Сурет, ОКК1 тізбек басы
Тұғырдың цилиндрлі тесігі болады, оған пакер қондырғысының төменгі ярусы орнатылады. Тұғыр фланецінде айдау клапаны 6 бұралатын саңылау болады. Тұғырдың төменгі бөлігіндегі саңылаулар тізбек басының манифольдын 5 орнатуға арналған. Пакер қондырғысы 2 екі ярустан тұрады, олардың әрқайсысында екі металды сақина және бір Н-тәріздес резиналы тығын болады. Сыналы аспа үш сынадан тұрады, олар өзара шарнирлермен байланысқан және синхронды түрде орын ауыстыру мүмкіндігіне ие. Сақтандырғыш төлке 1 пайдалану тізбегінің жоғарғы бөлігін көтеріп-түсіру операциялары барысында орын алатын механикалық зақымданулардан сақтайды. Тізбек басын монтаждау реті.Кондукторды түсіріп, цементтегеннен кейін, оған тізбек басының тұғырын бұрайды. Саға лақтырудан сақтайтын жабдықпен, бекітілген сұлбаға сәйкес, байланады да, пайдалану тізбегі қондырылатын аралықты бұрғылау жұмысы жалғаса береді. Бұрғылау аяқталып, пайдалану тізбегі түсірілгеннен кейін, тәл жүйесіне ілінген тізбектің соңғы құбырына сыналы аспаны жинақтап, түсіреді. Өз салмағынан сыналы аспа құбыр бойымен оңай жылжып, тізбек басының тұғырындағы өз орнына отырады да, бағананы сынаға отырғызады. Пайдалану тізбегін цементтейді, кейіннен тізбек басы тұғырындағы сыртқы беті тізбек басының манифольды арқылы еркін ағысты сумен жуылады. Цементтің қатуын күту (ожидание затвердения цемента) ОЗЦ –ден кейін лақтырудан сақтайтын жабдықты алып тастап, тұғырдың жоғарғы фланецінен құбырды 120 мм биіктікте құбыркескішпен кесіп тастайды. Резиналы тығынды ЛЗ-162 майлау материалымен алдын-ала майлап, пакер қондырғысын орнатады. Осыдан кейін, фонтанды арматураның крестовинасын 7 монтаждайды. Фонтанды арматура крестовинасының фланеціндегі айдау клапаны 8 шпилкаларды тартуға дейін шешіліп тұруы қажет (тартқаннан кейін бұрап орнына орнатылады). Тізбек басын пайдалану тізбегімен бірге – тізбектің шектік мүмкін болатын ішкі қысымына сәйкес келетін қысыммен сығымдап сынайды. Кейіннен, ЛЗ-162 майлау материалымен майланған тығынды саңылаусыздыққа тексеру мақсатында тізбек басын сығымдап сынайды. Бұл үшін айдау клапанының қалпағын 8 шешіп, клапан саңылауына ысырғышты орнатады да, қалпақты тірелгенге дейін қайта бұрайды, бұл кезде ысырғыш клапан шаригін орнығу жерінен алшақтатады да, онда қуыс пайда болады. Клапан қалпағын 6 шешеді де, оның орнына НС-6х350 майлау материалын айдайтын жалғаманы бұрайды. ММ (майлау материалын) – клапаннан 8 пайда болғанға дейін айдайды. Ысырғышты клапаннан 8 шығарады да, қысымды тізбектің мүмкін болатын сыртқы қысымына дейін көтереді. Сығымдап сынауды аяқтағаннан кейін қысымды төмендетеді. Екі жағдайда да, сығымдау қысымы паспортта көрсетілген қысымнан аспауы қажет.
