Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша



СИЛЛАБУС

Қазақ тілі пәні бойынша, коды KRYa 1104

 

Мамандығы – 5В110100 Мейірбике ісі

Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен

Курсы: 1 Семестр:1, 2

 

Тәжірибелік сабақ - 90

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік

жұмысы (ОСӨЖ) - 90

Студенттің аудиториядан тыс өздік жұмысы (СӨЖ) - 90

Барлығы - 270

Бақылау түрі: емтихан

 

Алматы 2013 ж.


 

Силлабус жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Силлабусты құрастырушылар: аға оқытушы Ж.С.Қожаханова, оқытушылар: А.С.Бураханова,

П.Т.Макижанова

 

 

Кафедра мәжілісінде қарастырылды.

 

№_______хаттама

 

«___»___________2013ж.

 

Кафедра меңгерушісі,

 


1. Жалпы мәлімет:

1.1 ЖОО-ның аталуыҚазақстан-Ресей медицина университеті

1.2 Қазақ тілі кафедрасы

1.3 Пәні, пән коды: «Қазақ тілі», KRYa 1104

1.4 Мамандығы: –5В110400 Медико-профилактика іcі

1.5 Оқу сағатының көлемі - 270

Курсы, семестрі: 1 - курс, 1, 2 семестр

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:

Аты-жөні Қызметі, дәрежесі
1. Аяпбергенова К.К. Кафедра меңгерушісі доцент  
2. Қожаханова Ж.С. аға оқытушы  
3. Тәттібаева А.Е. аға оқытушы  
4. Бураханова А.С. оқытушы  
5. Макижанова П.Т. оқытушы  
6. Шенгелбаева Ә. оқытушы  

 

1.7 Кафедраның мекен-жайы:

Төреқұлов көшесі №74

4 қабат, №5 оқу бөлмесі

1.8 Пәннің саясаты:

-Профессорлық-оқытушылар құрамымен мәдениетті қарым – қатынаста болу.

- Міндетті түрде сабаққа қатысу.

- Сабаққа белсенділік таныту

- Сабаққа үнемі дайындықпен келу.

- Берілген тапсырмаларды уақытында орындау, өткізу.

- Аралық бақылау жұмысын өткізу.

- ОСӨЖ тапсырмаларын орындау.

- СӨЖ тапсырмаларын орындау.

- Жіберлген сабақтарды тапсыру, оқу үрдісі бойынша деканаттын рұқсатымен қабылданады.

- Кейбір түсініспеушіліктер, кемшіліктер болса кафедра меңгерушісі және оқу ісі меңгерушісінің

қатысуымен талқыланады.

Тыйым салынады:

- сабаққа кешігуге, сабақтан рұқсатсыз кетуге;

- сабақ үстінде ұялы телефонды пайдалануға;

- сабақ үстінде басқа сабақтардың тапсырмаларын жасап отыруға;

 

2. Бағдарлама:

Кіріспе

Қазіргі таңда тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысанан қарастырылуда. Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметтері, белгілі бір мағына түрлерін жеткізу функционалды грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы мәтіндер негізінде тіл үйренушілерлің сөйлеу біліктілігін жетілдіру, лексикалық қорын, грамматикалық білік-дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі грамматикасы туралы білімін дамыту.

Тәуелсіз Қазақ елінің соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттілігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – олардың мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қолдана алуы.

 

2.2Пәннің мақсаты:

Тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту, болашақ мамандығына сәйкес сөйлеу түрін үйрету.

Күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаятарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл-күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау);

Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

Мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы; қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; байқампаздық таныту; көңілі толуы-толмауын, қызығушылығын немқұрайдылығын білдіру.

 

2.3 Оқыту міндеттері:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым, қатысымға түсу ниетін қалыптастыру.

4. Құқықтық компетенция бойынша Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы», «Білім туралы заңы»

5. Өзін-өзі дамыту компетенциясы бойынша тақырыпты әр түрлі бағытта, ғылыми тұрғыда негізгі мазмұнды қалыптастырып, жазу мәдениетін, дағдысын дамыту.

2.4 Оқытудың нәтижелері

Студент берілген деңгей негізінде мынадай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет. Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіну. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат мен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылым зерттеу тақырыбы бойынша мақала, баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет.

Мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек. Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз қөзқарас тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет.Таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жеткізе білуі, сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын шығарма, шағын эссе түрінде жеткізе білген жөн. Сонымен қатар, мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс. Берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат, диалог құра білуі тиіс.

2.5 Реквизитке дейінгі:

Қазақстан тарихы, орыс тілі, шет тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, биология, тәнтану.

 

2.6 Реквизиттен кейінгі:

Қазақ тілі пәнін оқып-үйренгеннен кейінгі дағдыларды анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, патологиялық физиология т.б. пәндерді оқып-үйренуге пайдаланады.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақ тілі пәнін оқу барысында студенттер әр түрлі қоғамдық мәселелерге байланысты өз көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттырады. Қазақ тілінің лексикалық қоры мен құрамын, жүйесін т.б. біледі.

2.7 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық оқу жоспары

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары Сағат саны
Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты. Үндестік заңы
Адам ағзасы. Көптік категориясы
Дене мүшелері. Сөз жүйесі. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.
Ағзадағы аурулар. Тұрақты сөз тіркестер.
Сырқатнама. Оның құрылысы. Омоним. Синоним. Антоним.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі, аурулары, диалог. Көмекші есімдер
Гипертония. Гипертониялық криздер. Сөз құрамы. Зат есім.
Аралық бақылау
Тыныс алу жүйесі, аурулары, диалог Зат есімнің жіктелуі
Туберкулез. Зат есімнің тәуелденуі
Ас қорыту жүйесі, аурулары, диалог Зат есімнің септелуі
Тірек – қимыл жүйесі, аурулары, диалог Етістік, шақтары
Дене зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек. Етістіктің райлары
Буынның шығуы Көмекші етістіктер
Жүйке жүйесі, аурулары, диалог Етіс категориясы
Аралық бақылау
Зәр шығару жүйесі, аурулары, диалог Қимыл есімі. Қажеттілік мәні
Тері, құрылысы, аурулары Сын есім, шырайлары.
Жұқпалы аурулар. Венерологиялық аурулар, диалог Сан есім
Эндрокриндік жүйе, сыртқы және ішкі секреция бездері Есімдік
Витаминдер Үстеу
Құлақ аурулары. Сөйлем мүшелері
Аралық бақылау
Қант диабеті. Жай сөйлемдер
Емдеу – сақтандыру мекемелерінің түрлері Құрмалас сөйлемдер
Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі Салалас құрмалас сөйлем, түрлері
Ағзаны шынықтыру Сабақтас құрмалас сөйлем.
ЖИТС – ғасыр дерті Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері
Дәрігер этикасы Сөздіктану. Терминтану.
Аралық бақылау
Барлығы:
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (ОСӨЖ) тақырыптары Сағат саны
1. Менің Отаным – Қазақстан
Тұғыры биік – тәуелсіз Қазақстан
ҚР «Тіл туралы заңы»
«Білім туралы заңы».
Қазақстан республикасының рәміздері
Қазақтың ұлттық мейрамдары
Қазақстандағы тарихи ескерткіштер
Тарихи тұлғалар
Қазақ батырлары
Қазақтың батыр қыздары
Халық қаһармандары – ел мақтанышы
Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері
Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары
Адамзаттың Абайы
М.Әуезов - суреткер
Мәдениет және өнер қайраткерлері
Қазақтың ән мен күйлері.
Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері.
Алғашқы қазақ дәрігерлер.
Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары
Қазақ халқының ұлт аспаптары
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақстанның мәдени орындары
Қазақстанның қалалары
Шығыс медицинасы
Жастар - біздің болашағымыз.
Мемлекеттік тіл –қазақ тілі
Қоғам және жастар
Қазақстандағы білім беру жүйесі.
Университет – білім ордасы.
  Барлығы

2.8 Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ)

тақырыптық жоспары

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптары мен тапсырмалары Бақылау нысандары Сағат саны
Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиет, зерттеулер, интернет т.б) өздігімен немесе студенттердің шағын тобы құрамында жұмыс жасау.   Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы
  Студенттердің бір-бірімен ұйымдастырған іскерлік ойын (рөлдік ойын) өткізу. Жазбаша есеп (ақпарат) Сценарий
  Белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинақтау: Орта ғасыр ойшылдары. Ұлылардан қалған сөз. Медицина жаңалықтары т.б. Ақпарат көздерінің тізімін дайындау (презентация)
Қандай да бір пікір алуандығын туғызатын мәселе бойынша мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама құрастыру. Сауалнама. Сауалнама нәтижелерін талдау.  
  Сағат саны

2.9 Пайдаланылатын әдебиеттердің тізімі

Негізгі:

1. Ақыжанова А.Т. «Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар». Алматы, 2005 ж.

2. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілді оқып үйренеміз. Алматы, 2004ж.

3.Аханов.К. Тіл білімінің негіздері. 1993

4. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі, лексика, фонетика, морфология. Алматы, 2006 ж.

5. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы, 2004 ж.

6. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

7. Доскеева Б.Ж. Қазақша сөйлейміз.Алматы, 2010.-220б.

8. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 .-317б.

9. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топ студенттеріне арналған. Алматы, 2000.- 211б.

10. Исаева. Ж.Т.Қазақ тілі. 2011ж.

11. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2001 ж.

12. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі-Алматы: ЖШС «Таугул-Принг», 201146б

13. Суатай. С. Ісқағаздарымен жұмыс.-Алматы,2010.-104б ж.

14. Тұңғышбаева.Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары.-Алматы,2008.-120б.

15. Сулейменова Э.Д. Сұхбат.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-216б.

16. Сулейменова Э.Д. Үнжария.Астана: «Арман-ПВ», 2007.-240б.

17. Сулейменова Э.Д.Бейнежазба. Астана: «Арман-ПВ», 2007.-264б.

18. Дүйсембекова Л.Қазақ тілі іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Мемлекеттік

тілді дамыту институты» ЖШС,2011.-400Б

19. ҚанапияноваӘ.Ж. Кәсіби қазақ тілі. 2008

Қосымша:

1. Оралбаева Н. Изучаем казахский язык. Алматы, 1989 ж.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004ж.

3. Медицина білімі-мемлекеттік тіл аясында. Алматы, 2009ж.

4. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.

Сөздіктер:

1. Ақыжанова А.Т. Қазақша –орысша сөздік. Алматы, 2000 ж.

2. Алдашева А. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 1988 ж.

3. Әбілқасымов Б. Орысша-қазақша тілдескіш Алматы, Рауан, 1994 ж.

4. Қалиев Б. Өсімдік атауларының орысша-қазақша сөздігі. Ана тілі 1963 ж.

5. Момынов Ә.Т., Рақышев А. Медициналық сөздік. Алматы, 1989 ж.

6. Сарыбаев Ш. Қысқаша орысша-қазақша сөздік. ҚСЭБР, 1989 ж.

7. Серғалиев М.Орысша-қазақша сөздік. Алматы, «Қазақстан», 1993 ж.

8. Терминдер мен атаулар. Алматы, «Қазақстан», 1990 ж.

9. Бектаев Қ. Орысша-қазақша сөздік. Алматы, 1999ж.

2.10 Оқыту әдістері:

Коммуникативтік қарым-қатынас, дискуссия, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау, сұхбат, полилог, диалог құрғызып үйрету, тұсаукесер, рольдік ойындар, пікірталас,бақылау т.б.

 

Тәжірибелік сабақты өткізу түрі: мәтінмен жұмыс, жағдайлық есептер беру, презентациялар жасау, пікірталас, сұхбаттасу, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау т.б.

 

ОСӨЖ-ді өткізу түрі: мәтінмен жұмыс түрлері, терминологиялық, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс, жаттығу жұмыстарын орындау т.б.

СӨЖ-ді ұйымдастыру түрі

Өздік жұмыс – оқу танымдық әрекеттің ерекше түрі. Оны орындау барысында оқытушы тек кеңес беруші, бағыттаушы қызмет атқарады. Өзіндік жұмыс студенттің өз біліміне деген жауапкершілігін арттырып, оны өз білімінің траекториясын анықтауға және қолданатын білім әдістерін таңдауға баулиды. Сөйтіп оның еркін әрекет жасау дағдысын қалыптастырады.

