Здавалка
Главная | Обратная связь

Фармакология кафедрасы



ФАРМАКОЛОГИЯ-2

МАМАНДЫҚ:

«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА»

КУРС:3

Алматы, 2012

 

МАЗМҰНЫ

Силлабус
Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
«Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Эндокринді жүйе» модулі бойынша дәрістік кешен
«Эндокринді жүйе» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
«Эндокринді жүйе» модулі бойынша студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Эндокринді жүйе» модулі бойынша аралық бақылау
«Эндокринді жүйе» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
«Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
«Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары» модулі бойынша аралық бақылау
«Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау  
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау  
  «Жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен  
  «Жүйке жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау  
    «Жүйке жүйесі» модулі бойынша студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау  
  «Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау  
Бақылау-өлшем құралдары
  Емтихан сұрақтары
  Рецепт жазуға арналған препараттар тізімі
Жағдайлық есептер
Тесттік тапсырмалар
Тесттік тапсырмалардың жауаптары
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы

 

СИЛЛАБУС

 

Фармакология пәнінен Far-2 3214

051301 жалпы медицина мамандығы бойынша

Фармакология кафедрасы

Үшінші курс Бесінші, алтыншы семестр

 

Дәріс 12 сағат

Практикалық сабақ 24сағат

Студенттің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) 36 сағат

Барлығы: аудиториялық 72 сағат

Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) 36 сағат

Барлығы 108 сағат

Бақылау түрі: емтихан

 

 

Силлабус ҚР МЖМБС 3.08.388 – 2006 ж. 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жасалған және енізілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша ҚазММА жанындағы Оқу-әдістемелік секциямен бекітілген фармакология пәнінен типті бағдарламасының негізінде құрастырылған жұмыс бағдарламасының негізінде проф.Пичхадзе Г.М., проф.Кадырова Д.М., аға оқытушы Сатбаева Э.М., оқытушы Айтжанова Г.Б. қатысуымен құрастырылды, мемлекеттік тілге аударған оқытушы Мырзабек Б.Т., фармакология кафедрасының отырысында талқыланды және мақұлданды.

№__________ Хаттама, «___»_________2012 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор Г.М. Пичхадзе

 

1. Жалпы мәліметтер

1.1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

1.2 Кафедрафармакология

1.3 Пәнфармакология Far-2 3214

1.4 Мамандығы:051301 Жалпы медицина

1.5 Оқу сағаттарының көлемі:108 сағат

1.6 Оқытылатын курс және семестрі – 3 курс, 5, 6 семестрлер

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

 

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі Қызметі Ғылыми іздену саласы, жетістіктері
Пичхадзе Гурам Михайлович м.ғ.д. профессор, каф.меңг. Нейротропты заттар. Химиотерапиялық заттар.
Изатова Айгул Есенгельдиновна м.ғ.д. оқытушы  
Кадырова Диляра Мулдашевна м.ғ.к. доцент ҚазҰМУ проф.) Жергілікті анестезиялаушы заттар
Ким Ирина Ивановна м.ғ.к. доцент Жалпы фармакология
Сламжанова Сауле Бексултановна м.ғ.к. доцент Токсикология
Сатбаева Эльмира Маратовна м.ғ.к. доцент Фармакоэкономика
Есетова Камажай Утениязовна м.ғ.к. аға оқытушы Антиаритмиялық заттар
Айтжанова Гульзира Байдиллаевна м.ғ.к. аға оқытушы Ас қорыту мүшелерінің қызметіне әсер ететін заттар
Мухамеджанова Гульмира Советбековна м.ғ.к. оқытушы Жергілікті анестезиялаушы заттар
Амиркулова Маржан Куляшевна   оқытушы Токсикология
Исмаилова Светлана Куралбаевна   оқытушы  
Мырзабек Бота Тегисовна   оқытушы  
Мамашева Гульмира Мухтаровна   оқытушы  

1.8 Байланыс ақпараты:

Алматы қ., Бөгенбай көшесі, 92, ӘШБ ғимараты, 2 қабат.

Жұмыс тел. 292-17-96 (226)

1.9 Пәннің ұстанымы оқу үрдісін үздіксіз және мақсатты бағыталған түрде іске асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылған талаптары медициналық ЖОО-ғы оқытудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделген:

1. Дәрістерге, практикалық сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысып отыру;

2. Студент сабаққа кешікпеуі тиіс;

3. Студент себепсіз сабақты жібермеуі тиіс;

4. Студенттер дәріске және сабаққа тек ақ халатпен жіберіледі;

5. Оқу үрдісіне белсенді қатысу (теориялық материалды даярлау, жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды орындау, талдауымен, препараттардың бір реттік мөлшерін анықтауымен рецепттер жазу)

6. Берілген бөлімге сәйкес аптадан аспайтын уақыт ішінде тақырыптық жоспар бойынша тесттік тапсырмаларды, жағдайлық есептерді орындау, СӨЖ тақырыбын қорғау.