ОКМ тізбек басы ОКМ тізбек басы (13.10-сурет) тұғырдан 1, арнайы муфтадан 4, фонтанды арматураға арналған фланецтен 3, фланеці бар келте құбырдан 7, өту кранынан 8, бекіту винттерінен 2, резиналы тығындау сақиналарынан 5 және манжеттерден 6 тұрады. Арнайы муфтаны пайдалану тізбегінің соңғы құбырына бұрайды да, кондукторға бұралған тұғырға орнатады. Тұғыр мен арнайы муфта арасындағы кеңістік екі резиналы сақина мен өздігінен саңылаусызданатын резинаматалы манжеттің көмегімен тығындалады. Тұғырдың жоғарғы фланеціндегі алты бекіту винті – ұңғыны пайдалану барысында тізбектің температура әсерінен ұзаруы салдарынан өспенен жоғары қарай ығысуынан сақтау мақсатында арнайы муфта мен оған асылған пайдалану тізбегін бекітуге арналған. Фонтанды арматураға арналған фланец – муфтада бұранда арқылы бекіген.
13.10-сурет, ОКМ тізбек басы
Тізбек басының тұғырында екі бүйірлік саңылау бар, оның бірі тығынмен жабылса, екіншісіне кран мен бос фланецті қосатын фланеці бар келте құбырды бұрайды. Келте құбыр фланецінде манометрі бар вентиль орнатылады, ол өз кезегінде құбыраралық кеңістіктегі қысымды бақылауға арналған. Монтаждалу реті.Тізбек басының тұғыры кондуктордың жоғарғы құбырының бұрандасына бұралады. Көтеріп-түсіру операциялары барысында тұғырдың ішкі тұғырлық беткейінің механикалық зақымдалуын болдырмас үшін тұғырда сақтандырғыш төлкесі орнатылады, ол алты бекіту винттерімен бекиді. Тізбек басының тұғырына лақтырудан сақтайтын жабдық монтаждалады да, пайдалану тізбегі отырғызылатын аралық ары қарай бұрғылана береді. Пайдалану тізбегін түсіру алдында сақтандырғыш төлке құбырұстағыш арқылы шығарып алынады. Пайдалану тізбегін түсіру барысында жоба тереңдігіне 4-8 м жеткізбей түсіреді де, спайдер немесе элеваторға отырғызады. Кейіннен, соңғы құбырға, фонтанды арматураға сәйкестендіріп, фланеці жоқ арнайы муфта жалғанады. Арнайы муфта бұрандасы жоғарғы орамдарына бұралатын тексеру құбыры көмегімен муфтаны бағана басының тұғырындағы конустық бетке орнатып, бекіткіш болттарымен бекітеді. Пайдалану тізбегін цементтеп және ОЗЦ біткеннен кейін тізбек басын ұңғы сағасына, пайдалану тізбегін сығымдауға арналған қысыммен сығады. Сығымдау нәтижелері актімен рәсімделеді. Сығымдаудан кейін лақтырудан сақтайтын жабдықты алып тастайды және арнайы муфтаның жоғарғы бөлігіне фонтанды арматураға сәйкестендіріп, фланец бұралады. ОКМ типті тізбек бастарының техникалық көрсеткіштері Жабдықтардың шифры ОКМ1-140-146х219 ОКМ1-140-146х245 ОКМ1-140-168х245 Өткізетін шартты диаметрі, мм фланец тұрқы 280 бүйірдегі иінді құбырлар 65 Қысым, МПа: жұмысшы 14 бақылау 28 Өткізілетін орта Мұнай, газ, газконденсат, бұрғылау ерітіндісі, қабаттағы су Қоршаған орта температурасы өткізілетін 120 қоршаған ортаның 40
13. 5 ООК2 тізбек басыОКК2 (13.11-сурет) тізбек басының құрылымы мен монтаждау ретін қарастырамыз. Тізбек басы жоғарғы және төменгі екі бөліктен тұрады. Төменгі бөліктің негізгі бөлшектеріне тұрқы 8, бір-бірімен шарнирлі байланысқан үш сынадан тұратын сыналы аспа 7, катушка 6 кіреді. Тұрқыда екі тесік бар, оның біріне құбыраралық кеңістікті бақылайтын манифольд бұралып жалғанған, екіншісі тығынмен бекітілген. Жоғарғы бөліктің негізгі бөлшектеріне келте құбырға 5, бұралған тұрқы 4, сыналы аспа 3, аралық және пайдалану тізбектері арасындағы кеңістікті тығыздайтын пакер 2, катушка 1 жатады.
