Здавалка
Главная | Обратная связь

Антикоагулянттар, антиагреганттар



гепарин, фраксипарин, эноксипарин, варфарин, ацетилсалицил қышқылы, пентоксифилин (трентал), дипиридамол (курантил), тиклопидин, клопидогрель, фенилин

Жыныс гормондарының препараттары

Бусерелин, даназол, менопаузылық гонадотропин, хориондық гонадотропин, фоллитропин альфа, эстрон, эстрадиол, этиниэстрадиол, прогестерон, гидроксипрогестерон ацетаты, бромокриптин, даназол, тестостерон пропионаты.

ҚСЖ түзету үшін қолданылатын препараттар

Глюкоза, натрий гидрокарбонаты, инсулин, трисамин, аммоний хлориді, белсендендірілген көмір, маннит, сорбит

Бүйрек жетіспеушілігіне байланысты дамыған анемияларда қолданылатын препараттар

Эпоэтин-альфа, темір препараттары, цианокобаламин, фоль қышқылы, леспенефрил, миокальцик, фуросемид

Несептас ауруы кезінде қолданылатын препараттар

Магний препараттары, аллопуринол, магурлит, солуран, метионин, аскорбин қышқылы, бор қышқылы, бензой қышқылы, В6 витаминінің препараттары

Бүйректің созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын заттар

глюкоза, натрий гидрокарбонаты, инсулин, трисамин, аммоний хлориді, эпоэтин-альфа (рекормон), темір препараттары (феррум-лек), цианокобаламин, фоль қышқылы, леспенефрил, миокальцик, кальций карбонаты, фуросемид, белсендендірілген көмір, маннит, сорбит, каптоприл, эналоприл, лозартан, атенолол, дилтиазем, нифедипин, гепарин, фраксипарин, пентоксифиллин (трентал), дипиридомол (курантил), реополиглюкин, эргокальциферол, кальций Д3.

Модуль «Эндокринді жүйе»

Ұйқы безінің гормондарының препараттары және синтетикалық гипогликемиялық заттар

актрапид (қысқа әсерлі адам инсулині), хумулин-регуляр, протафан, хумалог (инсулин-лизпро), хумулин ультраленте, глибенкламид, гликлазид, глипизид, глимепирид, метформин, глибомет, акарбоза, пиоглитазон, розиглитазон, натеглинид (старликс), рапеглинид, глюкагон, глюкоза

Қалқанша безі гормондарының препараттары және антитиреоидты заттар

L-тироксин, трийодтиронин, тиреокомб, тиреотом, мерказолил, перхлорат калия, препараты йода

Бүйрек үсті безі гормондарының препараттары

Дезоксикортикостерон ацетаты, флудрокортизон, гидрокортизон ацетаты, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон

Семіру фармакотерапиясы үшін қолданылатын заттар

сибутрамин, олестра

Модуль «Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары»

Буындық синдромдарда қолданылатын қабынуға қарсы заттар

диклофенак натрий, нимесулид, пироксикам, мелоксикам, напроксен, ибупрофен, индометацин

Иммунодепрессанттар

фенилбутазон, метотрексат, темір препараттары, сульфасалазин, пеницилламин, циклофосфамид, хингамин, преднизолон, лефлуномид, гидроксихлорохин (плаквенил), циклоспорин, азатиоприн, Д-пеницилламин (купренил), биологиялық препараттар (инфликсимаб, ритуксимаб)

Хондропротекторлар

хондроитин сульфат, глюкозамин

Қаңқаның қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар

Эргокальциферол, кальцитриол, альфакальцидол, кальций глюконаты, кальций карбонаты, кальций цитраты, кальций Д3, кальцитонин, этиндронат, клодронат, памидронат, ибандронат, алендронат, золендронат, эстрогендер препараттары (монофазалық, екіфазалық)

 

2.12 Оқытудың әдістері:

Дәрістер: шолу, мәселелік

Практикалық сабақтар: тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау, талдауымен рецепттер жазу, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді шешу.

СОӨЖ

Орындау критерилері

- ұсынылған жұмыстардың барлық түрлерін толық көлемде орындау

Студенттің өзіндік жұмысы:оқу және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау, тақырыпты өзіндік игеру, рефераттар, эссе, презентацияларды дайындау, кестелерді құрастыру, тесттік тапсырмаларды орындау.

