Здавалка
Главная | Обратная связь

Коммуникативті компетенция бойынша



а) лексикалық тақырып бойынша

1. Алғашқы қазақ дәрігерлерінен кімдерді білесіз?

2. Алғашқы қазақ фельдшерлері қайда даярланып шықты?

3. С.Асфендияров кім? Қайда оқып білім алған?

4. Х.Досмұхамедұлы туралы не білесіз?

5. Ақын С.Торайғыровқа күрделі ота жасаған дәрігер кім?

6. Дәрігер М.Қарабаев медицинаның қай саласында еңбек етті?

ә) грамматикалық тақырып бойынша

Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызме

1. Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?

2. Қандай көмекші етістіктерді білесіз?

3. Ал, баста, қой, бол көмекші етістіктеріне мысал келтіріңіз.

4. Тілімізде жиі қолданатын көмекші етістіктерді атаңыз.

Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

тапсырма.Берілген көмекші етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Құлап кетті, шығып кетті, жауып қойды, алып қойды, бара тұр, тұра тұр, тоқтай тұр.


Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест тапсырмалары:

1) Етістікті көрсетіңіз:

а) қалақай

б) дәне

в) сораң

г) еру

д) жұмыс

2) Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Балалар ойнап жүр.

б) Олар сөйлесіп отыр.

в) Балалар доп ойнады.

г) Балалар доп ойнап жатыр.

д) Мен театрға барып келдім.

3) Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Сәуле орындықта отыр.

б) Сәуле кеше келді.

в) Сәуле келе жатыр.

г) Сәуле келді.

д) Сәуле мектепке барды.

4) Сөйлемді аяқтаңыз:

Егер адам тыныс жолы арқылы уланса, ...

а) көмек көрсету үшін.

б) өте сақ болған.

в) бір жүйеге келтіру

г) таза ауаға шығару керек

д) тындау керек

5) Етістікті көрсетіңіз:

а) тыңдайды

б) жаздай

в) жемдей

г) сіздей

д) озіндей

6) Етістіктің сұрағын көрсетіңіз:

а) қашан?

б) не қылды?

в) не үшін?

г) қандай?

д) не?

7) Етістікті көрсетіңіз:

а) ауыр, жеңіл

б) ақылды, сергек

в) бар, жоқ

г) он, жетпіс

д) келді, кетті

8) Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз:

а) келе бастады

б) сұраған жоқ

в) біреу келді

г)жағдай бар

д) бару керек

9) Етістікті көрсетіңіз:

а) әрбір

б) қоғам

в) оқыды

г) жеміс

д) мектеп



Негізгі әдебиеттер:

1.Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994. 47-б.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. А, 2004 .

3. С.Жиенбаев, Г.Бегалиев, И.Уюкбаев. Қазақ тілі. А.,1988.123-124 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1.Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.


 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№15 тақырып: Жүйке жүйесі, аурулары, диалог

Етіс категориясы

 

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Жүйке жүйесі, аурулары, диалог

Етіс категориясы

2. Мақсаты: Етіс категорияларын практикалық жолымен меңгерту; мәтінде кездесетін медициналық, терминдердің мағынасын түсіндіріп, мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету. Медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, өз бетінше мазмұнын айтуға баулу.

 

3. Міндеті:Мәтіндегі медициналық сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын беріп, қазақша өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

Когнитивті – білім компетенциясы:

Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге үйрету; сөйлеу барысында есімдіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; есімдіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

 

Операционалды – дағды компетенциясы: сөздік қорын байытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, оқыған мәтіннің мазмұнын жан–жақты талдау арқылы студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру.

Коммуникативті компетенция:тілдік категорияларды дұрыс қолданып, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің танымдық деңгейін көтеру, ауызекі сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйрету, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

 

4.Негізгі ұғымдар:Жүйке жүйесі, қамтамасыз етеді, реттеп отырады, сезім жүйкелері, есту жүйкелері, омыртқа жотасының өзегінде, сыртқы ортамен байланыстырады, ішкі мүшелердің жұмысы, адамның қимылын басқару, аймақтарға тарайды

 

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 25мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 25 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (10 мин. )

Студенттің білімін бақылау (10 мин.)

Студенттің білімін бағалау (5 мин. )

6.Өткізу түрі:Аралас сабақ

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар:Жүйке жүйесі және сыртқы және ішкі секреция бездеріне арналған кесте, етістер түрлеріне арналған кесте, үлестірмелі карточкалар.