13.11-сурет, ОКК2 тізбек басы Тұрқын 8 тұрақты ток көзінде, Э-42 типті ОММ немесе СМ электродтарымен, сыртқы бетінен 12х12 өлшеммен, үздіксіз сызықпен қолдай пісіру арқылы кондукторға жалғайды. Аралық тізбек сыналы аспаға 7 ілініп, 10х10 өлшеммен екі-үш қайтара үздіксіз сызықпен катушкаға пісірілген. Пайдалану тізбегін сынаға 3 асып отырғызып, пакерді монтаждағаннан кейін катушкаға 1 пісіріп бекітеді.
14-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ МҰНАРАЛАРЫ Бұрғылау мұнарасы тәл механизмін орнатуға, КТО-сын механизациялауға және бұрғылау свечаларын орналастыруға арналған ұңғы сағасының үстінде орналасқан металл қондырғы. Бұрғылау қондырғысының жинақталу қабілеттілігі, тасымалдауға жарамдылығы және бұрғылаудың тиімділігі мен қауіпсіздігі оның техникалық жетілдірілгендігіне тығыз байланысты. Бұрғылау мұнарасының ақаулары, ауыр зардаптар болдыруы мүмкін, сондықтан сенімділік және беріктік бұрғылау мұнараларына қойылатын басты талаптар болып табылады. Бұл мүмкіндіктер монтаждық жұмыстарды тездететін және олардың тиімділігін жоғарылататын мұнарының жеңілдігімен, технологиялылығымен сай болуы керек. Қауіпсіздік ережелеріне сай мұнараның құрылымы негізге немесе іргетасқа бекітілуі сенімді кезде және кергілер болмаған кезде оның қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Мұнара құрылымында міндетті түрде – кронблоктық алаң, жоғары бөліктегі жұмыстарды жүргізуге болатын сатылары, жұмысшы алаңдары бар бұрғылау еденінен кронблокқа дейін монтаждалған баспалдақ болуы керек. Жоғарғы алаң КТО кезіндегі бұрғылау свечаларын орнататын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлкамен жабдықталады. Бұрғылау мұнараларының және олардың жеке элементтерінің геометриялық формалары ауа екпіні жүктемесін азайту мақсатында, минималды аэродинамикалық қарсылыққа ие болуы керек. Бұрғылау мұнаралары башенді және мачталы болып екі топқа бөлінеді. Башенді мұнараларды түзу (14.1, а- сурет) және иілген (14.1, б- сурет) торлармен жасайды. Башенді мұнараның аяқтары пісірілген төртқырлы фермадан (14.1, в -сурет) немесе үлкен диаметрлі (14.1, г- сурет) құбырлардан жасалған конструкциялары бар. Бұл типті мұнараларды пилонды деп атайды. Башенді мұнаралар құрылымдық сұлбасына тәуелсіз, тәл арқанының жылжымайтын және жылжымалы тармақтарының керілісінен пайда болатын бұрау моменті күшіне қарсы тұра алатын жоғары қаттылығымен сипатталады. Алайда монтаждау үрдісі болттық жалғамалардан болуына байланысты, башенді мұнараны құрастыру үлкен еңбексиымдылықты қажет етеді. Пилонды мұнаралардың аяқтарының арасында байланыс болмайтындығы, монтаждау қабілеттілігін және көпірлер жағынан оның ашық көрінісін қамтамасыз етеді. Мачталы мұнаралар (14.1, д -сурет) А-тәріздес формаға ие және аяқ секцияларының