Здавалка
Главная | Обратная связь

БЛОК №5. Босану патологиясы



Тапсырма №13: Тар жамбас.

Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары:

 

1. Г

2. Б

3. Б

4. Д

5. В

6. А

7. В

8. Д

9. А

10. Г

Глоссарий

Тапсырма №13: Тар жамбас.

Орысша Қазақша Ағылшынша
1. Истинная коньюгата Нағыз коньюгата True conjugate
2. Остеомалятический таз Остеомалятикалық жамбас Beaked pelvis
3. Спондилолистетический таз Спондилолистетикалық жамбас Spondilolistetic pelvis
4. Кифотический таз Кифоздық жамбас Kyphotic pelvis
5. Наружная пельвиометрия Сыртқы пельвиометрия Outdoor pelviometrya
6. Кососуженный таз Қиғаш тарылған жамбас Asymmetric pelvis
7. Ассимиляционный (длинный) таз Ассимиляциялық жамбас (ұзын) Assimilation (long) pelvis
8. Воронкообразный таз Шұңғыма тәрізді жамбас A funned shaped pelvis
9. Анатомический узкий таз Анатомиялық тар жамбас Anatomic narrow pelvis
10. Поперечносуженный таз Көлденең тарылған жамбас Cross-section narrowed pelvis
11. Плоский таз Жалпақ жамбас Flat pelvis
12. Простой плоский таз Жай жалпақ жамбас Simple flat pelvis
13. Плоскорахитический таз Жалпақ рахитты жамбас Plainly a rachitic pelvis
  Таз c уменьшением прямого размера широкой части полости малого таза Кіші жамбастың кең бөлігінің тік өлшемінің тарылуы Pelvis with a decrease in the size of the direct widest part of the pelvic cavity
14. Кососмещенный таз Қиғаш ығысқан жамбас Mixed oblique pelvis
15. экзостозы экзостоздар Exostosis
16. общеравномерносуженный таз Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас The general in regular in tervals narrowed pelvis or common uniform narrowed pelvis
17. гинекоидный тип таза Жамбастың гинекоидты түрі Ginekoid type pelvis
18. андроидный тип таза Жамбастың андроидты түрі Android type of pelvis
19. антропоидный тип таза Жамбастың антропоидты түрі Anthropoid type of pelvis
20. платипиллоидный таз (плоский) Платипиллоидты жамбас (жалпақ) Platipiloidny pelvis ( flat)

Тапсырма № 14

1. Тақырып: Босану әрекетінің ауытқулары

 

2. Пән мақсаты: студенттерді босану әрекетінің ауытқуларын диагностикалауға, алдын алуға және емдеуге үйрету.

3. Пәннің міндеттері:

 

1)Босану кезінде жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылыстарын диагностика жасаудағы негізгі әдістерді білу.

2)Босану кезінде жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылыстарының негізгі түрлерін білу.

3) Босану әрекетінің аномалиясын емдеудің негізгі әдістерін білу.

4)Босану әрекетінің аномалиясы дамуындағы қауіп қатер факторын және рациоаналды босандыру әдісін анықтай алу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Босану әрекеті аномалиясының себептері. Жіктелуі. Диагностика әдістері.

2) Прелиминарлы кезең. Клиникасы, диагностикасы, емі.

3) Босану әрекетінің әлсіздігі. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Кесар тілігі операциясына көрсеткіштер.

4) Дискоординациялық босану әрекеті. Клиникасы, диагностикасы, емі.

Кесар тілігі операциясына көрсеткіштер.

5) Шамадан тыс босану әрекеті. Клиникасы, диагностикасы, емі.

5. Оқыту және оқу әдістері:

1) Бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы тест сұрақтары).

2) Оқытушымен жұмыс жасау. Таблицаларды, фантомдарды қолдану арқылы теориалық материалдарды талдау.

3) Кіші топтарда жұмыс жасау(2-3 студент): патология және босану бөлімінде тар жамбаспен жүктілерді жүргізу.

