Здавалка
Главная | Обратная связь

Тапсырма №13: Тар жамбас.



 

Қорытынды тест сұрақтары

1. Анатомиялық тар жамбас деп – қалыпты жамбас өлшемдерінен барлық не бір өлшемі неше см-ге кем болса, айтамыз:

А) 0,2-0,3 см

Б) 0,5-0,9 см

В) 1,0-1,3 см

Г) 1,5-2,0 см

Д) 2,0-2,5 см

 

2. Анатомиялық тар жамбас тарылуының II дәрежесінде шынайы конъюгата:

А) 11 см-ден кем және 9 см-ден артық

Б) 9 см-ден кем және 7,5 см-ден артық

В) 8,5 см-ден кем және 7,5 см-ден артық

Г) 8 см-ден кем және 7,5 см-ден артық

Д) 7,5 см-ден кем және 6,5 см-ден артық

 

3. Егер жамбастың барлық тура өлшемдері қысқа болса, ол тар жамбастың қай түрі:

А) қиғаш тарылған

Б) жай жалпақ

В) көлденең тарылған

Г) жалпақ рахиттік

Д) жалпы тарылған

 

4. Мына суретте қай өлшем?:

 

А) кіші жамбас кіреберісінің тура өлшемі

Б) бүйірлік конъюгата

В) шынайы конъюгата

Г) сыртқы конъюгата

Д) диагоналды конъюгата

 

5.Тар жамбас кезінде босанудың бірінші кезеңіндегі асқынуға жатады:

А) жұмсақ тіндердің езілуі

Б) жатыр жыртылуы

В) кіндік бауының түсуі

Г) клиникалық тар жамбас

Д) зәр-жыныс тесіктерінің пайда болуы

6. Көлденең тарылған жамбас кезінде босанудың екінші кезеңінде Вастен симптомы оң. Диагноз:

А) клиникалық тар жамбас

Б) күшену әлсіздігі

В) жатыр жыртылу қаупі

Г) жатыр жыртылуының бастамасы

Д) жатырдың жыртылуы

 

7. Тарылған жамбас кезінде босану механизмінің қай түрі суретте көрсетілген:

А) бастың шалқаюы

Б) максималды бастың иілуі

В) бастың асинклитикалық қондырылуы

Г) бастың жоғары тік тұруы

Д) жебе тәрізді жіктің төмен көлденең тұруы

 

8. Сыртқы пельиометрияда келесі өлшемдер көрсетілген: D.spinarum 23 см, D.cristarum 26 см, D.trohanterica 28 см, C.externa 18 см, C.diag.–11 см. Жамбас тарылу түрін көрсет:

А) қиғаш тарылған

Б) жай жалпақ

В) көлденең тарылған

Г) жалпақ рахиттік

Д) жалпы тарылған

 

9. Клиникалық тар жамбас белгісі:

А) Цангмейстер және Вастен симптомдарының оң болуы

Б) нәресте басының орныққан кезіндегі толғақтар

В) жатыр ернеуінің толық ашылуын кезіндегі күшенулер

Г) жатыр ернеуінің толық ашылуы және жақсы босану әрекеті кезіндегі нәресте басының жылжуы

Д) жатыр ернеуінің толық ашылуы және әлсіз босану әрекеті кезіндегі нәресте басының жылжымауы

 

10. Клиникалық тар жамбас кезінде босандыру әдісі:

А) эпизиотомиямен қынаптық босану

Б) акушерлік қысқыштарды пайдаланып қынаптық босандыру

В) окситоцинмен босануды ынталандыру арқылы қынаптық босандыру

Г) жедел кесар тілігі

Д) жоспарлы кесар тілігі

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.