 

2.13 Білімді бағалау критериилері мен ережелері:

1. «Фармакология-2» пәні бойынша студенттердің білімін бағалау

Ең жоғарғысы 100 балл

а) ауызша сұрау – ең жоғарғысы 80 балл

- ауызша сұрау мен тақырыпты талдау кезінде дұрыс және толық жауап беру – 74-80 балл

-ауызша сұрау мен тақырыпты талдау кезінде дұрыс, бірақ толық емес жауап беру – 60-73 балл

- аздаған қателіктері бар толық емес жауап беру – 52-59 балл

- тақырыптың негізгі сәттерін ғана көрсететін толық емес жауап – 50-51 балл

- жауап жоқ – 0 балл

б) Тест түрінде тапсырмаларды орындау – ең жоғарғысы 20 балл

- 86-100 % - 20 балл

- 75-85% - 15 балл

- 60-74% - 7 балл

- 50-59% -3 балл

- 50 % аз - 0 балл

2. «Фармакология-2» пәні бойынша дағдыны бағалау

Талдауымен рецепттер жазу – ең жоғарғысы 100 балл

- толық талдауымен дұрыс жазылған рецепт – 90-100 балл

- рецептті жазу мен сигнатураны рәсімдеудегі қателіктер, толық емес талдау – 75-89 балл

- концентрация мен дозаны көрсетудегі қателіктер, сигнатураның көрсетілмеуі, талдаудың толық көрсетілмеуі – 50-74 балл

-дұрыс емес жазылған рецепт, талдауының жоқтығы – 0-49 балл

3. «Фармакология-2» пәні бойынша коммуникативті компетенцияны бағалау

Ең жоғарғысы 100 балл

Дағды Балл
1. Өзін тиімді таныстыру
2. Достық райды вербалды емес деңгейде жеткізуге негізделген ашық кейіп
3. Сұхбаттасу қарқынын ұстана білу, зер салып түйсіну
4. Сенімділік
5. Ықыласпен көңіл қойып түйсіну
6. Көкейтесті мәселені пациент (әңгімелесуші) тұрғысынан байқай білу
Сендіре білу (иландыру) тәсілдерін қалыптастыру
8. Топ арасында пікірталас, жарыс сөз өткізу
9. Мамандығына байланысты терминдерді латын тілінде меңгеру (арнайы түсініктер, атаулар, терминдерді латын тілінде түсіну және айта білу)
10. Кері байланыс
  Барлығы:

4. «Фармакология-2» пәні бойынша өз білімін жетілдіруді бағалау

СӨЖ (ең жоғарғысы 100 балл)

Критерий Балл
СӨЖ ның барлық талаптарды толық орындаған 90-100
СӨЖ орындағанда аздаған қателер жіберілген, тапсырма толық орындалмаған 75-89
СӨЖ орындағанда біршама қателер жіберілген, тапсырма толық орындалмаған 50-74
СӨЖ орындағанда маңызды қателер жіберілген тапсырма орындалмаған, СӨЖ ның критериясына сәйкес емес 0 – 49

5. «Фармакология-2» пәні бойынша құқықтық компетенцияны бағалау

Құқықтық компетенцияны бағалауға арналған сұрақтар аралық пен қорытынды бағалауларда қарастырылады

«Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттерінің емтиханының екінші кезеңін (практикалық дағды) бағалау критериилері

Ең жоғарғысы 100 балл

1. Рецепт жазу (ең жоғарғысы 40 балл)

Критерий Балл
Аздаған қателіктер жіберілген толық талдауымен дұрыс жазылған рецепт 35-40 балл
Рецепт жазу мен сигнатураны рәсімдеудегі қателіктер, толық емес талдау 25-34 балл  
Дұрыс жазылған рецепт, талдауда барлық параметрлері көрсетілмеген 20-34 балл
Концентрация мен дозаны көрсетудегі қателіктер, сигнатура көрсетілмеген, талдауында барлық параметрлер көрсетілмеген 10-19 балл
Дұрыс емес жазылған рецепт, талдауы жоқ 0-9 балл

 

2. Жағдайлық есепті шешу (ең жоғарғысы 40 балл)

 

Критерии Балл
Жағдайлық есеп толығымен шешілген, барлық сұрақтарға жауап берілді 35-40 балл
Жағдайлық есеп аздаған қателіктермен шешілген (мысалы, препараттың әсер ету механизмі толық сипатталмаған) 20-34 балл
Жағдайлық есеп айқын қателіктермен шешілген (мысалы, бір сұраққа дұрыс емес жауап берілген) 10-19 балл
Жауап жоқ немесе бір сұраққа қателіктермен жауап беру 0-9 балл