4) Оқытушымен жұмыс жасау. Курация кезіндегі түсініксіз сұрақтарды талдау

5) Алған білімді қорытындылау (қорытынды тест сұрақтары).

 

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.541-554.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

 

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 272-281.

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 208-243

7. Қорытынды (бастапқы және қорытынды тест сұрақтарын талдау):

СОӨЖ

Тапсырма № 14

1. Тақырып: Босану әрекетінің аномалиясы

2. Пән мақсаты: студенттерді босану әрекетінің аномалиясын диагностикалаудағы және жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылысы кезінде босандыруды жүргізудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

3. Пән талаптары:

1) Босану кезінде жатырдың жиырылу әрекетінің бұзылыстарын диагностика жасаудағы дағдыларын қалыптастыру.

2) Пратограммаларды талдаудағы дағдыларын қалыптастыру.

3) Босану әрекетінің аномалиясы кезінде рациоаналды босандыру әдісін анықтаудағы дағдыларын қалыптастыру.

4. Өткізу әдісі:

Кіші топтарда жұмыс жасау (2-3 студент): ситуационды есптерді шешу, партограммаларды талдау.

 

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1) Ситуационды есептерді шешу

2) Партограммаларды талдау

3) Босануды жүргізу жоспарын анықтау

6. Берілетін мәліметтер:

Кестелер, суреттер, ситуационды есептер

 

7. Әдебиет:

Негізгі:

1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.541-554.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

 

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 272-281.

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 208-243

8. Қорытынды (тесттер)

 

№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.

Тапсырма № 14. Босану әрекетінің аномалиясы

Бастапқы тест сұрақтары

1. Босану әрекетінің әлсіздігінде үштік төмендеуші градиент бұзылған:

Иә

Жоқ

2. Патологиялық прелиминарлы кезең ауырсынулы, қалыпсыз толғақтармен және жатыр мойнының құрылымдық өзгерістерінің болмауымен суреттеледі:

Иә

Жоқ

3. Қайта босанушы әйелдің босануы «ұмтылмалы-жедел» деп аталады, егер оның ұзақтығы 2 сағаттан кем болса:

Иә

Жоқ

4. Дискоординациялық босану әрекетінде «үштік төмендеуші градиент» сақталған:

Иә

Жоқ

5. Босану әрекетінің әлсіздігінде 10 минутта 5 толғақ байқалады:

Иә

Жоқ

6. Дискоординациялық босану әрекетінде жатыр мойнының ашылу жылдамдығы жоғарылайды:

Иә

Жоқ

7. Физиологиялық прелиминарлы кезең 10сағатға созылады:

Иә

Жоқ

8. Екіншілік босану әрекетінің әлсіздігінде толғақтар босанудың басынан-ақ әлсіз, әрі монотонды болады:

Иә

Жоқ

9. Дискоординациялық босану әрекетінде толғақтар сирек, әрі әлсіз болады:

Иә

Жоқ

10. Біріншілік босану әрекетінің әлсіздігі босанудың бірінші кезеңінің латентті кезеңінде диагностикаланады:

Иә

Жоқ

 

№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.

Тапсырма № 14. Босану әрекетінің аномалиясы

Бастапқы тест сұрақтары

1. Жоқ

2. Жоқ

3. Иә

4. Жоқ

5. Жоқ

6. Жоқ

7. Жоқ

8. Жоқ

9. Жоқ

10. Иә

 

 

№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.

Тапсырма № 14. Босану әрекетінің аномалиясы

Қорытынды тест сұрақтары

1. Алғаш босанушы әйелде босанудың бірінші кезеңі 10 сағатқа жетіп, толғағы әр 3-4 минут сайын, ұзақтығы 45 сек, күші жақсы, ауырсынумен өтуде. PV: Жатыр мойны жайылған, шекарасы ригидті, ашылуы 2 см. Диагнозыңыз:

А) прелиминарлы кезең

Б) біріншілік босану әлсіздігі

В) екіншілік босану әлсіздігі

Г) патологиялық прелиминарлы кезең

Д) дискоординациялық босану әрекеті

 

