Здавалка
Главная | Обратная связь

БЛОК №4. Босану физиологиясы.



Сабақ № 11

1. Тақырыбы: Босанды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу.

2. Сабақтың мақсаты: физиологиялық босануды жүргізудің дағдыларын қалыптастыру, нәрестенің жағдайын бағалау.

Студенттің негізгі клиникалық дағдысында медикаментозды емес және медикаментозды босануды жеңілдететін әдістерді үйрету, босанудың негізгі қағидасы «Ананың қауіпсіздігі».

 

3. Оқытудың міндеттері:

1.Босану ырғағынг тіркеудің жаңа әдістерімен таныстыру ( ішкі және сыртқы гистерография, партограмма)

2.Босану кезіндегі ұрықтың бейімделуі, босану процессі кезіндегі ұрықтың гомеостаз ерекшеліктерімен таныстыру.

3.Физиологиялық босануды жүргізудің негізгі принциптерімен, босануды жүргізудің жаңа перинатальді технологияларымен таныстыру.

4.Жеңілдетілген босанудың медикаментозды емес әдісімен танысу.

5.Медикаментозды ауру сезімін басатын әдістердің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Босану ырғағын тіркеудің заманауи әдістері

2.Партограмма. Партограмма жүргізудің принциптері.

3.Босанудың І кезеңінің клиникалық кіріспесі. Босанушының күтімі. Серіктестік босану.

4.Босанудың ІІ кезеңінің клиникалық кіріспесі. Босанудың ІІ кезеңіндегі акушерлік жәрдем.

5.Босанудың жеңілдетілуі. Жеңілдетіліп босанудың әдістері.

6.Жеңілдетілген босанудың медикаментозды емес әдістері. Босануға психопрофилактикалық дайындық. Босану кзіндегі серіктесі мен медперсоналдың психологиялық қолдауының рөлі.

7.Жеңілдетілген босанудың медикаментозды әдісі. Ауру сезімін басатын қоспаның нәрестеге әсері. Босану кезінде босанушы мен нәресте жағдайын бақылау(кардиомониторинг).

8.Жүктілік кезіндегі эпидуральды анестезия көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.

9.Босану кезіндегі қан кетудің профилактикасы.

 

5. Оқу және оқытудың әдістері:

1.Бастапқы білім дәрежесін бақылау ( бастапқы білім дәрежесін анықтау тесті)

2.Оқытушымен бірге жұмыс істеу. Теориялық материалды кесте, фантом, көрнекі құралдар, фильмдер пайдаланып талдау.

3.Шағын топпен жұмыс істеу (2-3 студент); жағдайлық есептер, партограмма толтыру.

6. Бақылау ( бастапқы және қорытынды білім дәрежесін анықтау тесті)

7. Көрнекті материал:

Партограмма

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Савельева Г.М. Акушерство: Оқулық/ М.: Медицина,2000.- б.219-239

2.Бодяжина В.И. және т.б. Акушерство. - М.: Медицина,1996

Қосымша:

1.Айламазян Э.К. Акушерство: Медициналық вуздар арналған оқулық. 4-ші басылым.қос./ Айламазян Э.К. – Спб.:СпецЛит, 2003,б . 155-174

2.Е.А. Чернуха “ Родовой блок ”. Руководство для врачей. 3-ші басылым жаңартылған,толықтырылғын,түзетілген. – М., “ Триада-Х”,- 2005.- б.173-181,182-207,254-278.

3.Айламазян Э.К. Акушерство: Медициналық вуздар арналған оқулық. 4-ші басылым.қос./ Айламазян Э.К. – Спб.:СпецЛит, 2003,б . 119-154

4.Е.А. Чернуха “ Родовой блок ”. Руководство для врачей. 3-ші басылым жаңартылған,толықтырылғын,түзетілген. – М., “ Триада-Х”,- 2005.- б. 158-181

9. Бақылау:тесттер, ситуациялык есеп

СОӨЖ

№ 11 сабақ.