пісірілген конструкциясына байланысты жоғары монтаждық сипатқа ие. Мұнара аяқтары көлденең қимасы үшбұрыш 1 және 2, төртбұрыш 3 немесе сақина 4 түрінде болады. В өлшемі және көлденең қимасының ауданы бірдей кезде иілуге және бұралуға үлкен қарсылық көрсетуге, аяғының көлденең қимасы төрт бұрышты мұнаралар ие. Бұл 1, 2, 3 көлденең қималардың инерция моменттері өске қатысты 1:1,35 және 1:1,50 пропорциялық қатынаста өзгеруімен түсіндіріледі. Аяқтары көлденең қимасы төртбұрышты болып келетін мұнаралардың материал сиымдылығы үлкен, ал сақиналы аяқты мұнаралар үлкен диаметрлі құбырлардан жасалынады, бұл олардың салмағының ауырлауына алып келеді. Беріктік және монтаждауға ыңғайлылық алдыңғы жағы ашық, төрт (14.1, е- сурет) немесе екі (15.1, ж -сурет) тірегі бар және көлденең қимасы П формалы бұрғылау мұнараларында жақсы үйлесім тапқан. 14.1 – сурет Бұрғылау мұнараларының құрылымдық сұлбалары Бұрғылау мұнаралары құбырлардан, угольниктерден, швеллер және дөңгелек прокат металл бұйымнан жасалады. Жүктемелік элементтерге басқа профилдермен салыстырғанда жоғарғы инерция радиусына және мұнараға ауа ағыны жүктемелерін азайтатын тиімді аэродинамикалық сипаттамаға ие құбырлық профилді қолданған дұрыс. Башенді мұнара (14.2 - сурет), өзара белдеулермен 8 және иілген диагональды тартпалармен 7 байланысқан төрт көлбеу орналасқан аяқтары 6 бар төртқырлы қиық пирамида тәріздес құрылым. Қарастырылатын конструкцияда мұнарының аяқтары мен белдеулері құбырлардан, ал диагональды тартпалар – домалақ прокаттық болаттан дайындалған. Мұнараның басында тұтасымен пісірілген кронблокасты рама, таған 1 және кронблокасты алаң 2 орнатылады. Таған мұнараны жинақтауда, кронблокты ауыстыруда және басқа ауыр бөлшектерді көтерерде қолданылатын блоктармен жабдықталған. Балкондар 4 және 5 бұрғышының 36 және 27 м бұрғылау свечаларын қолмен орналастырушы екінші көмекшісінің жұмыс жасауына арналған. Әр балкон төрт алаңнан 10, жамылғы каркасынан, свечаларды орнатуға арналған шарнирлі саусақша 12 және ұңғы өсіне қатысты тәл блогының өтуіне жеткілікті қашықтықта жоғарғы бұрғышы көмекшісіне арналған люлькадан 11 тұрады. 15 м жуық биіктікте бұрғылау сораптарының манифольд сырығына, бұрғылау шлангаларына техникалық қызмет көрсетуге арналған алаңқай орналасқан. Қауіпсіздік ережелеріне сай бұрғылау мұнарасы балконының ені 750 мм кем болмауы тиіс. Балкондар едені сырғанауды болдырмауға арналған тор бетті металл төсеніші, биіктігі 1200 мм кем емес қалқан тіректері, және биіктігі 150мм еденге іргелес борты бар құрылым. Мұнара биіктігі 1000 мм кем емес қалқан түріндегі қоршаумен, ені 650мм кем емес металл баспалдақтармен және аралық алаңдарымен жабдықталған. Екі қарама-қарсы қабырғалары қажетті жабдықты кіргізуге арналған қақпаға 9 ие.
