БЛОК №5. Босану патологиясы
№ 17 Сабақ. Акушерлік жарақат
Қорытынды білім деңгейінің тесттері
1. Ірі нәрестені босанған әйелде босану жолдарын айнамен қарау кезінде жатыр мойнының 3см-ге дейін, бірақ қынап күмбезіне жетпей жыртылуы байқалды. Диагноз қойыңыз: А) жатыр мойнының жыртылуы, І дәрежесі Б) жатыр мойнының жыртылуы, ІІ дәрежесі В) жатыр мойнының жыртылуы, III дәрежесі Г) жатыр мойнының жыртылуы, IV дәрежесі Д) жатыр мойнының жыртылуы, V дәрежесі
2. Салмағы 4300,0 грамм нәресте босанған әйелде жатыр мойнын айнамен қарағанда жатыр мойнында қынап күмбезіне дейін жеткен қанталаған жыртылу байқалды. Диагноз қойыңыз: А) жатыр мойнының жыртылуы, I дәрежесі Б) жатыр мойнының жыртылуы, II дәрежесі В) жатыр мойнының жыртылуы, III дәрежесі Г) жатыр мойнының жыртылуы, IV дәрежесі Д) жатыр мойнының жыртылуы, V дәрежесі
3. Ірі нәресте босанған әйелде қасаға буынының ажырауы диагностикаланды. Дәрігерлік тактика: А) қасаға сүйегінің буындасуын операциялық жолмен қосу, сосын травматологта емделу Б) төсектік тәртіп, жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак) В) жартылай төсектік тәртіп, жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак) Г) дәрілік ем: аурусыздандыратын препараттар, кальций препараты, витаминдер Д) жамбасты тығыз дәкемен байлау, травматологта емделу (ортопедиялық гамак)
4.Босанудың бірінші кезеңінде жыныс жолдарынан қан ағуға алып келетін жиі себептер болып табылады: А) жатыр мойнының жыртылуы Б) жатырдың жыртылуы В) босану әрекетінің әлсіздігі Г) қынаптың жыртылуы Д) аралықтың жыртылуы
5. Босанғаннан кейінгі жыланкөздің пайда болу себебі: А) жатыр мойыны мен қынаптың жыртылуы Б) шапшаң және қарқынды босану В) кіші жамбастың бір жазықтығында нәресте басының ұзақ тұруы Г) қуық пен тік ішекті уақытынан бұрын босату Д) жүктілік кезінде ұзақ уақыт кольпит болса
6. Аралықтын жыртылуының III дәрежесін тігуде аурусыздандырудың қандай тәсілі қолданылады: А)жергілікті инфильтрациялық анестезия Б) спиналды анестезия В) перидуралды анестезия Г) инемен емдеу Д) жалпы наркоз
7. Ортаңғы сызық бойымен аралықты кесу аталады: А) эпизиотомия Б) перинеотомия В) лапаротомия Г) амниотомия Д) симфизиотомия
8.Қайта босанушы жүкті әйел мерзімі жеткен жүктілікпен босану әрекеті басталғанына 2 сағат болғанда келіп түсті. Бірінші жүктілігі кесар тілігімен аяқталған. Операциядан кейінгі кезең тігістің іріндеуімен асқынды. Тері жабындылары бозғылт, пульс 110 рет минутына. АҚҚ 100/80 мм.с.б.б. Ішін пальпациялаған кезде жатыр контуры анық емес, қасаға үстінде аурушылдық байқалады, құрсақтың сол жақ бүйірінде нәрестенің ұсақ мүшелері анықталады. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. PV: жатыр мойыны жайылған, жатыр ернеуінің ашылу 2 см, қағанақ қуығы бүтін, нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне бекітілген. Диагноз қойыңыз: А) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Нәрестенің интранаталдық өлімі Б) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі. В) Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі. Г) Мерзімі жеткен жүктілік. Жатырдың тігіс бойымен жыртылуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі.
9. Қалыпқа келмеген жатыр мойнының жыртылуы алып келеді: А) цервикалды каналдың полипына Б) қайталанып отыратын кольпитке В) истмика-цервикалды жетіспеушілікке Г) жатыр мойының полипына Д) бартолин бездерінің кистасына
10. Жатырдың жыртылуының гистопатикалық себептеріне жатады: А) тар жамбас Б) бастың асинклитикалық бекуі В) ірі нәресте Г) нәрестенің көлденең жатуы Д) жатыр тыртығы
БЛОК №5.Босану патологиясы
№ 17 сабақ. Акушерлік жарақаттар
Қорытынды білім деңгейінің тесттерінің жауаптары
1. Б 2. В 3. Б 4. А 5. В 6. Д 7. Б 8. В 9. В 10. Д
Глоссарий № 17 сабақ. Акушерлік жарақаттар 1) Родовая травма — это болезнь, которая включает реакцию на родовые травматические повреждения, сопровождающуюся нарушением компенсаторно-приспособительных механизмов плода и новорожденного, развитием патологических процессов Birth trauma - is an illness that involves the reaction to the birth traumatic injuries involving the violation of the comфpensatory-adaptive mechanisms of the fetus and newborn, the development of pathological processes Босану кезіндегі жарақат –паталогиялық процестермен дамитын орнын толықтыратын компенсаторлықмеханизмдердің бұзылуымен журетин босану кезіндегі жарақаттарды косып журетін ауру түрі 2) Родовые травматические повреждения головы и черепа: родовая опухоль, область периостального застоя крови, субапоневротическое кровоизлияние, кефалогематома, эпидуральное кровоизлияние, интрадуральное кровоизлияние в мозжечковый намет и серповидный отросток, разрывы мозжечкового намета, Generic traumatic head injury and skull: generic tumor, the area of the periosteal blood stagnation, subaponevroticheskoe hemorrhage, kefalogematomy, epidural hemorrhage, intradural gallop cerebellar hemorrhage and sickle-shaped appendage, breaks the cerebellar tentorium, Босану кезіндегі бас пен бас сүйектің жарақаттануы: босанулық ісік, сүйекқап маңында қанның тоқтауы, субаневротикалық қанқұйылу, кефалогематома, эпидуральды қан құйылу, интрадуральды қанқұйылу. 