2. Қайта босанушы әйел босану үйіне түскенде толғаы әрбір 3-4 минут сайын, ұзақтығы 45 сек . P.V.: Жатыр мойны жайылған, шекарасы жұқа, ашылуы 5 см. Келесі 4 сағатта толғағы әрбір 6-7 минут сайын, , ұзақтығы 25 сек. P.V.: Жатыр мойны жайылған, шекарасы жұқа, ашылуы 6 см. Диагнозыңыз:

А) прелиминарлы кезең

Б) біріншілік босану әлсіздігі

В) екіншілік босану әлсіздігі

Г) патологиялық прелиминарлы кезең

Д) дискоординациялық босану әрекеті

 

3. Алғаш рет босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады:

А) 4 сағат

Б) 5 сағат

В) 6 сағат

Г) 7 сағат

Д) 8 сағат

 

4. Қайта босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады:

А) 4 сағат

Б) 5 сағат

В) 6 сағат

Г) 7 сағат

Д) 8 сағат

 

5. Екіншілік босану әлсіздігі, жедел құрсақ ішілік ұрық гипоксиясында және ұрық басының жамбас түбінде орналасуында дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:

А) окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау

Б) простагландиндермен босануды ынталандыруды бастау

В) кесар тілігі операциясын жасау

Г) акушерлік қысқыш салу

Д) құрсақ ішілік ұрық гипоксиясын емдеуді бастау

 

6. Біріншілік босану әлсіздігінде және қағанақ суы бүтін болғанда дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:

А) окситоцин енгңзу

Б) амниотомия жасау

В) перидуралды анестезия жасау

Г) кесарев тілігі операциясын жасау

Д) амниотомия жасаған соң, уте­ротониктерді енгізу

 

7. . Екіншілік босану әлсіздігінде, босанушы әйелдің шаршап қалуында және ұрықтың жағдайының қанағаттанарлық кезінде дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:

А) медикаментозды ұйқымен дем алғызу

Б) акушерлік қысқыш салу

В) перидуралды анестезия жасау

Г) кесарев тілігі операциясын жасау

Д) окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау

 

8. Утеротониктерді аса көп қолдану қандай патологиялық жағдайларға әкелуі мүмкін:

А) Созылған босану

Б) патологиялық прелиминарлы кезең

В) біріншілік босану әлсіздігі

Г) екіншілік босану әлсіздігі

Д) дискоординациялық босану әрекеті

 

9. Утеротониктерді қолдануға қарсы көрсетілімдер:

А) азсулық, ұрықтың тігінен жатуы, жатыр миомасы

Б) көп туған әйел, ұрықтың көлденең жатуы, жатыр тыртығы

В) азсулық, ұрықтың жамбаспен жатуы, асқынған акушерлік анамнез

Г) үлкен жастағы алғаш босанушы әйел, азсулық, жатыр тыртығы

Д) созылмалы плацентарлы жетіспеушілік, ұрықтың жамбаспен жатуы

 

10. Босану әрекетінің аномалиясының қай түрі мына партограммада II санымен белгіленген:

А) патологиялық прелиминарлы кезең

Б) босанудың I кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі

В) босанудың I кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі

Г) босанудың II кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі

Д) босанудың II кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі

 

 

№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.

Тапсырма № 14. Босану әрекетінің аномалиясы

Қорытынды тест сұрақтары жауаптары:

1. Д

2. В

3. А

4. А

5. Г

6. Д

7. А

8. Д

9. Б

10. Б

 

 

