Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті компетенция



26. Ас қорыту жүйесінің қызметіне әсер ететін препараттар топтарының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білу.

27. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білу.

28. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу.

29. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу.

30. Ас қорыту жүйесінің қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу.

Операционалды компетенция

20. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

21. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

26. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

27. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

28. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

29. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

30. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

11. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

12. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дисфагия, асқазан диспепсия синдромдары жайлы түсінікті қалыптастыру.

2. Қышқыл-пептидтік факторлардың белсенділігін төмендететін заттар (антацидтер, антисекреторлы препараттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

3. Асқазанның және онекі елі ішектің шырышты қабатының қарсы тұру қабілетін жоғарылататын, сонымен қатар простагландин Е2 синтезін ынталандыратын заттардың қолдануға көрсетлер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

4. Helicobacter pylori эрадикациясына әсер ететін заттар, әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

5. Асқазанның моторлы-эвакуаторлы бұзылыстарын реттейтін заттар (прокинетиктер, құсу шақыратын және құсуға қарсы заттар), әсер ету ерекшеліктері, жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулері, мүмкін болатын жанама әсерлері.

6. Асқазан бездерінің гипофункциясында қолданылатын заттар (орын басушы ем үшін қолданылатын заттар)

7. Ішек диспепсиясы синдромы жөнінде түсінік.

8. Ішектің моторлық-эвакуаторлық бұзылыстарын түзету үшін қолданылатын заттар (іш айдайтын заттар, диареяға қарсы препараттар, іштің кебуін азайтатын заттар) әсерлерінің ерекшеліктері, жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

9. Ішек дисбиозын емдеу үшін қолданылатын заттар (ішектің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар – пробиотиктер, пребиотиктер), жекелеген препараттардың тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, қолдануға көрсетулер, мүмкін болатын жанама әсерлері.

10. Арнайы емес ойық жаралы колитте және Крон ауруында қолданылатын препараттар.

11. Бауыр жетіспеушілігі мен сарғыштану синдромының фармакотерапиясының негізгі принциптері.

12. Өт айдайтын заттар. Жіктелуі. Өт айдайтын заттардың әсер ету механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері. Жастық аспектіде қолданудың ерекшеліктері.

13. Холелитолитикалық заттар. Әсер ету механизмі. Негізгі препараттардың сипаттамасы, жанама әсерлері.

14. Гепатопротекторлар. Жіктелуі. Гепатопротекторлардың әсер ету механизмі. Қолдануға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер. Жанама әсерлер. Балаларда қолдану ерекшеліктері.

15. Ұйқы безі ферменттерінің туа пайда болған жетіспеушілігі (біріншілік ферментопатия) және жүре пайда болған функционалды жетіспеушілігі (екіншілік ферментопатия) жөнінде түсінік болу.

16. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттардың әсер ету механизмі.

17. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын негізгі препараттардың әсер ету механизміне және фармакокинетикасына байланысты салыстырмалы сипаттамасы.

18. Ұйқы безінің сыртқы секреция қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын заттарды жұптастырып қолдану. Қолдануға қарсы көрсетулер.

 

5. Білім беру және оқыту әдістері:тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецептті талдап жазу, препараттың бір реттік дозасын есептеу.

6. Әдебиет:

Негізгі:

60. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, толықтырылған, қайта өңделген Алматы, 2009 – 608 б.

61. Харкевич Д.А. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі оқулық, Алматы, 2004– 604 б.

62. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 с.

63. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005.

64. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 450 с.

65. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 с.

Қосымша:

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2.Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591с.

4.Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

5.Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

6.Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

7.Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 с.

8.Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

9.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10.Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

11.Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

12.Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 г.

13.Кафедрада оқылатын дәрістер.

Бағдарламалық препараттар:амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, тетрациклин, висмут субцитраты, ампициллин, офлоксацин, протондық насостың (ингибиторлары омепразол, лансопразол, пантопразол, рабепрозол), Н2 – гистаминоблокаторлар (циметидин, ранитидин, фамотидин, низатидин), пирензепин (М-холиноблокатор), магний тотығы, алюминий гидрототығы, магний трисиликаты, маалокс, натрий гидрокарбонаты, висмута үш калий дицитраты, мизопростол, карбеноксолон, сукралфат, алмагель, метоклопрамид, домперидон, М-холиноблокаторлар (атропин сульфаты, платифиллин), дротаверин, пинаверия бромид, мебеверин, сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен, табиғи асқазан сөлі, доксициллин гидрохлориді, фуразолидон, полимиксин М, ципрофлоксацин, гентамицин, фталазол, сульфасалазин, месалазин, М-холиноблокаторы, симетикон (дисплатил), белсендірілген көмір, бифидумбактерин, лактобактерин, линекс, лактулоза, хилак форте, колипротейлік бактериофаг, форлакс (макрогол 4000), бисакодил, сенаде, лоперамид, прозерин, панкреатин, панкурмен, панзинорм форте, фестал, дигестал, мезим форте, панкреофлат, панцитрат, креон, апротинин (контрикал), «Аллохол» таблеткасы, холензим, оксафенамид, папаверин гидрохлориді, құмдық салаубас гүлі, жүгері шашағы, урсодезоксихоль қышқылы, легалон, эссенциале, адеметионин (гептрал), ЛИВ-52, гепабене, амоксиклав, цефамандол, цефаперазон, эритромицин, клиндамицин, бисептол, әсері ұзартылған (пегилирленген) интерферондар, ламивудин, адефовир, энтекавир, рибавирин.

