Здавалка
Главная | Обратная связь

The doplerometry is a research of a blood-groove in system a mother-placenta-fruit.



№ 6 сабақ

1. Тақырыбы: Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапия принциптері.

2. Мақсаты: жүктілердің ерте токсикозы мен гипертензиясының клиникалық көріністерін студенттің білімін негізге ала отырып, оларға диагноз қоюды, ауырлық дәрежесін анықтауды, ауырлық дәрежесіне сәйкес терапия тағайындауды, жүктіліктің үзуге көрсеткіштерін анықтауды үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

●Ерте токсикоздардың жиі кездесетін формаларын диагностикалаудағы, емдік шараларын жүргізудегі білімін қалыптастыру.

●Қазіргі талаптарға сай жүктілердегі гипертензияның терапиясындағы негізгі принциптерімен таныстыру.

●Эклампсия ұстамасы кезіндегі алғашқы көмекті көрсетуді студентке үйрету. ●Эклампсия ұстамасы кезіндегі шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге жүргізу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

● «жүктілік токсикозы» түсінігін анықтау

● Жүктіліктің ерте токсикоздары. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көріністері және диагностикасы. Емі.

●сырқаттың ауыру дәрежесіне сәйкес емінің негізгі принциптері.

●Жүктілікті үзудегі негізгі көрсеткіштер.

●Жүктілердегі гипертензияның этиологиясы және патогенезі

●Аурудың халықаралық классификациясы. (АХК) ДДҰ 10 қайта қарауы

●Жүктілікпен шақырылатын гипертензия критерилері.

●Жүктілердегі гипертензияның клиникасы, диагностикасы және емі.

●HELLP-синдромы.

5. Оқу және оқыту әдістері:

● бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы білім деңгейін бақылау тестілері) ●Оқытушымен бірігіп жұмыс жасау. Теориялық материалдарды сызбалар мен көрнекі материалдарды пайдалана отырып талқылау.

● Кіші топтармен жұмыс жасау (2-3 студенттен): жағдайлық есептерді шешу

●Оқытушымен жұмыс жасау: түсініксіз сұрақтарды шешу

●Қорытынды білім деңгейін бақылау (қорытынды білім деңгейі тесті). Аралық бақылау (тестілеу)

 

6. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі :

1. Акушерство: оқулық + СД / ред. Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:

3. Клиникалық ұсыным. Акушерство и гинекология. 2 басылым. ред. В.И.Кулаков. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- 79-89 беттер.

Қосымша :

1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.

7. Бақылау : (сұрақтар, тестілер, жағдайлық есептер)

Сұрақтар.

1.Ерте токсикоздың формаларын тізіп беріңіз

2. Ерте токсикоздың өте жиі кездесетін формаларын атаңыз

3. Жүктілердегі құсықтың емінің негізгі принциптері

4. Шамадан тыс құсықты қанша уақыт емдейді?

5. Жүктілікпен шақырылатын ісінулерді диагностикалауда қандай әдістер қолданылады?

6. Жүктілердегі гипертензияның қандай клиникалық көріністері бар?

7. Жүктілірдің гипертензиясын емдеуде негізгі принцип қандай?

 

СӨОЖ

Тақырып № 6

1. Тақырыбы: Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапия принциптері.

2.Мақсаты: жүктілердің ерте токсикозы мен гипертензиясының клиникалық көріністерін студенттің білімін негізге ала отырып, оларға диагноз қоюды, ауырлық дәрежесін анықтауды, ауырлық дәрежесіне сәйкес терапия тағайындауды, жүктіліктің үзуге көрсеткіштерін анықтауды үйрету.

3. Оқыту міндеттері:

●Анамнезді меңгеруге, объективті тексеруе, лабораторлы мәліметтерге сүйене отырып жүктілердегі ерте токсикоздар мен гипертензияларды диагностикалауды үйрету.

● Преэклампсияның ауыр түрінде және эклампсия ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге орындау.

4. жүргізу түрі: кіші топтарда жұмыс жасау

● Ерте токсикозы немесе гипертензиясы бар жүктілерге курация жасау.

● Студенттер өзіндік жұмысы кезінде алған анамнез мәліметтерін, объективті тексеру кезіндегі қорытындыларын мәлімдейді,оқытушы айтқан қосымша тексеру әдістерінің қорытындыларын түсіндіру.

● Преэклампсияның ауыр түрінде және эклампсия ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету әдістемесін студенпен бірге орындап бітіру.

●Талқылау.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

● Анамнез, объективті тексерулерге сүйене отырып жүктілік мерзімін, ерте токсикоз \\формасын және оның ауыру дәрежесін анықтау.

●Қарап тексеру жоспарын құрыңыз, қосымша тексеру әдістеріне баға беріңіз.

●Анамнезге, объективті әдістерге, лабораторлы анализдер қорытындысына сүйене отырып қорытынды диагноз қойыңыз және емін тағайындаңыз.

6.Таратылатын материал:

1.Лабораторлы тексерулер қорытындысы, тағайындау парағы.

2. Босану тарихы

 

Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі :

1. Акушерство: оқулық + СД / ред. Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:

3. Клиникалық ұсыным. Акушерство и гинекология. 2 басылым. ред. В.И.Кулаков. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

4.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- 79-89 беттер.

Қосымша :

1.Г.М. Савельева.- Акушерство.-Москва.- М, 2000.

2. Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерство и гинекология. ГЭОТАР. - М, 1997.

7. Бақылау : (сұрақтар, жағдайлық есептер)

 

№3 – БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№ 6сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

 

Бастапқы білім деңгейі бойынша тест

 

1. Жүктіліктің ерте токсикозына жүктілік барысында және оның аяқталуынан кейінгі 42 күн аралығында байқалатын патологиялық жағдай жатады

Иә

Жоқ

2. Жүктілікке байланысты құсудың жеңіл түрі – дене салмағының қалыптыдан 2% төмендеуімен жүретін күніне 1 – 2 рет құсу.

