриовентрикулярлы тосқауыл

Тест №15

М-холиноблокаторлар тобының бронхолитикалық заттарының қарсы көрсеткіштері:

1.Брадикардии

2.Атриовентрикулярлы тосқауыл

3.Глаукома

4.Гиперацидті гастрит

5.Асқазанның ойық жара ауруы

 

Ескерту:Тесттік тапсырманың жауаптары оқытушыда.

 

 

«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулықтар

1.Тақырыбы: «Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты:тыныс жетіспеушілігінде, соның ішінде балалар тәжірибесінде, қолданылатын заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, тыныс жетіспеушілігі кезінде тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

 

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолдану ерекшеліктерін және қолдануға қарсы көрсеткіштері бойынша білімді қалыптастыру.

3.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың жанама әсерлерін білу.

4.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың негізгі емдік әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында жұптастырып қолдану бойынша білімді қалыптастыру.

5.Топ препараттарының балалар практикасында қолдану ерекшеліктері. Сурфактант препараттары және сурфактантың синтезін жоғарылататын заттар.

Операционалды компетенция:

1.Тыныс жетіспеушілігінде қолданылатын заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдар

 

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер, бағдарламалық препараттар, рецепт жазуға арналған препараттар

 

6.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Тыныстың жедел жетіспеушілігінде, сонымен қатар балалар тәжірибесінде, қолданылатын заттардың жіктелуі.

2.Этил спирті, әсер механизмі, қолдану ерекшеліктері.

3.Наркотикалық анальгетиктер, жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде қолдану ерекшеліктері, препараттардың сипаттамасы.

4.Артериялық қысымды төмендететін заттар (ганглиоблокаторлар, азот тотығының донаторлары, зәр айдайтын заттар және т.б.), жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде қолдану көрсеткіштері.

5.Сурфактант препараттары, қолдану ерекшеліктері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

6.Сурфактант синтезін ынталандыратын заттар, әсер механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

6. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

7. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, Алматы, 2004– 604 б.

8. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

9. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 450 б.

10. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

5. Методические указания к лабораторным занятиям по фармакологии. /под ред. Пичхадзе Г.М., Алматы.- 2003. - 183 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Деримедведь Л.В., И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. 782 б.

9. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 б.

10. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

11. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 б.

 

Бағдармалық препараттар: этил спирті, фуросемид, бензогексоний, маннит, пентамин, натрий нитропруссиді, нитроглицерин, морфин, фентанил, таламонал, глюкокортикостероидтар, экзосурф (сурфактант препараты)

Рецепт жазуға арналған препараттар: этил спирті, фуросемид, бензогексоний, морфин

8.Бақылау

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар:

Тест №1

Тыныс жетіспеушілігінің (өкпе ісінуі) фармакотерапиясы үшін қолданылады:

1.Ганглиоблокаторлар

2.М-холиномиметиктер

3.Наркотикалық анальгетиктер

4.Зәр айдаушы заттар

5.Альфа-адреноблокаторлар

Тест №2

Тыныс жетіспеушілігінде көбік басушы зат ретінде қолданылады:

1.Этил спиртін

2.Морфинді

3.Маннитті

4.Нитроглицеринді

5.Пентаминді

Тест №3

Өкпе ісінуінде натрий нитропруссиді қандай мақсатта қолданылады:

1.Кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетеді

2.Кіші қан айналым шеңберінде қысымды жоғарлатады

3.Диурезді күшейтеді

4.Кардиотоникалық әсер көрсетеді

5.Көбік басушы әсер көрсетеді

Тест №4

Препаратты аңықтаңыз: антисептикалық және дезинфициялаушы зат хирургтың қолын өңдеу үшін, операциялық аймақты және хирургиялық инструменттерді дезинфекциялау үшін қолданылады. Сонымен қатар, альвеолаларда транссудаттардың беткейлік тартылуын азайтады, сондықтан тыныс жетіспеушілігінде қолданылады:

1.Нитроглицерин

2.Морфин

3.Фуросемид

4.Бензогексоний

5.Этил спирті

Тест №5

Жедел тыныс жетіспеушілігінде фуросемид қолданылады:

1.Бронхолитикалық зат ретінде

2.Кардиотоникалық зат ретінде

3.Қабынуға қарсы зат ретінде

4.Диуретик ретінде

5.Көбік басушы ретінде

Тест №6

Тыныс жетіспеушілігінде шеткі қан тамырларының кеңеюі нәтижесінде кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендететін препараттарға жатады:

1.Маннит

2.Бензогексоний

3.Пентамин

4.Натрия нитропруссиді

5.Нитроглицерин

Тест №7

Нәрестелерде тыныстың жедел жетіспеушілігінде (респираторлы дистресс-синдромы) қолданылатын сурфактант препаратын атаңыз:

1.Фентанил

2.Пентамин

3. Этил спирті

4.Экзосурф

5.Таламонал

Тест №8

Нәрестелерде тыныстың жедел жетіспеушілігінде (респираторлы дистресс-синдромы) қолданылатын препараттарды атаңыз:

1.Фуросемид, нитроглицерин

2.Натрия нитропруссиді, морфин

3.Дексаметазон, экзосурф

4.Маннит, пентамин

5.Этил спирті, бензогексоний

Тест №9

Сурфактант синтезін ынталандыратын заттарға жатады:

1.Дексаметазон

2.Экзосурф

3.Трийодиронин

4.Бромгексин

5.Эуфиллин

Тест №10

Балаларда тыныс жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын миотропты әсері бар спазмолитикалық препарат:

1.Нитроглицерин

2.Фуросемид

3.Бензогексоний

4.Натрия нитропруссиді

5.Эуфиллин







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.