Здавалка
Главная | Обратная связь

Тесттік тапсырмалар жауабы



Тесттер Жауабы Тесттер Жауабы
Тест 1 1,3,4,5 Тест 6 2,3,4,5
Тест 2 Тест 7
Тест 3 Тест 8
Тест 4 Тест 9 1,3,4,5
Тест 5 Тест 10

 

 

№2 сабақ

1. Тақырыбы: «Қақырық түсіретін заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

2.Мақсаты:Қақырық түсіретін заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары бойынша білімді қалыптастыру, тыныс алу жүйесі патологияларында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

 

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1.Қақырық түсіретін заттардың, соның ішінде балалар тәжірибесінде қолданылатын, салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2.Қақырық түсіретін заттардың қолдану ерекшеліктерін және қолдануға қарсы көрсеткіштерін білу.

3.Қақырық түсіретін заттардың емдік әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында жұптастырып қолдана білу.

Операционалды компетенция:

1.Қақырық түсіретін заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2.Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

6. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

7. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

8. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

9. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

10. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

3. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

4. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдар

 

4. Оқыту әдістері: барлық сұрақтар бойынша кеңес беру, тақырыпты өз бетінше оқу, жағдайлық есептерді шешу, кестемен жұмыс істеу, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмаларды орындау, электрондық материалдармен жұмыс істеу, кіші топтарда жұмыс істеу, рецепт жазу, талдау, препараттың бір реттік мөлшерін анықтау.

5. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер, бағдарламалық препараттар, рецепт жазуға арналған препараттар

 

6.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қақырық түсіретін заттардың жіктелуі

2. Рефлекторлы әсер ететін қақырық түсіретін заттардың механизмі

3. Тікелей әсер ететін қақырық түсіретін заттардың механизмі

4. Муколитиктердің әсер механизмі

5. Қақырық түсіретін заттардың қолдануға көрсетілулері, жанама әсерлері

6. Балаларда және жүкті әйелдерде қолдану ерекшеліктері

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

11. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

12. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, Алматы, 2004– 604 б.

13. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

14. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 450 б.

15. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

4. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

5. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. 782б.

6. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.). - Санкт-Петербург, 1998. -1043 б.

 

Бағдармалық препараттар: термопсис шөбінің тұндырмасы, калий йодиді, бромгексин гидрохлориді, амброксол, кристаллды трипсин, ацетилцистеин

Рецепт жазуға арналған препараттар: термопсис шөбінің тұндырмасы, бромгексин гидрохлориді

8.Бақылау

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар:

Тест 1. Қақырық түсіретін заттар:

1. Амикацин, бензогексоний

2. Меропенем, амброксол

3. Левофлоксацин, бактрим

4. Экзосурф, бромгексин гидрохлориді

5. Термопсис шөбінің тұндырмасы, калий йодиді

Тест 2. Рефлекторлы әсер ететін қақырық түсіретін зат:

1. Термопсис шөбінің тұндырмасы

2. Калий йодиді

3. Бромгексин гидрохлориді

4. Амброксол

5. Кристаллды трипсин

Тест 3. Тікелей әсер ететін қақырық түсіретін зат:

1. Меропенем

2. Левофлоксацин

3. Фуросемид

4. Термопсис шөбінің тұндырмасы

5. Калий йодиді

Тест 4. Термопсис шөбі тұндырмасының негізгі жанама әсері:

1. Аллергияға қарсы

2. Құсу шақыратын әсер

3. Қабынуға қарсы әсер

4. Құсуға қарсы әсер

5. Қан тамырларын кеңейтетін әсер

Тест 5. Муколитикалық заттар:

1. Сальбутамол, бромгексин

2. Изадрин, калий йодиді

3. Бромгексин гидрохлориді, амброксол

4. Беродуал, левофлоксацин

5. Зафирлукаст, меропенем

Тест 6. Сурфактанттың синтезін жоғарылататын муколитикалық зат:

1. Сальбутамол

2. Термопсис шөбінің тұндырмасы

3. Бромгексин

4. Беродуал

5. Зафирлукаст

Тест 7. Ацетилцистеиннің муколитикалық әсер механизмі:

1. Бронхиалды бездердің секрециясын рефлекторлы ынталандырады

2. Дисульфидті байланысты бұза отырып қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді

3. Бронхтың кірпекшелі эпителиінің белсенділігін рефлекторлы ынталандырады

4. Бронхтың жиырылғыштық белсенділігін рефлекторлы жоғарылатады

5. Бронхтық бездерге тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.