Иә

Жоқ

3. Ерте токсикоздың жиі кездесетін түріне құсу және птиализм жатады

Иә

Жоқ

4. Сілекей ағу жоғары сөлдену және тәулігіне 1 л сұйықтықтың жоғалуымен сипатталады

Иә

Жоқ

5. Гестационды гипертензия – бұл жүктіліктің 20 апталығына дейін анықталған гипертензия

Иә

Жоқ

6. Эклампсия – бұл эпилепсия немесе басқа да белгілі бір патологиямен байланыссыз, жүктілік кезінде кең таралған ұстамалар

Иә

Жоқ

7. Магний сульфаты гипотензивті, седативті, зәр айдағыш және тыныштандырғыш әсер көрсетеді

Иә

Жоқ

8. НЕLLP синдромы – бұл гемолиз, бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы, тромбоцитопения

Иә

Жоқ

9. Жүктілікке байланысты гипертензияның патогенезінде негізгі түйін айқын вазоконстрикция және гиповолемия болып табылады

Иә

Жоқ

10. Жүктілігі қалыпты әйелдердің 50 – 80% айқын ісінулер байқалады

Иә

Жоқ

 

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№6 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

 

Бастапқы білім деңгейі бойынша тест жуаптары

 

1. Жоқ

2. Жоқ

3. Иә

4. Иә

5. Жоқ

6. Иә

7. Жоқ

8. Иә

9. Иә

10. Жоқ

 

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№6сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

 

Қорытынды білім деңгейі бойынша тест

 

1. Жүкті әйелдердің құсуының ауыр деңгейі сипатталады:

А) тәулігіне 1 – 2 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 2% төмендеуі

Б) тәулігіне 4 – 5 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 5% төмендеуі

В) тәулігіне 10 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 6% төмендеуі

Г) тәулігіне 15 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 7% төмендеуі

Д) тәулігіне 20 рет құсу, дене салмағының қалыптыдан 10% төмендеуі

2. Ерте токсикоздың сирек кездесетін формаларын көрсетіңіз:

А) құсу, сілекей ағу, дерматоз, остеомаляция

Б) сілекей ағу, дерматоз, остеомаляция, тетания

В) дерматоз, остеомаляция, тетания, преэклампсия

Г) дерматоз, остеомаляция, тетания, бауырдың жедел сарғыш атрофиясы

Д) құсу, дерматоз, остеомаляция, тетания, бауырдың жедел сарғыш атрофиясы

3. Жүктемелі доза – магний сульфатының алғашқы дозасы:

А) 20 мл 20% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 15 – 30 мин ішінде

Б) 5 мл 20% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

В) 10 мл 25% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

Г) 20 мл 25% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

Д) 10 мл 15% MgSO4 ерітіндісі, көктамыр ішіне баяу, 10 – 15 мин ішінде

4. Магний сульфатын дозалауда антидот болып табылады:

А) В12 витаминдері

Б) аскорбин қышқылы

В) кальций хлориді

Г) натрий сульфациді

Д) дексаметазон

5. Гипермагниемия белгілерін көрсетіңіз:

А) ТҚЖ жиілеуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипертензия, гипотермия, брадикардия

Б) ТҚЖ сиреуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипотензия, гипотермия, брадикардия

В) ТҚЖ сиреуі, рефлекстердің әлсіреуі, гипотензия, гипертермия, тахикардия

Г) ТҚЖ сиреуі, гипотензия, гипотермия, брадикардия, гиперсаливация

Д) рефлекстердің әлсіреуі, гипертензия, гипотермия, брадикардия

6. 8 – 9 апталық жүктіліктегі әйел лоқсуға, тәулігіне 20 ретке дейін құсуға, жалпы әлсіздікке, 3 кг дейін салмақ жоғалтуға шағымданды. Қарап тексеруде жағдайы ауыр, тері жабындыларының сарғыштануы, тамыр соғуы мин. 110 рет, АҚ 90/60 мм., диурез төмендеген, зәр анализінде ацетон ++++. Болжамалы диагноз:

А) жедел гастрит

Б) жедел холецистит

В) вирусты гепатит

Г) ерте токсикоз, жүктілердің құсуы орташа деңгейдегі

Д) ерте токсикоз, жүктілердің ауыр деңгейдегі құсуы

7. Перзентханаға 35 апталық мерзімдегі жүкті әйел келіп түсті, туыстарының айтуынша үйінде ұстамалар болған. Жағдайы ауыр, есі тоқтаған, жайылмалы ісінулер байқалады, АҚ 170/110 мм. Нәрестенің жүрек соғуы ырғақты, мин. 140 рет. Болжамалы диагноз:

А) 35 – апталық жүктілік. Эпилепсия

Б) 35 – апталық жүктілік. Жеңіл түрдегі преэклампсия

В) 35 – апталық жүктілік. Ауыр түрдегі преэклампсия

Г) 35 – апталық жүктілік. Эклампсия

8. Перзентханаға 36 – 37 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйел келіп түсті. Шағымдары: ісіну және диурездін төмендеуі. Анамнезінде – созылмалы пиелонефрит. Қарап тексергенде айқын ісінулер, АҚ 170/110 мм. Жатыр 33 – 34 апталыққа сәйкес, ұрықтың қалпы – ұзынша, нәрестенің жүрек соғуы айқын, ырғақты, мин. 140 рет, қынаптық тексеруде жатыр мойны «жетілмеген». Болжамалы диагноз:

А) 36 – 37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит

Б) 36 – 37 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Нәресте бойының өсуінің кешеуілдеуі. Созылмалы пиелонефрит

В) 33 – 34 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.

Г) 36 – 37 апталық жүктілік. Ауыр дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.