7. СӨЖ бойынша тапсырмаларды талаптарға сәйкес орындау және оларды мерзімінде тапсыру;

8. Модульдер бойынша аралық бақылауды өз мерзімінде тапсыру;

9. Себепті жіберілген сабақтар деканаттан жолдама берілген жағдайда, кафедра меңгерушісінің рұқсатымен қайта өтеледі;

10. Жіберген сабақтарын өтеуді қабылдау кестесіне сәйкес тапсыру;

11. Жұмыстың барлық түрлері бойынша студенттің жеке күнделігінің болуы;

12. ПОҚ мен студенттер арасында сыйлы қарым-қатынас;

13. Даулы жағдайларды кафедра меңгерушісі және оқу ісінің меңгерушісінің қатысуымен топ ішінде талқылау;

14. Семестр бойы 50%-дан кем балл жинаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

2. Бағдарлама.

Кіріспе.

Фармакология – дәрілік заттардың ағзамен өзара әсерлесуі және жаңа дәрілік заттарды іздестіру жолдары туралы ғылым.

Фармакология медицина практикасында дәріні рационалды қолдану туралы теориялық білім негізін қалыптастырады. Қалыпты және патологиялық физиология, биохимия курстарынан негізін ала отырып, фармакология медициналық-биологиялық және клиникалық пәндер арасындағы байланыстырушы тармақ.

Теориялық және клиникалық пәндер арасында аралық жағдай онымен жасап шығарылатын көптеген ғылыми бағыттардың дамуына мүмкіндік береді. Фармакология саласындағы жаңа бағыттарға жаңа препараттар алу және оларды медицина практикасына енгізумен байланысты қолданбалы аспектілер, сонымен бірге іргелі мәселелер кіреді.

Фармакология медициналық-биологиялық пәндердің дамуына үлкен әсер көрсетеді. Экспериментаторлар үшін фармакологиялық заттардың негізгі құндылығы олардың көптеген биохимиялық және физиологиялық үрдістерді басқару мүмкіндігінің кеңдігінде.

Фармакологияның дамуы клиникалық пәндердің дамуына сөзсіз әсер етеді. Соңғы жылдар фармакологияның үдемелі дамуымен, жаңа дәрілік препараттардың пайда болуымен белгілі, осыңың нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауруларды емдеуде әмбебап әдіс болды. Осыған байланысты, медициналық білім беру жүйесінде фармакология маңызды орын алады, сондықтан фармакологияны білу кез-келген сала дәрігері үшін қажет.

2.2 Пәннің мақсаты: әртүрлі патологиялық жағдайлар кезінде препараттарды рационалды таңдау үшін дәрілік заттар фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы туралы білімін қалыптастыру.

 

2.3 Пәннің міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Патологиялық үрдістерді реттеуге бағытталған дәрілік препараттар тобының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмдері мен негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері туралы білімді қалыптастыру;

2. Қолдануға қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлерін анықтауды және оларды дер кезінде түзетуді жасай білу туралы білімді қалыптастыру.

3. Жеке препараттардың негізгі әсерлерін күшейту үшін немесе жағымсыз әсерін жою үшін дәрілік заттарды жұптастыру жөнінде білімді қалыптастыру.

4. Терапияның тиімділігін жоғарлату мақсатында ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгертуге дәрілік заттарды таңдау бойынша білімді қалыптастыру.

5. Түрлі патологиялық жағдайларда дәрілік заттардың қалыптарын, қолдану жолдарын таңдауды, оларды рецептте жазу дағдасын қалыптастыру.

6. Рецептті безендірудің және рецептуралық жазбаларды құрастырудың жалпы қағидаларын білу.

Операционалды компетенция:

1. Дәрілік заттарды рецептте талдауымен бірге жаза білу дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін есептей білу дағдысын қалыптастыру

3. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін тани білу, оның алдын алу және болдырмау.

4. Шұғыл көмек көрсету үшін дәрілік заттарды таңдай білу.

5. Жаңа дәрілік заттарды дұрыс қолдана білу және олардың кең таралған синонимдерін білу

Коммуникативті компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру;

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакологияның мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Құқықтық компетенция:

1.Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы рецептте жазу, босату, сақтауды реттеуші ҚР негізгі заңнамалық актілері.

Үздіксіз оқыту және білім беру компетенциясы:

1. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

2. СӨЖ-тың күрделі түрлерін орындай білу (көп деңгейлі кроссвордтарды, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, эссе, рефераттарды құру).

