Здавалка
Главная | Обратная связь

Операционалды компетенция



16. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

17. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

16. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

17. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

18. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

19. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

20. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

7. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

8. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ұйқы безі ферменттерінің туа пайда болған жетіспеушілігі (біріншілік ферментопатия) және жүре пайда болған функционалды жетіспеушілігі (екіншілік ферментопатия) жөнінде түсінік болу.

2. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

3. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын негізгі препараттардың сипаттамасы.

4. Әсер ету механизміне және фармакокинетикасына байланысты препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

5. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттарды жұптастырып қолдану. Қолдануға қарсы көрсетулер.

5. Білім беру және оқыту әдістері:тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша оқытушының кеңестері, ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, жағдайлық есептерді және нұсқаулық бойынша тапсырмаларды қорытындылап шешу, талдап жазылған рецепті тексеру шағын топтармен жұмыс жасау, көрнекті материалдармен жұмыс жасау.

6. Әдебиет:

Негізгі:

48. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

49. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, Алматы, 2004– 604 б.

50. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 с.

51. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005.

52. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 450 с.

53. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591с.

4. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

6. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 с.

8. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

11. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

12. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 г.

13. Кафедрада оқылатын дәрістер.

Бағдарламалық препараттар:панкреатин, панкурмен, панзинорм форте, фестал, дигестал, мезим форте, панкреофлат,панцитрат, креон, апротинин (контрикал).

Рецептте жазуға арналған препараттар: панкреатин, фестал, креон, апротинин (контрикал).

Білімін тексеруге арналған тесттапсырмалары

Тест №1

Панкреатин:

1. Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3. Құсу шақыратын зат 4. Өт айдағыш зат

5. Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігінде қолданылатын зат.

Тест №2

Креон:

1.Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3.Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігі синдромында қолданылатын зат 4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №3

Контрикал:

1. Протеолиздің ингибиторы 2.Өт айдағыш зат 3. Гастропротектор 4. Іш айдағыш зат 5. Құсу шақыратын зат

Тест №4

Ұйқы безінің қызметі бұзылғанда қолданылатын зат:

1. Магния сульфат 2. Омепразол 3. Амоксициллин 4. Панкреатин 5. Атропин сульфаты

Тест №5

Жедел панкреатитте қолданылатын зат:

1. Магний сульфаты 2. Контрикал 3. Мезим форте 4.Лоперамид 5.Ранитидин

Тест №6

Екіншілік ферментопатияда тағайындаған жөн:

1. Панкреатин 2. Сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен 3. Магний сульфаты

4. Сукралфат 5. Метоклопрамид

Тест №7

Фестал:

1. Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3. Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігі синдромында қолданылатын зат 4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №8

Панзинорм:

1. Ұйқы безінің фернменттерінен, өт компоненттерінен, пепсин және амин қышқылдарының гидрохлоридінен тұратын жұптастырылған ферменттік препарат 2. Құрамында панкреатин, өт компоненттері, гемицеллюлазадан тұратын күрделі ферменттік препарат 3. Антацидті зат

4. Құсу шақыратын зат 5.Өт айдағыш зат

Тест №9

Протеолиздің ингибиторы:

1. Магний сульфаты 2. Контрикал 3. Фестал 4. Креон 5. Домперидон

Тест №10

Ұйқы безінің экскреторлық қызметі бұзылғанда қолданылатын зат:

1. Кларитромицин 2.Ранитидин 3.Сукралфат 4. Креон 5. Атропин сульфат ы Білімін тексеруге арналған тесттердің жауаптары

Тест №1 5
Тест №2 3
Тест №3 1
Тест №4 4
Тест №5 2
Тест №6 1
Тест №7 3
Тест №8 1
Тест №9 2
Тест №10 4

«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған жағдайлық есептер.

Тақырыбы: «Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттар»

3. Гипоацидті гастритпен сырқаттанатын науқасқа ұйқы безінің ферменттерінен, өт компоненттерінен, пепсин және амин қышқылдарының гидрохлоридінен тұратын жұптастырылған ферменттік препарат тағайындалды. Емдеу нәтижесінде ұйқы безінің қызметі, өт түзілу және өттің бөлінуі жақсарды.

а) Науқасқа қандай препарат тағайындалды?

б) Басқа жұптастырылған ферменттік препараттарды атау.

в) Қолдануға қарсы көрсетулерін атау.

4. Ұйқы безі жетіспеушілігінің клиникалық көріністері (стеаторея, креаторея, құсу, лоқсу, ішектің шұрылдауы, сол жақ қабырға астында ауыру сезімі, метеоризм, анорексия, дене салмағының төмендеуі) бар науқасқа дәрігер панкреатикалық энзимдік препарат тағайындады.

а) Аталған жағдайда қандай ферменттік препараттар тағайындауға болады?

б) Қолдануға қарсы көрсетулерін атау.

в) Панкреатикалық энзимдерден тұратын ферменттік препараттарды атау.

Жағдайлық есептердің жауаптары:

1. а) Панзинорм форте.

б) Панкреофлат.

в) диарея, өт жолдарының гиперкинетикалық типті дискинезиясы, дуоденогастралды рефлюкс, қан сарысуында билирубин мөлшерінің жоғары болуы, ішектің бітелуі.

2. а) аталған жағдайда құрамында амилаза, липаза және трипсин бар панкреатикалық энзимдік препараттар тағайындауға болады.

б) панкреатикалық энзимдік препараттарды жедел панкреатитте, созылмалы панкреатиттің өршуінде қолдану қарсы көрсетілген.

в) креон, панкреатин, панцитрат, мезим форте, панкурмен және т.б.

№2 сабақ

3. Тақырыбы: «Ішек диспепсиясы синдромдарында қолданылатын дәрілік заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері»

4. Мақсаты. ішек диспепсиясы синдромдарында қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

5. Оқытудың міндеттері:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.