Д) 33 – 34 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Созылмалы пиелонефрит.

9. Перзентханаға 36 – 37 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйел келіп түсті. Шағымдары: ісінулер және диурездің төмендеуі. Диагноз қойылды: 36 – 37 аптадағы жүктілік. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Жатыр 36 – 37 апталыққа сәйкес, нәресте қалпы – ұзынша, нәрестенің жүрек соғуы айқын, ырғақты, мин. 140 рет, қынаптық тексеруде жатыр мойны «жетілген». Дәрігердің әрекеті:

А) реттелген толғақ басталғанға дейін кешенді терапия жүргізу

Б) босанудың табиғи босану жолдары арқылы индукциясы

В) емді 40 аптаға дейін жүргізу, одан соң амниотомия және босануды күшейту

Г) кесар тілігі

Д) босанудың табиғи босану жолдары арқылы индукциясы, акушерлік қысқыштар арқылы келеңсіз кезеңдерді болдырмау

10. 8 – 9 апталық жүктіліктегі әйелге жүктілердің ауыр деңгейдегі құсу диагнозы қойылды. 2 күннен кейін интенсивті ем қолданылды, құсу 22 ретке дейін сақталды, құрғау симптомдары күшейді. Дәрігердің ендігі әрекеті қандай?

А) кешенді емді жалғастыру

Б) жүктілікті үзу

В) емді 2 күнге дейін жүргізу, нәтиже байқалмаса – жүктілікті үзу

Г) жүктілікті 34 аптаға дейін созу

Д) жүктілікті жетілгенге дейін созу

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№ 6 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікке байланысты гипертензиялар. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі күттірмейтін көмек.

 

Қорытынды білімді бағалау тестінің жауаптары

 

1. Д

2. Г

3. Г

4. В

5. Б

6. Д

7. Г

8. Г

9. Б

10. Б

 

№6 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензия. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапияның принциптері.

 

жағдайлық есептер

1есеп

Перзентхананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен бірінші жүктілікпен әйел алып келді. Жүктілік мерзімі 36 апта. Күн ұзағына созылған және соңғы сағатында күшейген бас ауруы, жүрек айнуының пайда болғаны, көз аддында кішкенде шыбындардың көрінуі байқалған. Объективті қарауда бетінің, қолының, аяғының ісінуі байқалуда, АҚ 160/100 мм.с.б. Диагнозын қойыңыз. Дәрігердің тактикасы қандай?

2-есеп

Перзентхананың қабылдау бөліміне мерзіміне жеткен бірінші босанушыда есінің тануымен келетін ұстамасы болды. Диагнозын қойыңыз. Дәрігердің тактикасы қандай?

7 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гиперензия. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапияның принциптері.

 

Жағдайлық есептердің эталондары:

1-есеп.

Диагнозы: 36 апталық жүктілік. Преэклампсияның ауыр түрі.

Тактикасы: Наркоз,

Орталық венаны катетрлеу, анестезиологтармен бірігіп емдік-қорғаныштық кешенді терапияны

магнезиялы терапияны қолдану арқылы жүргізу(гиповолемиядан , созылмалы ДВС-синдромынан арылту, су-электролит, белок, көмір

су алмасуын, жатыр-плацентарлық қан ағуын қалпына келтіру, т.б.),

әрі қарай жедел босандыру қажет.

2-есеп

Диагнозы: Мерзіміне жеткен жүктілік. Эклампсия.

Тактикасы: Наркозды, тілді ұстап тұрушы және ауызды ашық түрде ұстайтын заттарды енгізу,

жедел түрде операционды блогқа ауыстыру, интубация, орталық венаны катетрлеу, магнезиялы терапия

көмегімен жедел босандыру.

Глоссарий

№6 сабақ. Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гиперензия. Преэклампсия және эклампсия кезіндегі шұғыл терапияның принциптері.

орысша қазақша ағылшнша
Гипертензия артериальная диастолическая артериалық диастолалық гипертензия diastolic hypertension
Артериальная симптоматическая гипертензия артериалық симтоматикалық гипертензия systjlic hypertension
Артериальная транзиторная гипертензия артериалық өткінші гипертензия transitory hypertension
Гемодинамическая гипертензия гемодинамикалық гипертензия hemodynamic hypertension
Легочная гипертензия Өкпелік гипертензия pulmonary hypertension
Среднее артериальное давление орташа артериалық қысым mean hypertension
Нормоволемия қан мөлшерінің қалыптылығы normovolemia
Магнезиальная терапия магнезиалдық ем magnesium terapia
Внутрисосудистый тамырішілік vascular
Сосудорасширяющий тамыр кеңейтетін vasodilating
Сосудистый спазм тамырдың түйілуі vascular spasm
Сосудосуживающий тамыртарылтқыш vasoconstrictor
Поддерживающая доза демеуші өлшем supporting dosa
Ранний токсикоз беременности жүктіліктің ерте токсикозы early gestosis
Тяжелая преэклампсия ауыр преэклампсия severe preeclampsia
Приступ эклампсии эклампсияның талмасы аttack eclampsia
Агрегация тромбоцитов тромбоциттердің бірігуі thrombocyte aggregation
Протеинурия протеинурия proteinuria

 

№7 сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету.

2. Мақсаты: Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің диагностикасы және дәрігердің әрекеті туралы оқу – білуді қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

● бала жолдасының жатуының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы туралы білімді қалыптастыру;

● қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын сылынуының этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы туралы білімді қалыптастыру;

● қан кетудегі қауіп – қатер тобын құруды үйрену;

● жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кетуді диагностикалауды үйрену;

● бала жолдасының жатуы және қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен бұрын сылынуының дифференциальды диагностикасын жүргізуді үйрену;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

● Бала жолдасының жатуы. Жіктелуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Емі.

● Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуі. Этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы. Емі.

● Плацентаның жатуы мен қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің арасындағы дифференциальды диагностика.

● Қан кету кезіндегі жүкті әйелдерді тексерудің жалпы принциптері.

5. Оқытуды жүргізудің тәсілдері:

● Бастапқы білім деңгейін анықтау (бастапқы білім деңгейін анықтау тесті)

● Оқытушымен жұмыс. Теориялық материалды кесте, көрнекілік құралдарын пайдалану арқылы талқылау.

● Аз топтар бойынша (2 – 3 студент) жұмыс жасау: ситуациялық тапсырмаларды шешу.

● Оқытушымен жұмыс жасау: түсініксіз сұрақтарды талқылау.

● Игерілген білімді қорытынды бақылау (қорытынды білім денгейін бағалау тесті).

● Рубеждік бақылау (тестілеу)

● Оқытушы студенттерді сипаттама материалымен таныстырады:

-плацентаның толық, толық емес жатуы;

-қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі;

-Кювелер жатыры;

● Игерілген білімді қорытынды бақылау (сұрақтар, тестер, ситуациялық тапсырмалар).

6. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерия: оқулық + СД / Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерия - М.,2002.

Қосымша:

1. Клиникалық нұсқаулар. Акушерия және гинекология. 2 шығ., В.И.Кулаков ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

● Л.А. Лысак. Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі. Феникс, 2004.-С 79-89.

Қосымша:

● Г.М. Савельева.- Акушерия.-Москва.- М, 2000.

● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерия және гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.

7. Бақылау (сұрақтар, тестер, тапсырмалар)

Сұрақтар.

1. Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің негізгі себептерін атаныз.

2. Плацентаның жатуына анықтама берініз.

3. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіне анықтама берініз.

4. Плацентаның жатуының клиникалық белгілерін атап өтіңіз.

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің клиникалық белгілерін атап өтіңіз.

6. Плацентаның жатуының емдік әрекеттерін атап өтіңіз.

7. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі емдік әрекеттерді атап өтіңіз.

 

СОӨЖ

№7 сабақ.

1. Сабақтың тақырыбы: Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету.

2. Мақсаты:

● Дұрыс жиналған анамнез негізінде, жүктіліктін екінші жартысындағы акушерлік қан кетуді диагностикалау және күттірмейтін ем көрсетуді үйрену.

3. Оқытудын міндеттері:

● Акушерлік қан кетудің мүмкіндігін болжау мақсатында, жүкті және босанушылардың тарихын талдауды үйрену;

● Клиника және лаборатория қорытындылары бойынша қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің диагнозын қоюды үйрену;

● Студентке жыныс жолдарынан қан кетуде күттірмейтін көмек көрсетуді үйрету.

4. Жүргізу тәсілі:

Аз топтар бойынша жұмыс жасау

● Плацентанын жатуы бар жүктілердің курациясы. Студенттер өздері жинаған анамнез нәтижелерін, объективті тексеру нәтижелерін баяндайды, оқытушы айтқан қосымша зерттеу материалдарын түсіндіріп береді.

● Егер, босану үйінде жоғарыда аталған патологиялары бар әйелдер болмаса, студенттер көшірмені диагнозы және босануды жүргізу жоспары негізделген босану тарихынан алады.

● Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудегі дәрігер әрекетін талқылау.

Оқытушы студенттерді сипаттама материалымен таныстырады:

-плацентаның толық, толық емес жатуы;

-қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі;

-Кювелер жатыры;

 

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. Анамнездік және объективтік мәліметтер бойынша жүктіліктің мерзімін анықтау.

2. Жалпы жағдайын, гемодинамикалық көрсеткіштерін, қан жоғалтуды бағалау. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі қан жоғалтудың ішкі, сыртқы – ішкі, сыртқы болатындығын негізге ала отырып, жалпы жағдай және гемодинамикалық көрсеткіштерді қан жоғалтумен салыстыру.

3. Клиникалық көрінісін (қан кетудің сипатын, ауру сезімінің қатысуын, жатырдың жағдайын, жатуын, нәрестенің жүрек соғуын) анамнездік, соматикалық нәтижелермен және жүктіліктің ағымының ерекшеліктерімен салыстыру.

4. Босану үйінде емдік әрекетті анықтау (консервативті, оперативті ем).

6. Үлестірме материал

1.Лабораториялық тексерудің нәтижелері, тағайындау парағы.

2. Босану тарихы.

 

6. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерия: оқулық + СД / Г.М.Савельева, В.Г.Бреусенко ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерия - М.,2002.

қосымша:

1. Клиникалық ұсынылымдар. Акушерия және гинекология. 2 шығ., В.И.Кулаков ред. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

● Л.А. Лысак. Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі. Феникс, 2004.-С 79-89.

 

Қосымша:

● Г.М. Савельева.- Акушерия.-Москва.- М, 2000.

● Г.М. Савельева, Л.Г. Сиченава.- Акушерия және гинекология. ГЭОТАР.-М, 1997.