 

Тапсырмалар

Жаңа сабақ

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.«Жүйке жүйесі» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.

жұлын-спинной мозг қоршаған орта-окружающая среда сопақша ми-продолговатый мозг біріккен-объединенный қимыл-движение түйін-узел реттеу-регулировать басқару-управлять байланыстыру-связывать аймақтық жүйке жүйесі-периферическая нервная система құрылысы-строение мишық-мозжечок үлкен ми сыңарлары-большие полушария тін-ткань аралық ми-промежуточный мозг ортаңғы ми-средний мозг орталық жүйке жүйесі-центральная нервная система өзара-между собой қоздырғыш-возбудитель

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Жүйке жүйесі, қамтамасыз етеді, реттеп отырады, сезім жүйкелері, есту жүйкелері, омыртқа жотасының өзегінде, сыртқы ортамен байланыстырады, ішкі мүшелердің жұмысы, адамның қимылын басқару, аймақтарға тарайды, қоректік заттарды шығарады, қоздырғыш әрекеттерді сезу, қабықпен қапталған, қоршаған орта.

3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және аймақтық жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі ми және жұлыннан тұрады. Ми мен жұлын қабықпен қапталған. Ми сауытында тамырлар өте көп. Бұл қабықтың тамырлары жүйке тіндеріне өтеді де, сол арқылы миға оттегін және қоректік заттарды жеткізеді.

Аймақтық жүйке жүйесіне жүйкелер мен жүйке түйіндері, жүйке ұштары жатады. Ми жүйкелері мидан басталып, бас аймақтар мен мойынға таралады. Ми жүйке жүйесіне сезім жүйкелері, есту жүйкелері жатады. Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, сопақша ми және мишық. Жұлын жүйкелері жұлыннан шығып, дененің барлық аймақтарына тарайды. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан.

Бүкіл жүйке жүйесі соматикалық және вегетативті болып екіге бөлінеді. Соматикалық жүйке жүйесі негізінен денені сыртқы ортамен байланыстырады.

Соматикалық жүйке қоздырғыш әрекетттерді сезіп, қаңқа бұлшық еттерінің қызметін реттейді. Аймақтық жүйке жүйесі зат алмасу мен ағзаның ішкі мүшелерінің жұмысын бір қалыпты реттеп отырады.

Жүйке түйіндері - өзара біріккен, байланысқан жүйке жасушаларының жиынтығы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның құрылысы күрделі. Жүйке жүйесі қоршаған ортамен байланыстыру, ағзалардың қызметін реттеу, адамның қимыл, қозғалысын басқару т.б. қызметін атқарады.

Жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін, дамуын зерттейтін ғылымды неврология деп атайды.

4-тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

2. Орталық жүйке жүйесіне нелер жатады?

3. Жүйке түйіндері дегеніміз не?

4. Соматикалық жүйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

 

1. Аймақтық жүйке жүйесіне нелер жатады?

5-тапсырма. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, бағыныңқы мүшесіне сұрақ қойыңыз.

6-тапсырма.Мәтіннен төмендегі сөз тіркестерін тауып, сөйлемді оқыңыз.

1. ағзаның біртұтастығы 2. қабықпен қапталған 3. жүйке түйіндері 4. мойынға таралу 5. сопақша ми 6. сыртқы орта 7. жүйке жасушалары 8. нейронның құрылысы

7-тапсырма. Оң жақтағы етістіктермен сол жақтағы керекті сөздерден (сұрақ арқылы) сөз тіркесін құрыңыз.


айналаны

ми мен жұлыннан

белсене

тұтастығын

балаға

бас сүйекте

қызмет

қамтамасыз ету (нені?)

орналасады (қайда?)

зерттеп жүр (нені?)

құралады (неден?)

араласады (қалай?)

атқарады (не?)

бағынбайды (кімге?)


8-тапсырма. Мәтінді тірек ете отырып, берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Жүйке жүйесі мүшелердің ...реттейді. 2. Мидың ... салмағы 1300-1400 гр. 3. Жұлынның ... 1 см. 4. Жүйке жүйесі арқылы адам ... танып, біледі. 5. Жұлын ... қызмет атқарады. 6. Соматикалық жүйке жүйесі арқылы адам ... меңгереді. 7. Адамның ... 20 жасқа дейін өседі. 8. Жүйке жүйесінің бір бөлігі ... мүшелердің жұмысын реттейді. 9. ... жүйке жүйесінің қызметі адам ... бағынбайды. 10. Аймақтық бөлімге жүйкелер мен ... түйіндері жатады.