Глоссарий

Тапсырма № 14. Босану әрекетінің аномалиясы

Орысша Қазақша Ағылшынша
Слабость родовых сил Босану күшінің әлсіздігі asthenia of the generic force
Дискоординация Дискоординация discoordination
Гипоксия Гипоксия hypoxia
Травма Жарақат trauma
Матка Жатыр uterus
Плод Ұрық foetus
Продвижение Өрлеу progression
Соответствие Сәйкестік correspondence
Тонус Тонус tonucity
Нижний сегмент Төменгі буын nether segment
Тетания матки Жатыр тетаниясы tetania uteri
Инерция матки Жатыр инерциясы inertia uteri
Схватка Толғақ skirmish
Продолжительность родов Босану ұзақтығы Duration childbed
Разрыв шейки матки Жатыр мойнының жыртылуы Rupture cervix uteri
Родовые пути   Босану жолы   Generic path  
  Отслойка плаценты Плацентаның сылынуы Abrputio Placentae
Сокращение мускулатуры матки Жатыр бұлшықетінің жиырылуы Abridgement musculus uteri
Регулярное питание Уақытылы тамақтану Regular alimentation
Родовой процесс Босану үрдісі Generic process
Мертворождение Өлі туылу Deadly birth

 

Тапсырма № 15.

1.Тақырып: Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы.

2. Пән мақсаты: Студенттерді ұрықтың дұрыс орналаспауы және жамбаспен орналасуынада диагностика жасауға және жүктілік пен босануды жүргізу жоспарын құруды үйрету.

3. Пәннің міндеттері:

1) Ұрықтың дұрыс орналаспауының себептерін білу.

2) Ұрықтың дұрыс орналаспауында және жамбаспен орналасуында диагностика жасау әдістерін білу.

3) Босанудың болжамын жасауды және ұрықтың дұрыс орналаспауы және жамбаспен орналасуы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді нақтылай білу.

4)Ұрықтың жамбаспен орналасудың классификациясын білу.

5) Ұрықтың жамбаспен орналасуында босануды жүргізу жоспарын құруды және болжам жасауды білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Ұрықтың дұрыс орналаспауының және жамбаспен орналасуының классификациясы себептері, диагностика әдістері, босану биомеханизмі.

2) Ұрықтың дұрыс орналаспауын диагностика жасау әдістері, ұрықтың жамбаспен орналасуында жүктілікті жүргізу және ағымының ерекшеліктері.

3) Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде және жамбаспен орналасуында босану болжамы.

Асқынған ұрықтың көлденең орналасуы туралы түсінік.

4) Ұрықтың дұрыс орналаспауы және жамбаспен орналасуы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштер.

5. Оқыту және оқу әдістері:

1) Бастапқы білім деңгейін тексеру.

2) Оқытушымен жұмыс жасау. Таблицаларды, фантомдарды, бейнематериалдарды қолдану арқылы теориалық материалдарды талдау.

3) Кіші топтарда жұмыс жасау(2-3 студент): Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде босану тарихын талдау, ситуационды есептерді шешу.

4) Оқытушымен жұмыс жасау. Түсініксіз сұрақтарды талдау

5) Алған білімді қорытындылау (қорытынды тест сұрақтары).

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.

 

7. Қорытынды (бастапқы және қорытынды тест сұрақтарын талдау):

 

СОӨЖ Тапсырма № 15.

1.Тақырып: Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы.

2. Пән мақсаты: Студенттерді ұрықтың дұрыс орналаспауы және жамбаспен орналасуы кезінде диагностика жасауда және жүктілік пен босануды жүргізу жоспарын құруда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

3. Пән талаптары:

1) Ұрықтың дұрыс орналаспауы және жамбаспен орналасуы кезінде диагностика жасауда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

2) Ұрықтың дұрыс орналаспауы және жамбаспен орналасуы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді нақтылай білу.

3)Фантомда ұрықтың жамбаспен орналасуында босану биомеханизмін көрсете алу.

4) Ұрықтың таза жамбаспен және аяқпен жатуында Н.А. Цовьянов бойынша дағдыларды қалыптастыру.

5) Қолмен жасалатын классикалық әдіс дағдыларын қалыптастыру.

4. Өткізу әдісі:

Кіші топтарда фантомда жұмыс жасау (2-3 студент)

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1) Фантомда студенттер ұрықтың дұрыс орналаспауын және жамбаспен орналасуында диагностика жасайды.

2) Фантомда ұрықтың көлденең орналасуын көрсетеді.

3) Ұрықтың дұрыс орналаспауы кезінде кесар тілігі операциясына көрсеткіштерді ситуационды есептер арқылы нақтылайды.

