Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті компетенция



1. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатынн антигипертензивті заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері.

2. Антигипертензивті заттарды әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарына байланысты емдік әсерін күшейту мақсатында қолдануды үйрену.

3. Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатын дәрілік қалыптарды таңдау, оларды қолдануға көрсетулер, препараттарға рецепт жаза білу.

4. Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дер кезінде алдын алып отыру.

5.Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін антигипертензивті заттарды жұптастырып қолдануды үйрену.

Операционалды компетенция

24. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

25. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

36. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

37. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

38. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

39. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

40. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

15. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

16. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Антигипертензивтізаттардың жіктелуі.

2. Антигипертензивті заттардың әсер ету механизмі және әсер ету орны.

3. Антигипертензивті заттардың негізгі топтарының сипаттамасы (ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторы, тиазидті диуретиктер, кальций каналының тежегіштері, бета адреноблокаторлар)

4. Препараттардың әсер ету механизміне және фармакокинетикасына байланысты салыстырмалы сипаттамасы.

5. Гипотензивті заттарды жұптастырып қолдану

6. Жанама әсерлері.

7. Антигипертензивтіәсер көрсететін басқа фармакологиялық топтың препараттары.

8. Гипертензивті кризде қолданылатын препараттар.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырыптың негізгі маселелерін ауызша қарастыру, тест тапсырмаларын орындау, жағдайлық есептерді шешу, кесте, сурет, сызбаларды талдау, рецепті талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу, интерактивті бағдарлама бойынша мультимедиялық оқулар жүргізу.

6. Әдебиеттер

Негізгі:

1. Фармакология Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы -604 б.

2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. б.-335-355

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2005.б.- 327-347

4. Фармакология / Ред. Р.Н. Аляутдина 2-ші бас.,өңделген. М.: Гэотар – Мед, 2004.б.-293-307

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001.б.-186-196

6. Руководство к лабораторным занятиям Ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.б.-203-312

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591с.

4. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

6. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 с.

8. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

11. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

12. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 г.

13. Кафедрада оқылатын дәрістер.

 

Бағдарламалық препараттар:пропранолол (анаприлин), метопролол, нифедипин (фенигидин), каптоприл, гидрохлортиазид (гипотиазид), амлодипин, фуросемид, атенолол, бисопролол, небивалол, эналаприл, фозиноприл, лозартан, индапамид, омапатрилат, дибазол.

Есте сақтауға арналған препараттар: эналаприл, фуросемид, метопролол, дибазол.

7. Бақылау:

1. Тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша жауап,

2. Рецепті талдаумен жазу, бір реттік мөлшерін есептеу, тобын, фармакологиялық әсерін, қолдануға көрсетпелерін және жанама әсерлерін талдап жазу.

3. Тест тапсырмаларын орындау.

 

Өзіндік бақылауға арналған тесттер:

Тест №1

Пропранололдың антигипертензивті әсері байланысты (1):

1. Бета-адреноблокаторлық әсеріне

2. Тыныштандырғыш әсеріне

3. Кардиотоникалық әсеріне

4. Антиангиналды әсеріне

5. Ганглиоблокаторлық әсеріне

Тест №2

Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторлары (2):

1) Гепарин

2) Фозиноприл

3) Каптоприл

4) Дипиридамол

6. Метопролол

Тест №3

Бета адренорецепторлардың тежегіштеріне жататын препараттар (2):

1) Бисопролол

2) Нитроглицерин

3) Валидол

4) Пропранолол

5) Диазоксид

Тест №4

Кальций өзекшелерінің тежегіштерінің әсер ету механизмін көрсетіңіз (1):

1) Тәждік тамырлардың рефлекторлы кеңеюі

2) Орталық имидазолиндік рецепторлардың тежелуі

3) Азот монооксидінің жеткіліксіздігінің орнын толықтыру, жасуша ішіндегі кальцийдің мөлшерінің азайып, тамырлардың кеңеюіне және жүректің жұмысының төмендеуіне әкеліп соғады.

4) Кальций иондарының баяу кальций өзекшелерімен ағыуының тоқтауы.

5) Пресинапстық мембранадағы норадреналиннің қорының азаюы.

Тест №5

Препаратты қасиеті бойынша анықтау:әсері тез басталатын ілмектік диуретик - ағзадан натрий мен хлордың шығарылуын жылдамдатады. Шеткі қан тамырларды кеңейтуіне және диуретикалық әсеріне байланысты препарат гипотензивті әсер көрсетеді. Көк тамырға енгізгенде әсері 15-20 мин кейін басталып 3 сағатқа созылады, ішке қабылдағанда - 30-50 мин басталып, 4 с. сақталады

1. Гепарин

2. Фуросемид

3. Каптоприл

4. Дипиридамол

5. Пропроналол

Тест №6

Нифедипиннің қолданылуға көрсетілуі (2):

1. Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін

2. Бронхиалды демікпе

3. Артериалды гипертензия

4. Қант диабеті

5. Обструктивті бронхит

Тест №7

Гипертониялық кризде қолданылатын диуретик (1):

1. Лозартан

2. Фуросемид

3. Дипиридамол

4. Фозиноприл

5. Пропранолол

Тест №8

Лозартан (3):

1. ААФ ның ингибиторы

2. ангиотензин ІІ рецепторлардың тежегіші

3. кіші қан айналым шеңберінде қысымды төмендетеді

4. кальций өзекшелерінің тежегіші

5. альдостеронның бөлініп шығуын тежейді

Тест №9

Фозиноприлдің әсер ету механизмі (1):

1. ангиотензиндік рецепторлардың тежегіші

2. бета-адренорецепторлардың тежегіші

3. аденозиндік рецепторлардың тежегіші

4. ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы

5. альфа-адреноблокатор

Тест № 10

Кардиоселективті емес β – адреноблокаторлардың жанама әсерлері мен колдануға қарсы көрсетулерінің логикалық байланысын таңдаңыз.

1. Бронхоспазм А.Гипертониялық ауру

2. Брадикардия Б. Брадиаритмия

3. Атриовентрикулярлы блокада В. Обструктивті бронхит

Өзіндік бақылауға арналған тест жауаптар

     
Тест 1 Тест 6 1,3
Тест 2 2,3 Тест 7
Тест 3 1,4 Тест 8 2,3,5
Тест 4 Тест 9
Тест 5 Тест 10 1-В, 2-Б, 3-А
   
   
   
   
   

«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1. Тақырыбы. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын дәрілік препараттар.

2. Мақсаты: созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар тобының фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін және рационалды фармакотерапия үшін препараттарды таңдай білу дағдысын қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.