(Керекті сөздер: жүйке, жұмысын, миы, автономиялық, диаметрі, орташа, ортаны, ішкі, рефлекстік, іс-әрекетті, еркіне)

9- тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Мозг расположен в черепе. 2. Нервная система делится на центральную и периферическую. 3. Центральная нервная система состоит из головного и спинного мозга. 4. Головной и спинной мозг покрыты оболочкой. 5. К периферической относятся нервы и нервные узлы. 6. В мозге очень много кровеносных сосудов.

10-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, үстеулерді табыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Ми шайқалғанда

Жығылғанда немесе бас қатты затқа соғылғанда мидың шайқалуы мүмкін. Естен танып қалу – соған тән белгі. Бұлай жарақаттанғанда тері бірден боп-боз болып кетеді, бас ауырады, адам қимылдаса, күшейе түседі, жүрек айнып құстырады. Тамырдың соғуы сирейді немесе жиілейді.

Ми тым қатты шайқалғанда көздің қарашығы кеңейіп, тамыр сирек соғады, тыныс алу бірқалыпты болмайды. Адам есін жиғанда басын қалай соқтырғанын айта алмайды. Миы шайқалған адамды еденге шалқасынан жатқызып, омырауын ағытып, белін босату қажет. Адам құсығына шашалып қалмас үшін басын бір жағына бұру қажет. Оны шалқасынан жатқызып, ауруханаға тезірек жеткізген жөн.

10.Бақылау(сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар, тестілер және т.б.)

Когнитивті – білім компетенциясы:


Тестілер:


1. Жалпылау есімдігін табыңыз.

а) күллі

ә) ешкім

б) мынау

в) осы

г) кейбір

2. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

а) өзі

ә) баршасына

б) барлыққа

в) сеннің

г) менге

3. Белгісіздік есімдіктер қатарын табыңыз.

а) әлдеқайда, кейбір, әркім

ә) ешкім, әрине, сол

б) өзі, өзім, мына

в) кім? не? қанша?

г) мен, сен, ол

4. Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.

а) қайсыбір

ә) саған

б) түгел

в) осынау

г) ештеңе

5. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Саған қандай сыйлық берді?

ә) Әрбір атқарған ісің нәтижелі болсын.

б) Ешқайда барушы болма.

в) Қандай анализ тапсырдыңыз?

г) Күллі халық дағдарысты жақсы түсінеді.

6. Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Бұл дәрілер қызуды баса бермейді.

ә) Сондықтан дәрілерді қоса бермейді.

б) Қандай дәрі қабылдадыңыз?

в) Қызылмайды пайдаланғанда ешқандай кері әсерлер байқалмайды.

г) Бірталай дәрілердің сапасын анықтайды.

7. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Үнемі қажет болатын дәрілерді сақтаңыз.

ә) Дәрілердің барлығын баланың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

б) Дәрі пайдаланылмады.

в) Студенттер сабаққа келмеді.

г) Мерзімі өтіп кеткен дәріні қабылдамаңыз.

8. Жалпылау есімдік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қалыпқа келтіруші заттарды майдың негізі деп атайды.

ә) Алоэ - көп жылдық өсімдік.

б) Балды бауыр ауруларына пайдаланады.

в) Майлардың барлығы ағзаға пайдалы бола бермейді.

г) Дәріханада майды шыны сауыттарға салып береді.

9. Жалпылау есімдікті табыңыз.

а) осы, сол, ана, мынау

ә) отыр, жүр, тұр, кел

б) өзім, өзің, өзі

в) барлық, бәрі, барша, бүкіл

г) мұнай, темір, көмір

10. Есімдікті көрсетіңіз.

Медицинада дәрілік өсімдіктердің кейбіреуінен дәрі дайындалмайды.

а) медицинада

ә) дәрілік

б) өсімдіктердің

в) кейбіреуінен

г) дәрі дайындалмайды


Операционалды – дағды компетенциясы:


1-жаттығу. Сөз тіркестері мен сөйлемдерден есімдіктердің түрлерін ажыратып, олардың қай жалғауда тұрғанын айтыңыз.

Оны кездестіру, осыған айтыңыз, мұнысы болмады, кімге айтты?, өзіңе берді, қашан келді?, әрбір оқушы, өзіміз орындаймыз, біраз кешікті, бүкіл адам,қайсыбіреуіне тапсырды, ешкімнен алмаңыз, ешқашан ұмытпаңыз, барлығына айтылды.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.