 

СОДЕРЖАНИЕ ФАРМАКОЛОГИИ-2 ПО МОДУЛЯМ

 

Жүйе бойынша компетенциялар: Пәннің мазмұны
«ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: ­ жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін дәрілік заттарды; ­ артериялық гипертензия кезіндегі этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емнің негізгі принциптерін; ­ тәждік жетіспеушілік синдромы, артериялық гипотензия, кенет өлім синдромы, ырғақ бұзылысы синдромы, жүректің жедел және созылмалы жетіспеушілігі, жүрек ақаулары туралы; Студент жасай білуі тиіс: ­ жүрек-қантамыр патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және қолдану көрсеткіштерін; ­ дәрілік қалыпты таңдау және қолдану әдістерін; ­ тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдауды; ­ жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы кезінде қолданылатын препараттарға рецепт жазу, бір реттік дозасын есептеу Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ететін заттар. Кардиотоникалық дәрілік заттар, әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Балалардағы ерекшеліктері.   Антиангиналды заттар. Жіктелуі (нитраттар, β-блокаторлар, кальций антагонисттері, триметазидин), әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. ЖИА емдеудегі антикоагулянттар, антиагреганттар, фибринолитиктер. Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын емдеуде гипохолестеринемиялық препараттарды таңдау.   Антиаритмиялық заттар, жіктелуі және әсер ету механизмі, негізгі препараттардың фармакологиялық әсерлері, қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.   Антигипертензивті препараттар, негізгі 4 топтың сипаттамасы (ААФ ингибиторлары, тиазидті диуретиктер, кальций каналының блокаторлары, β-блокаторлар). Артериялық гипертензия синдромын емдеуде қолданылатын препараттарды таңдау.   Жұптастырылған ем. Негізгі препараттардың әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Артериялық гипотензияны емдеуде антигипотензивті заттар, көрсеткіштері, жанама әсерлері, түзету.   Жүректің жедел жетіспеушілігін емдеуде дәрілік заттарды қолдану принциптері. Жұптастырылған ем. ААФ ингибиторларының, диуретиктердің, β-блокаторлардың, жүрек гликозидтерінің жүректің жедел жетіспеушілігін жұптастырып емдеудегі рөлдері. Балалардағы ерекшеліктері. Жүрек-қантамыр патологиялары кезінде фитопрепараттарды қолдану патологии (долана, тау арникасы, мамырлық меруертгүл, көктемгі жанаргүл, строфант тұнбасы, шағын барвинок жапырақтары, кәдімгі барбарис, валериана тамыры, сасықшөп, түкті оймақгүл, алқызыл оймақгүл, желтушник раскидистый, желтушник левкойный) Кардиопротекторлар, ангиопротекторлар
«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: - тыныс алу мүшелеріне әсер ететін заттарды; - бронх өткізгіштігі бұзылысы, тыныс жетіспеушілігі, өкпе тінінің тығыздану синдромының этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емінің негізгі принциптерін. Студент жасай білуі тиіс: - тыныс алу жүйесі патологиясы кезінде дәрілік заттарды таңдау және қолдану көрсеткіштерін; - дәрілік қалыпты және қолдану әдісін таңдай білуді; - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді; - тыныс алу жүйесі патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазуды. Тыныс алу жүйесіне әсер ететін заттар. Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында қолданылатын заттар: · қабынуға қарсы (ингаляциялық глюкокортикостероидтар, мембранатұрақтандырушы (натрий кромогликаты, недокромил- натрий, кетотифен) заттар; · бронходилататорлар: қысқа және ұзақ әсер ететін β-агонисттер, м-холиноблокаторлар (ипратропий бромиді, тиотропий бромиді), фосфодиэстаразаның тежегіштері. Өкпе тінінің тығыздануы синдромында қолданылатын заттар: · ауруханадан тыс пневмонияда қолданылатын антибактериялық заттар, жіктелуі, антибиотиктердің әсер ету механизмі, синтетикалық антибактериялық заттар. Балаларда дозалау схемасының ерекшеліктері. · Қақырық түсіретін және муколитикалық заттар: препараттардың жіктелуі. Қақырық түсіретін заттардың әсер ету механизмі. Дозалау тәртіптері. Енгізу жолдары. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. · Жөтелге қарсы заттар, жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану ерекшеліктері. · Тыныс жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттар. Этил спиртінің көбікбасушы әсері. Балаларда, қарттарда және жүкті әйелдерде ТЖ патологияларының фармакотерапиясының ерекшеліктері.  
«АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: · Келесі синдромдар кезіндегі фармакотерапияның негізгі принциптерін: ­ дисфагия синдромы. ­ асқазандық және ішектік диспепсия синдромы. ­ сарғаю синдромы. ­ Ұйқы безінің сыртқы секреторлық жетіспеушілік синдромы; · Келтірілген синдромдар кезінде қолданылатын дәрілік заттарды. Студент жасай білуі тиіс: - Ас қорыту жүйесі патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - ас қорыту жүйесі патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазуды, дозасын есептеуді. Эрадикациялық ем жүргізілгенде қолданылатын антимикробты заттар (амоксициллин, кларитромицин, метронидазол, тетрациклин, фуразолидон, висмут субцитраты). Антисекреторлы заттар:протондық насостың ннгибиторлары, Н2–гистаминоблокаторлар, М-холиноблокаторлар. Әсер ету механизмдері. Қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Енгізу жолдары. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Антацидті заттар.Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Гастропротекторлар.Простагландиндердің синтети- калық аналогтары (мизопростол). Шырышты қабатты механикалық қорғайтын және оның қорғаныс функциясын арттыратын препараттар. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Асқазан-ішек жолдарының моторикасына әсер ететін заттар, спазмолитикалық заттар, іш айдағыштар мен диареяға қарсы заттар (метоклопрамид, домперидон,М-холиноблокаторлар, дротаверин, пинаверий бромиді, мебеверин, лактулоза және т.б.). Жіктелуі. Әсер ету механизмдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Ішек микрофлорасын қалпына келтіретін препараттар(бифидумбактерин, лактобактерин, линекс, лактулоза, хилак форте, ішек таяқшасы-протейлік бактериофаг) Өт айдағыш заттар.Жіктелуі. Әсер ету механизмдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Гепатопротекторлар. Жіктелуі. Әсер ету механизмдері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері. Ұйқы безінің экскреторлы қызметі бұзылғанда қолданылатын заттар. Ұйқы безінің қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын орын басушы заттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балалардағы қолдану ерекшеліктері.  
«ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ»
  Студент білуі тиіс: - гипо- және гипертиреоз, гипо- және гипергликемия, гипо- және гиперкортицизмнің этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емінің негізгі принциптерін; - келтірілген синдромдар кезінде қолданылатын дәрілік заттарды. Студент жасай білуі тиіс: - эндокринді жүйе патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - эндокринді жүйе патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазуды, дозасын есептеуді. Эндокринді жүйе мүшелерінің зақымдануында қолданылатын дәрілік заттар: Қалқанша безі.Гипо-, гипертиреозда қолданылатын дәрілік заттар, олардың зат алмасуына әсері. Қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Гипергликемия синдромында қолданылатын заттар. Ұйқы безі гормондарының препараттары. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Диабетке қарсы пероралды синтетикалық заттар, әсер ету механизмдері, жанама әсерлері. Балаларда қолданылатын инсулиннің негізгі препараттары. Гипогликемия синдромында қолданылатын заттар(глюкагон, адреналин гидрохлориді, глюкоза). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі синдромында қолданылатын препараттар (глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Семірудің фармакотерапиялық принциптері. Анорексигенді заттар - сибутрамин, липаза ингибиторлары – орлистат (ксеникал), қант алмастырушысы – олестр. Әсер ету механизмдері. Қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жанама әсерлері.
«ЗӘР-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: - зәр-шығару және репродуктивті жүйенің патологиясында қолданылатын дәрілік заттарды; - нефриттік синдром, нефротикалық синдром, зәрлік синдром, бүйрек жетіспеушілігі синдромы (жедел және созылмалы), бүйректік артериялық гипертензия синдромы, жыныстық және репродуктивті жүйе дамуының бұзылу синдромы (анорхизм, монорхизм, қуық экстрофиясы, дисменорея) этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық емінің негізгі принциптерін. Зәр шығару жүйесінің аурулары кезінде қолданылатын заттар. Зәр айдағыш заттар. Карбоангидраза тежегіштері, осмостық диуретиктер, ағзадан негізінен натрий, калий және хлордың шығарылуын арттыратын заттар (ілмектік диуретиктер), ағзадан натрий мен хлордың шығарылуын арттыратын заттар (тиазидтер мен тиазидтәрізді диуретиктер), минералокортикоидты рецепторлардың антагонисттері (альдостеронның антагонисттері, калийсақтаушы диуретиктер), бүйректік эпителиалды натрий каналдарының ингибиторлары (альдостеронның тікелей емес антагонисттері, калийсақтаушы диуретиктер). Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Нефрологияда қолданылатын қан ұю жүйесіне әсер ететін заттар.Тікелей әсерлі антикоагулянттар (гепарин), антиагреганттар (аденозиндезаминаза ингибиторы – дипиридамол). Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері.   Глюкокортикоидтармен (преднизолон) және цитостатиктермен (циклофосфамид, хлорамбуцил, циклоспорин) иммуносупрессивті емдеу. Глюкокортикоидтар мен цитостатиктерді жұптастырып қолдану. Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Созылмалы гломерулонефриттің жұптастырылған емі. Үшкомпонентті (цитостатиктер немесе глюкокортикоидтар, антиагерганттар, гепарин) және төрткомпонентті сызба бойынша (глюкокортикоидтар, цитостатиктер, антиагреганттар, гепаринді фенилинге ауыстырып). Әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Микробқа қарсы заттар, зәр шығару жолдарының инфекциясында қолданылатын (бета-лактамдар, аминогликозидтер, фторы бар және фторы жоқ хинолондар, нитрофурандар және т.б.). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері, жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері. Репродуктивті жүйеге әсер ететін заттар. Жыныстық даму бұзылысында қолданылатын заттар. Стероидты жыныс гормондары (андрогендер мен эстрогендер). Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, дозалау тәртібі, жанама әсерлері. Зәр-тас ауруларын емдеудің негізгі бағыттары. Уратты, фосфатты және оксалатты тастар кезінде қолданылатын препараттар. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, дозалау тәртібі, жанама әсерлері.   Бүйректің жедел және созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын заттар. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, дозалау тәртібі, жанама әсерлері. Жоғарыда көрсетілген препараттарды балаларда дозалау ерекшеліктері.