Рецептте жазуға арналған препараттар: метронидазол, пирензепин, ранитидин, кларитромицин, метоклопрамид, сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен, амоксициллин, бисакодил, лоперамид, панкреатин, фестал, креон, апротинин (контрикал), «Аллохол» таблеткасы, магний сульфаты, атропин сульфаты, эссенциале.

7. Бақылау:рецептті талдап жазу, препараттың бір реттік дозасын есептеу, тесттік тапсырмаларды шешу.

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар.

Тест №1

Эрадикациялық емді жүргізу үшін қолданылады (1):

1. Микробқа қарсы заттар 2. антацидті заттар 3. м-холиноблокаторлар 4. гастропротекторлар

5. протондық помпаның ингибиторлары

Тест №2

Протондық помпаның ингибиторлары (3):

1. рабепразол 2. Фамотидин 3. омепразол 4. ампициллин 5. пантопразол

Тест №3

Өт айдайтын заттарға жатады (3):

7. Оксафенамид 2. Аллохол 3. Магний сульфаты 4. Эссенциале 5. Холензим

Тест №4

Холеретиктер тобына жататын өт айдайтын заттар (2):

5. Оксафенамид 2. Аллохол 3. Магний сульфаты 4. Холосас 5. Холензим

Тест №5

Өттің түзілуіне және босап шығуына ықпал етеді (1):

6. Аллохол 2. Магний сульфаты 3. Жүгері шашағы 4. Холензим 5.Оксафенамид

Тест №6

Өт айдайтын заттарды қолдануға көсретулер (4):

6. Созылмалы гепатит 2. Холангит 3. Ішек атониясы 4. Созылмалы холецистит

5. Өт шығару жолдарының дискинезиясы

Тест №7

Диспепсияның ойық жара тәрізді түріне бағытталған емнің құрамына кіреді (4):

1. қышқыл-пепсиндік агрессияны төмендету 2. Helibacter pylori-ға бағытталған эрадикациялық ем 3. шырышты қабықтың қорғаныстық қасиетін күшейту 4. ойық жаралы шырышты қабықтың репаративтік қасиетін жоғарылату 5. орын басушы емді жүргізу

Тест №8

Гистамино2-литиктер (Н2- гистаминдік рецепторлардың блокаторлары): 1-ші ұрпақтың (А), 2-ші ұрпақтың (Б), 3-ші ұрпақтың (В) препараттарын анықтау:

1. циметидин 2. кларитромицин 3. фамотидин 4. пантопразол 5. ранитидин

1. А-1 Б-5 В-3; 2. А-2 Б-4 В-5; 3. А-4 Б-1 В-2

Тест №9

Дәрілік заттардың тобын анықтау. Бұл топтың препараттары сіңірілмейді және қорытылмайтын ас қалдығының көлемін арттырады. Олар суды адсорбциялап, ісінеді, нәтижесінде ішек созылып, оның қуысындағы химустың жылжуына ықпал жасайды.

1. форлакс 2. белсендірілген көмір 3. прозерин 4. линекс 5. дротаверин

Тест №10

Пробиотиктердің бірінші (А) және екінші (Б), үшінші (В) ұрпағына жатады (1) :

1. бактисубтил 2. линекс 3. бифидумбактерин 4. хилак форте 5. лактулоза

1. А -1, Б-3, В-2 2. А-3, Б-4, В-5 3. А-2 Б-1 В-3

Тест №11

Жедел панкреатитте қолданылатын зат (1):

2. Магний сульфаты 2. Контрикал 3. Мезим форте 4.Лоперамид 5.Ранитидин

Тест №12

Екіншілік ферментопатияда тағайындаған жөн (1):

2. Панкреатин 2. Сұйылтылған хлорсутек қышқылы пепсинмен 3. Магний сульфаты

4. Сукралфат 5. Метоклопрамид

Тест №13

Фестал:

1. Антацидті зат 2. Іш айдағыш зат 3. Ұйқы безінің сыртқы секрециясы жетіспеушілігі синдромында қолданылатын зат 4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №14

Панзинорм:

2. Ұйқы безінің фернменттерінен, өт компоненттерінен, пепсин және амин қышқылдарының гидрохлоридінен тұратын жұптастырылған ферменттік препарат 2. Құрамында панкреатин, өт компоненттері, гемицеллюлазадан тұратын күрделі ферменттік препарат 3. Антацидті зат

4. Құсу шақыратын зат 5. Өт айдағыш зат

Тест №15

Құрамында панкреатин, өт компоненттері пепсин және гемицеллюлаза бар безінің сыртқы секрециялық қызметі жетіспеушілігінде қолданылатын заттар.