4) Фантомда ұрықтың жамбаспен орналасуында босану биомеханизмін көрсетеді.

5) Ұрықтың таза жамбаспен және аяқпен жатуында Н.А. Цовьянов бойынша дағдыларды жетілдіреді, қолмен жасалатын классикалық әдіс дағдыларын қалыптастырады.

 

 

6. Берелетін мәліметтер:

Кестелер, суреттер

 

7. Әдебиет:

Негізгі:

1. Савельева Г.М. Акушерство: Учебник. / М.: Медицина, 2000. – с.219-239.

2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996.

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Учебник для медицинских вузов. 4-е изд., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 155-174

2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Руководство для врачей. 3-е издание переработанное, исправленное и дополненное – М., «Триада-Х», 2005. – с. 173-181, 182-207, 254-278.

8. Қорытынды (тесттер)

 

 

№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.

Тапсырма № 15. Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы.

Бастапқы тест сұрақтары

1. Ұрықтың дұрыс орналаспауы кездесу жиілігі 0,5-0,7% құрайды:

Иә

Жоқ

2. Ұрықтың көлденең орналасуында ұрықтың жүрек соғысы кіндік деңгейінде естіледі:

Иә

Жоқ

3. Ұрықтың дұрыс орналаспауында көбінесе асқынуларының бірі қан ағу болып табылады:

Иә

Жоқ

4. Ұрықтың көлденең орналасуы деп, егер ұрықтың ұзына бойы өсі жатырдың ұзына бойы өсімен тік бұрыш жасайтын болса, айтамыз:

Иә

Жоқ

5. Асқынған ұрықтың көлденең орналасуы қағанақ суы кеткен соң 2 сағаттан соң қалыптасады:

Иә

Жоқ

6. Ұрықтың жамбаспен орналасуының кездесу жиілігі 0,5-0,7% құрайды:

Иә

Жоқ

7. Ұрықтың жамбаспен орналасуында ұрықтың жүрек соғысы кіндік деңгейінде естіледі:

Иә

Жоқ

8. Мезгілінен бұрын босанудың бірден бір себебі ол - ұрықтың жамбаспен орналасуы:

Иә

Жоқ

9. Ұрықтың жамбаспен орналасуында нәресте басы кіші қиғаш өлшеммен жарып шығады:

Иә

Жоқ

10. Ұрықтың аралас жамбаспен орналасуында жамбас кіреберісіне ұрықтың жамбасы қарап, ал аяқтары дене бойымен созылып жатады, яғни жамбас – сан сүйегі буынында бүгіліп, ал тізе буынында жазылып тұрады:

Иә

Жоқ

 

 

Тапсырма № 15. Ұрықтың дұрыс орналаспауы.Ұрықтың жамбаспен орналасуы.

Бастапқы тест сұрақтарының жауаптары

 

1. Иә

2. Иә

3. Жоқ

4. Жоқ

5. Жоқ

6. Жоқ

7. Жоқ

8. Иә

9. Иә

10. Жоқ

 

 

№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.

Тапсырма № 15. Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы.

Қорытынды тест сұрақтары:

 

1 . Ұрықтың көлденең орналасуында кездесетін асқыну:

А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі

Б) жүкті әйелдердің ісігі

В) құрсақ ішілік гипоксия

Г) антенаталды ұрықтың шетінеуі

Д) нәрестенің туа пайда болған ақаулары

 

2. Ұрықтың көлденең орналасуында босанудың бірінші кезеңіне тән:

А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі, кіндік бауының түсіп қалуы

Б) аса күшті босану толғағы

В) кіндік бауының түсіп қалуы

Г) нәресте қолдарының қайырылып қалуы

Д) жатыр жыртылуы

 

3. Асқынған ұрықтың көлденең орналасуына тән:

А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі

Б) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, аяғының түсуі

В) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының қайырылып қалуы

Г) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылсыз болуы, қолының түсуі

Д) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі (4 сағат бұрын), ұрықтың қимылдай алуы, қолының түсуі

 

4. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелде көпсулық анықталды. Пальпацияда сол жақтан жатыр түбінде басы, ал оң жақта шат аймағында жамбасы анықталады. Диагнозыңыз:

А) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы. Бірінші позиция.