«ТІРЕК-ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІ, ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫМШАЛАРЫ»
  Студент білуі тиіс: ­ буындық синдром кезінде қолданылатын заттарды. Студент жасай білуі тиіс: - тірек-қимыл аппаратының патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - тірек-қимыл аппаратының патологияларында қолданылатын препараттарға рецепт жазу, дозасын есептеуді Қаңқаның қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар. «Д» витаминінің препараттары. Фосфор-кальций алмасуына әсер ететін заттар, қолдану көрсеткіштері. Кальцийдің қазіргі препараттары. Жіктелуі, әсер ету механизмдері, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.   Остеоартроз кезінде қолданылатын заттар (хондроитин сульфаты, глюкозамин). Қабынуға қарсы стероидты емес және стероидты заттар. Ревматоидты артрит кезінде қолданылатын базисті препараттар (метотрексат, алтын препараттары, сульфасалазин, пенициламин, циклофосфамид және т.б.). Жіктелуі, әсер ету механизмдері, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері.
«ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: · келесі синдромдарды: - тапшылықты анемия; - геморрагиялық синдром; - миело- және лимфопролиферативті синдромды емдеуде қолданылатын негізгі препараттарды.   Студент жасай білуі тиіс: - қан түзу жүйесінің патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдау және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - келесі синдромдарда қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жазу: - тапшылықты анемия; - геморрагиялық синдром; миело- және лимфопроли- феративті синдромда, дозасын есептеуді Анемия синдромында қолданылатын заттар. Темір препараттары.Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жанама әсерлері, педиатриялық практикада қолданылу ерекшеліктері. Аскорбин қышқылының темірдің сіңірілу үрдісі кезіндегі рөлі. Цианокобаламин, фоль қышқылының фармакотерапиялық әсерінің механизмдері. Қолдану көрсеткіштері. Болуы мүмкін жанама әсерлері. Бағдарлама бойынша препараттар: темір сульфаты және құрамында темірі бар препараттар (сорбифер Дурулес, тардиферон), темір фумараты (ферронат, хефенол), темір хлориді (гемофер), темір тотығының сульфаты (актиферрин, тардиферрон, ферроградумет), ферковен, феррум лек, кешенді темір препараттары (мальтофер, ферлатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, фоль қышқылы.   Геморрагиялық синдром кезінде қолданылатын заттар. Тікелей және тікелей емес әсерлі антикоагулянттар, фибринолиз тежегіштері, тромбқа қарсы заттар, қантамырларының өткізгіштігіне әсер ететін заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері. Миело- және лимфопролиферативті синдромда қолданылатын препараттар. Цитостатиктер:циклофосфан, цисплатин, хлорбутин, нитрозометилмочевина, ломустин, кармустин, миелосан, метотрексат, меркаптопурин, фторурацил, цитарабин; өсімдік тектес препараттар: винкристин; антибиотиктер: доксорубицин; цитокины, моноклоналды антиденелер
«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ»
  Студент білуі тиіс: · жүйке жүйесіне әсер ететін негізгі препараттардың жіктелуін; · - ишемия және геморрагиялық инсульт синдромдарын; - тырысу синдромын; - ми қабаттарының зақымдану синдромын (менингиттер) негізгі емдеу принциптерін   Студент жасай білуі тиіс: - жүйке жүйесінің патологиялары кезінде дәрілік заттарды таңдай және оларды қолдану көрсеткіштерін - дәрілік қалыптарды және қолдану әдісін таңдауды - тиімділігін арттыру немесе жеке препараттардың жағымсыз әсерлерін жою үшін дәрілік заттардың комбинациясын таңдай білуді - жүйке жүйесінің патологиялары кезінде қолданылатын дәрілік заттарға рецепт жазу, бір реттік дозасын есептеу: Жүйке жүйесінің қызметіне әсер ететін заттар. Инсульт кезіндегі дәрілік ем принциптері. Ми қанайналымының жедел бұзылыстарын дифференцирленген емінің негізгі бағыттары — ишемиялық аймақта адекватты перфузияны қалыптастыру және ишемия ошағын шектеу, қанның реологиялық және ұю қасиетін қалпына келтіру, ишемияның зақымдаушы әсерінен нейрондарды қорғау және жүйке тінінің репаративті үрдісін ынталандыру.   Нейрометаболикалық заттар: ноотроптар мен церебропротекторлар (пирацетам, глицин, семакс, церебролизин және т.б.), әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Балаларда қолдану ерекшеліктері.   Эпилепсияның консервативті емі. Ұстаманың түріне және эпилепсияның формасына байланысты эпилепсияға қарсы препараттарды таңдау. Қазіргі эпилепсияға қарсы препараттардың артықшылықтары (ламотриджин, тиагабин және т.б.). Балаларда қолдану ерекшеліктері.   Ми қабаттарының зақымдану синдромы (менингиттер). Менингит фармакотерапиясының негізгі принциптері. Нейроинфекциялар кезінде қолданылатын антибактериялық заттар. Жіктелуі, әсер ету механизмі, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
     