 

3. Коммуникативті компетенцияны бағалау (ең жоғарғысы 20 балл)

Дағдылар Балл
Тиімді өзін таныстыру 0-5 балл
Өзіне сенімділік 0-5 балл
Түйсікті қабылдау 0-5 балл
Сендіре білу әдістерін қалыптастыру 0-5 балл
Барлығы 20 балл

 

ҚР (қорытынды рейтинг)=ЖР (жіберу рейтингісі)+ҚБР (қорытынды бақылау рейтингісі)

Ең жоғ.-100 балл

ҚР=бағаның пайыздық көрсеткішіне

Емтихандық ведомостке төменде көрсетілген кестеге сәйкес сандық және әріптік эквивалентте пән бойынша қорытынды баға қойылады.

Пән бойынша әріптік-баллдық-рейтингтік бағалау

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші % Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлық емес

 

 

«Жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен

№1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының негізгі жолдары»

2. Мақсаты:Ми қабығы қабыну ауруларының этиопатогенетикалық және симптоматикалық терапиясының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері:

ОЖЖ инфекциялары өмірге қауіп төндіретіндіктенэтиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық терапияны қажет етеді. Олар жеке ауыру түрінде, немесе қандай да бір бактериялық аурудың асқынуы ретінде дамуы мүмкін.

Менингит –мидың және жұлынның қабыну ауруы. Қабыну үрдісінде қабықтардағы және жұлын сұйықтығының өзгеру сипатына байланысты серозды және іріңді менингит болып бөлінеді. Іріңді менингитті жиі келесі топтағы микробтар шақырады: менингококктар, пневмококктар, гемофилді таяқша, стрептококктар, көкірің таяқшасы.

Сондықтан менингитті емдеуде міндетті түрде микробқа қарсы заттар, оның ішінде ликворға өтетін, антибиотикке микробтың сезімталдық дәрежесін ескере отырып тағайындалатын препараттар қолданылады.

Антибактериалды терапия парентералді жүргізіледі, келесі антибиотиктерді науқаспен көтере алатын масималды мөлшерлерде тағайындайды.

Хлорамфеникол (левомицетин), жақсы сіңіріледі, барлық тосқауылдардан жақсы өтеді, жаңа туған нәрестелерге қолдануға болмайды. Келесі жанама әсерлер көрсетуі мүмкін: аллергиялық реакциялар, қан түзілуінің тежелуі, тіпті апластикалық анемияға дейін, балаларда сұр коллапс және шоқ. Көрсетілген ауытқуларда пенициллин тобының препараттары кеңінен қолданады: бензилпенициллин натрий тұзы 24 000 000 ӘБ нен, ересектерге ампициллин, оксациллин, карбенициллин, уреидопенициллиндер, оларға тән жанама әсерлер болып табылады: аллергиялық реакциялар, карбенициллин тромбоциттердің агрегациясын бұзуы мүмкін

Келесі топтың препараттарын аминогликозидтер құрайды: гентамицин, тобрамицин, нетилллицин, аллергиялық реакциялар, естудің бұзылуын шақыруы мүмкін, нефротоксикалық әсері бар. Аминогликозидтер В-лактамды антибиотиктермен синергист болып әсер етеді.

Сонымен қатар цефалоспориндердің 3-ші және 4-ші ұрпақтары қолданады: науқастармен жақсы көтерілетін цефтриаксон, цефтазидим, цефотаксим, цефепим, бірақ аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Грамтеріс микробтармен В-лактомаза өндіретін пенициллиндерге аллергия болған кезде, соның ішінде Pseudomanas азтреонам қолдануға болады.

Антибактериалды емнен басқа бактериалды менингите естудің төмендеу қаупін және неврологиялық бұзылыстарды тудыруды азайту үшін қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсерлері бар кортикостероидты ем қолданылады.

Бактериалді менингиттің жиі асқынуына басішілік қысымның жоғарылауы жататындықтан науқасқа диуретиктер – маннит, фуросемид енгізіледі.

Тырысудың алдын алу және емдеу үшін диазепам тағайындалады, су-электролиттік балансты тұрақты ұстап тұру қажет.

Симптоматикалық терапия да үлкен роль атқарады.

4. Power Point бағдарламасыбойынша дайындалған көрнекі құралдар қолданылады.

5. Әдебиет:

Негізгі:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.