Здавалка
Главная | Обратная связь

Модуль «Эндокринная система»



«Эндокринді жүйе» модулі бойынша дәрістік кешен

№ 1 Дәріс

1. Тақырыбы:Гормондық препараттардың жіктелуі. Гормондық терапияның принциптері. Гипо- және гипертиреоз синдромында қолданылатын гормондық препараттар.

2. Мақсаты:гормондық терапияның принциптері, гипо- және гипертиреоз синдромында қолданылатын гормондық препараттар топтарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері жөнінде білім беру.

3. Дәрістің тезисі.

Эндокринді, қазіргі мәліметтер бойынша нейроэндокринді жүйе барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді, сыртқы және ішкі ортаның тұрақты ауысып тұратын факторларына ағзаның бейімделуін қамтамасыз етіп, ағзаның қалыпты өмір сүруіне қажет гомеостазды сақтап тұрады.

ОЖЖ барлық эндокринді бездердің гормон секрециясын реттеуге қатысады, ал гормонрмондар өз алдына ОЖЖ-нің қызметіне әсер етеді.

Эндокринді жүйенің қызметінің нервтік реттелуі гипоталамус гормондары, сонымен қатар автономдық жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады.

Гормонды препараттар – әсер етуші заты гормон және гормонға ұқсас биологиялық әсері бар синтетикалық заттар болатын дәрілік заттар.

Химиялық құрамына қарай гормонды препарат келесідей топтастырылады.

1. Белокты және пептидті құрылысты (гипофиз гормон препараттары, қалқанша маңы және ұйқы бездерінің гормоны және кальцитонин).

2. Амин қышқылдарының туындылары – қалқанша безінің гормондары және эпифиз безінің гормондық;

3. Стероидты құрылысты – БҮБ және жыныс бездері гормондарының препараттары.

Шартты түрде гормонмен емдеудің үш түрін ажыратады. Орын басушы, ынталандырушы және тежегіш.

Орын басушы – ағзада жеткіліксіз гормон болса соған сәйкес гормондық препаратты енгізумен толтырылады. Орныбасушы гормондық терапияны тұрақты түрде жүргізу қажет, себебі, оның емдік әсері науқаста гормонды препарат қабылдағанға дейін сақталады.

Ынталандырушы гормонды терапия – кез-келген эндокринді бездің жетіспеген қызметін шоғырландыру үшін қолданылады – тропты гормондармен емдейді. Гипофиздің алдынғы бөлігінің тежелуін ескерту үшін және ынталандырушы бездің қызметі жойылып кетпес үшін емді үзілмелі курстармен жүргізеді.

Тежегіш гормонмен емдеу – эндокринді бездердің гиперфункциясында және сонымен қатар гормонға тәуелді қатерлі ісіктерді кешенді емдеу үшін қолданылады.

Адам үшін эндокринді жүйенің аса маңызды элементі қалқанша безі болып табылады, азт алмаудың барлық түрін және ағзаның өсуін реттеуде ерекше орын алатын трийодтиронин және тироксин гормондарын өндіреді. Олардың синтезі үшін йод қажет. Туған кезеңнен бастап йод ағзаға жеткіліксіз түсетін болса гипотиреоз айқын дәрежеде көрініп, кретинизм дамиды. Физикалық, психикалық дамуы артта қалады, қаңқаның және ОЖЖ қалыптасуы бұзылады. Ересектерде қалқанша безі қызметінің жеткіліксіздігінде зат алмасу үрдістері тежеледі, физикалық және ақыл ой қызметі төмендейді, апатия, тіндердің ісінуі, жүрек қызметінің бұзылуымен көрінеді. Бұл патология «микседема» деген атқа ие.

Қалқанша безі қызметінің бұзылыстарын медикаментозды түзету келесі топтың препартттарынмен жүргізіледі:

1) Гипотиреозда қолданылатын заттар.

2) Гипертиреозда қолданылатын заттар

Медициналық практикада қалқанша безі гормондарының L – тироксин, трийодтиронин гидрохлорид,і тиреотом, тиреокомб препараттары қолданылады. Оларды қолдануға көрсетулер: гипотиреоз, микседема, кретинизм, эндемиялық және спородиялық зоб, гипотиреоидты семіздік, қалқанша безінің обыры.

Қалқанша безі гормондары шамадан көп өндірілгенде гипертиреоз дамиды.

Гипертиреозды фармакотерапиялық түзету «антитиреоидты» препараттармен жүргізіледі. Олар келесі топтарға жіктеледі:

1. Қалқанша безі фолликуласының жасушаларын бұзатын препараттар (радиоактивті йод).

2. Қалқанша безімен йодтың ұсталуын бұзатын препараттар (калий перхлораты).

3. Тиреоидты гормондардың синтезін тежейтін препараттар (мерказолил).

4. Аденогипофизде ТТГ өндірілуін тежейтін препараттар (йод, дийодтирозин).

4. Power Point бағдарламасындағы иллюстрациялық материалды пайдалану

5. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі

Негізгі:

1. Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004. – 607 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 750 с.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724с.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 300с.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 с.

2. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 с.

4. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 с.

5. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 с.

6. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 с.

7. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-с.782

8. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 с.

9. Белоусов Ю.Б., Моисеев В.С., Лепахин В.К. Клиническая фармакология и фармакотерапия. - М: Универсум Паблишинг, 1997. – 529 с.

10. Бороян Р.Г Клиническая фармакология: психиатрия, неврология, эндокринология, ревматология. – М., Медицинское информационное агентство, 2000. – 422. с.

5. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Гормондық препараттар қалай жіктеледі?

2. Гормондық терапияның принциптері қандай?

3. Гипотиреозда қандай препарттар қолданылады?

4. Гипертиреозда қандай препарттар қолданылады?

Занятие №1

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

1.Тақырыбы. «Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттар»

2.Мақсаты. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.

Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция:

35. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

36. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

37. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

38. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

39. Гипергликемияда, гипогликемияда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.