3) Родовая травма - нарушения целостности (и отсюда расстройство функции) тканей и органов ребенка, возникающие во время родов Birth trauma- the integrity (and hence function disorder) tissues and organs of the child arising during childbirth Босанулық жарақат – босану кезіндегі тіндердің және баланың органдарының бүтіндігінің бұзылуы. 4) Родовые травматические повреждения — это родовая опухоль, подкожные кровоизлияния, небольшие поднадкостничные кровоизлияния, кровоизлияния по линиям смещений костей черепа при конфигурации головки, интрадуральные кровоизлияния, субкапсулярные кровоизлияния печени и т. д. Generic traumatic injuries - is Generic tumor, subcutaneous hemorrhage, small subperiosteal hemorrhage, hemorrhage along the lines of the displacement of the skull bones in the configuration of the head, intradural hemorrhage, subcapsular hemorrhage of the liver, and so on. Босанулық травматикалық жарақат – бұл босанулық ісік ,теріасты қанқұйылу, аздаған сүйекқапастылық қан құйылу, интрадуральды қан құйылу, бауырдың субкапсулярлық қан құйылуы. 5) Разрывом матки называют нарушение целостности ее стенок. Разрыв матки может произойти во время беременности и в родах и является тяжелейшим проявлением акушерского травматизма. Rupture of the uterus called the violation of the integrity of its walls. Uterine rupture can occur during pregnancy and childbirth, and is the most severe manifestation of obstetric injuries. Жатырдың жыртылуы оның қабырғаларының бүтіндігінің бұзылуы . жатырдың жыртылуы жүктілік кезінде және босану кезіндегі акушерлік жарақаттанудың күрделі түрі. 6) «Родовые повреждения» включают в себя любые повреждения во время родов (гипоксические, токсические, биохимические, инфекционные и др "Generic damage" includes any damage during birth (hypoxic, toxic, biochemical, and other infectious Босанулық жарақаттанулар кез келген босану кезіндегі жарақаттарды жатқызады(гипоксиялық, токсикалық, биохимиялық, инфекциялық) 7) Повреждение матки в течение настоящей беременности, перед родами: постоянные, сильные маточные сокращения, введение окситоцина или простагландинов, интраамниальное введение гипертонического раствора, перфорация мониторным катетером, наружная травма, острая или тупая, перерастяжение матки (многоводие, многоплодие). Damage to the uterus during this pregnancy before birth: persistent, severe uterine contractions, oxytocin or prostaglandins, intra-amniotic administration of hypertonic saline, perforation moni catheter, external trauma, acute or obtuse, hyperextension of the uterus (polyhydramnios, multiple pregnancy). Жатырдың зақымдалуы –нағыз жүктілік кезінде , босану алдында : тұрақты, күшті жүктілік жиырулар, окситоцин немесе простогландиндердің енуі, гипертониялық ерітінділердің интрааминальды енуі, мониторлы катетрмен перфорация, сыртқы травма, жедел турдегі жатырдың артық созылуы 8) Травматические - грубое вмешательство во время беременности или родов при отсутствия перерастяжения нижнего сегмента или во время беременности и родов от случайной травмы. Traumatic - gross interferencein pregnancy or childbirth in the absence of hyperextension of the lower segment or during pregnancy and childbirth from an accidental injury. Травматикалық дөрекі араласу – жүктілік кезінде немесе босануда кездейсоқ жарақаттан төменгі сегменттің артық созылуы болмаған жағдайда 9) Разрывы шейки матки могут быть самопроизвольными и насильственными. Самопроизвольные разрывы шейки матки возникают без оперативных вмешательств, насильственные - при операциях вследствие осложненного течения родов. Ruptures of the cervix can be spontaneous and violent. Spontaneous fractures of the cervix occur without surgical intervention, violent - in operations as a result of a complicated course delivery. Жатыр мойнының жыртылуы 10) Разрывы влагалища могут располагаться в нижней, средней и верхней его трети. Повреждения могут быть поверхностными или проникать в клетчатку малого таза и даже в брюшную полость, вызывая образование гематом, массивное кровотечение, геморрагичекий шок. Gaps vagina can be located in the lower, middle, and its upper third. The lesions may be superficial or penetrate the tissue pelvis and even the abdominal cavity, causing bruising, massive bleeding, shock gemorragicheky. 11) Гематомы наружных половых органов и влагалища могут возникать во время беременности при падении, ударе. Однако чаще они возникают во время родов вследствие длительного или быстрого периода изгнания плода или при извлечении головки плода с помощью акушерских щипцов. Hematoma of the vulva and vaginacan occur during pregnancy in a fall impact. But more often they occur during childbirth or due to prolonged period of rapid expulsion or extraction of the fetal head using forceps. 