 

2.5 ОҚЫТУ ЖӘНЕ САБАҚ БЕРУ ӘДІСТЕРІ

· Жалпы шолулық және мәселелі дәрістерді оқу.

· Практикалық сабақтарды жүргізу: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, шағын топтарда жұмыс істеу, жағдайды моделдеу, дискуссия, семинар, кестелерді, суреттерді, сызбаларды талдау, қорытынды шығару, мультимедия элементтерімен интерактивті оқыту бағдарламаларын қолдану, талдауымен рецепттер жазу, препараттардың бір реттік және тәуліктік мөлшерін анықтау.

· СОӨЖ ұйымдастырудың түрлері:

Барлық қойылған сұрақтар бойынша кеңес беру, жоспарда берілген тақырыпты өз бетінше игеру, жағдайлық есептерді шешу, кестелер, оқулықтармен жұмыс жасау, тесттік тапсырмаларды орындау, бір реттік мөлшерді анықтаумен, талдауымен рецепттер жазу, рецепттерге талдау жүргізу, оқытудың интерактивті түрлерін қолдану: интерактивті оқыту бағдарламалары, кроссвордтар, сканвордтар және т.б., электронды тасымалдауыштардағы материалдармен жұмыс жасау, кіші топтарда жұмыс жасау, аралақ бақылау.

· СӨЖ ұйымдастыру түрлері:

Студенттердің өзіндік оқуға қарастырылған сұрақтары бойынша оқу және қосымша әдебиеттермен, электронды тасымалдауыштардағы ақпаратпен жұмыс жүргізу; тест түрінде тапсырмалар құрастыру, тесттік тапсырмаларды орындау, жеке тақырыптар бойынша дәрілік затттар жиынтығын көрсетуімен конспект жазу, тақырыптар бойынша электронды тасымалдауыштардағы ақпараттарды пайдалана отырып, ғылыми рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау, студенттік рефераттарды ауыспалы түрде өзара рецензиялау, презентациялар, кесте-сызбалар, стендтер, көрнекілік материалдар дайындау.

 

БІЛІМІН БАҒАЛАУ

· Ағымды бақылау:

Практикалық сабақтар:Тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шешу, талдауымен жазылған рецепттерді тексеру, лабораториялық сабақтарға арналған нұсқау бойынша тапсырмалар және эксперименталды жұмыстар бойынша қорытынды шығару.

СӨЖ:рефераттарды, эссе, баяндамаларды қорғау, презентацияны таныстыру, тесттік тапсырмаларын орындауды бақылау, кроссвордтар құрастыру, кесте-сызбаларды, стендтерді таныстыру фармакологияның бөліміне сәйкес осы тақырып зерделенетін аптаның ішінде жүргізіледі. Әр СӨЖ бойынша талаптар СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқауларда көрсетілген.

· Аралық бақылау:әр модулдің соңында интегрирленген коллоквиум алынады, оның құрамына фармакология бойынша жеке бағасымен бірге мәселеге бейімдеу оқытуды (МБО) бағалау нәтижесі кіреді.

· Қорытынды бақылау: барлық 8 мүшелер жүйесі бойынша модулдерді аяқтағаннан кейін алынатын 8 пән бойынша интегрирленген емтихан жүргізіледі және ол 2 сатыдан тұрады – кешенді тестілеу/бағдарламаның барлық интегрирленген пәндер бойынша әңгімелесу және практикалық дағдыларды қабылдау.