Б) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Бірінші позиция.

В) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Бірінші позиция.

Г) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың көлденең орналасуы. Екінші позиция.

Д) Жүктілік 39-40 аптасы. Ұрықтың қиғаш орналасуы. Екінші позиция.

 

5. 25 жастағы мезгілі жеткен жүктілікпен алғаш босанушы әйелде ұрықтың орналасуы қиғаш, толық емес бала жолдасының жатуы және болжама нәресте салмағы 3200,0г. екендігі анықталды. Босану жоспарын құрыңыз:

А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау

Б) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау

В) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрықты жамбасынан экстракция жасау.

Г) босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде Цовьянов әдісін қолдану Д босануды консервативті жүргізу, босанудың екінші кезеңінде қолмен жасалатын классикалық әдісті қолдану

6 . Ұрықтың жамбаспен орналасуында болатын асқыну түрі:

А) қағанақ суының мезгілінен ерте кетуі

Б) жүкті әйелдердің ісігі

В) құрсақ ішілік гипоксия

Г) антенаталды ұрықтың шетінеуі

Д) нәрестенің туа пайда болған ақаулары

 

7. Ұрықтың жамбаспен орналасуында босанудың бірінші кезеңіне тән:

А) қағанақ суының мезгілінен кеш кетуі

Б) аса күшті босану толғағы

В) кіндік бауының түсіп қалуы

Г) нәресте қолдарының қайырылып қалуы

Д) жатыр жыртылуы

 

8. Мезгілі жеткен жүктілікте қайта босанушы әйелді сыртқы акушерлік тексеру барысында: ІӨ- 105 см, ЖТБ – 36 см, пальпацияда кіші жамбас кіреберісінде көлемді, жұмсақ қозғалмайтын бөлік анықталады, арқасы сол жақтан анықталады. Диагнозыңыз:

А) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Бірінші позиция.

Б) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Бірінші позиция.

В) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен жатуы. Екінші позиция.

Г) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың көлденең жатуы. Екінші позиция.

Д) Жүктілік 38-39 аптасы. Ұрықтың қиғаш жатуы. Екінші позиция.

 

9. Мезгілі жеткен жүкті әйелде қағанақ суы кетті, ұрықтың аяқпен орналасқандығы анықталды. Босандыру жоспарының тиімді әдісін табыңыз:

А) кесар тілігін жоспарлы түрде жасау

Б) кесар тілігін жедел түрде жасау

В) босану әрекетінің басталғанына дейін ұрық басымен келуі үшін сыртқы бұруды жасау

Г) босануды консервативті жүргізу, босану әрекетінің әлсіздігі қосылғанда кесар тілігін жасау

Д) босануды консервативті жүргізу, жатыр ернеуінің толық ашылуында ұрық басымен келуі үшін сыртқы – ішкі бұруды жасау.

 

10. Мезгілі жеткен жүктіліктегі және қалыпты жамбас өлшемдерімен алғаш босанушы әйелде көпсулық, ұрықтың орналасуы анықталды. Болжама нәресте салмағы 3400,0г. Босану консервативті өтуде, босанудың екінші кезеңінде жауырынның төменгі қырына дейін нәресте туылған соң, келесі 2 күшену бойы нәрестенің ары қарай туылу белгілері жоқ. Акушерлік іс-шара қандай болмақ:

А) окситоцин ді көктамырға енгізу

Б) кесар тілігін жасау

В) Цовьянов әдісін қолдану

Г) қолмен жасалатын классикалық әдіс

Д) жамбасынан экстракция жасау.

 

№ 5 БЛОК. Босану патологиясы.

Тапсырма № 15. Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен орналасуы.