14.2 – сурет. Башенді мұнара
Мұнара аяқтары ұштары болттармен жалғанатын фланец пісірілген тіректерден тұрады. Жинақтауға және центрлеуге тиімді болу үшін тіректердің ұштарына конусты бағыттаушылар орнатылған. Аяқтардың төменгі тіректері тіректік тақташалармен және мұнараны центрлеуде қолданылатын домкраттарға арналған кронштейндермен жабдықталған. Белдеулер мен диагональдық болтты тартпалар мұнара аяғына пісірілген үшбұрыштармен 13 байланысады. Аяқ тартпалары және мұнара белдеулері құбырлардан ал диагональды тартпалар – тұтас домалақ металлдан жасалған. Биіктігі және жүккөтергіштігі бірдей пилонды мұнараның аяқ тіректері үлкен диаметрлі құбырлардан жасалады және тіректердің ұшына пісірілген болаттан құйылған фланецтермен байланысады. Пилонды мұнара аяқтарының жоғарғы бөлігі кронблокасты рамамен шарнир арқылы жалғанған. Мұнара аяқтарының бір-біріне қатысты орналасуы және мұнараның беріктігі аяқтың жоғарғы тіректерін диагональды винттік тартпалармен жалғастыратын және мұнараның төменгі бөлігінде орнатылған көлденең винттік тартпалармен қамтамасыз етіледі. Бұл мұнараның табанының тіреулері іргетастың арнайы тірегіне бекітілетін тұтқалы конус түрінде жасалған. Башенді мұнаралар арнайы мұнаралы көтергіштер арқылы жоғарыдан төмен қарай монтаждалады. Мачталы А-түріндегі мұнара (14.3 - сурет) негізгі жүктемені көтеретін екі аяқтан, мұнараны жұмыс жасап тұрған қалпында ұстайтын тіректен 5 тұрады. Мұнараның биіктігіне байланысты әр аяқ 2 құбыр не профильді прокатты немесе цилиндрлік. Секциялар фланецті байланыстар арқылы жалғанған. Жинақтауды тездету үшін фланецті байланыстың орнына жартылай қамытты байланыс қолданады. Жоғарғы секциялардың тағандар және кронблокты жөндеу мен қызмет көрсетуге арналған алаң 1 орналасатын кронблокасты рамамен байланыстырып бекітуге арналған тесіктері бар.
14.3 – сурет, Мачталы А түріндегі мұнара Мұнараның көтеру сұлбасына және конструкциясына байланысты тіректер көлбеу тіректер 5 бұрғылау қондырғысының жұмыс алаңы жағынан немесе оған қарама қарсы жақта орналасады және мұнара аяқтарымен құлақша тесіктер арқылы байланысады. Мұнара аяғы 4 ротор өсіне қатысты мұнараны центрлеу үшін негізбен шарнирлі байланысады. Бұрғышының екінші көмекшісіне арналған балкон 3 мен свечаларға арналған магазин мұнара аяғына кронштейнмен бекітіледі. Бұрғылау сораптары манифольд сырықтары мұнара аяғының ішкі бетінде орналасады. Бұрғылау шлангаларына қызмет көрсету, ауыстыру жұмыстарын жүргізіуге арналған мұнара аяғының ішкі бетіне орналасқан кішігірім алаң бар. Мұнараның бір аяғының қабырғаларына орналасқан, балконға дейін баратын марштық баспалдақтар бар. А – түріндегі және басқа да мачталы мұнараларды көлденең қалпында, мұнараны және оны монтаждауға қажетті жабдықтарды орналастыруға жеткілікті арнайы дайындалған алаңда жинайды. Мұнараны тік қалыпқа сырықтың және бір ұшы шығырдың барабанына немесе көтеруші-тракторға бекітілген арқанмен жабдықталған блоктардың көмегімен көтереді. Әмбебап монтаждалатын бұрғылау қондырғылары мұнараларын көтеру үшін, арнайы көтеру механизмі қолданылады. Бұрғылау свечаларын ұңғыдан көтеру кезінде, оларды төменгі ұшымен подсвечникке орнатады. Свечаның жоғарғы бөлігін магазиндегі саусақшалар арасына кіргізіп тірейді. Саусақшаларды қабырғасы қалың құбырлардан жасайды, олардың басы тәл блогының кездейсоқ соққылары кезінде жантайады, сондықтан сынып кетпейтін шарнирлі етіп жасалған. ОАО «Уралмашзавод» мачталы бұрғылау мұнараларының келесі түрлерін жасайды: А түріндегі (ВМ), П түріндегі (ВМП) және төрттіректі (ВУ). А түріндегі мұнаралар (14.4 – сурет) 3200/200 және 5000/320 типті бұрғылау қондырғыларында, П түріндегі мұнаралар 5000/320 типті бұрғылау қондырғыларында қолданылады.
