Здавалка
Главная | Обратная связь

Тест №9. Ницерголин жатады: (3)



1. Никотин қышқылының туындына.

2. Ксантин туындысына.

3. Қастауыш алколоидының туындысы.

4. Барвинок алколоидының туындысы.

5. ГАМК туындысы.

Тест № 10. Пирацетамға тән әсер: (1)

1. Тырысуға қарсы

2. Гипертензиялық

3. Депрессияға қарсы

4. Тыныштандырғыш

5.Психоынталандырғыш

Өзіндік дайындыққа арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тесттер  
Тест №1 1,2,3,4
Тест №2 1,2,3,4
Тест №3
Тест №4
Тест №5
Тест №6
Тест №7
Тест №8 1,2,3,4
Тест №9
Тест №10

 

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1. Тақырыбы: «Тырысу синдромы кезінде қолданатын заттар»

2. Цель: тырысу синдромы кезінде қолданатын заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Оқытудың мақсаттары:

1. Тырысулық синдромда, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әерету механизмін және негізгі фармакологимялық әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

2. Емнің тиімділігін арттыру мақсатында эпилепсияның түрлерінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттарды таңдау принциптері туралы білімді қалыптастыру.

3. Тырысу синдромы кезінде дәрілік қалыптарын таңдауды, оларды қабылдау тәсілдеріне және рецептте жазу дағдыларына үйрену.

4. Эпилепсияның түрлерінде, сонымен қатар балалар практикасында қолданылатын дәрілік заттардың қолдануға қарсы көрсетулерін анықтауға үйрену, жағымсыз жанама әсерлерін ажырата білу және оларды дер уақытында реттеу.

5. Негізгі фармакологиялық әсерлерін күшейту үшін дәрілік заттардың жұптасуын таңдауды немесе кейбір препараттардың жағымсыз жанама әсерлерін жоюды үйрену

 

4. Өткізу түрі: барлық сауалдар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетімен игеру, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс жасау, өзіндік бақылау үшін тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттер жазу, электронды тасымалдауыштағы матриалдармен жұмыс жасау, кіші топта жұмыс жасау.

 

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тырысуға қарсы заттарды қолдануға көрсетулер мен қарсы көрсетулер, негізгі жанама әсерлер

2. Эпилепсияның түрлерінде тиімділігі бойынша эпилепсияға қарсы заттардың жіктелуі және олардың әсер ету механизмі.

3. Барбитураттар туындыларының салыстырмалы сипаттамасы

4. Бензодиазепиндік рецепторлар агонистері туындыларының салыстырмалы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері.

5. Тырысуға қарсы заттарды белсенділігі, әсерінің ұзақтығы, тыныс орталығына тежегіш әсеріне байланысты сипаттамасы.

6. Тырысу жағдайын жою үшін қолданылатын заттар.Олардың әсерінің ерекшеліктері.

7. Заманауи эпилепсияға қарсы заттардың негізгі артықшылықтары.

 

6. Таратылатын материал: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, сызбалар, суреттер

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004-608 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - С 327-331, 418-435, 396-406.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – С 320-327, 399-415, 377-387.

4. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 212-216, 276-287, 231-238 с.

5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 184-186.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

4. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

Бағдарламалық препараттар: фенобарбитал, диазепам, натрий оксибутираты, лидокаин, магний сульфат, тиопентал-натрий, фентанил, таламонал, хлоралгидрат, дифенин, этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроат, ламотриджин, топирамат, тиагабин, вигабатрин

 

Рецептке жазуға арналған препараттар: фенобарбитал, диазепам, нитразепам

 

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1. Эпилепсияның кіші ұстамаларында (petit mal) қолданылатын таңдау препараттары болып табылады:

1.Диазепам, фенобарбитал

2.вальпроты, этосуксимид

3.Топиромат, тиагабин

4.фенобарбитал, дифенин

5.Карбомазепин, ламотриджин

Тест №2. Фенбарбиталдың әсер ету механизмі:

1. ГАМК ергиялық жүйенің белсенденуі

2.Серотонинергиялық жүйенің белсенденуі

3. холинергиялық жүйенің белсенденуі

4.дофаминергиялық жүйенің белсенденуі

5.пуринергиялық жүйенің белсенденуі

Тест №3. Эпилепсияның барлық түрлерінде таңдау препараты:

1.Вигабатрин

2.Этосуксимид

3.Натрий вальпроат

4.Карбамазепин

5.Диазепам

Тест №4. Эпилептикалық статусты жою үшін қолданылатын зат:

1.Диазепам

2.Карбамазепин

3.Натрий вальпроат

4.Этосуксимид

5.Клоназепам

Тест №5. Диазепамның әсер ету механизмі:

1. норадреналин мен серотониннің кері нейроналды ұсталуы

2. бензодиазепиндік рецепторларды ынталандырады

3. натрий каналдарын тежейді

4.кальций каналдарын тежейді

5. холинергиялық рецепторларды тежейді

Тест №6. Барбитур қышқылының туындысы көрсетеді

1.Гемостатикалық әсер

2.Нейропротекторлық әсер

3.Тырысуға қарсы әсер

4.Психоынталандырушы әсер

5.Гипертензиялық әсер

Тест №7. Қандай эпилепсияға қарсы зат гидантоидтік синдромды туындатады:

1.Этосуксимид

2.Дифенин

3.Фенобарбитал

4.Диазепам.

5.Натрий вальпроат

Тест №8. Үлкен тырысулық ұстамалардың (grand mal) алдын алу үшін қолданылады:

1.Диакарб, сультиам

2.Диазепам, клоназепам

3.Этосуксимид, ламотриджин

4.Наркозға арналған заттар

5.Карбамазепин, дифенин

Тест №9. ОЖЖ ГАМКергиялық жүйені белсендендіретін заттар:

1.Циннаризин, нимодипин

2.Натрий вальпроат, ламотриджин

3.Тиагабин, топирамат

4.Клоназепам, фенобарбитал

5.Пирацетам, аминолон

Тест №10. Тыныс орталығын айқын тежейтін тырысуға қарсы заттар

1.Лидокаин, магний сульфат

2.Диазепам, лидокаин

3.Таламонал, хлоралгидрат

4.Фенобарбитал, магний сульфаты, хлоралгидрат

5.Натрий оксибутираты, таламонал

СОӨЖ арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

Тесттер  
Тест №1
Тест №2
Тест №3
Тест №4
Тест №5
Тест №6
Тест №7
Тест №8
Тест №9
Тест №10

Тақырыбы. «Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау

1.Мақсаты: ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы ерекшеліктері туралы, сәйкес патологиялық үдерістерді түзетуге бағытталған препараттарды таңдаудың негізгі принциптері туралы білімді жалпыландыру, сондай-ақ студенттердің «Жүйке жүйесі» модулі бойынша материалды игеруі барысында қалыптасқан компетенцияларды бағалау

 

2.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың ФК және ФД заңдылықтарын білу

2. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттарды таңдау және қолдану мүмкіндіктерін білу

3. Ми қанайналымы бұзылыстарында, тырысу синдромында қолданылатын препараттар тобының, нейроинфекциялар кезінде қолданылатын бактерияға қарсы заттардың қолдануға негізгі көрсетулері мен қарсы көрсетулерін, жағымсыз жанама әсерлерін білу

4.Дәрілік қалыптарды жазу ережелерін білу.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.