Здавалка
Главная | Обратная связь

Тесттік тапсырмалар



Тест №1

Антиагреганттық қаситеттерге ие:

1. варфарин.

2. гепарин.

3. фенилин.

4. дипиридамол.

5. викасол.

Тест №2

Жедел тез үдемелі гломерулонефритте жоғарыда аталғандар қолданылады, біреуінен басқа:

1. Гепарин.

2. Преднизолон.

3. Циклофосфамид.

4. Дипиридомол.

5. Викасол.

Тест №3

Глюкокортикоидтарға жатады:

1. циклофосфамид.

2. преднизолон.

3. азатиоприн.

4. циклоспорин.

5. хлорамбуцил.

 

Тест №4

Стероидты гормондардың әсер ету механизмі

1. аденилатциклазамен байланысады

2. жасуша ішілік механизм

3. фосфодиэстеразаны тежейді

4. кальций иондарының деңгейін өзгертеді

5. фосфатидилинозитол циклын белсендендіреді

Тест №5

Қасиеттеріне байланысты препаратты анықтау.

Гидрокортизонның дегидрленген аналогы. Қабынуға қарсы белсенділігі гидрокортизоннан 3-4 есе жоғары, ағзада натрий иондарын аз дәрежеде ұстайды.

1. гидрокортизон

2. кортикостерон

3. преднизолон

4. дексаметазон

5. триамцинолон

Тест №6

Созылмалы гломерулонефритте жоғарыда аталғандар қолданылады, біреуінен басқа:

1. Антиагреганттар.

2. Антикоагулянттар.

3. Цитостатиктер.

4. Глюкокортикоидтар.

5. Коагулянттар.

 

Тест №7

Цитостатиктерге жоғарыда аталған препараттар қолданылады, біреуінен басқа:

1. Азатиоприн.

2. Меркаптопурин.

3. Циклофосфан.

4. Преднизолон.

5. Хлорамбуцил.

Тест №8

Гепариннің негізгі әсер ету механизмі

1. Тромбоксанның синтезін арттырады

2. Простациклиннің түзілуін тежейді

3. Антитромбин III-пен кешен түзеді

4. Тромбинді тежейді

5. К витаминімен бәсекелестік

Тест №9

Дипиридамол

1. Фосфодиэстеразаны тежейді

2. ЦОГ 1 тежейді

3. Тромбоксан синтезін тежейді

4. ЦОГ 1, 2 ынталандырады

5. Простациклин синтезін ынталандырады

Тест №10

Тікелей емес әсерлі антикоагулянт

1. азатиоприн

2. неодикумарин

3. гепарин

4. преднизолон

5. дипиридомол

 

«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша СОӨЖ арналған әдістемелік нұсқаулар

1. Тақырыбы. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеудің негізгі бағыттары. Балалардағы СБЖ фармакотерапиясының ерекшеліктері.

2. Мақсаты: патологиялық процесстерді коррекциялауға бағытталған созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттар тобының фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция

16. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде қолданылатын препараттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

17. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

18. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

19. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

20. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.