1. Тақырыбы: Босанды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу.

2. Сабақтың мақсаты: физиологиялық босануды жүргізудің дағдыларын қалыптастыру.

Студенттің негізгі клиникалық дағдысында медикаментозды емес және медикаментозды босануды жеңілдететін әдістерді үйрету, босанудың негізгі қағидасы «Ананың қауіпсіздігі».

3. Оқытудың міндеттері:

1. Босану ырғағының сипатын анықтай білу,ұрықтың жағдайын бағалау.

2. Партограмма толтыра білу.

3. Босанудың ІІ және ІІІ кезеңінде акушерлік жәрдем қабылдауын жүргізе білу, плацентаның ажырауының белгілерін анықтау, бала жолдасының бүтіндігін және босанғаннан кейінгі қан кетудің көлемін бағалау

4. Жеңілдетілген босанудың медикаментозды емес әдісімен танысу.

5. Жеңілдетілген босанудың медикаментозды әдісімен танысу. Ұрыққа ауру сезімін басатын қоспалардың әсері, босанудағы эпидуральды анестезидің көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері

6. Босанудың үшінші кезеңін активті жүргізе білу

 

 

4. Жүргізудің формасы:

Босанушыны курациялау

5. Тақырыптың тапсырмалары:

1. Босанудың І,ІІжәне ІІІ кезеңінде босанушыны бақылау, босанған кезде ұрықтың жағдайын бағалау

2. Партограмма толтыру.

3. Босанудың ІІжәне ІІІ кезеңінде фантомада акушерлік жәрдем қабылдауын жүргізу

4. Жеңілдетілген босанудың медикаментозды емес әдісін қолдану

5. Фантомда босанудың үшінші кезеңін активті жүргізе білу

6.Үлестірме материалдар:

Партограмма Суретер, схемалар

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Савельева Г.М. Акушерство: Оқулық/ М.: Медицина,2000.- б.186-219 с.219-239, 768-778.

2. Бодяжина В.И. және т.б. Акушерство. - М.: Медицина,1996

Қосымша:

1. Айламазян Э.К. Акушерство: Медициналық вуздар арналған оқулық. 4-ші басылым.қос./ Айламазян Э.К. – Спб.:СпецЛит, 2003,б . 119-174

2. Е.А. Чернуха “ Родовой блок ”. Руководство для врачей. 3-ші басылым жаңартылған,толықтырылғын,түзетілген. – М., “ Триада-Х”,- 2005.- б. 158-181, 182-207, 254-278.

3. Мэтью Матай, Харшад Сангви, Ричард Дж.Гидоти. Оказание помощи при осложненном течении беременности и родов: руководство для акушерок и врачей. Репродуктивное здоровье и научные исследования. ВОЗ, Женева, 2000. – А37-А46, А56-А80 с.

 

http://hls.kz/repro.html, http://www.lifestyle.nursat.kz/CONTN/zdor.html

 

8. Бақылау: тесттер, ситуациялық есептер

1-тапсырма:

11.05 перзентханаға алғашқы жүктілікпен 23ж.босанушы толғағына шағымданып түсті. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, пульс 80мин., АҚ 120/80 мм. С.б., ұрықтың жатуы көлденеңінен, басымен жатыр,кіші жамбас қуысының кіреберісне жақындаған, ұрықтың жүрек соғысы ашық ритмді мин 140 соғысы. 10 минутта 3 толғақ, ұзақтығы 35 сек. PV: жатыр мойны жазыңқы, 2см ашылған, қағанақ суы бүтін, басымен жатуы, кіші жамбас кіреберісіне жақындаған.

Алынған мәліметтерді партограммада көрсету.

