Здавалка
Главная | Обратная связь

Сурет. Айналмалы превенторлар



 

Тіректік фланец тесігінің диаметрі превентордың типтік өлшеміне байланысты және қашаудың өтуіне жеткілікті болуы керек. Сыртқы тіректік фланеці бар цилиндр түріндегі оқпан 6 тіреуіш 5 және радиал 3 мойынтіректерде айналады. Оқпанға байонетті қосылыста өздігінен тығыздалатын манжета бекітіледі. Оқпанның өтпелі қимасы қашау диаметрінен аз. Сондықтан түсіру және ауыстыру кезінде оқпанды превентор тұрқынан бөлу керек. Бұл үшін оқпанды патронмен бірге байонетті затвор және фиксатор 10 арқылы превентор корпусымен қосады.

Патронды тұрқына орнатар алдында фиксатор 10 пультпен басқарылатын пневмоцилиндр немесе винт 12 және трос 11 көмегімен солжақ шеткі күйге апарылады және патронды орнатуға арналған тесікті босатады. Бұдан кейін патронды шығып тұрған қырларымен тұрқының пазаларына кіргізеді және тұрқыда орнатылған тіректерге дейін сағат бағытымен бұрайды. Ары қарай фиксаторды босатады, ол пневмоцилиндрдің серіппесінің әсерінен патронды превентор корпусына тұйықтайды. Патронды тұрқыдан шығару үшін фиксаторды алдын-ала өшіру керек және патронды сағат тіліне қарсы бұру керек. Патронды жетек құбырмен бұрады, ол ротормен ішпектер 1 арқылы айналады. Пультпен 13 қосылатын шиналы-пневматикалық муфта 2 патронды оқпанмен қосады және осының нәтижесінде олардың екеуі де жетек құбырмен бірге превентор тұрқына қатысты бұрылады. Ствол мойынтіректері сұйық маймен майланады, ол ағып кетуден және ластанудан асбографитті манжеталармен 8 сақталынады.

 

Айналмалы превенторлардың техникалық сипаттамалары

 

Типтікөлшем.............................ПВ-156х320 ПВ-230х320 ПВ-307х200

Өту тесігінің диаметрі, мм:

превентор тұрқы.................156 230 307

оқпан.....................................130 158 215

бүйірлік жалғама..................150 150 150

Қысым, МПа:

жұмыстық...........................32 32 20

сынақтық.............................64 64 40

оқпанды айналдырудың

ең үлкен жиілігінде

рұқсат етілген......................8 8 8

Диаметр, мм:

патрон тұрқының..............380 510 515

квадрат штангалар мен құбырлар

астына арналған ауыспалы

тығыздағыштардың.........73; 89 73, 89, 114 89, 114, 140

Оқпанның ең үлкен айналу

жиілігі, айн/мин......................100 100 100

Биіктік, мм...............................1570 1550 1800

Масса, кг..................................1250 1785 1560

 

Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы МЕСТ 13862-80 бекітілген лақтыруға қарсы жабдықтың келесі сұлбаларын ұсынады:

1. манифольдтың екі ағу жүйесімен және бір крестовинамен екіпревенторлы (16.4, а -сурет);

2. манифольдтың екі ағу жүйесімен және бір крестовинамен үшпревенторлы (16.4, б -сурет);

3. манифольдтың үш ағу жүйесімен және екі крестовинамен үшпревенторлы (16.4, г -сурет);

Барланатын аудандарда, газконденсатты және газды кен-орындарында, сонымен қатар аномальды жоғары қабаттық қысымы бар ұңғыларды бұрғылау кезінде екі превентор орнатады, оның біреуі құбырлық плашкамен, екіншісі тұйық плашкамен жабдықталады. Құбырлық плашкалар қолданылатын бұрғылау құбырларының диаметріне сәйкес болуы керек.