12) выворот матки возникает при неправильном ведении последового периода, вследствие слабости связочного аппарата матки, в случае ее атонии. Выворот матки может быть полным или частичным. Acute inversion of the uterus arise from improper conduct of successive period, the weakness of ligaments of the uterus, in the case of atony. Inversion of the uterus may be complete or partial. 13) Растяжения и разрывы сочленений таза - при родах крупным или переношенным плодом, родоразрешающих операциях размягченные сочленения начинают растягиваться, лонные кости отходят друг от друга на значительное расстояние (более 0,5 см). Extension and tears Articulated pelvis during childbirth close or beyond the fruit, rodorazreshayuschih operations softened joints start to stretch, pubic bones away from each other by a considerable distance (more than 0.5 cm). 14) Острый выворот матки - Acute inversion of the uterus – жедел жатыр айналуы 15)Гематома влагалища– Vaginal hematoma – Қынаптың қанды ісігі 16)Перфорация – Perforatio - Тесілу 17)Разрыв лонного сочленения - Rupture of symphysis pubis – Қасаға буынының ажырауы 18)Кишечные свищи - Еnteric fistula – Ішектік жыланкөз 19)Кровоизлияние под апоневроз - Hemorrhage under the fascia – апоневроз астына қан құйылу 20)Родовая опухоль — Generic tumor – Туылу ісігі 21)Трещины черепа - cracked skull – бас сызаты 22)Паралич лицевого нерва - Bell's paralysis - Бет нерві салдануы 23)Кефалогематома – Кefalogematomy- Кефалогематома 24)Риск разрыва матки - The risk of uterine rupture жатыр жыртылу қаупі 25)Угрожающий разрыв матки - The threatening uterine rupture – жыртылудың басталуы 26)Свершившийся разрыв матки - Accomplished uterine rupture – жатырдың жыртылуы 27)Неполный разрыв матки – Incomplete rupture of the uterus – жатырдың жартылай жыртылуы 28)Полный разрыв матки - Incomplete rupture of the uterus – жатырдың толық жыртылуы
Блок № 6 № 18сабақ. Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы 1. Тақырыбы:Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Емшекпен емізу. 2. Сабақтың мақсаты: Қалыпты босанғаннан кейінгі кезеңді негіздей отырып (бастапқы деңгей) студенттерге босанғаннан кейінгі кезең ағымын тексеруді және бағалауды, босанған әйелге емшекпен емізу және жеке бас гигиенасы жайында кеңес бере білуге үйрету. 3. Оқыту міндеті: 1) Босанғаннан кейінгі кезен ағымында тексеру мен бағалауға студенттерді үйрету; 2) Босанған әйелге жеке бас гигиенасы мен тамақтану жайында кеңес беруге студенттерді үйрету. 3) Босанған әйелге емшекпен емізу жайында ( уыздың құрамы, жетілген сүт, емшекпен емізудің ана мен жаңа туылған бала үшін пайдасы, емшекпен емізуге қарсы көрсеткіш) кеңес беруге студенттерді үйрету. 4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1) Босанғаннан кейінгі ерте және кеш кезең туралы түсінік. 2) Босанған әйел диетасы мен гигиенасы. 3) Босанған әйелді бақылау. 4) Лактация. 5) Емшекпен емізу. Емізудің 10 қадамы. 6) Босанғаннан кейінгі кезеңнің асептикасы мен антисептикасы. 5.Оқыту және сабақ беру әдістері: 1) Бастапқы білім деңгейін бақылау. 2) Оқытушымен бірге жұмыс. Кестелерді, фантомды, фильмдерді қолдана отырып, теориялық материалдарды талдау жасау. 3) Босанғаннан кейінгі бөлімшеде («Ана мен бала» бөлімшесінде) оқытушымен бірге курация жаса. Емшекпен емізу жайында босанған әйелге кеңес беру. 4) Оқытушымен бірге жұмыс. Босанған әйелдерді курациялау кезінде туындаған түсініксіз сұрақтарды талдау. 5) Алған білімдерін қортынды бақылау ( сұрақтар, тесттар, ситуациялық есептер). 6. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.240-248. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Қосымша: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 175-184. 2. Жаңа туылған баланы емшекпен емізу. http://neonatology.narod.ru/neonatology/feeding.html, http://www.lactase.ru/library/breast-feeding.html. 3. Giorgio Tamburlini, Fabio Uxa, Gian Paolo Chiaffoni. Основы ухода за новорожденными и грудное вскармливание. Учебный семинар.ВОЗ, 2002 г. – 22-24 с. 7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер) Сұрақтар. 1. Босанғаннан кейінгі кезеңнің ұзақтығы. 2. Босанған әйелдің барлық мүшелері мен жүйелерінде, жыныс жүйесінде, сүт бездерінде болатын өзгерістер. 3. Қалыпты босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу. 4. Босанған әйел гигиенасы. 5. Босанған әйел емдәмі. 6. Уыз бен жетілген сүттің құрамы мен қасиеті. 7. Емшекпен емізудің сәтті он принципі. 8. Ана мен бала үшін емшекпен емізудің артықшылықтары.
СОӨЖ №18 1.Тақырыбы: Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. 2.Мақсаты: Қалыпты босанғаннан кейінгі кезеңді негіздей отырып (бастапқы деңгей) студенттерге босанғаннан кейінгі кезең ағымын тексеруді және бағалауды, босанған әйелге емшекпен емізу және жеке бас гигиенасы жайында кеңес бере білуге үйрету.