 

7. Бақылау (тестер, тапсырмалар)

 

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№7 сабақ. Жүктіліктін екінші жартысындағы акушерлік қан кету

 

Бастапқы білім тестері

1. Плацентаның жатуы – плацентаның жатырдың төменгі сегментіне бекініп орналасу аномалиясы

Иә

Жоқ

2. Плацентаның жатуының негізгі белгісіне қан кету жатады

Иә

Жоқ

3. Плацентаның жатуында қынаптық тексеру перзентхананың қабылдау бөлімінде жүргізіледі

Иә

Жоқ

4. Плацентаның жатуында қан кету сыртқы, аурумен өтетін, жиі тыныштық кезінде болады

Иә

Жоқ

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі – плацентаның жүктілік барысында немесе босанудың І және ІІ кезенінде бөлініп ажырауы

Иә

Жоқ

6. Плацентаны\ң жатуының толық және толық емес түрлерін ажыратады

Иә

Жоқ

7. Плацентаның жатуының диагностикасында ен көп мәлімет беретін – УДЗ болып табылады

Иә

Жоқ

8. Плацентаның толық жатуында босануға рұқсат беретін негізгі тәсіл – кесар тілігі

Иә

Жоқ

9. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуі көбіне жүктілікке байланысты гипертензияда кездеседі

Иә

Жоқ

10. Қалыпты жағдайда плацента жатыр денесінің аймағына бекиді, және онын төменгі жиегі ішкі ернеуіне жетпейді

Иә

Жоқ

 

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№ 7сабақ. Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету

 

Бастапқы білім денгейің анықтау тестінін жауаптары

 

1. Иә

2. Иә

3. Жоқ

4. Жоқ

5. Иә

6. Иә

7. Иә

8. Иә

9. Иә

10. Жоқ

 

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№7сабақ. Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету

 

Қорытынды білім тесттері

 

1. Жүктіліктің екінші жартысындағы қан кетудің ең жиі кездесетін себебі:

А) басталған түсік

Б) жатырдың жыртылуы

В) плацентаның жатуы

Г) көпіршікті тығын

Д) мойындық жүктілік

2. Плацентаның жатуынын себептері:

А) артериялық гипертензия

Б) жүктіліктің жасанды үзілуі

В) іштің механикалық жарақаты

Г) аллергиялық реакция

Д) аутоиммундық аурулар

3. Босанудың І кезенінде қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуінің себебі:

А) көп су кету кезінде босану ырғағының әлсіреуі

Б) жатырдың окситоцинмен гиперстимуляциясында босану ырғағының дискоордиациясы

В) босану ырғағының әлсіреуі, ұрық көпіршігінің кеш жарылуы

Г) аз су кету кезіндегі босану ырғағының дискордиациясы

Д) жатырдың окситоцинмен гиперстимуляциясындағы қағанақ суының мезгілсіз кетуі

4. Плацентаның жатуындағы қан кетудің ерекшеліктері:

А) бір рет, ауыртпалы түрде өтеді, жүктілердін анемизациясына әкеледі

Б) физикалық жүктемеден сон болады, әрдайым сыртқы, ауыртпайды, қайталанып өтеді

В) тыныштық кезінде болады, ауыртпайды, әрдайым ішкі, жүктілердің анемизациясына әкеледі

Г) әрдайым сыртқы, тынштық кезінде болады, ауыртпайды, қайталанбалы, жүктілердің анемизациясына әкеледі

Д) тыныштық кезінде өтеді, ауыртады, қайталанбалы, әрдайым сыртқы

5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі қан кетудің ерекшеліктері

А) әрдайым ішкі, ауыртпайды, қайталанбалы

Б) әрдайым ішкі, ауыртады, тыныштық кезінде болады

В) аралас, гипертензиялық жағдайға байланысты ауыртпалы

Г) аралас, ауыртпайды, тыныштық кезінде болады

Д) аралас, ауыртады, гипертензиялық жағдайға байланысты қайталанбалы

6. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіндегі дәрігердің әрекеті:

А) шұғыл түрде кесар тілігі

Б) жоспарлы түрде кесар тілігі

В) окситоцинмен босануды ынталандыру

Г) амниотомия, окситоцинмен босануды ынталандыру

Д) спазмолитиктерді қолдану, жүктілікті созу

7. 35 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйелде УДЗ арқылы плацентаның төменгі жиегі ішкі ернеуінен 3,5см екені анықталды. Сіздің тұжырымыңыз:

А) плацентаның қалыпты орналасуы

Б) плацентаның жатуы

В) плацентаның толық емес жатуы

Г) плацентаның төмен орналасуы

Д) плацентаның мезгілсіз қартаюы

8. 38 апталық гестация мерзіміндегі жүкті әйелде УДЗ арқылы плацентаның толық жатуы анықталды, шағымдары және қан кету белгілері жоқ. Әйелдер консультациясы дәрігерінің әрекеті:

А) госпитальдеу, жоспарлы түрде кесар тілігі

Б) госпитальдеу, шұғыл түрде кесар тілігі

В) госпитальдеу, босану басталғанға дейін бақылау

Г) бақылау, 40 аптаға дейін госпитальдеу, жоспарлы түрде кесар тілігі

Д) бақылау, босану басталғаннан госпитальдеу

9. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз үзілуіне байланысты кесар тілігі операциясын жасау барысында Кювелер жатыры анықталды. Дәрігердін әрекеті қандай?

А) төменгі сегментте кесар тілігі

Б) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз қынапүстілік ампутациясы

В) жатырдың жатыр қосалқыларымен қынапүстілік ампутациясы

Г) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз экстирпациясы

Д) жатырдың жатыр қосалқыларымен экстирпациясы

10. Плацентаның толық жатуына байланысты кесар тілігі операциясы барысында плацентаның өсуі анықталды. Дәрігердің әрекеті:

А) төменгі сегментте кесар тілігі

Б) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз қынапүстілік ампутациясы

В) жатырдың жатыр қосалқыларымен қынапүстілік ампутациясы

Г) жатырдың жатыр қосалқыларынсыз экстирпациясы

Д) жатырдың жатыр қосалқыларымен экстирпациясы

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№7 сабақ. Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету

 

Қорытынды білімді бағалау тестінің жауаптары

 