14.4 – сурет, Мачталы бұрғылау мұнаралары а – А-типті; б – П-типті; Төрт тіректі мачталы мұнаралар (14.5 – сурет) 6500/400 және 8000/500 сыныбындағы бұрғылау қондырғыларында қолданылады. Бұл мұнаралар башенды мұнаралардың беріктігі мен мачталылардың монтаждық сипаттамаларын сақтаған. Мұнараны көтеру ерекше сұлба арқылы, көтеруге арналған қондырғы ретінде бұрғылау алаңын қолданумен жүзеге асады. Бұл мұнаралар бір мезгілде екі свечалар кешенін орнатып қолдануға мүмкіндік береді: бір жағынан КТО механизацияланған, екінші жағынан қолдай. Мұнараларды көтеру жатқызу арнаулы қондырғының көмегімен бұрғылау шығыры арқылы орындалады.
14.5 - сурет. Төрт тіректі мачталы бұрғылау мұнарасы Бір аяғының ішкі қуысына тоннель түрінде кронблокасты алаңына дейін баратын, екінші аяғының ішкі қуысына өтпелі алаңдар арқылы бұрғышы көмекшісі балконына баратын баспалдақтар орналастырылған. 14.1 және 14.2 - кестелерінде ОАО «Уралмашзавод» мұнараларының негізгі параметрлері, 14.6 - суретте және 14.3 - кестеде ВЗБТ бұрғылау мұнаралары сұлбалары мен параметрлері келтірілген.
14.1 - кесте, Мачталы мұнаралардың техникалық сипаттамалары
14.2-кесте, Төрттіректі мачталы мұнаралардың техникалық сипаттамалары
14.3 - кесте, ВЗБТ мұнараларының техникалық сипаттамалары
14.6-сурет, ВЗБТ бұрғылау мұнаралары а – Б4.01.00.000; б – Сб.01/2500ЭУ; в – Б1, Б11, Б12
Мұнараларды көтеру және түсіру арнайы қондырғылар көмегімен бұрғылау шығыры арқылы жүзеге асады. 14.1 Бұрғылау қондырғыларының негізі. Бұрғылау қондырғыларының негізі бұрғылау кешенін монтаждауға және оны бір бұрғылау нүктесінен екінші бұрғылау нүктесіне тасымалдауға арналған. Бұрғылау кешенін монтаждау және арнайы негіздерде тасымалдау бұрғылаудың құрылысын және жабдықтаудың уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Олар монатждау мен тасымалдауға байланысты ірі блокты және әмбебап негіздер деп бөледі. Соңғылары бұрғылау кешендерін ірі және ұсақ блоктармен, және де жеке агрегаттармен тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұрғылау қондырғыларының негізі, бұл пісірілген жеке блоктардан тұратын, бір біріне бұрандалармен түйістіріліп жалғанатын, тартпалардан және басқа да тез ажыратылатын қосылыстардан тұратын биіктігі 3-тен 8,5 метрге дейінгі металды құрылыс. Бұрғылау қондырғыларының негіздері мұнаралық, шығырлық және энергетикалық блоктардан, ерітінді дайындайтын және подсвечниктерді орналастыратын блоктардан тұрады. Мұнаралық және шығырлық блоктардың монтаж-демонтаж жұмыстарын тездету мақсатында екеуі бір мұнаралы-шығырлық блокка жинақталады және екі ярусты құрылысты құрайды (14.7-сурет). Төменгі ярус негізгі тік 6 және көлденең 2 балкалардан тұрады. Жерге тірелетін көлденең 2 балкаларға кронштейндер пісірілген, кронштейдер діңгекті мұнараға және мұнараны тік қалыпта ұстап тұратын тіреулерге 3 тірек ретінде қызмет етеді. Төменгі яруста шығыр, ротор жетегі, тәл арқанын бекіту механизмі және т.