Оқу үрдісіндегі СӨЖ-дің мазмұны мынадай талаптарға сай болу қажет:

- тапсырма мазмұны тіл үйренушінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы керек;

- бұған дейін қамтылған білімге сай құрылу керек,

- берілген тапсырма түсінікті, мазмұны қызығушылық танытатындай болу керек;

- тапсырма мазмұны мен орындау тәртібі бірте-бірте күрделене берілуі керек;

 

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

1.Когнитивті - білім компетенциясы (тақырыптық материалды білу) – 100 балл

2. Операционалды – дағды компетенциясын білу – 100 балл

3. Коммуникативті компетенцияны қолдану – 100 балл

4. Құқықтық компетенция – 100 балл

5. Өзін – өзі дамыту – 100 балл

 

Ағымдық бақылау t- құзыреттілік қалыпты деңгейлік бағасы

t=(Z+N+K+P+S)/n

n-барлық құзыртеттілік бойынша саны

Z: z1 + z2+... zn – білімді бағалау

N: n1+ n2+... nn – дағдыны бағалау

K: k1+ k2+... kn – коммуникативті құзыреттілікті бағалау

P: p1+p2+...pnқұқықтық құзыреттілікті бағалау

S: s1+s2+...sn – СӨЖ бағалау

Әрбір құзыреттілік 100 балмен бағаланады.

Бағалау формасы, әрбір құзыреттілік бойынша тапсырма саны жұмыс бағдарламасында (п 2.9 білімдерін және оқыту дағдыларын бағалау әдістері) және Силлабуста (п 2.10 білімін бағалау ережесі және критериясы).

Аралық бақылау r-коллоквиум

Пән саясаты саны және өткізу түрі бойынша анықталады.

Рейтингіге жіберу

Рейтингіге жіберу студенттің қорытынды бағасы 60% кем болмау керек,

0.6формуласымен анықталады.

– ағымдық бақылау

– бірінші рейтинг

– екінші рейтинг

Қорытынды бақылау

Қорытынды бақылау: Емтихан 2 кезеңнен тұрады. 1) тестілеу 2) ауызша (билет бойынша).

- 1 кезеңдегі емтихан балы

- 2 кезеңдегі емтихан балы

Қорытынды баға

Қорытынды баға – рейтингіге жіберу және қорытынды бақылауды қосумен анықталады.

І R*0.6+E*0.4

I – қорытынды баға

R – рейтингіге жіберу бағасы

Е – пән бойынша емтиханның қорытынды бағасы

Қорытынды рейтингі – рейтингіге жіберу 60% және қорытынды бақылау бағасы 40% тұрады.

· Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақтың уақытында іске асырылады.

· Аралық бақылау: әр семестр сайын оқу тақырыптарын игеру деңгейін анықтау мақсатында

іске асырылады. Оқу жылында 4 аралық бақылау тапсырады.

· Қорытынды бақылау - емтихан (ауызша және тест әдісі).

 

Қорытынды бақылау, аралық бақылау және кеңес беру уақыты.

1. Кеңес беру уақыты, оқу бөлімінің кестесімен сәйкес өтіледі.

2. Аралық бақылау уақыты: 7-8 аптада.

3. Қорытынды бақылау уақыты – семестрдің соңында ОҮБжЖБ-ң сабақ кестесі бойынша.

Тәжірибелік сабақты бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша Цифрлік эквиваленті % Бағалау критериі
А 4.0 95-100 Оқу бағдарламасы бойынша барлық тақырыптарды толық меңгеру. Компетенциялар бойынша игеру. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. толық біліп, қолдана алу. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру. Жұмыстарды жауапкершілікпен орындап, тапсырмаларды жоғарғы деңгейде дайындау. Сөздік қоры мол, шығармашылық, ғылыми қабілеті жоғары болу.
А- 3.67 90-94 Тақырыпты толық меңгеру. Лексиканы қолдану арқылы ойын толық жеткізу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Сабақ барысында әр түрлі қызығушылықпен көзге түсу.
В+ 3.33 85-89 Оқу бағдарламасын толық білу. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындай білу. Өз бетімен жұмыс істеу.
В 3.0 80-84 Сабақ барысында берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау.
В- 2.67 75-79 Оқу бағдарламасын толық біле тұра, тапсырмаларды толық, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.
С+ 2.33 70-74 Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Лексиканы толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы. Қойған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы.
С 2.0 65-69 Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы. Сабаққа деген қызығушылығы толық болмауы.
С- 1.67 60-64 Оқу бағдарламасын меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.
D+ 1.33 55-59 Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.
D 1.0 50-54 Тәжірибелік сабақтарға деген белсенділігі мүлдем төмен. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.
F 0-49 Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі, игермеуі. Шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен.

