Здавалка
Главная | Обратная связь

Тесттік тапсырмалар



Тест №1 Меруертгүл гликозидтерінің жиынтығынан тұратын препарат

1. строфантин

2. коргликон

3. дигитоксин

4. дигоксин

5. жанаргүл шөбінің тұндырмасы

Тест №2 Полярлы жүрек гликозиді

1. жанаргүл шөбінің тұндырмасы

2. дигитоксин

3. дигоксин

4. строфантин

5. амринон

Тест №3 Амринон

1. түкті оймақгүл препараты

2. алқызыл оймақгүл препараты

3. көктемгі жанаргүл препараты

4. гликозидті емес кардиотоникалық зат

5. меруертгүл гликозидтерінің жиынтығынан тұратын препарат

Тест №4 Жүрек гликозидтерінің кардиотоникалық әсері калий хлоридінің әсерінен...

1. күшейе түседі

2. біршама күшейеді

3. өзгермейді

4. бұрмаланады

5. аталғандардың біреуі де емес

Тест №5 Дигитоксиннің жетекші әсері

1. теріс хронотропты әсер

2. оң инотропты әсер

3. теріс дромотропты әсер

4. аз мөлшерде автоматизмді жоғарылатады

5. теріс батмотропты әсер

Тест №6 Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмін көрсетіңіз:

1. Кардиомиоциттердің мембранасын тұрақтандыру

2. Жасушада кальций ионы деңгейінің артуы миокард миофибриллаларының жиырылуына әкеледі

3. Вегетативті түйіндердің (ганглий) бөгеті (тосқауылы)

4. Кардиомиоциттердегі кальций өзектерінің (канал)тосқауылы

5. Азот монооксиді тапшылығының орнын толтыру жасушадағы кальций деңгейінің азаюына әкеледі.

Тест №7 Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылатын зат

1. Калий хлориді

2. Преднизолон

3. Гидрокортизон

4. Клонидин

5. Натрий нитропруссиді

Тест №8 Препаратты анықтау: жүрек гликозиді, ішке қабылдағанда препараттың 60-80% сіңіріледі, қан сарысуы ақуыздарымен шамамен 25% байланысады, 30%-ға дейін өзгермеген күйінде зәрмен шығарылады, көктамырға енгізгенде әсері 15-30 минуттан кейін басталады, ең жоғары деңгейіне 2-5 сағаттан соң жетеді. Ішке қабылдағанда әсері 2 сағаттан кейін басталады, максималды әсері 6 сағаттан кейін байқалады. Балаларда жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылады.

1. строфантин

2. дигоксин

3. дигитоксин

4. коргликон

5. жанаргүл шөбінің тұндырмасы

Тест №9 Строфантинді тағайындайды

1. ішке

2. көктамырға

3. бұлшықетке

4. тері астына

5. жағылма түрінде

Тест №10 Гликозидтік емес кардиотоникалық зат:

1. Строфантин

2. Коргликон

3. Дигоксин,

4. Дигитоксин

5. Добутамин

№2 сабақ

1. Тақырыбы. Аритмияға қарсы заттар.

2. Мақсаты: негізгі аритмияға қарсы заттардың фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшеліктері жайында білімін қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция

6. Аритмияға қарсы заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық әсерлерін, жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру.

7. Қолдануға көрсеткіштері туралы білімді қалыптастыру, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу.

8. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

9. Аритмияны емдеудің тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

10.Аритмияның түрлерінде дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.