· Барлық пәндер бойынша қөрытынды бағасы: барлық модулдер бойынша аралық бақылаудың орташа арифметикалық бағасынан тұратын орташа арифметикалық бағасы мен интегрирленген емтихан бағасы.

2.7. ҚҰРАЛДАР ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАУ

· Құралдар: Компьютерлер, мультимедиялық проектор.

· Жабдықтау: Компьютерлік бағдарламалар кешені мен мультимедиялық оқу құралдары, препараттар мен дәрілік заттар топтамасы, көрнекі материалдар.

2.8. ФАРМАКОЛОГИЯ -2 МОДУЛДЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

МОДУЛЬ Сағат-тардың жалпы саны Аудиторлық сағат СӨЖ
      Бар лығы Дәріс тер Практ. сабақ СОӨЖ  
Жүрек-қантамыр жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Ас қорыту жүйесі
Эндокринді жүйе
Зәр-жыныс жүйесі
Тірек-қимыл аппараты, тері және оның қосымшалары -
Қан түзу жүйесі -
Жүйке жүйесі
  Барлығы

2.9. ФАРМАКОЛОГИЯ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАРЫ

Дәрістердің тақырыптық жоспары.

Дәрістің тақырыбы Оқу сағаты саны
Жүрек-қантамыр жүйесі
1. ЖҚЖ әсер ететін дәрілік препараттардың жіктелуі, жалпы сипаттамасы, патологиялары кезінде оларды қолданудың негізгі бағыттары.
2. Антиангиналды препараттарды тағайындаудың негізгі принциптері. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері және жанама әсерлері.
3. Антигипертензивті препараттарды тағайындаудың негізгі бағыттары. ААФ тежегіштерінің, тиазидті диуретиктердің, кальций каналының тежегіштерінің, β-блокаторлардың жалпы сипаттамалары. Балалардағы олардың әсері мен қолдану ерекшеліктері.
Тыныс алу жүйесі
1. Пневмония кезіндегі микробқа қарсы ем принциптері. Балалардағы әсерінің және қолданудың ерекшеліктері.
2. Бронх өткізгіштігі бұзылысы кезінде қолданылатын заттарды таңдау және негізгі принциптері. Балаларда оларды қолдану ерекшеліктері.
Ас қорыту жүйесі
1. Дисфагия, асқазандық диспепсия синдромдарында қолданылатын дәрілік заттар
2. Бауыр мен өт шығару жолдары ауруларын емдеуде дәрілік заттарды қолданудың негізгі принциптері.
Эндокринді жүйе
1. Гормондық заттардың жіктелуі. Гормондық емдеу принциптері. Гипо- және гипертиреозда қолданылатын гормондық препараттар.
Зәр-жыныс жүйесі
1. Зәр шығару жолдары инфекциясын емдеудің негізгі бағыттары.
2. Диуретикалық заттарды таңдау және тағайындаудың негізгі принциптері.
Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары тақырыбы бойынша дәрістер жоспарланбаған
Қан түзу жүйесі бойынша тақырыптар жоспарланбаған
Жүйке жүйесі
Ми қабаттарының қабыну ауруларын емдеудің этиопатогенетикалық және симптоматикалық негізгі жолдары.
Негізгі нейропротективті затттар. ОЖЖ регенераторлы-репаративті үрдістерін жақсартуға арналған препараттар.
  Барлығы

 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспарлары

Такырыптың аты Сағат колемі
Жүрек-қантамыр жүйесі
1. Антиангиналды заттар. Әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
2. Ангигипертензивті препараттар, негізгі 4 тобының жалпы сипаттамалары (ААФ ингибиторлары, тиазидтік диуретиктер, кальций каналдарының блокаторлары, b-блокаторлар).
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу жүйесі патологияларында қолданылатын антибактериялық препараттар. Балаларда дозалау ерекшеліктері.
Бронх өткізгіштігі бұзылысы синдромында қолданылатын заттар. Балаларда дозалау ерекшеліктері.
Ас қорыту жүйесі
1. Дисфагия және асқазандық диспепсия синдромында қолданылатын заттар. Балалардағы қолдану ерекшеліктері.
2. Гепатобилиарлы патологияларда қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
Эндокринді жүйе
Гипергликемия жэне гипогликемияда қолданылатын заттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері.
Зәр-жыныс жүйесі
Зәр шығару жүйесі қабыну ауруларының микробқа қарсы емі. Балалардағы қолдану ерекшеліктері.
Гломерулонефриттің әртүрлі түрлерінің фармакотерапиясының принциптері
Тірек-қимыл аппараты, тері және оның қосымшалары
Буындық синдромдар кезінде қолданылатын қабынуға қарсы заттар. Жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері.
Қан түзу жүйесі  
Анемиялық, геморрагиялық синдромдарды емдеудің негізгі принциптері.
Жүйке жүйесі
Жедел жэне созылмалы ми қанайналымы бұзылысында қолданылатын заттар