 

2-тапсырма:

01.25 перзентханаға алғашқы жүктілікпен 26ж. босанушы толғағына шағымданып түсті. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық,пульс 78мин., АҚ 110/70 мм. С.б., ұрықтың жатуы көлденеңінен, басымен жатыр,кіші жамбас қуысының кіреберісне жақындаған, ұрықтың жүрек соғысы ашық ритмді мин 140 соғысы. 10 минутта 3 толғақ, ұзақтығы 40 сек. PV: жатыр мойны жазыңқы, 4см ашылған, қағанақ суы бүтін, басымен жатуы, кіші жамбас кіреберісіне жақындаған.

Алынған мәліметтерді партограммада көрсету

 

3-тапсырма:

12.35-те перзентханаға алғашқы жүктілікпен25ж. босанушы толғағына шағымданып түсті. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық,пульс 78мин., АҚ 110/70 мм. С.б., ұрықтың жатуы көлденеңінен, басымен жатыр , кіші жамбас қуысының кіреберісне жақындаған, ұрықтың журек соғысы ашық ритмді мин 140 соғысы. 10 минутта 3 толғақ, ұзақтығы 45 сек. PV: жатыр мойны жазыңқы, 6см ашылған, ұрық көпіршігі бүтін, басымен жатуы, кіші жамбас кіреберісіне жақындаған. Мөлдір қағанақ суы тамшылайды.

Алынған мәліметтерді партограммада көрсету

 

Сабақ № 11: Босанды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу.

Бастапқы тест сұрақтары:

1.Партограмма бойынша босану әрекетін әрбір 10 мин сайын бағалайды:

1. Иә

2. Жоқ

2.Партограммада әрекет ( действия ) сызығы жітілік сызығынан 5 сағ кейін орналасқан:

1. Иә

2. Жоқ

3. Партограммаға сәйкес латентті фазада жатыр мойнының ашылуының ең минимальды жылдамдығы 1 см құрайды:

1. Иә

2. Жоқ

4. Босанудың бірінші кезеңінде босанушыға ас ішуге тиым салынады:

1.Иә

2.Жоқ

5. Жатыр мойнының 3 см ашылуы босанудың бірінші кезеңінің активті фазасының басталғандығын білдіреді:

1. Иә

2. Жоқ

6. Медикаментозды босануды ауырсыздандыруды барлық әйел қажет етеді:

1. Иә

2. Жоқ

7. Босану кезінде психологиялық көмекті арнайы оқытылған дәрігер көрсете ала ма

1.Иә

2.Жоқ

8. Босанудың бірінші кезеңінде ауру сезімінің себебі болады жатыр бұлшықеттерінің жиырылуынан,жатыр мойнының ашылуымен сипатталады:

1.Иә

2.Жоқ

9. Босану кезінде массаж жасау,тыныс алу босану ауру сезімін баса ала ма:

1.Иә

2.Жоқ

10. Эпидуральды анестезияның ең жиі кездесетін асқынуы артериальды гипертензия болып табылады:

1.Иә

2.Жоқ

 

Сабақ № 11: Босанды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу.

 

Бастапқы тест жауаптары

  1. Жоқ
  2. Жоқ
  3. Жоқ
  4. Жоқ
  5. Иә
  6. Жоқ
  7. Жоқ
  8. Иә
  9. Иә
  10. Жоқ

 

 

Сабақ № 11: Босанды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу.

Қорытынды тест сұрақтары

1. Партограммада жатыр мойнының ашылуын қандай белгімен белгілейді:

А) «О»

Б) «Х»

В) «М»

Г) «А»

Д) «I»

 

2. Партограмманың қай көрсеткіші ұрықтың гипоксиясын диагностикалайды:

А) жатыр монының ашылуының динамикасы

Б) толғақтар сипаттамасы

В) ұрық айналасындағы сұйықтықтың түсі

Г) ұрықтың басының конфигурациясы

Д) ұрық басының жылжуы

 

3. Партограммада қай штрихтар әлсіз толғақты білдіреді:

А) нүктелер

Б) қиғаш сызықтар

В) толық боялу

Г) көлденең сызықтар

Д) тігінен сызықтар

 

