Здавалка
Главная | Обратная связь

Коммуникативті компетенциябойынша



З) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Туберкулез қандай ауру?

Туберкулез латын тілінде не дегенді білдіреді?

Қазақтар қалай атаған?

Инфекция жұқтырған адамдардың барлығы бірдей ауыра ма?

Қандай адамдар туберкулезді тез жұқтырып алады?

Туберкулездің белгілері қандай?

Туберкулез адам ағзасының қандай мүшелерін зақымдайды?

Туберкулезді қалай емдеуге болады?

И) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Туберкулез латын тілінде tuberculum – төмпешік дегенді білдіреді.

Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны француз ғалымы Л. Пастер ашты.

Қазақтар бұл ауруды «құрт ауруы» деп атаған.

Ауру ауа-тамшы жолымен науқастар түшкіргенде, жөтелгенде беріледі.

Туберкулездің белгілеріне мыналар жатады: құсу, аяқ-қолы тырысу, естен тану.

Инфекция жұқтырған адамдардың бәрі бірдей ауырады.

Егер уақытылы емделмесе, мұндай аурудың 50 пайызына жуығы 5 жыл ішінде өліп қалу мүмкін.

Туберкулездің ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады.

Жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды.

Қазіргі кезде туберкулезге қарсы қабылданатын аса күшті дәрілер жоқ.

К) Төмендегі туберкулез ауруы бойынша науқастың жауаптары берілген. Дәрігердің сұрақтарын дайындаңыз және тәуелдік жалғаулардың қалай жалғанғанын түсіндіріңіз.

– ...

– Кеудем ауырады.

–...

– Иә, жөтелемін.

–...

– Қызуым 37 градустан түспейді.

– ...

– Иә, жүдедім. 5-6 кг-дай салмақ жоғалттым.

–...

– Түнде жөтелемін.

–...

– Әлсіздік сезінемін. Тез шаршаймын.

–...

– Иә, қақырық түседі.

–...

– Жоқ, қан байқалмайды.

 

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

 

Қ) Науқас адам жайлы дәрігер атынан бөлім меңгерушісіне хабарлама жасаңыз (аты-жөні, жасы, қарап байқаған, сұрап білген ауру белгілері).

Л) Өкпе сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңізжәне солармен сөйлем құрастырыңыз.

  фразалық тіркестер   Білдіретін мағыналары
а Өкпесі қара қазандай ренжу, өкпелеу
ә Өкпе-бауыры елжіреу ентігу, алқыну
б Қызыл өкпе болу қатты ренжу.
в Өкпе арту ерекше мейірім білдіру

 

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 73-77 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 23-24 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 100-106 беттер.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№11 тақырыбы: Ас қорыту жүйесі, аурулары

Зат есімнің септелуі

 

2013 ж.

 

 


Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі, аурулары.

Зат есімнің септелуі.

2. Мақсаты:

- ас қорыту жүйесі туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі аурулары туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі, аурулары туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- ас қорыту жүйесі туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- зат есімнің септелуі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенция бойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Ас қорыту жүйесі туралы.

2. Ас қорыту жүйесі аурулары туралы.

3. Ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

4. Ас қорыту жүйесінің қызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Зат есімнің септелуі туралы түсінік.

5. Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас,салыстыру, аударма жұмысын жасату.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук, ас қорыту жүйесінің суретін, септік жалғаудың кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.


ұйқы безі – поджелудочная железа

өзек – проток

он екі елі ішек – двенацатиперстная кишка

қоймалжың – полужидкий

ыдырау – расщепление; распад

тоқ ішек – толстая кишка

аш ішек – тонкая кишка

тік ішек – прямая кишка

кенеулі – питательный

қоймалжың – густой, не жидкий

өңез – cлизистый налет

құсу – вырвать; срыгнуть

тырысу – судорога

күдік – подозрение

жүрек айну – тошнота

қыжылдау – изжога

іш қату – запор

іш кебу – вздутие живота


Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Түссіз, асқазан сөлі, жұтқыншақ арқылы өңешке өту, қорытылу, уақ, сіңірілу, біртіндеп, зарарсыздандыру, сарғыш-жасыл түсті, қоймалжың ас ботқасы, қыл тамырлар арқылы, ағзадағы улы заттар, кенеулі заттар, кенеулі заттардың ерітіндісі, қорытылмаған заттар, қалдық заттар, жүрек соғысы баяулау, науқастың әлсіреуі, терісінің қуқылдануы, ауруына мән бермеу, оқта-текте, тамақты шайнамай асығыс жұту, өте ащы тағамдарға әуесқойлық, iшкiлiкке салыну, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Б) Мәтінді оқыңыз.