СОӨЖ тақырыптық жоспары

Такырыптың аты Сағат колемі
Жүрек – қан тамыр жүйесі
1. Жүректің созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік препараттар
2. Аритмияға қарсы негізгі препараттардың жіктелуі, әсер ету механизмдері, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.
«Жүрек – қан тамыр жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
Тыныс алу жүйесі
Тыныс жетіспеушілігі кезінде қолданылатын заттар. Оларды балаларда қолдану ерекшеліктері.
Қақырық түсіретін заттар. Оларды балаларда қолдану ерекшеліктері.
Жөтелге қарсы заттар. Оларды балаларда қолдану ерекшеліктері.
«Тыныс алу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
Ас қорыту жүйесі
1. Ұйқы безінің сыртқы секреторлы жетіспеушілігін емдеудің негізгі бағыттары
2. Ішек диспепсиясында қолданылатын заттар. Балалардағы қолдану ерекшеліктері.
3. «Ас қорыту жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
Эндокринді жүйе
Қалқанша безінің функциясы төмендегенде және жоғарылағанда қолданылатын заттар. Балалардағы қолдану ерекшеліктері.
  «Эндокринді жүйе» модулі бойынша аралық бақылау
Зәр-жыныс жүйесі
Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі емінің негізгі бағыттары. Балалардағы БСЖ фармакотерапиясының ерекшеліктері.
Жыныстық жетілуге әсер ететін негізгі гормондық заттар
  «Зәр-жыныс жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
Тірек-қимыл аппараты, тері және оның қосымшалары
«Тірек-қимыл аппараты, тері және оның қосымшалары» модулі бойынша аралық бақылау
Қан түзу жүйесі
«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
Жүйке жүйесі
Тырысу синдромын емеду принциптері
«Жүйке жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау
  Барлығы

СӨЖ тақырыптық жоспары

Тақырыптың атауы Сағат көлемі Өткізу түрі
Жүрек-қантамыр жүйесі
Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кезінде фитопрепараттарды қолдану Презентация
Кенеттен өлімнің профилактикасы үшін қолданылатын дәрілік заттар: қазіргі гиполипидемиялық заттар, антикоагулянттар кесте
Кардиопротекторлар, ангиопротекторлар Эссе
Тыныс алу жүйесі
Респираторлы-дистресс синдромның медикаментозды емі. Эссе
Тынысты ынталандыратын затттар Реферат
Жүкті әйелдерде, балаларда және қарттарда ТЖ патологиялары фармакотерапиясының ерекшеліктері Презентация
Ас қорыту жүйесі
1. Гастро-эзофагеалды рефлюксті ауру фармакотерапиясы Реферат
2. Өсімдік тектес өт айдағыш заттар Презентация
Эндокринді жүйе
Балаларда қолданылатын инсулиннің негізгі препараттары Кесте-сызба
Семіру фармакотерапиясының принциптері Кесте-сызба
Бүйрек үсті безі жетіспеушілігі синдромында қолданылатын дәрілік препараттар. Балаларда қолдану ерекшеліктері. Презентация
Зәр -жыныс жүйесі
БЖЖ-ін емдеудің заманауи принциптері Реферат
Несеп-тас ауруы кезіндегі дәрілік емнің негізгі бағыттары Эссе
Тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосымшалары
Қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін заттар. Балалар практикасында қолдану ерекшіліктері. Реферат
Д витаминінің уытты әсерлері. Эссе
Қан түзу жүйесі
ҚТШҚҰ-синдромы емінің негізгі принциптері. Эссе
Миело- және лимфопролиферативті синдромдарды дәрілік емінің принциптері. Реферат

2.10 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ*

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Фармакология: Мемлекеттік тілдегі аудармасы, Харкевич Д.А. Оқулық. Алматы, 2004. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 752 б.

3. Руководство к лабораторным занятиям /Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005.– 450 б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. - 415 б.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров/ Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Клиническая фармакология. /под ред. Зупанца И.А., Налетова С.В., Викторова А.П./ изд. НФаУ «Золотые страницы», 2005г. т 1-2. 844 б.

5. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

6. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

7. Методические указания к лабораторным занятиям по фармакологии. /под ред. Пичхадзе Г.М., Алматы.- 2003. - 183 б.

8. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

9. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

10. Шарман А. Анемия. – Алматы, 2002. – 168 б.

11. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. - 782 б.

12. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.: Медицина, 2000. – 740 б.

13. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санк







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.