б. орналасқан. Балкаларға 2 жоғарғы ярустың тасымалдық тізбектері жалғанған. Жоғарғы ярустың жұмыстық алаңында 4 подсвечниктер, ротор, қосымша шығыр, АКБ кілті және бұрғышы пульті орналастырылған. Жұмыстық алаңның рамасы пісірілген құрылымды, подсвечник орнату үшін екі тік балкадан және екі роторасты балкалардан тұрады. Мұнаралы-шығырлық блоктың балкалары 6 энергетикалық блоктың балкаларымен 8 тартпалардың көмегімен 7 түйістіріледі, ол тура осындай әдіспен сораптық блокпен 11 жалғанады. Екі блок та жерге тірелетін тіреулерде 10 орнатылған. Энергетикалық блокта 8 күштік агрегаттар және бұрғылау қондырғысы жетегінің редукторлары орналасқан. Бір сорапты-энергетикалық блоктан тұратын негіздердің конструкциялары белгілі. Блоктардың тасымалдық балкаларына пісірілген кронштейдер 9 арбаларға тірек ретінде қызмет етеді. бұрғылау қондырғысының негізінде бұрғылау және шегендеу құбырлары үшін сөрелері бар көпірлер 1 орнатылған. Циркуляциялық жүйенің жабдықтары, дизель-электрлік агрегат, майлау және отын үшін бактар, компрессор станциясы және ауажинағыштар, электр таратқыш қондырғылар және тағы басқа қондырғылар өңделген құбырлардан пісіріліп жасалған металл негіздерге орнатылған. Барлық коммуникациялар монтаж бен демонтажды жеңілдететін тез ажыратылатын қосылыстардан тұрады. 14.7-сурет, Бұрғылау қондырғылары негіздері
14.4-кесте, Негіздердің техникалық сипаттамалары
15-ТАРАУ ҰҢҒЫНЫ ЦЕМЕНТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР Цементтеу деп ұңғы оқпаны мен шегендеу құбыры аралығын тыныштық жағдайда қоюланып, қатты күйге айнала алатын қоймалжың материалдар супензиясымен толтыру процесін атаймыз. Бір сатылы және екі сатылы цементтеу болады. Сатылап цементтеудің негізі (1905 ж. А.А. Богушевский ұсынған) шегендеу тізбегіне сырты манжеттермен жабдықталған және ортасында диаметрі есептеулі тесігі бар ағаш немесе пластмассадан дайындалған арнайы тығын салынады. Шегендеу тізбегіне салған шақта тығын тесігі үстінен шынымен жабылады. Тығынды шегендеу тізбегіне орналастырып, көлемі сақиналы кеңістікті цементтеу үшін қажетті мөлшерде ертінді айдап, тізбекке келесі тесіксіз тығынды орнатады. Оны жуу сұйықтығын айдау арқылы төмен қарай басады. Төменгі тығын тіреу сақинасына дейін жетіп, сол жерде тоқтап, цементті ертіндінің қысымы әсерінен шыны сынады. Цемент жоғарғы тығынның қысымы салдарынан төменгі тығыннның тесігі арқылы құбыр сыртына қарай сығылады. Бұрғылау ерітіндісін айдау кезіндегі қысым головкадағы манометрмен бақыланады. Шыны сынғаннан кейін тізбектегі қысым тез төмендейді, өйткені цементтік ерітіндінің меншікті салмағы айдалатын ерітіндіден жоғары. Ертіндіні айдау кезінде қысым бір деңгейге дейін атмосфералық қысымнан төмен болуы мүмкін, одан кейін өсіп, жоғарғы тығын төменгі тығынға тірелгенде жоғары мәнге жетеді. Осы сәт цементтеу процесінің аяқталғаны туралы белгі береді. Цементтеу головкасындағы ысырмаларды цементтік ерітіндінің қатуына дейін жауып қояды. Қалыпты жағдайда жуушы сұйықтықтың меншікті салмағы цементтік ерітіндіден 0,5 ¸ 0,6 г/см3 кем болады, сондықтан құбыр сыртындағы кеңістікте араласу қатты байқалмайды. ©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|