1. Сукралфат, де-нол 2. Фестал, дигестал 3. Омепразол, пантепразол 4. Магний сульфаты, атропин сульфаты 5. метоклопрамид, домперидон

Тест №16

Созылмалы панкратитте қолданылатын, құрамына липаза, трипсин, химотрипсин, амилаза кіретін препарат (1):

Мезим форте 2. Домперидон 3. Панзинорм 4. Ранитидин 5.Лоперамид

Тест №17

Инфекциялық этиологиялы диареряда (А) және инфекциялық емес диареяда қолданылатын антибактериялық препараттар (Б): (1)

1. ампициллин 2. лоперамид 3. гентамицин 4. ципрофлоксацин 5. белсендірілген көмір 1. А -1, 3, 4 Б-2, 5 2. А-2, 3,5 Б-1,4 3. А-1,2,5 Б-2,3

Тест №18

Ішектің спастикалық түйілуінде тонусы мен қозғалыс белсенділігін төмендетеді (3):

1. дротаверин 2. атропин сульфаты 3. мебеверин 4. прозерин 5. белсендірілген көмір

Тест №19

Липой қышқылы (1):

1. гепатоциттерде энергетикалық метаболизмді жақсартады 2. гастропротекторлық әсер көрсетеді 3. өт айдайтын зат 4. өттің секрециясын төмендетеді 5.ішектің тонусы мен моторикасын төмендетеді

Тест №20

Гепатопротекторлар (4):

1. Эссенциале 2. Липой қышқылы 3. Легалон 4. Оксафенамид 5. Адеметионин

«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 СӨЖ

1. Тақырыбы: «Гастро-эзофагеалды рефлюксты аурудың фармакотерапиясы»

3. Мақсаты:гастро-эзофагеалды рефлюксты аурудың фармакотерапиясының принциптері туралы өздігінше оқыту.

4. Тапсырмалар:

1. ГЭРА қолданылатын препараттар.

2. Антацидтер, әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

3. Антисекреторлы препараттар - Н2-гистаминді рецепторлардың тежегіштері, протондық насостың тежегіштері. Әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

4. Прокинетиктер - дофаминдік рецепторлардың антагонистері, серотониндік рецепторлардың агонисттері. Әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

5. Қармаушы, қаптаушы заттар. Вяжущие, обволакивающие средства. ГЭРА қолданылуы.

5. Орындалу түрі: реферат.

5. Орындалу көрсеткіштері:

а) соңғы жылдардағы әдебиеттерді зерделеу және іріктеу;

б) ақпараттарды өңдеу және жүйелеу;

в) жоспар құру;

г) библиография құрастыру;

д) рефераттық жұмысты безендіру.

Рефератты жұмыстың құрылымы:

1. Мұқаба парақ(үлгі бойынша безендіріледі);

2. мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

3. кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

4. негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

5. қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

6. әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

6. Тапсыру уақыты:«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критериі: 10 баллдық жүйе бойынша.

Сапа критериі 0 балл        
Мазмұнының тақырып пен қойылған міндеттерге сәйкес келуі Жұмыс тақырыпқа сәйкес келмейді Жұмыстың мазмұны тақырыпқа жартылай сәйкес келеді Жұмыстың мазмұны негізгі көрсеткіштері бойынша тақырыпқа және қойылған талаптарға сәйкес келеді Жұмыстың мазмұны тақырыпқа және қойылған талаптарға сәйкес келеді Жұмыстың мазмұны тақырыпқа және қойылған талаптарға толық сәйкес келеді
Тақырыпты толық ашуы және әдебиет көздерін қолдануы Тақырып ашылмаған Тақырып ашылмаған, қолданылған әдебиет көздері аз немесе тақырыпқа сәйкес келмейді Тақырып толық ашылмаған, қолданылған әдебиет көздері жеткілікті емес Тақырып ашылған, бірақ кейбір қалыптары нақтылауды қажет етеді Тақырып толық ашылған, жеткілікті мөлшерде қазіргі әдебиет көздері қолданылған
Материалды жалпы меңгеруі және қысқаша қорытынды жасай білуі Жұмыстың ішкі бірлігі жоқ, қорытындылар жасалмаған Жұмыстың ішкі бірлігі бар, бірақ бөлімдердің бір бірімен байланысы жоқ және қорытынды жасалмаған Жұмыстың ішкі бірлігі бар, бірақ бөлімдердің бір-бірімен байланысы жоқ және қорытынды толық құрастырылмаған Әдебиет материалдары жалпы меңгерілген, қорытынды жасалған Әдебиет материалдары толық жалпы меігерілген, әрбір бөлімі саналы түрде алдыңғы бөлімнің жалғасы болып келеді, өорытынды нақты құрастырылған
Көрнекілігі, оның ақпараттандырылуы Жұмыстың көрнекі материалдары жоқ Жұмыстың көрнекі материалдары жоқ Көрнекілеу тақырыпқа сәйкес емес, ақпараттылығы аз Көрнекілеу тақырыпқа сәйкес келеді, ақпараттылығы жеткілікті Көрнекілеу тақырыпқа сәйкес келеді, ақпаратты
Құрылымы мен рәсімдеудің қойылған талаптарға сәйкес келуі Сәйкес емес Рефератты дайындауға арналған негізгі талаптар сақталмаған Рәсімдеуге арналған негізгі талаптар сақталған Рефератты рәсімдеу өойылатын талаптарға толық сәйкес келеді Рефератты рәсімдеу қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді

8. Әдебиет:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы 2004 – 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750с.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724с.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415 с.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

4. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. –2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

6. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

7. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

8. В.Н. Преображенский. Практическая гастроэнтерология, Алматы, «Медицина баспасы», 1999г. 430 с.

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Кафедрада оқылатын дәрістер.

 

9. Бағдарламалық препараттар:антисекреторлы, антацидті заттар, гастропротекторлар, метоклопрамид, домперидон.

10. Бақылау

1. ГЭРА қандай топтың препараттары қолданылады.

2. ГЭРА қандай антисекреторлы препараттар қолданылады.

3. ГЭРА қандай прокинетиктер қолданылады.

4. ГЭРА қандай қармаушы қолданылады.

5. ГЭРА қандай антацидті заттар қолданылады.

№2 СӨЖ

1. Тақырыбы : «Өт айдайтын өсімдік тектес заттар»

2. Мақсаты:өт айдайтын өсімдік тектес заттардың әсерлері мен қолданылуын өз бетінше оқыту.

3. Тапсырмалар:

1. Өттің түзілуін күшейтетін өт айдайтын өсімдік тектес заттар (холесекретиктер).

2. Өттің шығуына ықпал ететін өт айдайтын өсімдік тектес заттар (холекинетиктер).

3. Микробқа қарсы, қабынуға қарсы әсер ететін өт айдайтын өсімдік тектес заттар.

4. Өт айдайтын өсімдік тектес заттардың қолдануға көрсетілулері, дозалау реті.

5. Өт айдайтын өсімдік тектес заттардың қолдануға қарсы көрсеткіштері мен жанама әсерлері.

 

4. Орындау формасы: презентация.

5. Орындау критерилері:

1. негізгі әдебиет көздерін меңгеру және талдау

2. ақпараттарды өңдеу және жүйелендіру

3. презентация жоспарын жасау

4.библиография құрастыру

5. презентацияны безендіру

Презентацияны құрастыруға қойылатын талаптар:

1. Презентация «Microsoft Power Point» бағдарламасында құрастырылады

2. Слайд саны – 10-15 болуы керек.

3. Презентация сауатты құрастырылған, тез қабылданарлық болуы қажет

4. Соңғы слайдта библиография көрсетіледі.

6. Тапсыру мерзімі:«Ас қорыту» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критериі: 10 баллдық жүйе бойынша.

Сапа критерийлері          
Презентация мазмұнының тақырып пен қойылған міндеттерге сәйкес келуі Жұмыс тақырыпқа сәйкес келмейді Жұмыстың мазмұны тақырыпқа жартылай сәйкес келеді Жұмыстың мазмұны негізгі көрсеткіштері бойынша тақырыпқа және қойылған талаптарға сәйкес келеді Жұмыстың мазмұны тақырыпқа және қойылған талаптарға сәйкес келеді Жұмыстың мазмұны тақырыпқа және қойылған талаптарға толық сәйкес келеді
Тақырыпты толық ашуы және әдебиет көздерін қолдануы Тақырып ашылмаған Тақырып ашылмаған, қолданылған әдебиет көздері аз немесе тақырыпқа сәйкес келмейді Тақырып толық ашылмаған, қолданылған әдебиет көздері жеткілікті емес Тақырып ашылған, бірақ кейбір қалыптары нақтылауды қажет етеді Тақырып толық ашылған, жеткілікті мөлшерде қазіргі әдебиет көздері қолданылған
Материалды жалпы меңгеруі және қысқаша қорытынды жасай білуі Жұмыстың ішкі бірлігі жоқ, қорытындылар жасалмаған Жұмыстың ішкі бірлігі бар, бірақ бөлімдердің бір бірімен байланысы жоқ және қорытынды жасалмаған Жұмыстың ішкі бірлігі бар, бірақ бөлімдердің бір бірімен байланысы жоқ және қорытынды толық құрастырыл-маған Әдебиет материалдары жалпы меңгерілген, қорытынды жасалған Әдебиет материалдары толық жалпы меңгерілген, әрбір бөлімі саналы түрде алдыңғы бөлімнің жалғасы болып келеді, қорытынды нақты құрастырыл-ған
Көрнекілігі, оның ақпараттан-дырылуы Жұмыстың көрнекі материал-дары жоқ Жұмыстың көрнекі материал-дары жоқ Көрнекілеу тақырыпқа сәйкес емес, ақпаратты-лығы аз Көрнекілеу тақырыпқа сәйкес келеді, ақпаратты-лығы жеткілікті Көрнекілеу тақырыпқа сәйкес келеді, ақпаратты
Құрылымы мен рәсімдеудің қойылған талаптарға сәйкес келуі Сәйкес емес Презента цияны дайындауға арналған негізгі талаптар сақталма ған Рәсімдеуге арналған негізгі талаптар сақталған Презентацияны рәсімдеу өойылатын талаптарға толық сәйкес келеді Презентация ны рәсімдеу қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді

 

8. Әдебиет:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А.Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 – 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750с.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724с.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415 с.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

3. Клиническая фармакология. /под ред. Зупанца И.А., Налетова С.В., Викторова А.П./ изд. НФаУ «Золотые страницы», 2005г. т 1-2. 844с.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. –2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 с.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

9. В.Н. Преображенский. Практическая гастроэнтерология, Алматы, «Медицина баспасы», 1999г. 430 с.

10. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

11. Кафедрада оқылатын дәрістер.

 

 

10. Бағдарламалық препараттар:«Аллохол» таблеткалары, холензим, өлмес гүлдің гүлдері, жүгерінің шашағы.

11. Бақылау:

1. Қандай өсімдік тектес препараттар өт айдайтын әсер көрсетеді?

2. Қандай өсімдік тектес өт айдайтын заттар микробқа қарсы әсер көрсетеді?

3. Қандай өсімдік тектес өт айдайтын заттар қабынуға қарсы әсер көрсетеді?

«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі

«Жүрек-қантамырлар жүйесі» бойынша дәрістер кешені

№ 1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік препараттардың жіктелуі, жалпы сипаттамасы және қолданылуының негізгі бағыттары»

2. Мақсаты:Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын топ препараттарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшелігі туралы білімді қалыптастыру

 

3. Дәріс тезистері

Қан айналымды қалыптастыруға әсер ететін заттар практикалық медицинада жүрек қызметінің бұзылыстарында және қан тамыры тонусының патологиялық бұзылыстарында кең қолданылады. Клиникалық қолдану ерекшелігіне байланысты препараттар келесі топтарға бөлінеді:

І. Жүрек қызметінің бұзылыстарында қолданылатын заттар:

а) жүрек жетіспеушілігінде;

б) жүрек ритмінің бұзылыстарында;

в) миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігінде.

ІІ. Артериялық қысымның өзгеруімен жүретін патологиялық жағдайларда қолданылатын заттар:

а) артериялық гипертензия;

б) гипертензивтік жағдайлар.

Жүрек жетіспеушілігі кең тараған патологиялар қатарына жататындықтан, аурушылдық көрсеткішінің өсуіне байланысты қазіргі кезде кардиологияда негізгі мәселелелердің біріне жатады.

Жүрек жетіспеушілігі миокард қақпақшасы мен қан тамырларының органикалық бұзылыстары немесе олардың реттеуші механизмдерінің дисбалансы нәтижесінде дамиды. Осыған байланысты, созылмалы жүрек жетіспеушілігінің тиімді фармакотерапиясы әртүрлі бағытта әсер ететін препараттардың кешенінен тұрады. Қазіргі кездегі көзқарастарға сәйкес жүрек жетіспеушілігі фармакотерапиясының бірінші орындағы препараттарына ААФТ, екінші – диуретиктер, үшінші – жүрек гликозидтері жатады.

Жүрек аритмиясы – бұл жүрек ритмінің бұзылыстары. Аримияның себептері әртүрлі. Аритмияға қарсы заттар жүрек ритмін қалпына келтіру үшін кең қолданылады. Олар тікелей немесе тікелей емес миокардтың келесі қызметтеріне, атап айтқанда, қозғыштығына, өткізгіштігіне және автоматизміне әсер етеді. Аритмияға қарсы заттардың әртүрлі жіктелулері бар. Негізгі механизміне және әсер бағыттарына сәйкес келесі топтарға бөлуге болады:

І топ. Мембранатұрақтандырғыш заттар (ІА, ІВ, ІС класстар).

ІІ топ. β – адреноблокаторлық заттар

ІІІ топ. Әрекет потенциалының ұзақтығын азайтатын заттар

ІV топ. Кальций тежегіштері

Жүрек ритмі бұзылыстарында қолданылатын басқа топ препараттары.

Миокардың өткізгіштігінің бұзылыстарында қолданылатын дәрілік заттар.

І. М – холинорецепторлардың тежегіштері

ІІ. β1 және β2 – адреномиметиктер

Тәждік жетіспеушілікке байланысты дамитын патологиялық жағдайды «жүректің ишемиялық ауруы» терминімен белгілейді.

Жүректің ишемиялық ауруының негізінде миокардқа оттегінің келуі мен миокардтың оттегіне қажеттілігі арасындағы дисбаланс жатады. Антиангинальды препараттардың негізгі 3 тобын анықтайды: органикалық нитраттар, β– адреноблокаторлар және кальций антагонисттері.