 

Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары:

1. А

2. А

3. А

4. В

5. А

6. А

7. В

8. А

9. Б

10. Г

 

 

Тапсырма №15. Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Нәрестенің жамбаспен орналасуы

орысша қазақша ағылшынша
Тазовое предлежание Жамбаспен жату Pelvic prelying
Ягодичное предлежание Бөксемен жату Buttock prelying
Чистое ягодичное предлежание Таза бөксемен жату   Pure buttock prelying  
Смешанное ягодичное предлежание Аралас бөксемен жату The mixed buttock prelying
Ножное предлежание Аяқпен жату Foot prelying
Полное ножное предлежание Толық аяқпен жату Full foot prelying
Неполное ножное предлежание Толық емес аяқпен жату Incomplete foot prelying
Выпадение пуповины при тазовых предлежаниях Жамбаспен жату кезінде кіндік бауының түсіп кетуі Umbilical cord loss at pelvic predlezhaniye
Уменьшение размеров и опускание тазового конца Жамбас өлшемдерінің кішіреюі және түсуі Reduction of the sizes and lowering of the pelvic end
Внутренний поворот ягодиц Бөксенің іштей айналуы Internal turn of buttocks
Врезывание и прорезывание ягодиц Бөксенің кесіп және жарып шығуы Vrezyvanie and the eruption of the buttocks
Боковое сгибание туловища Кеудесінің бүйірімен бұрылуы Lateral flexion of the trunk
Ручное пособие при чистом ягодичным предлежаний по методу Цовьянова Таза жамбаспен жатуда Цовьянов әдісімен босандыру Hand with a net benefit of breech presentation method Tsovyanova
Ручное пособие при ножном предлежаний по методу Цовьянова Аяқпен жатуда Цовьянов әдісімен босандыру Manual guide for scabbard previa method Tsovyanova
Экстракция за тазовый конец Жамбас экстракциясы Extraction of pelvic end
Переднеголовное предлежание 1. Алдыңғы төбемен орналасу presentation of'the bregma
Разгибательные предлежание головки плода Нәресте басының шалқайып орналасуы Extensor presentation of the fetal head  
Прорезование головки при переднеголовном предлежании Алдыңғы төбемен жатуында нәресте басының жарып шығуы head during breech presentation
Разгибание головки при переднеголовном предлежании Алдыңғы төбемен жатуында нәресте басының шалқаюы Extension of the head in breech
Лобное предлежание плода Маңдаймен жату Frontal prelying of a fruit
Врезывание головки при лобном предлежании Маңдаймен орналасуда нәресте басының кесіп шығуы heads at frontal prelying
Лицевое предлежание Бетпен жату Facial (Obverse) prelying
Конфигурация головки при лицевом предлежании Бетпен жатқанда нәресте басының конфигурациясы Head configuration for facial previa
Задний асинклитизм Артқы асинклитизм Rear asynclitism
Передний асинклитизм. Алдыңғы асинклитизм. Front asynclitism

 

 

№16 Тақырып: Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағу.

 

2. Пән мақсаты:

● Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағудың негізгі себептерін анықтау

· Босанушы әйелдің жағдайын, қан шығынын, жатыр жағдайын бағалауды үйрену (пішінін, тонусын, ауыру сезімін).

· Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.

 

3. Пәннің міндеттері:

1) Қан ағу бойынша қауіпті топты бөліп алу.

2) Акушерлік қан ағуды болжау үшін жүкті, босанушы әйелдің босану тарихын анализдеуді үйрену

3) Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде шекаралық және патологиялық қан шығынын студентке есептеуге үйрету.

4) Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді студентке үйрету.

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

● Бала жолдасы кезеңінің патологиясы

● Босанудан кейінгі кезеңінің патологиясы

● Қан ағу бойынша жүкті әйелдерді тексерудің жалпы негіздері

● Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезіндегі жасалатын шаралардың кезектілігі

 

5. Оқыту және оқу әдістері:

1) Бастапқы білім деңгейін тест, сұрау, тесттерге жауап беру кезіндегі қателерді талдау арқылы тексеру.

2) Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағу бойынша қауіпті топтағы босанатын әйелдермен жұмыс жасау. Студенттер өзіндік жұмыс барысында жинаған анамнез, жалпы тексеру кезінде жинаған мәліметтерді оқытушыға айтып береді, қорытындысын талқылайды.