3. Оқыту міндеті: 1) Босанғаннан кейінгі кезен ағымында тексеру мен бағалауға студенттерді үйрету; 2) Босанған әйелге жеке бас гигиенасы мен тамақтану жайында кеңес беруге студенттерді үйрету. 3) Босанған әйелге емшекпен емізу жайында ( уыздың құрамы, жетілген сүт, емшекпен емізудің ана мен жаңа туылған бала үшін пайдасы, емшекпен емізуге қарсы көрсеткіш) кеңес беруге студенттерді үйрету. 4. Өткізу түрі: босанғаннан кейінгі бөлімшеде жұмыс істеу, , құжаттармен жұмыс жасау. 5. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Босанғаннан кейінгі бөлімшеде босанған әйелді курациялау («Ана мен бала» бөлімі) 2. Босанған әйелдерге емшекпен емізу бойынша кеңес беру 3. Босанған әйкелдердің қан қысымын, пульсін өлшеу 4. Жатыр түбінің тұру деңгейін және оның босанғаннан кейінгі күнмен сәйкестігін анықтау 5. Сүт бездерінің жағдайын бағалау 6. Емшекпен емізудің дұрыстығын анықтау 7. Сүт безін дұрыс сауу 8. Босанған әйелге босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру 9. Босанған әйелге босанудан кейінгі гигиена бойынша кеңес беру 10. Босанған әйелге жаңа туылған баланың күтімі бойынша кеңес беру 11. Босанған әйелге босанудан кейінгі емдәм бойынша кеңес беру 12. Босанған әйелге емшекпен емізу бойынша кеңес беру 6. Үлестіру материалдары: емшекпен емізу бойынша нормативті құжаттар 7.Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.240-248. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Қосымша: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 175-184. 2. Жаңа туылған балаларды емшекпен емізу. http://neonatology.narod.ru/neonatology/feeding.html, http://www.lactase.ru/library/breast-feeding.html. 3. Giorgio Tamburlini, Fabio Uxa, Gian Paolo Chiaffoni. Основы ухода за новорожденными и грудное вскармливание. Учебный семинар.ВОЗ, 2002 г. – 22-24 с. 7. Бақылау (сұрақтар, тестер, жағдайлық есептер) Сұрақтар. 1. Босанғаннан кейінгі кезеңнің ұзақтығы. 2. Босанған әйелдің барлық мүшелері мен жүйелерінде, жыныс жүйесінде, сүт бездерінде болатын өзгерістер. 3. Қалыпты босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу. 4. Босанған әйел гигиенасы. 5. Босанған әйел емдәмі. 6. Уыз бен жетілген сүттің құрамы мен қасиеті. 7. Емшекпен емізудің сәтті он принципі. 8. Ана мен бала үшін емшекпен емізудің артықшылықтары.
БЛОК №6. Босанудан кейінгі кезең физиологиясы. № 18 сабақ. Босанудан кейінгі кезең физиологиясы. Емшекпен емізу. БАСТАПҚЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТЕСТТЕРІ 1. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы 24 сағатқа созылады: Иә Жоқ 2. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңнің ұзақтығы 42 күнге созылады: Иә Жоқ 3. Босанғаннан кейінгі кезеңнің ұзақтығы бірінші етеккірдің келуімен анықталады: Иә Жоқ 4. Сүтқоректілерде лактацияға жауапты гормон – прогестерон: Иә Жоқ 5. Босанғаннан кейінгі алғашқы 2-3 күнде сүт бездерінен бөлінетін бөлінді ауыспалы сүт деп аталады: Иә Жоқ 6. Босанғаннан кейін жатыр салмағы 1000 г: Иә Жоқ 7. Физиологиялық босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр мойынының ішкі ернеуі 42 тәулікте жабылады: Иә Жоқ 8. Грануляциялық вал жатыр қабырғасына микроорганизмдердің кіруіне бөгет болады: Иә Жоқ 9. Босанғаннан кейінгі кезеңнің әр күнінде жатырдан бөлінетін бөліндінің өзіндік ерекшеліктері бар және лохия деп аталады: Иә Жоқ 10. Босанғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде лохиялар серозды-аздаған қанаралас болады: Иә Жоқ
БЛОК №6. . Босанғанна кейінгі кезең физиологиясы. № 18 сабақ. Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Емшекпен емізу. Бастапқы білім деңгейінің тесттерінің жауаптары 1.Иә 2.Иә 3.Жоқ 4.Жоқ 5.Жоқ 6.Иә 7.Жоқ 8.Иә 9.Иә 10.Жоқ
БЛОК №6. Босанғанна кейінгі кезең физиологиясы. № 18 сабақ. Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Емшекпен емізу
Қорытынды білім деңгейінің тесттері
1.Босанғаннан кейінгі кезең ұзақтығы қандай? А) 7 күн Б) 14 күн В) 21 күн Г) 42 күн Д) 49 күн
2. Лохияның 10-ші күндегі сипаты: А) қанды Б) серозды-қанаралас В) серозды Г) іріңді Д) сулы
3. Босанғаннан кейінгі 1-ші тәулікте жатыр түбінің тұру деңгейі: А) кіндік деңгейінде Б) кіндіктен 2 көлденең саусақ жоғары В) кіндіктен 2 көлденең саусақ төмен Г) кіндік пен қасағаның ортасында Д) кіндіктен 1 көлденең саусақ төмен
4. Босанғаннан кейінгі 10-шы тәулікте цервикалды канал: А)Бір саусақ өткізеді Б) Екі саусақ өткізеді В) жабық Г) Ішкі ернеуге дейін өтімді Д) Қолдың білезігі өтімді
5.Босанғаннан кейінгі жатыр мойнының пішіні: А) коникалық Б) цилиндр тәрізді В) сферикалық Г) үшбұрыш тәрізді Д) бөшке тәрізді
6. Плацентарлы аймақтың эпителизациясы аяқталады соңында: А) 1-ші аптаның Б) 2-ші аптаның В) 3-ші аптаның Г) 4-ші аптаның Д) 6-шы аптаның
7. Сolostrum – бұл: А) алғашқы менустрация Б) ауыспалы сүт В) жетілген сүт Г) уыз Д) шаш шоғыры
8. Лактациялық аменорея әдісінің әсер ету механизмі: А)жатыр түтігінің перисталтикасын күшейту Б) сперматозоид белсенділігін төмендету В) овуляцияны басу Г) әйел жыныс мүшелеріне эякуляттың түсуіне кедергі жасау Д) эндометрийдегі энзим құрамының өзгеруі
9. Лактационды аменореиінің өзіне тән қасиеті: А) қысқа уақыттылық Б) ЖЖЖА-дан қорғаныстың болмауы В) босанғаннан кейінгі қан ағудың алдын-алу Г) емшекпен емізу дұрыстығын қадағалау керек Д) Контрацепциялық нәтижесі төмен
10. Пролактин секрециясын ынталандырады: А) мини-пили ішу Б) қосарланған ауыз арқылы контрацепциялық дәрілерді ішу В) босанғаннан кейінгі жатырға сырттай массаж жасау Г) жиі зәр шығару Д) баланың сүт безін ему акті
БЛОК №6.Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. 18 сабақ.Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Емшекпен емізу.