Артериялық гипертензия дамыған елдер халқы арасында 30-40% тараған. Артериялық қысымның деңгейі әртүрлі факторларға тәуелді: жүрек жұмысы, шеткі қан тамырларының тонусы, электролиттік құрамы, айналымдағы қанның тұтқырлығы. Гипотензивті заттардың әсері артериялық қысымды реттеуге қатынасатын физилогиялық жүйенің әртүрлі тармақтарына бағытталған. Артериялық гипертензияны емдеуде негізгі таңдамалы препараттарға диуретиктер, β–адреноблокаторлар, ААФТ, кальций антогонистері және β1 – адреноблокаторлар жатады.

Артериялық қысымды жоғарылататын заттар артериялық гипотензияны емдеу үшін қолданылады. Гипотензия созылмалы және жедел болуы мүмкін.

Жедел артериялық гипотензия жүректің жедел жетіспеушілігіне немесе тамырлық коллапсқа байлансты болуы мүмкін. Қан тамырлары тонусының жоғарылауы әртүрлі дәрілік заттарды қолданғанда дамиды. Негізінен артериялық қысымның төмендеуі жүректің шығарылымының азаюымен немесе шеткі қан тамырларының қарсыластығының төмендеуімен түсіндіріледі.

Гипотензияда қолданылатын дәрілік заттарды келесі топтарға бөлуге болады:

Жүректің шығарылымын және қан тамырларының тонусын жоғарылататын заттар

а) А д р е н о м и м е т и к т е р

Адреналин гидрохлориді

Негізінен қан тамырларының тонусын жоғарылататын заттар

а) А д р е н о м и м е т и к т е р

Норадреналин гидротартраты

Мезатон

б) Ангиотензинамид

4. Power Point бағдарламасындағы иллюстрациялық материалды қолдану

5. Әдебиеттер

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

 

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

- Жүректің жедел жетіспеушілігінде қандай топ препараттары қолданылады?

- Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде қандай топ препараттары қолданылады?

- Аритмияға қарсы заттардың жіктелуі қандай?

- Артериялық гипотензияда қандай топ препараттары қолданылады?

 

№ 2 Дәріс

1. Тақырыбы: «Антиангиналды заттарды қолданудың негізгі принциптері. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері және жанама әсерлері»

2. Мақсаты:жүректің ишемиялық ауруларында препаратты тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін жүрек қан тамыр жүйесі қызметіне әсер ететін заттардың әсерлерінің жалпы заңдылықтары туралы білімді қалыптастыру

3. Дәріс тезистері

Антиангиналды заттар жүрек қан тамыр жүйесінің ауыр ауруларының бірі – жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) және оның асқынуларының (миокард инфарктының) алдын алу және емдеу үшін қолданылатын заттар.

Жүректің ишемиялық ауруының дамуының негізінде миокардтың оттегіне қажеттілігі мен миокардқа оттегінің келуінің арасындағы дисбаланс жатады. Бұл дисбалансты жоюдың негізгі фармакологиялық жолдарына жатады:

Ø Тәждік қан айналымның жақсаруын қамтамассыз ететін тәждік қан тамырларын кеңейту,

Ø Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендету,

Ø Миокардтың гипоксияға төзімділігін жоғарылату және қанның реологиялық қасиетін қалпына келтіру.

Осыған байланысты, антиангинальды заттар жүректің оттегіне қажеттілігін төмендете отырып немесе миокардқа оттегінің келуін жоғарылата отырып дисбаланс бұзылытарын қалпына келтіретін заттар ретінде бөлінеді.

 

Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендететін және миокардқа оттегінің келуін жақсартатын заттар

1. Органикалық нитраттар - нитроглицерин, тринитролонг, нитронг, изосорбид динитраты, изосорбид мононитраты;

2. L- типті кальций каналдарын тежейтін заттар - верапамил, нифедипин, амлодипин;

3. Калий өзекшелерін белсендіретін заттар - пинацидил, никорандил;

4. Әр түрлі заттар – амиодарон.

 

Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендететін заттар

1. β-адреноблокаторлар – пропранолол, атенолол, метопролол

2. Брадикардиялық заттар – алинидин, фалипамил

 

Миокардқа оттегінің келуін жоғарылататын заттар

1. Миотропты әсерлі тәждік қан тамырларды кеңейтетін заттар - дипиридамол

2. Коронароспазмды рефлекторлы тежейтін заттар - валидол

 

Антиангинальды заттардың негізгі топтары– органикалық нитраттар, L-типті кальций өзекшелерінің блокаторлары.

Органикалық нитраттарды стенокардия ұстамасын тоқтату үшін (нитроглицерин, изосорбид динитраты – спрей) және ұстамасының алдын алу үшін – органикалық нитраттардың ұзартылған препараттары) қолданылады.