3) Егер босану үйінде бұндай патологиясы бар науқастар жоқ болса, студенттер босану тарихынан шығару қағазын алып, диагнозды негіздеп, босану жоспарын құрады.

4) Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағуда дәрігер іс-әрекетіне талдау жасау.

5) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерия және неонатология бойынша негізгі клиникалық протоколдары мен бұйрықтарымен оқытушы студенттерді таныстырады

 

 

6. Әдебиет:

Орыс тілінде

Негізгі:

· 1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

· 3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

· дополнительная:

· 1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

· ●Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.

Қазақ тілінде

негізгі:

· 1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

· 2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:

· 1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

· 2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

· Қосымша:

· Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

· Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.

7. Қорытынды (сұрақтар, тесттер, есептер)

Сұрақтар.

1. Босанудан кейінгі кезеңдегі қан ағу себептері

2. Бала жолдасының қатты бекінуінің және өсіп кетуінің этиологиясы

3. Босанудан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағу себептері

4. Гипотониялық қан кетудің этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.

5. Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі емдік-диагностикалық шаралардың кезектілігі

6. Босанудың III кезеңіндегі қан ағудың алдын алу шаралары.

7. Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі жасалатын шаралардың кезектілігі қандай?

8. Босанудың III кезеңін активті жүргізу

9. Босанудың III кезеңін консервативті жүргізу

 

СОӨЖ № 16

1. Тақырып: Босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңіндегі қан ағу

 

2.Пән мақсаты:

· Босанушы әйелдің жағдайын, қан шығынын, жатыр жағдайын бағалауды үйрену (пішінін, тонусын, ауыру сезімін).

· Қан ағуды анықтауды және күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.

· Босанудың III кезеңін активті жүргізуді үйрету.

· Босанудың III кезеңін консервативті жүргізуді үйрету.

 

3.Пәннің міндеттері:

1. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте және бала жолдасы кезеңінде қан ағу бойынша қауіпті топты бөліп алу.

2. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудың III кезеңін активті жүргізу

3. Босану бөлімінде жұмыс жасау, қауіпті топта қан ағудың алдын алу

4. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезінде күттірмейтін көмек көрсету бойынша протоколдармен жұмыс жасау.

5. Қан тобын және резус факторды анықтау.

6. Босану бөлімінде жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте кезеңіндегі жаңа босанған әйелдерді бақылау.

7. Әртүрлі әдістермен жоғалтқан қан шығынын анықтау.

8. Босанудан кейінгі ерте және III кезеңінде қан ағу кезінде күттірмейтін көмек көрсету бойынша Фантомда жұмыс жасау

9. Жаңа босанған әйелдердің АҚҚ және пульсін өлшеу.

10. Жатыр түбі биіктігін анықтау.

11. Фантомда жұмыс жасау, босанудан кейінгі ерте кезеңіндегі жатыр қуысын қолмен тексеру.

 

Өткізу әдісі: Босану бөлімшесінде, фантомда, құжаттармен жұмыс жасау

 

Тақырып бойынша талаптар:

· Қан тобын және резус-факторды анықтау

· Әртүрлі әдістермен қан шығынын анықтау

 

Берілетін мәліметтер:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің акушерия және неонатология бойынша негізгі клиникалық хаттамалары мен бұйрықтары

 

Әдебиет:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.-С 79-89.

Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:

1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

Қосымша:

●Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.

4.Бақылау сұрақтары (сұрақтар, тесттер, есептер)

Сұрақтар.

1.Босану кезінде қан ағуға әкелетін себептер

2. Плацентаның шынайы жабысуы дегеніміз не, диагностикасы

3. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету себептері

4.Гипотониялық қан кетудің этиология және патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы Емі.

5.Ерте ,босанғанана кейінгі кезеңдегі қан кетудің емдік-диагностикалық шаралары.

6.Босанудың III кезеңде қан кетудің алдын алу шаралары.

7. Босанудың III кезеңін активті жүргізу

8. Босанудың III кезеңде консервативті жүргізу

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.