Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті компетенция



1. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

4. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

5. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционалды компетенция

8. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

9. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы – 30 мин.

· Студенттің оқытушынмен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Анемиялық синдромда қолданылатын препараттар. Эритропоэзге әсер ететін заттардың жіктелуі.

2. Темір препараттары железа. Жіктелуі. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

3. В12 витаминінің, фоль қышқылы препараттары. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

4. Эпоэтин-альфа. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. эффекты.

5. Геморрагиялық синдромда қолданылатын препараттар. Гемостатикалық. Жіктелуі.

6. Жергілікті және резорбтивті әсер ететін гемостатикалық заттар. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

7. ҚТІШҰ синдромында қолданылатын заттар.

5. Білім беру және оқыту әдістері:тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді және нұсқаулық бойынша тапсырмаларды қорытындылап шешу, талдап жазылған рецепті тексеру шағын топтармен жұмыс жасау, көрнекті материалдармен жұмыс жасау.

6. Әдебиет:

Негізгі:

36. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 с.

37. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005.

38. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 450 с.

39. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591с.

4. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

6. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 с.

8. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

11. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

12. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 г.

Бағдарламалық препараттар: шала тотыққан темір лактаты, темір фумараты (ферронат, хефенол), темір хлориді (гемофер), шала тотыққан темір сульфаты (актиферрин, тардиферрон, ферроградумет), «ферроплекс», ферковен, феррум лек, мальтофер, ферлатум, эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, фоль қышқылы, кальций хлориді, кальций глюконаты, адроксон, серотонин адипинаты, викасол, тромбин, фибриноген, гемостатикалық жөке, этамзилат, аминокапрон қышқылы, контрикал, ацетилсалицил қышқылы, тиклопидин, клопидогрел, дипиридамол, абциксимаб, гепарин, варфарин.

Рецептте жазуға арналған препараттар: «Ферроплекс», феррум лек, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, викасол, кальций хлориді, ацетилсалицил қышқылы, гепарин, варфарин.

7. Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша сұрау-сұхбаттасу.

2. Рецептті жазу және талдау мен, бір реттік дозасын есептеу. Талдау барысында тобын, негізгі фармакологиялық әсерлерін, қолдануға көрсетулерін, жанама әсерлерін көрсету.

3. Тесттік тапсырмаларды орындау.

Білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар

Тест №1

Препаратты анықтау (1). Организмде ДНҚ мен нуклеопротеиндердің, миелиннің синтезі үшін, сондай-ақ гомоцистеиннің метионинге трансформациялануы үшін қажет кобамамид кофакторына айналады.

1. фоль қышқылы 2. цианокобаламин 3. викасол 4. этамзилат 5. феррум лек

Тест №2

Темір тапшылықты анемияда келесі препараттар қолданылады (1):

1. «ферроплекс», темір фумарат, ферковен, феррум лек

2. темірдің кешенді препараттары (мальтофер, ферлатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы

3. темір хлориді (гемофер), цианокобаламин, фоль қышқылы

4. эпоэтин альфа, шала тотыққан темір лактаты, варфарин, адроксон

5. викасол, аминокапрон қышқылы, шала тотыққан темір сульфаты (тардиферрон), ферроградумет

Тест №3

Фоль қышқылы (4):

1. организмде фолиний қышқылына айналады 2. макроцитарлы анемияда қан құрамын қалпына келтіреді 3. лейкопоэзді ынталандырады 4.тіндердің регенерациясын ынталандырады 5. организмдегі темір тапшылығының орнын толтырады

Тест №4

Контрикал (1):

1. жергілікті әсер көрсететін коагулянт 2. фибринолитик 3. антиагрегант 4. фибринолиздің ингибиторы 5. резорбтивті әсер көрсететін коагулянт

Тест №5

Адамның рекомбинантты эритропоэтині (3):

1. АІЖ-нан темірдің сіңуін жақсартады 2. эритроциттердің пролиферациясын ынталандырады

3. эритроциттердің дифференцировкасын ынталандырады 4. бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінде шеткі қан құрамының қалпына келуіне ықпал жасайды 5. Т-лимфоциттердің пролиферациясын ынталандырады

Тест №6

Препаратты қасиеті бойынша анықтау. Гемостатикалық зат, қанның табиғи құрамдас бөлігі, қан ұюына қатысады, көлемді қан кетулерде қолданылады.

1. кальций хлориді 2. викасол 3. тромбин 4. фибриноген 5. аминокапрон қышқылы

Тест №7

Агреганттарға жатады (1):

1. адроксон, серотонин адипинаты, кальций хлориді 2. тромбин, адроксон, фитоменадион

2. контрикал, аминокапрон қышқылы, фибриноген 4. Феррум лек, эпоэтин альфа, цианокобаламин

Тест №8

Фибринолизжүйесін тежейтін заттар: 1- синтетикалық , 2-жануар тектес (2):

1. гепарин 2. аминокапрон қышқылы, 3. варфарин 4. контрикал 5. фибриноген

Тест №9

ҚТІШҰ синдромын түзету үшін қолданылады (3):

1. темір тапшылықты анемияда қолданылатын заттар 2. фибриндік тромбтың түзілуіне кедергі жасайтын заттар 3. тромбоциттердің агрегациясына кедергі жасайтын заттар 4. фибриндік тромбтардың түзілуін жоғарылататын заттар 5. гиперхромды анемияда қолданылатын заттар

Тест №10

Темір препараттарының жанана әсерлері (1):

1.ісінулер, жүрек ритмінің бұзылуы 2. тыныс алудың бұзылуы, обстипация 3. обстипация, тістің қараюы 4. тістің қараюы, гипотензия 5. гипертензия, гипогликемия

Білімін тексеруге арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

 

Тест №1 2
Тест №2 1
Тест №3 1,2,3,4
Тест №4 4
Тест №5 2, 3,4
Тест №6 3
Тест №7 1
Тест №8 1-2 2-4
Тест №9 2, 3,4
Тест №10 3

«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Курс

«Жалпы медицина» факультеті

«Қан жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға арналған әдістемелік нұсқау

1.Мақсаты: Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.