Қортынды білім деңгейінің тесттерінің жауаптары
1. Г 2. В 3. Д 4. Г 5. Б 6. В 7. Г 8. В 9. В 10. Д
Глоссарий 18 сабақ.Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Емшекпен емізу.
№ 19 сабақ. 1. Тақырып: Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық аурулар. Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары 2. Сабақтың мақсаты: босанғаннан кейінгі іріңді-септтикалық аурулардың белгілі бір түрлерінің этиологиясын, патогенезін, клиникасын студенттердің білетін біліміне сүйене отырып, студенттерге диагностикалауды, босанғаннан кейінгі жиі кездесетін іріңді септикалық ауруларды емдеудің терапевтикалық тактикасын үйрету. Бөбектер бөлімінде негізгі жұмыс істеу принциптерімен, жаңа туған балалардың іріңді-септикалық және инфекциялық аурулардың алдын-алумен студенттерді таныстыру. Жаңа туған балалардың ағзасының анатомиялық- функционалдық, жаңа туған балалардың күтім ерекшеліктерін қарастыру.
3. Оқыту міндеті: 1) Мақсатқа сай анамнез жинауды білу; 2) Босанудан кейінгі жараны,эндометритті, маститті, тромбофлебитті диагностикалай білу; 3) Осы аурулардың негізгі себептерін анықтау; 4) Кешендіі рационалды терапияны тағайындау. 5) Бақылауға алынған босанған әйелде әйелдер консультациясы және стационар жағдайында алдын-алу шараларының кемшіліктерін анықтау; 6) Бөбектер бөлімінде негізгі жұмыс істеу принциптерімен студенттерді таныстыру. 7) Ерте неонаталдық кезеңде жаңа туылған балалардың анатомия-физиологиялық жағдайы мен ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. 8) Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық ауруларымен студенттерді таныстыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың классификациясы. 2) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі. 3) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалықаурулардың диагностикасы,клиникасы. 4) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурудын заманауи жағдайда ағым ерекшеліктері. 5) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды емдеу. 6) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың алдын-алу принциптері. 7) Ерте неонаталдық кезеңде жаңа туған балалардың жағдайының ерекшеліктері. 8) Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары. Классификациясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы 5. Сабақ жүргізу мен оқыту әдісі: 1) Студенттердің бастапқы білім деңгейін бақылау. 2) Оқытушымен бірге жұмыс. Кестелерді, фантомды, фильмдерді қолдана отырып, теориялық материалдарды талдау жасау. 3) Оқытушымен бірге босанудан кейінгі іріңді-септикалық ауруды курациялау. 4) Бөбектер бөлімшесімен таныстыру, неонатолог пен балалар мейірбикесімен «Ана мен бала» бөлімшесінде қарауға қатысу. 5) Алған білімдерін қортынды бақылау ( сұрақтар, тесттар, ситуациялық есептер) 6. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – сң.746-768. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Қосымша: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 362-372. 7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер) Сұрақтар. 1. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі. 2. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың классификациясы. 3. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың дамуына алып келетін физиологиялық факторлар. 4. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың дауын жоғарылататын факторлар. 5. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурудын заманауи жағдайда ағым ерекшеліктері. 6.Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың негізгі клиникалық түрлерінің клиникасы мен диагностикасы. 7. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды емдеу. 8. Профилактика принциптері. 9. Акушерлік перитониттің ағым ерекшелігі, патогенезіне байланысты емдеу принциптері 10. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды төмендету үшін ана қауіпсіздігінің негізгі принциптері. 11.Жаңа туған балалар бөлімшесінің кұрылысы. 12. Мерзімі жетіп және шала туылған балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері . 13. Жаңа туған балалардың ерекше жағдайлары. 14. Жаңа туған балалардың күтім ерекшеліктері. 15. Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары. Классификациясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы. 16. Босанғаннан кейінгі ананың іріңді-септикалық ауруларды төмендету үшін ана қауіпсіздігінің негізгі ұстанымдары. 17. Шала туған балаларды күту ұстанымдары. 18.Реанимация бөліміндегі шала туған нәрестелердің өкпесін жасанды желдету кезіндегі күту ұстанымдары.