1. В

2. Б

3. Б

4. Г

5. В

6. А

7. Г

8. А

9. Г

10. Г

Глоссарий

№7 сабақ. Жүктіліктің екінші жартысындағы акушерлік қан кету

орысша қазақша ағылшынша
предлежание плаценты Бала жолдасының жатуы placenta previa
вагинальное кровотечение Қынаптан қан кету vaginal bleeding
преждевременная отслойка нормально расположенной плаценты Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілінен ерте сылынуы premature detachment of placenta
гипотония матки Жатыр гипотониясы hypotension uterus  
матка Жатыр uterus
кровотечение Қан кету bleeding
акушерское кровотечение Акушерлік қан кету obstetric haemorrhage
гемоглобин Гемоглобин hemoglobin
Коагулограмма коагулограмма coagulogram
анализ крови Қан анализі blood test
тонус матки Жатырдың тонусы uterine tone
полное предлежание плаценты Бала жолдасының толық жатуы complete placenta previa
неполное предлежание плаценты Бала жолдасының жартылай жатуы partial placenta previa
утеротоники Утеротониктер uterotonics
болевой синдром Ауыру синдромы pain syndrome
Кесар тілігі кесарево сечение cesarean section
Қаназдық анемия anemia
неотложная помощь Шұғыл (жедел) көмек emergency
сердцебиение плода Нәрестенің жүрек соғысы fetal heartbeat
Гемодинамика гемодинамика circulatory dynamics

 

№ 8 сабақ

1. Тақырып: Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

2.Мақсаты: жүктілік кезіндегі еркшеліктер, жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары кезіндеігі босануды жүргізумен студенттерді таныстыру.

3.Оқыту міндеті:

● жүктілік кезіндегі еркшеліктер, жүрек – қантамыр жүйесі аурулары болған жағдайдағы босану негізінде білім қалыптастыру.

жүктілік кезіндегі еркшеліктер, тыныс алу жолдарының аурулары болған жағдайдағы босану негізінде білім қалыптастыру

● жүктілік кезіндегі еркшеліктер, АІЖ аурулары болған жағдайдағы босану негізінде білім қалыптастыру

● жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары бар жүктілік кезіндегі терапияның негізгі қағидаларымен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

● Жүктілік және жүрек ақаулары.

● Жүктілік және гипертензиялық ауру.

● Жүкілік кезіндегі анемия.

● Жүктілік кезіндегі критикалық кезеңдер (ревматикалық үрдістің активациясы), қан айналым бұзылысы

● Жүктілікті көтере алу көрсеткіштері.

● Босануды жүргізу және ерте босанғаннан кейінгі кезеңдегі қағидалар

● Жіті вирустық респираторлық аурулар.

● Жіті бронхит. Созылмалы бронхит.

● Жіті пневмония. Созылмалы пневмония.

● Бронхиальды астма.

● Асқазан және он екі ішек аурулары.

● Жіті бауырдың майлы дистрофиясы.

● Жүктілердегі бауырішілік холестаз..

● Вирусты гепатит.

● Өт шығару жолдарының аурулары.

 

5. Оқыту және сабақты жүргізу әдістері

● сабақ бойынша тесттік сұрақтар

● Оқытушымен жұмыс.Теориялық мәліметтерді кестелер, қарау материалдары бойынша талдау.

● Кішігірім топпен жұмыс жасау (2-3 студент): жағдайлық есептерді шешу

● Оқытушымен жұмыс: түсінікті емес сұрақтарды талқылау

● Сабақ бойынша қорытынды тест

● Аралық бақылау (тестілеу)

6. Әдебиеттер тізімі:

Орыс тілінде

Негізгілері:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2.Шехтман М.М. Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных. Москва, 2008.С812.

 

 

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер)

Сұрақтар.

1. Жүктілік кезіндегі ең жиі кездесетін жүрек – қан тамыр аурулары мен анемия түрлерін жіктеп айту.

2. Ревматикалық жүрек ақаулары жүрек – қан тамыр жүйесі аурулары ішінде қанша пайызды құрайды.

3. Ревматикалық үрдістің белсендіге ауысуын дәлелдейтін клиникалық симптомдар.

4. Қан айналаым бұзылыстары қандай жағдайда жиі пайда болады.

5. Гипертониялық аурулардың кезеңдерін ата.

6. Гипертоняилық аурумен ауыратын жүкті әйелді босандыру қағидалары.

7. Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын жүкті әйелді босандыру қағидалары.

8. Тұмаудың инфекционды-токсикалық әсерінің қорытындысы.

9. Жүктілік кезінде тұмаумен ауырған әйелде қандай асқынулар кездеседі?

10. Пневмонияның клиникалық классификациясын ата

11. Жіті пневмонияның емі.

12. «астматикалық статус» туралы түсінік.

 

 

СОӨЖ

№ 8сабақ

1. Тақырып: 1. Тақырып: Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары.Жүктілікті және босануды жүргізу.

2. Мақсаты: тақырыпқа байланысты жағдайлық есептерді өз бетімен шешу. Жүктілік кезіндегі ерекшеліктер, жүрек – қантамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, АІЖ –ның аурулары кезіндегі босануды жүргізумен студенттерді қызықтыру.

3. Оқыту міндеті:

● жүрек – қан тамыр, тыныс алу жолдары, АІЖ аурулары бар жүкті әйелдерден дұрыс анамнез жинауды үйрету.;

● диагнозға байланысты жүктілікті жүргізу жоспарын құруды үйрету, жүктілікті көтере алуына байланысты сұрақтарды шешуге үйрету;

● Осы әйелге босану рұқсаты жайында оңтайлы әдістерді анықтау, босану босандыруды жүргізу жоспарын құру.

4. Жүргізу тәртібі

Патология бөліміндегі ЭГА бар жүкті әйелдерін жағдайын анықтау және талдау.Жүктілік және босануды жүргізуге жоспар құру. ЭГА жүктілікке әсері жайында жағдайлық есептер шығару.

5. тақырып бойынша тапсырма:

Осы тақырыпты тереңірек түсіну үшін алдыңғы оқығанды және дағдыларды қайтадан қайталау қажет :

1.Жүрек ақаулары, жүктелуі (туа және жүре пайда болған ), ақаулардың жеке түрлерінің диагностикасы, клиникасы.