 

Аралық бақылауды бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша Цифрлік эквиваленті % Бағалау критериі
А 4.0 95-100 Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындау. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру, жазу. Тест жұмыстарын толық орындай білу. Лексикалық, грамматикалық тақырыпты толық біліп, айту. Компетенция бойынша игеру.
А- 3.67 90-94 Мәтінмен жұмыс түрлерінің толық болуы. Аударма жұмыстарын жасау, сұрақтарға жауап беру. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындауы.
В+ 3.33 85-89 Берілген тапсырмаларды толық, түсінікті орындай білу. Берілген сөздер, сөзтіркестерімен жұмыс жасау.
В 3.0 80-84 Берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы кейбір қателерді тауып олармен жұмыс жасау.
В- 2.67 75-79 Тапсырмаларды түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы. Сұрақтарға толық жауап бермеуі.
С+ 2.33 70-74 Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы.
С 2.0 65-69 Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі, меңгермеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы.
С- 1.67 60-64 Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.
D+ 1.33 55-59 Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы. Сөздік қорларының нашар болуы.
D 1.0 50-54 Тақырыптарды білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.
F 0-49 Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі. Пәнге деген қызығушылығы төмен.

СӨЖ-ді бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша Цифрлік эквиваленті % Бағалау критериі
А 4.0 95-100 Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық біліп, меңгеруі. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. қолдана алуы. Ғылымға деген ынтасы жоғары және белсенділік танытуы. Сөздік қорының мол болуы.
А- 3.67 90-94 Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Ғылыми шығармашылығы толық. Тұсаукесердің мағынасы өте жақсы деңгейде болуы.
В+ 3.33 85-89 Жұмысысын толық меңгеру. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Өз бетімен жұмыс түрлерін орындау.
В 3.0 80-84 Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау. Тұсаукесердің мағынасы жақсы деңгейде болуы.
В- 2.67 75-79 Тапсырмаларды толық біле тұра, мағынасыз, түсініксіз орындауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.
С+ 2.33 70-74 Ойын толық жеткізе алмауы. Сөйлем құрылысы мен сөздердің дұрыс айтылмауы. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы. Ғылыми шығармашылығы орта.
С 2.0 65-69 Жұмысты толық меңгермеуі және білмеуі. Сөздік қоры нашар. Ғылыми тақырыптың мағынасы түсініксіз болуы.
С- 1.67 60-64 Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.
D+ 1.33 55-59 Тақырыпты толық білмеуі және сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.
D 1.0 50-54 Ғылыми жұмысының белсенділігі мүлдем төмен, сапасы мен мағынасы нашар.
F 0-49 Ғылыми, шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен. Қызығушылығы нашар.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104

Мамандығы – 5В110100 Мейірбике ісі

 

Құрастырушылар: аға оқытушы Ж.С.Қожаханова, оқытушылар: А.С.Бураханова,

П.Т.Макижанова

 

Ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№1 Тақырыбы:Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.

Үндестік заңы

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

 

1. Тақырыбы: Гиппократ анты. ҚР дәрігерінің анты.

Үндестік заңы

2. Мақсаты:

- Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы мағлұмат беру;

- Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- тәуелдік категориясы туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы.

2. Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің антында кездесетін кейбір сөз тіркестерінің мәні туралы.

3. Гиппократ анты мен ҚР дәрігерінің анты туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

ә) грамматикалық материал бойынша

1ю Тәуелдік категориясы туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,адам ағзасының суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Мәтінді оқыңыз.

Гиппократ анты

Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атына атап, оларды куәға тарта отырып, мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін; оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін; оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттерімен хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режімін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін; тап осылай әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, өнерде де таза әрі адал боламын. Тас ауруларымен сырқаттанғандардың денесін ешқашан кеспеймін, мұны осы іспен айналысатын кісілерге тапсырамын. Қайсы үйге кірсем де аурудың қамын ойлаймын, әдейі қиянат пен қастандық жасаудан, әсіресе әйелдер мен еркектер азат адамдар мен құлдар арасындағы махаббаттан аулақпын.