4 Жатыр мойнының ашылуын көресететін сызық жітілік сызығының сол жағында орналасқан. Бұл көрсеткіш:

А) босану темпі жеткіліксіз

Б) босану темпі жеткілікті

В) бала басымен ана жамбасының көлемдері сәйкес келмейді

Г) босанудың бірінші кезеңінің активті фазасы басталды

Д) босанудың екінші кезеңі басталды

 

5. Босанудың екінші кезеңінде ұрықтың жүрек соғысы тыңдалады:

А) әр толғақ сайын

Б) әр 5 мин сайын

В) әр 10 мин сайын

Г) әр 15 мин сайын

Д) әр 30 мин сайын

 

6. «Ана қауіпсіздігі бойынша босану» Халықаралық бағдарламасы Қазақстан Республикасына қай жылы енгізіле бастады:

А) 1990

Б) 1998

В) 2000

Г) 2003

Д) 2008

 

7. Эпизио -және перинеоррафияда қандай жансыздандыру әдістері қолданылады:

А) жергілікті инфильтрациялық анестезия

Б) спинальды анестезия

В) перидуральды анестезия

Г) ине шаншу

Д) жалпы наркоз

 

8. Аралық жыртылуының III дәрежесінде қандай жансыздандыру қолданаылады:

А) жергілікті инфильтрациялық анестезия

Б) спинальды анестезия

В) перидуральды анестезия

Г) ине шаншу

Д) жалпы наркоз

 

9. Жұпты босануға кім қатыса алады:

А) босанушы әйелдің тек ғана анасы

Б) босанушы әйелдің тек ғана әпкесі

В) босанушы әйелдің тек ғана жолдасы

Г) тек ғана стационардың акушеркасы

Д) босанушы әйелдің кез келген жақын адамы

 

10. «Ана қауіпсіздігі» бағдарламасына кіреді:

А) босану демедикализациясы, босану кезінде партнердің қатысуы, еркін тұрыс таңдау

Б) босану кезінде партнердің қатысуы, босануды босану залында қабылдау, жылу тізбегін қабылдау

В) босану демедикализациясы, күшенуді реттеу, тек қана емшекпен емізу

Г) жылу тізбегін қабылдау, ана мен баланың бөлек болуы, персоналдың қолын дұрыс жууы

Д) босану кезінде партнердің қатысуы, еркін тұрыс таңдау, аралықты қорғауды қолдану

 

Сабақ № 11: Босанды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма. Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу.

Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары:

  1. Б
  2. В
  3. А
  4. Б
  5. А
  6. Г
  7. А
  8. Д
  9. Д
  10. А

 

Глоссарий

№ 11 сабақ Босандыруды жүргізу. Босану ырғағын тіркеудің жаңа әдістері. Партограмма.Босануды ауырсыздандыру. Акушерлік көмек көрсету. Босануды ауырсыздандыру әдістері. Ауырсыздандыру заттарының нәрестеге әсері. Қауіпсіз босанулар. Қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын-алу.

 

 

1. Партограмма-это графическая запись первого периода родов, состояния роженицы

и плода.

Партограммадегеніміз босану бірінші кезеңінің ағымын, босанушы мен

ұрықтың жағдайы жазылатын графикалық жазу.

Partogramis a composite graphical record of key data (maternal and fetal) during labour entered against time on a single sheet of paper.

2. I период родов – период раскрытия,начинается с первыми регулярными схватками и заканчиваетсы полным раскрытием наружного зева шейки матки.

Босанудың I кезеңі–жатыр мойнының ашылу кезеңі, ретті толғақ басталып, жатыр мойны жайылып, толық ашылады.

The first stage of labor begins when you start having contractions that cause progressive changes in your cervix and ends when your cervix is fully dilated.

3. II период родов – период изгнания, начинается с момента полного раскрытия шейки матки и заканчивается вместе с рождением ребенка.

Босанудың II кезеңі – жатыр мойнының толық ашылып, ұрықтың босану жолдарынан өтіп туылуы.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.