СОӨЖ №19 1. Тақырыбы: Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары 1.Сабақтың мақсаты: Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың белгілі бір түрлерінің этиологиясын, патогенезін, клиникасын студенттердің білетін біліміне сүйене отырып, студенттерге диагностикалауды, босанғаннан кейінгі жиі кездесетін іріңді септикалық ауруларды емдеудің терапевтикалық тактикасын үйрету. Бөбектер бөлімінде негізгі жұмыс істеу принциптерімен, жаңа туған балалардың іріңді-септикалық және инфекциялық аурулардың алдын-алумен студенттерді таныстыру. Жаңа туған балалардың ағзасының анатомиялық- функционалдық, жаңа туған балалардың күтім ерекшеліктерін қарастыру. 2. Оқыту міндеті: 1) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардан анамнез жинау дағдыларын қалыптастыру. 2) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды диагностикалау дағдыларын қалыптастыру. 3) Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды кешенді рационалды емдеу дағдылырын қалыптастыру. 4) Бөбектер бөлімінде негізгі жұмыс істеу принциптерімен студенттерді таныстыру. 5) Ерте неонаталдық кезеңде жаңа туылған балалардың анатомия-физиологиялық жағдайы мен ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру. 6) Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық ауруларымен студенттерді таныстыру.
3.Сабақ жүргізу формасы: босанғаннан кейінгі бөлімшеде жұмыс істеу,босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулармен ауырған әйелдердің босану тарихын талдау. бөбектер бөлімінде, құжаттармен жұмыс істеу
4. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурумен ауырған босанған әйелді курациялау («Ана және бала»бөлімшесі), әйел болмаған жағдайда босану тарихын талдап, диагноз қою. 2. Алдыңғы құрсақ қабырғасындағы операциядан кейінгі тігісті өңдеу 3. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық асқынулармен ауырған босанған әйелдерді жүргізу мен емдеудің тактикасын өңдеу 4. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық асқынулармен ауырған босанған әйелдерді лабораторлық мәліметтермен таныстыру 5. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды емдеудің нәтижелілігі мен ұзақтығын өңдеу критерийлері. 6. Бөбектер бөлімінде жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары бар балалармен жұмыс жасау, егер ондай балаар болмағанда босану тарихымен жұмыс жасау,диагноз қою 7. Босанған әйелге емшекпен емізу бойынша кеңес беру 8. Жаңа туған балалардағы босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруларды өңдеу. 9. Жаңа туылған балалардағы босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауыруларды емдеу тактикасы. 10. Жаңа туған балалардағы іріңді-септикалық аурулар кезінде болатын лабораториялық мәліметтерімен таныстыру. 11. Жаңа туылған балаларда босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауырулардың емінің ұзақтығы мен нәтижесінің бағалауды өңдеу.
6.Үлестіру материалдары: Перзентханада санитарлық-дезинфекциялық тәртіп бойынша нормативтік құжаттар.
7. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.746-768. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Қосымша: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Сп.:СпецЛит, 2003. - с. 362-372. 2. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.714-745. 3.3. Шабалов Н.П. Неонатология: Учебн. пособие: В 2 т. / Н.П.Шабалов. — Т. I. — 3-еизд., испр. и доп. — М.: МЕДпресс-информ, 2004. — с.109-153. 4.Қосымша: 5.1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 185-187. 6.2. Учебный фильм «Тепловая цепочка»: www.orenmpc.ru/map/pro/video/ 7.3. Giorgio Tamburlini, Fabio Uxa, Gian Paolo Chiaffoni. Основы ухода за новорожденными и грудное вскармливание. Учебный семинар.ВОЗ, 2002 г. – 22-24 с. 8.4. Peter Cooper, Robert Johnson, Haroon Saloojee, Jelka Zupan. Решение проблем новорожденных: Руководство для врачей, медицинских сестер и акушерок. ВОЗ, Женева, 2005. – Глава 2, С1-С9 8.Бақылау (Сұрақтар,тесттер, ситуациялық есептер) 9.Сұрақтар. 1. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың этиологиясы,петогенезі. 2. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың классификациясы. 3. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруға әкелетін физиологиялық факторлар. 4. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруды шақыратын қауіп факторлар. 5. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурудың заманауи талабы бойынша ағым ерекшіліктері. 6. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурудың клиникасы мен диагностикасы. 7. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық ауруды емдеу. 8. Алдын-алу принциптері. 9.Жаңа туған балалар бөлімшесінің кұрылысы. 10. Мерзімі жетіп және шала туылған балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері 11. Жаңа туған балалардың ерекше жағдайлары. 12. Жаңа туған балалардың күтім ерекшеліктері. 13. Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары. Классификациясы. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы.
БЛОК №6. Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. № 19 сабақ. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары БАСТАПҚЫ білім деңгейінің тесттері
1. Кесар тілігінен кейінгі босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар сирек дамиды: Иә Жоқ 2. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар Бартельса-Сазонов классификациясы бойынша бес этапқа бөлінеді: Иә Жоқ 3. Хориоамнионит – бұл босану кезіндегі эндометрит: Иә Жоқ 4. Босанғаннан кейінгі параметрит босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың III этабына жатады: Иә Жоқ 5. Босанғаннан кейінгі эндометрит босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың I этабына жатады: Иә Жоқ
6.Жаңа туылған балалардың кеңінен таралған тері инфекциялық аурулары стафилодермия болып табылады: Иә Жоқ 7. Риттер эксфолиативті дерматиті стрептококпен шақырылады: Иә Жоқ 8. Везикулопустулез – бұл тері бездерінің меракринді бөлігінің қабынуы: Иә Жоқ 9.Жаңа туылған балалардың стрептодермиясының ішінде көпіршік жиі кездеседі: Иә Жоқ 10. Сепсисті инфекцияны жұқтыру мерзіміне байланысты жатырішілік және постнаталды деп бөледі: Иә Жоқ
БЛОК №6. Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Сабақ № 19. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туылған балалардың іріңді- септикалық ауррулары .