Емдеу езінде, сондай-ақ емдемеген кезде де, адам өмірінің ішіндегі мүлдем жариялауға болмайтын жайларды көргенімді немесе есіткенімді құпия есептеп, жан баласына айтпаймын. Антты бұлжытпай орындағаным үшін өмірде де, өнерде де бақытты болып, ел арасында мәңгілік даңққа бөленгеймін; жалған ант беріп, қылмыс жасағандарды ант атсын.

 

Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

Медицина қауымдастығына өз еркіммен кіріп, мен (аты-жөні) жазбаша міндеттеме алып, оны адал орындауға салтанатты түрде ант етемін. Болашақта халқыма қалтықсыз қызмет етіп, медициналық қауымдастықты дәстүрлі мейірбандылықпен дамыта отырып сақтауға және науқастың жазылып, дені сау болуы – қызметімнің басты принципі, менің жоғарғы бағам үшін ант етемін.

Өзіме дәрігерлік өнерді үйреткен кісіні, оған деген ізгі ниетімді, сый-құрметімді мәңгі-бақи сақтайтындығым үшін ант етемін.

Кез-келген адамға дәрігерлік көмегім қажет болғанда бас тартпай орындаймын; ең алдымен аурудың қамын ойлаймын; дәрігерлік өнерге қызығушылық адамдар немесе әріптестерім менен көмек талап етсе, оларға ақыл-кеңесімді, керек болса, тегін, әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ көмектесемін деп ант беремін.

Жариялауға мүлдем болмайтын дәрігерлік құпияны, сондай-ақ маған сеніп айтқан жеке сырларын ешкімге тіпті, ол қайтыс болып кетсе де жарияламайтындығым үшін ант етемін.

Медицина жетістіктерімен үнемі танысып, дәрігерлік шеберлігімді үздіксіз дамытып, «адамгершілік» атты ардан өзімді жоғары ұстаймын деп ант етемін.

Барлық іс-қимылдарымды Қазақстан Республикасының дәрігерлік Этика қағидаларына сай жасаймын деп міндеттеме аламын.

Осы антты өз еркіммен, адал жүрегіммен беремін. Дәрігерлік парызымды ар-ожданыма сүйеніп орындаймын.

Ә) Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

Шама-шарқымның келгенінше – по мере возможности

Қиянат - зло, пакость, вред

Бұлжытпай – не искажать, не изменять

Бұлжытпай орындау – выполнять беспрекословно


Б)Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Куәға тарту, үйреткен кісі, барын бөліп беру, ант берісу, өлімге ұшырататын дәрі, аурудың қамын ойлау, әдейі қиянат, қастандық жасаужариялауға болмайтын, салтанатты түрде , мейірбандылықпен дамыта отырып, жетістіктермен үнемі танысу, дәрігерлік шеберлік,мәңгілік даңқ.

Грамматикалық тақырып бойынша:

Үндестік заңы

Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен-бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады. Мысалы: балалар (балалер емес), үйлер (үйлар емес), ауылға (ауылге емес), көшеде (көшеда емес), т.б.

Қазақ тіліндегі қосымшалар сөздің соңғы дыбысының сипатына қарай бейімделіп жалғанады: мектепте (мектепде емес), үйге (үйке емес), жазда (жазта емес), т.б.

Сөйтіп, сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңы екі түрлі: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі.

 

Буын үндестігі

Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.

Үндестік заңына сай қазақ тілінің байырғы сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, ана, бақыт, баға, сана, намыс, егіз, өріс, төсек, кереге, кілем, т.б.

 

Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).

9. Бақылау жұмыстары:

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

В) Үндестік заңына бағынатын сөздерді бір бағанға, бағынбайтын сөздерді екінші бағанға бөліп жазыңыз.

ұшқыш, көше, бүгін, бөлшек, дәріхана, елорда, өнерпаз, елші, пайдакүнем, сәнқой, баланікі, рольдер, депутат, қазметші.

Г) Жоғарыдағы үндестік зағына бағынбайтын сөздердің бағынбау заңдылығын түсіндіріңіз.Үлгі: депутат – үндестік заңына бағынбайды, кірме сөз.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.