 

13.4-сурет. Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы

1-көмекші пульт; 2-гидравликалық басқару станциясы; 3-ажыратылатын желоб; 4-фланецті катушка; 5-әмбебап превентор; 6-плашкалы превентор; 7-манометр; 8-қолмен басқарылатын задвижка; 9-қолмен басқарылатын реттелмелі штуцер; 10-отбойная камера; 11-сепаратор; 12-гидравликалық басқарылатын задвижка; 13-сағалық крестовина; 14-кері клапан; 15-фланец; 16-гидрожетектік дроссельді басқаратын пульт; І-дроссельдеу блогы; ІІ-газды жағу жүйесіне жіберу; ІІІ-тазарту жүйесіне жіберу; ІV-тура жіберу (прямой сброс); V-дроссельдеу желісі; VІ-ұңғы сағасы; VІІ-тойтару желісі; VІІІ-бұрғылау сораптарына жіберу; ІХ-сораптық қондырғыларға немесе тура жіберу; Х-тойтару блогы

 

Лақтыруға қарсы жабдықтың манифольды дроссельдеу және тойтару жүйелерінен тұрады, олар ЛҚЖ-ң оқпандық бөлігімен қосылады.

Тойтару желісі бұрғылау сорабымен қосылады және ұңғыға құбыраралық кеңістік арқылы ауырлатылған ерітіндіні айдау үшін қолданылады.

Лақтыруға қарсы жабдықтың манифольді 21, 35, 70 МПа жұмыстық қысымға арналған. Ысырмалары конструкциясы бойынша манифольдтер екі түрге бөлінеді: МП-сыналық ысырмалармен және МПП-тік ағынды ысырмалармен.

Превентор қондырғыларының манифольдтері төмендегідей технологиялық операцияларды іске асыруға мүмкіндік береді:

1) ұңғы ішінен газ және сұйықтарды апаттық немесе жұмысшы ысырмалар арқылы шығарып, ұңғыдағы шиеленіс жағдайларды бәсеңдету;

2) қабатқа кері қысым түсіру арқылы, бұрғылау сұйығы айналымын қалыптастыру;

3) ұңғы құбыраралық кеңістігіне бұрғы сорабы немесе цементтеу агрегаты арқылы бұрғылау ерітіндісін айдау.

Манифольдтердің ПМ2-80×320 және МП2-80×700 екі түрі шығарылады. Бұлармен ОП2Г230×320 және ОП2Г-230×500 превенторлары жинақталынады. Аталған екі манифольдтің түрі: қолмен басқарылатын және гидравликалық берілісті негізгі ысырмадан, превентор крестовигіне орналасатын реттелінгіш штуцерлерден, екпінді камерадан тұрады.

Реттелінгіш штуцер ұнғы түбіне кері қысым түсіру үшін қолданылады. Екпінді камера манифольдтен шығатын сұйық ағынын басқару қызметін атқарады.

Превентор қоңдырғылары екі түрлі гидравликалық басқару тетігімен (ГУП100 Бр-1 және ГУП100 Бр-2) жинақталынады. Гидравликалық басқару тетігі, превенторларды алыстан басқару қызметін атқарады. Алыстан басқару бір-біріне өзара теңгерілген екі пультпен (негізгі және қосалқы) іске асырылады.

Лақтыруға қарсы жабдықты басқару.

Превенторлар, ысырмалар, және дроссельдер негізгі және көмекші пульттермен ашылып жабылады. Негізгі пульт гидравликалық басқару станциясымен бірге ұңғы сағасынан 10 м кем емес арақашықтықта орналасады. Механикалық жетек плашкалы превенторларды гидравликалық жетек жұмыс істемей қалғанда жабу үшін қолданылады.

Негізгі және көмекші пульттерді жеке рамаларда монтаждайды. ЛҚЖ жетегінің жұмыс істеу принципінің жалпы көрінісі 13.5-суретте көрсетілген.

 

13.5-сурет. Гидрожетек сұлбасы

Гидрожетектің жұмыс сұйықтығы ретінде қолданылатын май бактан 13 майжинағыш 12 бойымен сораппен 18 сорылады және кері клапан 16 және сүзгі 14 арқылы гидроаккумуляторға 1 айдалады. Гидроаккумулятордағы жұмыс қысымы 10 МПа аспайды және сақтандырғыш қақпақшамен 17 шектеледі.

Гидроаккумулятордан құбыржол 2 және вентильдер 3 бойымен май плашкалы превенторларды 7 және ысырмаларды 6 басқаратын негізгі пульттің бөлгіш блогына 5 айдалады. Негізгі пульттің сол жақ бөлгішінен май көмекші пульттің цилиндріне 9 айдалады және ары қарай әмбебап превентордың камерасына барады.

Плашкалы превенторлар және ысырмаларды көмекші пульттан басқару таратқыш блокпен іске асырылады.

Өңделген май превенторлар мен ысырмалардан қабылдау багына барады, одан қайтадан сораппен 18, 15 гидроаккумуляторға беріледі.