Сонымен қатар, миокардтың гипоксияға төзімділігін жоғарылататын кардиопротекторлық заттар (триметазидин) қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал:мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Издание десятое – М.: ГЭОТАР Медиа, 2008, б.750

3. .Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 9-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006 - 750 б.

4. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 - 735 б.

5. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – 415 б.

 

Қосымша:

1. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006.

3. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Под редакцией акад. РАМВ В.Г.Кукес и проф. А.К. Стародубцева.- М.: Издательский дом ГЭОТАР- МЕД., 2004. – 631 с.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

5. Метелица В.И. Справочник по клинической фармакологии сердечно-сосудистых лекарственных средств.- 2-ое изд., перераб. и доп.-М.: Издательство БИНОМ – СПб.: Невский Диалект, 2002.- 926 б., ил.

6. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

7. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – Пресс, 2002. т. 1-2.

 

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Антиангинальды заттардың негізгі топтары.

2. Стенокардия ұстамасын тоқтату үшін қолданылатын заттар.

3. Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін қолданылатын препараттар.

4. Кардиопротекторлы заттар.

5. Миокардтың оттегіне қажеттілігін төмендететін заттар.

 

№ 3 Дәріс

1. Тақырыбы: «Антигипертензивті заттарды қолданудың негізгі бағыттары. ААФ тежегіштерінің, тиазидті диуретиктердің, кальций каналының тежегіштерінің, бета-блокаторлардың жалпы сипаттамасы. Балалар практикасында қолдану ерекшелігі»

2.Мақсаты:студенттерді антигипертензивті заттардың жіктелуімен, әсер механизмімен және препараттардың салыстырмалы сипаттамасымен таныстыру.

3.Дәріс тезистері

Антигипертензивті (гипотензивті) заттар – емдік дозада жүйелі АҚ төмендететін заттар.

I. Жүрек қан тамыр жүесіне адренергиялық иннервацияның ынталандырғыш әсерін төмендететін заттар (нейротропты заттар)

1.Вазомоторлы орталықтардың тонусын төмендететін заттар - клофелин, гуанфацин, метилдофа, моксонидин, кетансерин

2. Вегетативті ганглилерді тежейтін заттар (ганглиоблокаторлар) - пентамин, гигроний, бензогексоний және т.б.

3. Пресинаптикалық деңгейде адренергиялық нейрондарды тежейтін заттар (симпатолитиктер) - резерпин

4. Адренорецепторларды тежейтін заттар (адреноблокаторлар)

а. αльфа-адреноблокаторлар:

а) пост- және пресинаптикалық альфа-адренорецепторларды тежейтін заттар - фентоламин, тропафен

б) постсинаптикалық

αльфа1-адренорецепторларды тежейтін заттар - празозин

б. бета-адреноблокаторлар

а бета -1 және -2 адренорецепторларды тежейтін заттар - пропранолол (анаприлин), окспренолол

б) негізінен бета-1 адренорецепторларды тежейтін заттар - атенолол, талинолол, метопролол, және т.б.

в. бета және αльфа-адреноблокаторлар - лабеталол

 

II. АҚ жүйелі гумморальды реттейтін заттар

а. ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін заттар

1.ангиотензин II синтезінің ингибиторлары (ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторы) - каптоприл, эналаприл, лизиноприл, периндоприл және т.б.

2.ангиотензин рецепторларының блокаторлары (АТ1) - лозартан

б. вазопептидаза ингибиторы - омапатрилат

 

III.Миотропты әсері бар препараттар

1. Иондық өзекшелерге әсер ететін заттар

а) кальций өзекшелердің блокаторлары : фенигидин, дилтиазем, верапамил, исрадипин, никардипин, нимодипин, нитрендипин, амлодипин

б) калий өзекшелерінің активаторлары: миноксидил, диазоксид

2. Азот тотығының донаторлары (NО) - натрия нитропруссиді

3. Әртүрлі препараттар - апрессин, дибазол, магний сульфаты

IV. Су – тұз алмасуына әсер ететін заттар (диуретитертер) - дихлотиазид, фуросемид спиронолактон, индапамид және т.б..

Препараттардың негізгі топтары

• Тыныштандырғыш, транквилизаторлар, ұйықтатқыш заттар (аз дозалары) – негізінен алғашқы кезеңдерде

• Диуретиктер

• β-адреноблокаторлар

• Кальций өзекшелерінің блокаторлары

• Ангиотензин айналдырушы ферменттін ингибиторлары (ААФИ)

Гипертензивті кризді басу үшін парентеральды қолданылатын антигипертензивті заттар:натрий нитропруссиді, нитроглицерин, эналаприлат, гидралазин гидрохлориді, диазоксид, фентоламин, фуросемид, пентамин, клонидин; пероральды препараттар – клонидин, нифедипин, каптоприл

4.Иллюстрациялық материал:мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

 

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415 б.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

5. Клиническая фармакология и фармакотерапия. /Под ред. В.Г.Кукеса, А.К.Стародубцева. –2-е изд.,испр.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 640 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. -б.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998. -1043 б.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Антигипертензивті заттардың негізгі топтары.