2.Босанатын және босанған, жүктіліктің 2 - жартысындағы әйелдерді арнайы және акушерлік зерттеу әдістері.

● жүрек – қан тамыр, тыныс алу жолдары, АІЖ аурулары бар жағдайда диагностикалық іздестіру және рационалды тактиканы жүргізуді таңдау схемасын түсіну.

1.Науқастың шағымдарын, анамнездерін, объективті және қосымша клиникалық тексеру әдістерін үйреніп алу, жүрек – қан тамыр, тыныс алу жолдары, АІЖ аурулары бар науқастарды бағалау.

2.Жүктілік бар жоғын анықтау, мерзімін анықтау.

●Жүктілік және босануды жүргізу жоспарын диагнозына байланысты құру.

1. Осы әйелге босану рұқсаты жайында оңтайлы әдістерді анықтау

2.Босанғаннан кейінгі кезеңге жоспар құру..

6. Көрнекілік құралдары: кесте, сызбалар, суреттер.

7. Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Акушерство: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой, В.Г.Бреусенко. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2. Гинекология: учебник + СД /под ред. Г.М.Савельевой и др. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

3. Бодяжина В.И., Жмакин К.Н. Акушерство- М.,2002.

қосымша:

1. Клинические рекомендации. Акушерство и гинекология. Вып.2. Под ред. В.И.Кулакова. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2008.

2.Шехтман М.М. Руководство по экстрагенитальной патологии у беременных. Москва, 2008.С812.

 

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Бейсембаева Р.С., Раисова Ә.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. «Акушерия». Алматы, «Білім», 2004ж.

2. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша:

1. Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

2. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.

 

7. Бақылау ( тесттер, тапсырмалар)

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№8сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінің аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

 

Бастапқы білім тесттері

1. Қалыпты өтіп жатқан жүктілікте айналымдағы қан көлемі (АҚҚ) бастапқыдан 30 – 50% артады

Иә

Жоқ

2. Жүрек аурулары бар жүкті әйелдердің қанайналым жеткіліксіздігі жиі 16 – 18 аптада байқалады

Иә

Жоқ

3. Жүкті әйелдердегі барлық экстрагенитальды патологиялардың ішінде бірінші орынды жүрек- қантамыр жүйесінің аурулары алады

Иә

Жоқ

4. Жүкті әйелдердегі барлық жүрек бұзылыстарының ішінде 75 – 90% туа біткен жүрек ақаулары алады

Иә

Жоқ

5. Жүкті әйелдердің кеуде клеткасының тік өлшемі кішірейеді, онын айналымы ұлғаяды және көкеттің экскурсиясы қиындайды

Иә

Жоқ

6. Жүкті әйелдердің АІЖ – нын барлық бөлімі плацентаның прогестеронмен әсерлесуіне негізделген гипотония жағдайында болады

Иә

Жоқ

7. Ревматизм токсико – иммундық ауруларға жатады және онын қоздырғышы β – гемолитикалық стрептококк болып табылады

Иә

Жоқ

8. Ревматизм жиі – аорталық қақпақшаны, сирек – митральды, ал өте сирек – үшжармалы қақпақшаны зақымдайды

Иә

Жоқ

9. Жүктілік кезінде бронхтардын шырышты қабырғасынын ісінуі қақырықтың бөлінуін қиындатады

Иә

Жоқ

10. Жүктіліктің екінші жартысында аппендицитті он жақтағы пиелонефриттен ажырату қиын

Иә

Жоқ

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№8 сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінің аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

 

Бастапқы білім деңгейін анықтау тестінін жауаптары

1. Иә

2. Жоқ

3. Иә

4. Жоқ

5. Иә

6. Иә

7. Жоқ

8. Жоқ

9. Иә

10. Иә

 

 

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

№8 сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінін аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

 

Қорытынды білім тесттері

1. Жүрек ақауы бар жүкті әйелді «Д» есепке алғанда, ең алдымен қажет:

А) кардиальді ем және диуретиктер тағайындау

Б) төсектік режим тағайындау, тұзды пайдалануды шектеу

В) қабынуға қарсы ем тағайындау

Г) антигистаминдік және гипотензивті заттар тағайындау

Д) зерттеуге кардиологиялық стационарға жатқызу

2. Жүрек ақаулары бар жүкті әйелдерді қайта госпитальдеу жүргізіледі:

А) 16 – 18 аптада

Б) 20 – 24 аптада

В) 26 – 32 аптада

Г) 28 – 34 аптада

Д) 30 – 35 аптада

3. ІІ триместрде қандай мәселелерді шешеді:

А) динамикалық бақылауды жалғастыру

Б) асқынудың алдын алуды жүргізу

В) алдағы жүктілікті созудың қарсы көрсеткіштерін анықтау

Г) жүктілікті жедел үзу

Д) босануға рұқсат беру тәсілдері туралы сұрақтарды шешу

4. Криздін әсерінен болатын созылмалы артериалды гипертензиясы бар босанатын әйелдерде босанудың 2 – кезеңінде қажет:

А) перинеотомия жүргізу

Б) эпидуральды анестезия жүргізу

В) магний сульфатын енгізу

Г) кесар тілігін жасау

Д) акушерлік қысқыштар қою

5. Жүкті әйелдердегі созылмалы артериалдық гипертензияның ең жиі кездесетін асқынулары:

А) нәрестеде туа біткен жүрек ақауларының дамуы

Б) нәрестеде жүре пайда болатын жүрек ақаулары

В) жүктіліктің ерте токсикозының дамуы

Г) преэклампсияның ерте қосылуы

Д) анемияның ерте қосылуы

6. Митральды стеноз кезінде жүктілік қалай өтеді?