Бастапқы білім деңгейінің тесттерінің жауаптары 1. Иә 2. Жоқ 3. Иә 4. Жоқ 5. Иә 6. Иә 7. Жоқ 8. Иә 9. Жоқ 10. Иә
БЛОК №6. Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы. Сабақ 19. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары Қорытынды білім деңгейінің тесттері
1. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулардың III этабына жатады: А) перитонит Б) септикопиемия В) босанғаннан кейінгі жара Г) метроэндометрит Д) параметрит
2. Босанғаннан кейінгі пельвиоперитонит Бартельс-Сазоновтың классификациясы бойынша жатады: А) инфекцияның таралуының I этабына Б) инфекцияның таралуының II этабына В) инфекцияның таралуының III этабына Г) инфекцияның таралуының IV этабына Д) инфекцияның таралуының V этабына
3. Босанғаннан кейінгі перитониттің емі: А) лапаротомия, құрсақ қуысын дренаждау Б) консервативті, антибактериалды терапия В) лапаротомия, жатыр,жатыр түтігімен бірге экстирпация жасау Г) лапароскопия, құрсақ қуысын дренаждау Д) лапаротомия, жатыр,жатыр түтігімен бірге ампутация жасау
4. Кесар тілігінен кейінгі 1-3 тәулікте «ерте» перитониттің дамуына алып келетін инфекция көзі болып табылады: А) операция кезінде құрсақ қуысына жатыр қуысындағы жиынтықтың түсуі Б) ішек қабырғасының токсиндер мен бактерияларға өткізгіштігінің жоғарғы болуы В) жатыр тігісінің тұрақсыздығы Г) қынап микрофлорасы Д) жатыр түтігінің қабыну процессі
5. Кесар тілігінен кейінгі 7-9 тәулікте дамыған перитонитке алып келетін инфекция көзі болып табылады: А) операция кезінде құрсақ қуысына жатыр қуысындағы жиынтықтың түсуі Б) ішек қабырғасының токсиндер мен бактерияларға өткізгіштігінің жоғарғы болуы В) жатыр тігісінің тұрақсыздығы Г) қынап микрофлорасы Д) жатыр түтігінің қабыну процессі
6. Жаңа туған балалардың ірінді-септикалық аурулары жиі шақырылады: А) стафилококпен Б) стрептококпен В) гонококпен Г) көкірің таяқшасымен Д) саңырауқұлақтармен
7.Стафилакокпен шақырылған терінің инфекциялық ауруларын көрсетіңіз: А) интертригинозды стрептодермия, везикулопустулез, көпіршік; Б) Риттердің эксфолиативті дерматиті, тілмелік қабыну, везикулопустулез; В) некрозды флегмона, көпіршік, Риттердің эксфолиативті дерматиті; Г) везикулопустулез,көпіршік, гонобленорея; Д) везикулопустулез,көпіршік, Риттердің эксфолиативті дерматиті.
8.Жаңа туылған баланың жамбас терісінде көлемі бірнеше миллиметр ұсақ көіршіктер пайда болды,мөлдір сұйықтыққа толған, біраздан кейін сұйықтық лайланған. 3 күннен кейін везикула жарылған, эрозия пайда болған, құрғақ қабыршықтармен қапталған. Сауығудан кейін бет терісінде тыртықтар мен пигменттер қалмаған. Сіздің диагнозыңыз: А) жаңа туылған балалар көпіршігі Б) Риттердің эксфолиативті дерматит В) некрозды флегмона Г) везикулопустулез Д) тілмелік қабыну
9. Жаңа туылған балалардағы гонобленореяның профилактикасы немен жүргізіледі : А) 70% этил спиртімен Б) 1% бриллиант көгі ерітіндісімен В) 0,5% гидрокортизон майымен Г) 5% перманганат калий ерітіндісімен Д) 1,0% тетрациклин майымен
10.Жаңа туылған балаларда кіндік айналасының тері және теріасты тінінің қабынуы аталады: А) пемфигус Б) омфалит В) кольпит Г) мастит Д) орхит
БЛОК №6. Босанғаннан кейінгі кезең физиологиясы Сабақ№ 19. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туылған балалардың ірінді-септикалық аурулары
Қортынды білім деңгейінің тесттерінің жауаптары 1. А 2. Б 3. В 4. А 5. В 6. А 7. Д 8. Г 9. Д 10. Б Глоссарий Сабақ 19. Босанғаннан кейінгі іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған балалардың іріңді-септикалық аурулары
Сабақ № 20. 1. Тақырып: Ана мен нәресте қананының изосерологиялық сыйыспаушылығы. Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу. 2. Сабақтың мақсаты: ана мен нәресте қананың изосерологиялық сыйыспашылығының этиологиясын, клиникасын білетін студенттердің біліміне сүйене отырып, көрсетілген патологиялармен диагностикалауды, емдеуді және алдын-алуды үйрету. 3. Оқыту міндеттері: 1) Жалпы және акушерлік ананмезді білу негізінде ана сенсибилизациясына алып келетін себептерлі анықтауға студенттерді үйреті. 2) Анамнез бен объективті зерттеу (нәресте жағдайын анықтау) мәліметтерін қолдана отырып, ана мен нәресте қанының изосерологиялық сыйыспаушылығын диагностикалуды студенттерге үйрету, рационалды акушерлік тактиканы таңдау. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1) Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Этиологиясы және патогенезі. 2) Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Клиникасы. Диагностикасы. 3) Жүктілік пен босануды жүргізу. 5. Сабақ жүргізу мен оқыту әдісі: 1) Студенттердің бастапқы білім деңгейін бақылау. 2) Оқытушымен бірге жұмыс. Кестелерді, фантомды, фильмдерді қолдана отырып, теориялық материалдарды талдау жасау. 3) Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде қанның Rh(-) Жүкті әйел курациясы Курация беременных с (-) фактором крови в отделении патологии беременных. 4) Оқытушымен бірге жұмыс. Жаңа туған балаларды қарау барысынада туындаған түсініксіз сұрақтарды талқылау. 5) Алған білімдерін қортынды бақылау ( сұрақтар, тесттар, ситуациялық есептер). . Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.428-437. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Дополнительная: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 384-393. 7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, ситуациялық есептер )
Сұрақтары. 1. Изосерологиялық сыйыспаушылықтың этиологиясы мен патогенезі. 2. Изосенсибилизацияға алып келетін себептер. 3. Ана мен нәрестенің қанының әртүрлі изосерологиялық сыйыспаушылығы. 4. Нәрестенің гемолитикалық ауруларын антенаталды диагностикалау әдістері. 5. Әйелдер консультациясында жүкті әйелдерді жүргізу принциптері. 6. Жүктілік кезіндегі емдеу шаралары, шұғыл босандыруға көрсеткіштер. 7. Босануды жүргізу принциптері. 8. Жаңа туылған балалардың гемолитикалық ауруларын постнаталды диагностикалау. 9. Қанның изосерологиялық сыйыспаушылығының профилактикасы. 10. Антирезус-иммуноглобулинмен арнайы алдын-алу үшін көрсеткіш.
