Здавалка
Главная | Обратная связь

Сурет, КГ-4х70 тізбек басы



КГ-4х70 моделі келесідей оқылады: К – тізбек (колонная); Г – басы (головка); 4 – өзара байланысатын шегендеу тізбек саны; 70 – жұмыс қысымы, МПа.

Тізбек басы келесідей негізгі бөліктерден тұрады: диаметрі 324 мм шегендеу құбырларының тізбегін асуға арналған – сыналы аспасы 12 бар тройниктен 13, пакер қондырғысынан 10, диаметрі 245 мм шегендеу құбырларының тізбегін асуға арналған – аспасы 7 бар крестовинадан 9, пакер қондырғысынан 6, диаметрі 168 мм шегендеу құбырлары тізбегін асуға арналған – аспасы 3 бар крестовинадан 5, пакер қондырғысынан 2, фланецтен, кері клапандардан 11, сиреткіш тығындардан 17. Тройник 13 құрамына – тұғыр мен иінді құбыр кіреді. Тройник тұғыры – маркасы 35ХМЛ (МЕСТ 977-88) болат құймасы, оның орта бөлігінде иінді құбыр жалғанатын саңылауы болады, ал жоғарғы бөлігінде – пакер қондырғысындағы аспаның қақпағын орнатуға арналған, диаметрі 425 мм аспаға 12 арналған диаметрі 415 мм болатын, тесіктер жасалған. Иінді құбыр – жоғары қысымды краны 14 бар келте құбыр болып табылады. Иінді құбыр тройниктің тұғырына бұранда арқылы байланысады да, бұрғылау барысындағы технологиялық жұмыстарды жасау қызметін атқарады.

Крестовина 9 – 35ХМЛ (МЕСТ 977-88) болат құймасы. Оның төменгі фланецінде пакер қондырғысына 10 арналған, диаметрі 415 мм болатын, тесігі бар. Жоғарғы фланецте аспаға 7 арналған 345 мм диаметрлі тесігі және пакер қондырғысына 6 арналған 355 мм диаметрлі тесік бар. Орта бөлігінде крестовина тұғырына бір жағынан – шпилкалар көмегімен келте құбыр мен жоғары қысымды краны бар тығын 15 байланысқан, екінші жағынан – вентилі 4 бар тығын 8 байланысқан. Крестовинаны 9 тартқанда қондырғы пакері 10 деформацияға ұшырап, крестовинаның тұғыры мен тізбек (диаметрі 324 мм болатын) арасындағы кеңістікті саңылаусыздандырады. Крестовина 5 – 35ХМЛ (МЕСТ 977-88) болат құймасы. Төменгі фланецте пакер қондырғысына 6 арналған, диаметрі 345 мм болатын тесік болады. Жоғарғы фланецте аспаға 3 арналған, диаметрі 227 мм болатын тесік және пакер қондырғысына 2 арналған, диаметрі 237 мм болатын тесігі бар. Орта бөлігінде крестовина тұғырына вентилі 4 бар тығын 8 жалғанады, ал екінші жағынан – ысырма 16 жалғанады. Крестовинаны 5 тартқанда қондырғы пакері 6 деформацияға ұшырап, крестовинаның тұғыры мен тізбек (диаметрі 245 мм болатын) арасындағы кеңістікті саңылаусыздандырады. Диаметрі 168 мм болатын тізбекті саңылаусыздандыру – пакер қондырғысымен 2 деформацияға ұшырайтын фланецті 1 тарту кезінде болады.

Тізбек басына орнатуға арналған аспа (13.7-сурет) – сыналы бірсатылы, ол тұғырлардан 4, плашкалардан 1, жартысақиналардан 5, сырғалардан 7, винттерден 2 және 8, тұтқалардан 3, штифтардан 6 тұрады.

 

 

Сурет, Аспа

Пакер қондырғысы (13.8-сурет) тізбек басындағы құбырсыртындағы кеңістікті саңылаусыздандыруға арналған. Ол аспа 3 қақпағынан, басу сақинасынан 1, тығындау сақинасынан 4 және пакерден 2 тұрады.

 

13.8-сурет, Пакер қондырғысы

 

ОКК тізбек басы

ОКК тізбек басын 35 МПа қысымы үшін үш түрде шығарады: ОКК1, ОКК2, ОКК3. ОКК1 тізбек басы екі тізбекті (кондуктор, пайдаланушы), ОКК2 – үш тізбекті (кондуктор, аралық, пайдалану), ОКК3 – төрт тізбекті байланыстыру үшін қолданылады.

ОКК1-35-146х219 моделі келесідей түрде шешіліп оқылады: О – жабдық (оборудование); К – бағаналар (колонны); К – сыналы (клин); 1 – сұлбасы (моделі); 35 – жұмыс қысымы, МПа; 146 – пайдалану тізбегінің диаметрі, мм; 219 – кондуктор диаметрі, мм.

ОКК1 тізбек басы (13.9-сурет) – тұғырдан 4, сыналы аспадан 3, екіярусты пакерлі қондырғыдан 2 тұрады.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.