А) жүрек ақауының ағымын айтарлықтай нашарлатпайды

Б) жүктілердің 25% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

В) жүктілердің 45% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

Г) жүктілердің 65% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

Д) жүктілердін 85% жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалады

7. Жүктілікті созуды ұзартудың қарсы көрсеткіші болып табылады:

А) митральды қақпақша жеткіліксіздігі

Б) жүрекшеаралық қалқаның ақауы

В) ревматикалық жүрек ақауы

Г) миокардиодистрофия

Д) «көкшілдену» түріндегі ақау

8. Бауыр аурулары кезіндегі жүктіліктің негізгі асқынуы

А) ауыр преэклампсия және эклампсия

Б) жүктілікті көтере алмау

В) жүктілікті көтере алу

Г) нәрестенің дамуының кешеуілдеуі

Д) нәрестенің антенатальды өлімі

 

9. Бауыр аурулары кезіндегі босанудан кейінгі негізгі асқыну:

А) гипотониялық қан кету

Б) жатырдың жыртылуы

В) жатыр мойнының жыртылуы

Г) коагулопатикалық қан кету

Д) аралықтың жыртылуы

10. 9 – 10 апталық мерзімдегі жүкті әйелде жедел пневмония анықталды. Оны қай бөлімге жіберу керек:

А) терапия бөліміне

Б) патологиялық жүктілер бөліміне

В) перинатальды орталыққа

Г) гинекологиялық бөлімге

Д) күндізгі стационарға

№3 БЛОК. Жүктілік физиологиясы және патологиясы.

 

№8 сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінін аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН БАҚЫЛАУ ТЕСТІ ЖАУАПТАРЫ

1. Д

2. В

3. Б

4. Д

5. Г

6. Д

7. Д

8. А

9. Г

10.А

Глоссарий

№8 сабақ. Жүкті әйелдердегі жүрек – қантамыр, тыныс ағзалары, асқорыту жүйелерінін аурулары. Жүктілікті және босануды жүргізу.

1.Фалло тетрадасы, тетрада Фалло, Fallot’s tetralogy – өкпе бағаны сағасының стенозымен, оң жақ қарыншаның гипертрофиясымен, қарыншааралық қалқаның үлкен ақауымен, аортаның декстропозициясымен жүретін жүрек ақауы.

2.Аорта коарктациясы, коарктация аорты, coarctation of the aorta –доға және төмендеген бөлік шекараларында аорта қылтасының тума тарылуы.

3.Гипертония,гипертония,hypertension (гипер және грек. tonos-күш түсу,зорлану) - қан қысымының шамадан тыс көтерілуі.

4.Ревматизм, ревматизм, rheumatism (грек. rheumatіsmos — өту) — дәнекер тіндерді, негізінен жүрек-қантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы-аллергиялық ауру.

5.Марфан синдромы, синдром Марфана, Marfan syndrome - дәнекер тінінің тума ақауы. Жүрек – қантамыр жүйесінің бұзылысы митральды клапанның миксоматозды дегенерациясымен және аортаның кистозды медионекрозымен көрінеді.

6.Гипотония,гипотония,hypotension - бұлшық еттердің қалыпты жағдайында ағзадағы артериялық қысым деңгейінің төмендеуі, кейде қысымның жоғары деңгейі 90-100, ал төменгі деңгейі 50-60 мм. сынап бағанасына дейін төмендейді.

7. Фалло үштігі, Триада Фалло, Fallots triadus -қарынша аралық перденің дефектісі, өкпе сабауының стенозы және оң қарыншаның гипертрофиясы.

8.Гиповолемия, Гиповолемия, Hypobolemia- айналымдағы қан көлемінің қалыптыдан азаюы.

9.Қан аздық,Анемия,anemia-состояние,при котором в крови снижено содержание функционально полноценных красных клеток(эритроцитов)

10.Эйзенменгер синдромы, синдром Эйзенменгера, Eisenmenger syndrome - қанның екі бағытта лақтырысы мен қайтымсыз ауыр өкпелік гипертензия немесе оңнан солға қарай ашық артериалды өзек арқылы қанның лақтырысы, жүрекше аралық перде мен қарынша аралық перденің ақауы.

11.Аорта стенозы, аортальный стеноз, aortic stenosis – жарманың бітісуі әсерінен аорта қақпақшасының тарылуы, сол қарыншадан аортаға қалыпты қанның ағымын қиындату.

12.Митралды стеноз, Митральный стеноз, mitral stenosis – сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы.

13.Митралды жетіспеушілік, Митральная недостаточность, insufficientia mitralis- деформацияланған қақпақшаның толық жабылмауына алып келетін митралды қақпақшаның жетіспеушілігі кезіндегі динамикалық бұзылыс нәтижесінде қарынша систола кезінде қолқаға аққан қанның сол жақ жүрекшеге ағуы.

14.Гиперволемия,Гиперволемия,Hypervolemia –айналымдағы қан мен плазма көлемінің артуы.

15.Тахикардия,Tachycardia-жүрек соғысы жиілігінің артуы,минутына 100 - ден жоғары болуы.

16.Гемодинамика,гемодинамика,Hyemodinamyka- қан тамырларымен қан ағуының себептерін,заңдылықтарын және механизмін зерттейтін ілім.

17.Ишемия,Ishaemia-артерияның қысылуынан болатын қанмен қамтамасыз етілудің бұзылысы.

18.Тромбоэмболия,Tromboembolia-қантамырларының тромбпен бітелуі.

19.Экстрасистолия,Extrasystolia-бұл миокардтың кезектен тыс жиырылуымен көрінетін жүрек соғысының бұзылысы.

20.Ревматизм, rheumatism (гр. rheumatіsmos — өту) — дәнекер тіндерді, жүрек-қантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы - аллергиялық ауру.

 

№ 9-сабақ

1. Тақырыбы: Жүкті







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.