СОӨЖ. Сабақ № 20. Тақырып: Ана мен нәресте қанынының изосерологиялық сыйыспаушылығы. Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу. 2. Сабақтың мақсаты: ана мен нәресте қананың изосерологиялық сыйыспашылығының этиологиясын, клиникасын білетін студенттердің біліміне сүйене отырып, көрсетілген патологиялармен диагностикалауды, емдеуді және алдын-алуды үйрету. 3. Оқыту міндеті: 1) Ана сенсибилизациясына алып келетін жалпы және акушерлік анамнез жинауға сүйене отырып, себептерін анықтаудықалыптастыру. 2)Анамнез және объективті зерттеу (нәрестенің жағдайын анықтау) мәліметтерін қолдана оытырып, ана мен нәрестенің қанының изосерологиялық сыйыспаушылығындиагностикалау дағдыларын қалыптастыру , рационалды акушерлік тактиканы таңдау. 4. Сабақ жүргізу формасы:резус-қайшылықты жүктілікпен жүкті әйелдерді жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде жұмыс жасау, бөбектер бөлімінде жұмыс істеу.
1. Тапсырмалар: 1. Гемолитикалық аурулары бар жаңа туылған балалармен бөбектер бөлімінде жұмыс жасау, олар болмағанда босану тарихымен жұмыс жасау, диагноз қою. 2. Босанған әйелге емшекпен емізу бойынша кеңес беру 3. Сүт безінің жағдайын анықтау 4. Емшекпен емізудің дұрыстығын анықтау 5. Сүт безін сауу ережесі 6. Қан тобын және резус-факторын анықтау 7. Гемолитикалық аурулармен ауырған жаңа туылған балаларға ауыстырып қан құюға көмектесу. Гемолитикалық аурулармен ауыратын жаңа туылған балаларды жүргізу мен емдеу тактикасын өңдеу. 8. Гемолитикалық аурулармен ауырған жаңа туылған баллардың лабораторлық мәліметтерімен таныстыру. 9. Гемолитикалық аурулармен ауырған жаңа туылған балларды емдеудің ұзақтығы мен нәтижелілігін бағалауды өңдеу 10. Резус қайшылықты жүкті әйелдермен жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде жұмыс жасау, олар болмағанда босану тарихын талдау. 11. Резус қайшылықты босанушы әйелмен босану блогында жұмыс жасау. 12. Резус қайшылықты жүкті әйелдермен және/немесе қанның резус теріс факторымен әйелдерді әйелдер консультациясында жұмыс жасау. 1. Үлестіру материалдары: нормативтік құжаттар 6. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.428-437. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Дополнительная: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 384-393. 7. Қорытынды бақылау (сұрақтар, тестер, ситуациялық есептер). Сұрақтар 1. Изосерологиялық сәйкес келмеушіліктің этиологиясы мен патогенезі. 2. Изосерологиялық сәйкес келмеушіліктің себептері. 3. Ана мен баланың изосерологиялық сәйкес келмеушілігінің әртүрі. 4. Гемолитикалық аурудың диагностикасының антенатальдық кезеңдегі тәсілдері. 5. Әйелдер кеңесінде жүкті әйелді бақылаудың тәсілдері. 6. Жүктілік кезіндегі емдеу тәсілдері, мезгілінен бұрын босандыруға көсеткіштер. 7. Босануды жүргізудің жүйесі. 8. Нәресте туғаннан кейінгі гемолитикалық аурудың диагностикасы. 9. Қанның изосерологиялық сәйкес келмеуінің алдын алу шаралары. 10. Антирезус иммуноглобулинмен спецификалық профилактика жасауға көрсеткіштер.
Сабақ № 20. 1. Тақырып: Ана мен нәресте қанынының изосерологиялық сыйыспаушылығы. Нәрестенің гемолитикалық аурулары. Жүктілік пен босануды жүргізу.
Бастапқы білім тесттері
1. Ана мен нәресте қанынының изосерологиялық сыйыспаушылығы - бұл ана қанында қан тоб ©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|