Босану физиологиясы
№ 10 сабақ. 1. Тақырыбы: Физиологиялық босану жайлы түсінік. Босанудың басталуының себептері. Босану кезеңдері. 2. Сабақтың мақсаты: Студентті организмнің босануға дайындығын анықтауға, босану кезеңін диагностикалауға үйрету. 3. Оқытудағы міндеттері: 1) Босанудың басталуының себептері жайлы жаңа түсініктермен таныстыру. 2) Босанудың I кезеңінің клиникалық ағымымен, жатыр мойнының ашылу механизмімен, бірінші және қайта босанушылардың ашылу кезеңдерімен таныстыру. 3) Босанудың II кезеңінің клиникалық ағымымен, желкемен жатудың алдыңғы және артқы түрлеріндегі босанудың биомеханизмімен, бірінші және қайта босанушылардың шығару кезеңінің жалғасуымен таныстыру. 4) Босанудың III кезеңінің клиникалық ағымымен, плацентаның сылыну механизмімен, соңғы кезеңнің жалғасуымен таныстыру. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1) Босанудың басталуының себептері. «босану доминанты», ағзаның босануға дайындығы жайлы түсінік. Босану жағдайындағы инициациясындағы утеротропиндер мен утеротониктердің рөлі. Жатырдың «жетілу» сатысын анықтау. Босану ізашарлары. 2) Физиологиялық босануды анықтау. Босану кезеңдері. Бірінші және қайта босанушылардағы физиологиялық босанудың ағымы. 3) Босанудың бірінші кезеңі. Босанудың бірінші кезеңінің диагностикасы, толғақ және «үштік градиент» жайлы түсінік, бірінші және қайта босанушылырдағы жатыр мойнының ашылуы механизмі. Босанудың I кезеңінің латентті және белсенді фазалары. Жатыр мойнының ашылуындағы ұрық қуығының рөлі, қағанақ суының мерзімімен кетуіжайлы түсінік. Бірінші және қайта босанушылардағы босанудың I кезеңінің жалғасуы. 4) Босанудың екінші кезеңі. Босанудың II кезеңінің диагностикасы, потуг жайлы түсінік. Желкемен жатып орналасуының алдыңғы және артқы түрлері кезіндегі босану биомеханизмі. Бірінші және қайта босанушылардың босануының II кезеңінің жалғасуы 5) Босанудың үшінші кезеңі. Кезекті толғақтар жайлы түсінік, плацентаның сылынуы механизмі, плацентаның сылынуының белгілері. Физиологиялық қан жоғалтуды анықтау, босанудан кейінгі ерте кезеңінде қан кетуді тоқтату механизмі. 5. Оқу және оқыту әдістері: 1) Бастапқы білім деңгейін бақылау (бастапқы білім деңгейінің тестілері) 2) Оқытушымен бірігіп жұмыс жасау. Кестелер, қосымша материалдарды, фильмдерді пайдалана отырып теориялық материалды талдау. 3) Аз топтарда жұмыс жасау (2-3 студенттен): босану блоктарындағы туылғандарды курациялау. 4) Оқытушымен бірігіп жұмыс жасау: туылғандарды курациялаудағы түсініксіз сұрақтарды талқылау. 5) Қабылданған білімді қорытынды бақылау (қорытынды білім деңгейін анықтау тестілері). 6. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: Оқулық. / М.: Медицина, 2000. – .186-219 беттер. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Дополнительная: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: медициналық ЖООдарына арналған оқулық. 4-басылым., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - с. 119-154 2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Дәрігерлерге арналған әдістеме 3-қайта өңделген, жөнделген, қосымшалар енгізілген басылым – М., «Триада-Х», 2005. – с. 158-181 7. Бақылау (бастапқы және қорытынды білім деңгейлерінің тестілері)
СОӨЖ № 10 сабақ. 1. Тақырыбы: Физиологиялық босану жайлы түсінік. Босанудың басталуының себептері. Босану кезеңдері. 2. Сабақтың мақсаты: студентті ағзаның босануға дайындығын анықтауды, желкемен жатып орналасуындағы алдыңғы және артқы түрлеріндегі босанулардың биомеханизмін фантомда жүргізуді үйрету. 3. Оқытудағы міндеттері: 1) Ағзаның босануға дайындығын, жатыр мойнының «жетілу» сатысын анықтаудағы білімін қалыптастыру 2) Босану кезеңдерін анықтаудағы білімін қалыптастыру 3)Желкемен жатып орналасудағы алдыңғы және артқы түрлеріндегі босанудың биомеханизмін жүргізу, жамбаспен салыстырғандағы нәрестенің басының орнын анықтаудағы білімін қалыптастыру 4. Жүргізу формасы: Фантомда аз топпен жұмыс жасау (2-3 студенттен) 5. Тақырып бойынша тапсырмалар: 1) Фантомда жатыр мойнының «жетілуі» сатысын, жатыр мойнының ашылуын анықтау 2) Желкемен жатып орналасуындағы алдыңғы және артқы түрлеріндегі босанудың биомеханизмін фантомда жүргізу. 3) Сыртқы және ішкі әдістерді пайдалана отырып жамбаспен салыстырғандағы нәрестенің басының орналасқан орнын анықтау