 

13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы

Сағалық жабдық – шегендеу тізбектерін байланыстыру, бұрғылау процесі барысындағы қабат қысымдарынан ұңғы сағасын саңылаусыздандыру, күрделі жөндеу, пайдалану барысында ұңғының жұмыс тәртібін реттеу мен сағасын саңылаусыздандыру жұмыстарына арналған жабдықтар кешені. Барлық сағалық жабдықтар екіге бөлінеді: бірі – ұңғыны бұрғылауда, екіншісі – ұңғыны пайдалануда қолданылады. Ұңғыны бұрғылау процесінде сағаны байланыстыруға пайдаланылатын сағалық жабдықтар құрамына тізбек басы мен лақтырудан сақтайтын жабдық жатады. Лақтырудан сақтайтын жабдықтың негізгі түйіндері: крестовина, превенторлар, превенторүстілік катушка, ажырату жүйесі, манифольд, превенторлардың және ысырмалардың гидротетіктері, қол жетектері.

Бұрғылау процесі кезінде шегендеу тізбектерін байланыстыру қызметін атқаратын тізбек басы – фонтанды арматураны орнататын негіз ретінде де қолданылады; яғни тізбек басы ұңғыны пайдаланудың барлық кезеңінде қолданылады. Пайдаланушы сағалық жабдықтар құрамына: фонтанды арматура, фонтанды арматура манифольды; қысым ысырмасын ауыстыруға арналған аспап, ұңғыны зерттеу барысында қолданылатын лубрикатор, ысырмалар мен аудармалардың жиынтығы және сағалық жабдықты монтаждау мен байланыстыруға қажетті басқа да бөлшектер кіреді.

Тізбек басы – газ және мұнай ұңғыларының шегендеу тізбектерін байланыстыруға арналған және келесідей қызметтерді атқаруды қамтамасыз етеді: тізбекті ұстап тұру, құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандыру мен ондағы қысымды бақылау; сонымен қатар құбыраралық кеңістіктегі қысымды төмендету, онда цементті немесе басқа да тампонажды материалдарды айдау және т.б. технологиялық операцияларды жүргізу.

Тізбек басы құрылымы мыналарды қамтамасыз ету керек:

1) құбыраралық кеңістіктің саңылаусыздығы сенімділігін;

2) құбыраралық кеңістіктегі қысым бақылануын;

3) шегендеу құбырларын тез, әрі сенімді бекітілуін;

4) бір бағана басына диаметрлері әртүрлі шегендеу құбырларының (әмбебап) жалғана алуын;

5) бұрғылау аспабымен жұмыс жасау барысында шегендеу тізбегінің сағалық бөлігін тез тозудан сақтауын (ұңғы температурасы жоғары болған жағдайларда шегендеу бағаналарының тік қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз ету);

7) ұңғыны бұрғылау және ұзақ уақыт бойына пайдалану кезінде аспалар мен тығындау түйіндерінің жұмысының жоғары сенімділігін;

8) мүмкін болатын шектік биіктікті;

9) әртүрлі жүктемелердің әсерін ескере орытып, қажетті беріктікті.

Сонымен қатар, күрделі жағдайларда бұрғылау кезінде:

-егер ұңғы өнімінің құрамында коррозиялық заттар болса, тізбек басының бөлек бөлшектері коррозияға тұрақты болуы тиіс;

-солтүстікте бұрғылау үшін тізбек басы – 60ºС температура жағдайында жұмыс жасауға бейімді болуы тиіс;

-теңізде бұрғылау барысында тереңдігі 200м-ден асатын теңіз түбіне орнатуға жарамды болуы тиіс.

Қазіргі кезде отандық зауыттар тізбек басының екі түрін шығарады – КГ және ОКК. Келесі түрлері өндірісте пайдаланылуда – ООЕ және ОКМ. Тізбек басының КГ түрін – КГ-4х70 мысалында қарастырып көрелік.

КГ-4х70 тізбек басы – төрт шегендеу тізбегін өзара байланыстыру үшін, бағана аралық кеңістікті саңылаусыздандыру мен бақылау үшін, тереңдігі 4000 м және одан асатын, жұмыс қысымы 70 МПа-ға дейін болатын, ал өнім құрамында коррозиялы заттары жоқ мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау мен пайдалану кезінде жұмыс тәртібін реттеуге арналған (13.6-сурет).

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.