Ас қорыту өте күрделі үрдіс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.

Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға түседі.Жұтқыншақ ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді.Өңешас қорыту жолының бір бөлігі. Ересек адамның өңешінің ұзындығы 25-30 см.

Асқазан сол қабырға астында орналасқан толық бұлшық етті ағза. Оның кардиальды тесігі XI кеуделік омыртқа деңгейінде орналасқан. Кіреберіс тесігі I бел омыртқаның деңгейінде, омыртқа бағанасының оң жағында орналасқан. Асқазан қабылдаған тағам үшін резервуар болып табылады, сонымен қатар сол тағамды химиялық қорытылуына әсер етеді. Осыған қоса, биологиялық белсенді заттардың секрециясы мен сіңіру қызметін атқарады. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның шырышты қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4-8 сағаттай болып асқазан сөлінің әсерінен қорытылады. Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп өтіп отырады да, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерімен болады. Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді, майдың ерітінділері негізінен, лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп, аш ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.

Он екі елі ішек немесе ұлтабар, латынша duodénum – аш ішектің бастапқы бөлігі, ол асқазанның кіреберісімен жалғасады. Он екі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады. Оның атауы сипатына сәйкес, себебі көлденең өлшемі он екі саусақ өлшеміндей. Он екі елі ішекте бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады.

Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып отырады. Массасы, шамамен, 1500 г. Ол қызыл қоңыр түсті, оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауырдан бөлінетін өт сарғыш-жасыл түсті. Өттің әсерімен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады.

Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.

Аш ішек адам ағзасындағы асқазан мен тоқ ішек арасында орналасқан ішектің бір бөлігі. Аш ішектің негізгі қызметі – қоректік заттарды сіңіру. Аш ішектің ұзындығы 7- 8 м.

Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Тоқ ішек адам ағзасындағы ішек түтікшелерінің ең кеңейген бөлігі, ол соқыр ішек пен тік ішектен тұрады, қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.

Асқазан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – жедел гастрит. Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Адам бұл ауру ас қорыту жолына тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, стафилококк және басқалар) түскенде пайда болады.

Гастриттің жедел түрінде немесе тамақтан уланғанда (ұшынғанда) науқастың іші, басыауырады, әлсірейді, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе кейде 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілінің үстін ақшыл-сары өңез басады, іші аздап кебеді. Ауыр түрлерінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді, тіпті науқас есінен танып қалады, аяқ-қолы тырысуы мүмкін.

Дұрыс емделгенде науқастың жағдайы тез жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті аппендициттен, дизентериядан айыра білу керек.Интоксикация белгілері жойылғанға дейін төсектен тұрғызылмайды, асқазанды натрий гидрокорбанатының ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады. 18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады. Одан кейінгі күндерде арнайы диета тағайындалады.Жедел гастрит дұрыс емделмесе, диета ұстамаса созылмалы гастритке ұласуы мүмкін.

Созылмалы гастрит – асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бiрi. Ол ересек жастағы адамдардың 50%-да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкiндiгi жоғарылай түседi. Бiрақ науқастардың көбi ауруына мән бермеуiнен дәрiгерге қаралатындардың саны 10-15%-дан аспайды.

Бұл аурудың дамуына алып келетін себептер:

— инфекция түсу(95%) ;

— ұзақ қолданған кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;

— уақтылы тамақтанбау, тамақты шайнамай асығыс жұту, өте ащы, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық;

— зиянды әдеттердің әсері (iшкiлiкке салыну, темекi тарту);

— жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы (невроз, стресс т.б.).

Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазанда қабыну үрдісі дамиды, сөйтіп асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.

Созылмалы гастриттiң клиникалық көрiнiсiне мынандай жалпы белгiлер тән:

· тәбеті нашарлау;

· асқазан тұсының тамақ iшкенге байланысты ауыруы;

· жүрек айну;

· асқазан қыжылдау;

· оқта-текте құсу;

· ауыздан жағымсыз иіс шығу;

· іш қату.

В) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Г) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Ғ) Төмендегі сызбаға қарап ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеңіз.

10. Бақылау жұмыстары:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.