6. Таратылатын материал: Кестелер, суреттер
7. Әдебиеттер: Негізгі: 1. Савельева Г.М. Акушерство: оқулық. / М.: Медицина, 2000. – с.186-219. 2. Бодяжина В.И. и др., Акушерство. - М.: Медицина, 1996. Қосымша: 1. Айламазян Э.К. Акушерство: медициналық ЖООна арналған оқулық. 4-басылым., доп./ Э.К. Айламазян. - Спб.:СпецЛит, 2003. - . 119-154 беттер 2. Е.А. Чернуха «Родовой блок». Дәрігерлерге арналған басқарма. 3- қайта өңделген, жөнделген, қосымшалар енгізілген басылым – М., «Триада-Х», 2005. – с. 158-181
8. Бақылау: №1жағдайлық есеп Сыртқы акушерлік тексеруде нәрестенің басы анықталмайды. PV: жатыр мойны толығымен ашылған, нәресте қуығы жоқ, нәрестенің басы барлық сегізкөз тұсын алып жатыр, қасағалық сүйектер пальпацияланбайды, сол жақтағы қиғаш өлшемде жебе тәрізді жігі, кіші еңбегі артқы жағынан сол жағында. Анықтаңыз: 1) Нәрестенің позициясы мен түрін 2) Басының орналасқан орнын 3) Босану биомеханизмінің ерекшеліктерін
№1 жағдайлық есепке эталон 1) Бірінші позиция, артқы түрі 2) Басы кіші жамбас қуысында 3) Бүктелген түрі, 4 бастапқы және 5 қосымша сәттер, басқарушы нүстесі-үлкен және кіші еңбектердің ортасы, басында фиксацияның екі нүктесі (шаштың оскен жеріндегі шекарасы мен шүйде тұсындағы) басы орта қиғаш өлшем бойынша шығып келеді (10,5см, айналымында 33 см). №2 жағдайлық есеп Сыртқы акушерлік тексеруде нәрестенің басы қозғалмайды, кіші жамбастың кіреберісінде оның үлкен бөлігі анықталды. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, нәресте қуығы жоқ, басымен жатып орналасқан, жебе тәрізді жік оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек алдыңғы жағынан сол жағында, сегізкөз тұсы бос, симфиздің ішкі жоғарғы жағы тексеруге мүмкіндік туғызады. Анықтаңыз: 1) Нәрестенің позициясы мен түрін 2) Басының орналасқан орнын 3) Босану биомеханизмінің ерекшеліктерін
№2 жағдайлық есепке эталон 1) Бірінші позиция, алдыңғы түрі 2) Басы кіші сегментімен кіші жамбастың кіреберісінде орналасқан 3) Бүгілмелі түрі, 4 негізгі және 4 қосымша сәттер, басқарушы нүкте – кіші еңбек, басында 1 фиксаци нүктесі (шүйде тұсы ойығы), басы кіші қиғаш өлшем бойынша шығып келеді (9,5см, айналымда 32 см). №3 жағдайлық есеп Сыртқы акушерлік тексеруде кіші жамбастың кіреберісінде басының айтарлықтай емес бөлігі анықталды. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, нәресте қуығы жоқ, басымен жатып орналасқан, жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемінде, кіші еңбек алдынан оң жағында, сегізкөздің төменгі бөлігі және лоннды өсіндінің ішкі 2/3 бөлігі пальпацияланады. Анықтаңыз: 1) Нәрестенің позициясы мен түрін 2) Басының орналасқан орнын 3) Босану биомеханизмінің ерекшеліктерін №3 жағдайлық есепке эталон 1) екінші позиция, алдыңғы түр 2) басы кіші жамбастың кеңейген бөлігінде 3) бүгілмелі түр, 4 негізгі және 4 қосымша сәттер, басқарушы нүкте – кіші еңбек, басында 1 фиксация нүктесі (шүйде тұсы ойығы), басы кіші қиғаш өлшем бойынша шығып келеді. (9,5см, айналымда 32 см).
№ 4. Босану физиологиясы № 10 - сабақ. Физиологиялық босану жайында түсінік. Босанудың басталуының себептері. Босану кезеңдері. Бастапқы алған білімдерін тестілеу
1.Физиологиялық босану жүктіліктің 36 - 40 аптасында болады: 1. иә 2.жоқ 2.Окситоцин утеротропиндерге жатады: 1. иә 2.жоқ 3. «пісіп жетілген» жатыр мойнына тән ұзындық 2 см: 1. иә 2.жоқ 4.Босану тұрақты толғақтармен басталады: 1. иә 2.жоқ 5.«Бәсеңдейтін үштік градиент» жатырдың төменгі сегментінің доминантасын шамалайды: 1. иә 2.жоқ 6.Жатырдың жиырылуының жазылуы толғақ әсерінен жүреді: 1. иә 2.жоқ 7.Босанудың екінші жартысы жатыр мойнының толық ашылуынан басталады: 1. иә 2.жоқ 8.Анемиясы жоқ жүкті әйелдерде физиологиялық қан жоғалту дене салмағының 0,8 % құрайды: 1. иә 2.жоқ 9.Алдыңғы көрінісінде бастың шүйделік жатуы кіші қиғаш көлеммен қиылысады: 1.иә 2.жоқ 10.Шүйделік жатудың артқы көрінісінде басты нүкте үлкен еңбек болып табылады: 1.иә 2.жоқ
№ 4. Босану физиологиясы № 10 сабақ. Физиологиялық босану жайында түсінік. Босанудың басталуының себептері. Босану кезеңдері. Бастапқы алған білімдерін тестілеуінің тесттері
1. жоқ 2. жоқ 3. жоқ 4. иә 5. жоқ 6. иә 7. иә 8. жоқ 9. иә 10. жоқ
©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.
|