2. Ренин-ангиотензиндік жүйеге әсер ететін заттар.

3. Су-тұз алмасуына әсер ететін заттар.

4. Гипертониялық кризді тоқтату үшін қолданылатын заттар.

 

«Жүрек-қантамырлар жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

Тақырып: «Антиангиналды заттар. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, қарсы көрсетулер және жанама әсерлері»

1. Мақсаты: Антиангиналды заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, әртүрлі патологиялық жағдайларда рационалды таңдау. Оқыту міндеттері:. Когнитивті компетенция:

1.Әртүрлі патологиялық жағдайларда түзетуге қолданылатын антиангиналды заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу;

2.Емдік әсерін күшейту мақсатында әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін бағыттап өзгерту үшін қолданылатын антиангиналды заттарды таңдау;

3.Әртүрлі патологиялық жағдайларда қолданылатын дәрілік қалыптарды таңдау, оларды қолдануға көрсетулер, препараттарға рецепт жаза білу;

4.Препараттарды қолдануға қарсы көрсетулерді анықтау, дәрілердің жағымсыз әсерлерінің дер кезінде алдын алу;

5.Дәрілердің жағымсыз әсерлерінің алдын алу мақсатында және емдік әсерді күшейту үшін антиангиналды заттарды жұптастырып қолдануды таңдау. Операционалды компетенция

22. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

23. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

31. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

32. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

33. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

34. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

35. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

13. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

14. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

3. Хронометраж Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)


· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Антиангиналды заттардың жіктелуі.

2. Антиангиналды заттардың әсер ету механизмі.

3. Органикалык нитраттардың әсер ету ұзақтығына байланысты ажыратылатын ерекшеліктері.

4. Енгізу жолдары. Жанама әсерлері.

5. Жүректің ишемиялық ауруын (ЖИА) емдеуде антикоагулянттар, антиагреганттар, фибринолитиктердің қолдануға негізгі көрсетулер.

6. Антиангиналды әсер көрсететін басқа фармакологиялық топтың препараттары.

7. Миокард инфарктын емдеудің негізгі принциптері.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырыптың негізгі маселелерін ауызша қарастыру, тест тапсырмаларын орындау, жағдайлық есептерді шешу, кесте, сурет, сызбаларды талдау, рецепті талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу, интерактивті бағдарлама бойынша мультимедиялық оқулар жүргізу.

6. Әдебиеттер. Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. б.-313-327

3. Харкевич Д.А. фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2005.б.- 306-319

4. Фармакология / Ред. Р.Н. Аляутдина 2-ші бас.,өңделген. М.: Гэотар – Мед, 2004.б.-281-293

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001.б.-178-183

6. Руководство к лабораторным занятиям Ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.Б.-203-212

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 с.

3. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591с.

4. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

6. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

7. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 с.

8. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

10. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

11. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

12. Сатоскар Р.С., Бондаркар С.Д. Фармакология и фармакотерапия, в 2 томах: Пер. с англ. – М.: Медицина, 1999 г.

13. Кафедрада оқылатын дәрістер.

Бағдарламалық препараттар: нитроглицерин (таблеткалар, пластинкалар, аэрозолдар, жағылмалар, пластырлар), әсері ұзартылған нитроглицерин препараты, пропранолол, амиодарон, валидол, верапамил, нифедипин, дилтиазем, триметазидин, никорандил, алинидин, кораксан (ивабрадин), ацетилсалициловая кислота, морфин гидрохлориді, азоттың шала тотығы, гепарин, фибринолизин, стрептокиназа, стрептодеказа, мезатон.

Есте сақтауға арналған препараттар: триметазидин (предуктал), валидол, верапамил, нитроглицерин.

7. Бақылау

Тақырыптың негізгі сұрақтарына ауызша жауап, рецепті талдау мен жазу, бір реттік дозасын есептеу, тобы, негізгі фармакологиялық әсері, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. Тест тапсырмаларын орындау.

Өзіндік бақылауға арналған тесттер:

Тест №1

Органикалық нитраттарға тән жанама әсерлер (3):


1. Тахиаритмия

2. АҚ төмендеуі

3. Гипокалиемия

4. Бас ауруы

5. Ульцирогенді әсер


Тест №2

Стенокардия ұстамасын жоюға арналған рефлектролы әсерлі зат (1):


1Дигоксин

2. Валидол

3. Изосорбид мононитраты

4. Пропранолол

5. Дилтиазем


Тест №3

Препаратты анықтау: антиангиналды әсері бар органикалық нитрат, әсері 1-3 мин басталып 30 мин. созылады, шеткі қарсыластықты төмендетеді, артериялық қысымды түсіреді, миокардтың оттегіге қажеттілігін азайтады, жүректің жұмысын төмендетеді, бас ауруы, АҚ төмендеуі мен рефлекторлы тахикардия шақырады:


1Пропранолол

2. Дилтиазем

3. Валидол

4. Нитроглицерин

5. Изосорбид мононитраты


Т







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.