Здавалка
Главная | Обратная связь

Коммуникативті компетенциябойынша



Л) Мәтінде сіз үшін жаңа ақпарат бар ма? Мәтін мазмұнына өзіңіз білетін осы тақырыпқа қатысы бар мәліметті қосыңыз. Мәтіннен алған жаңа мәліметті пайдалана отырып, өз сөзіңізбен қысқаша айтып көріңіз.

М) Төменде Абай өлеңінен үзінді берілген, қарамен жазылған өлең жолдарын қалай түсінесіз? Көзқарасыңызды білдіріңіз.

Малда да бар жан мен тән

Ақыл, сезім болмаса.

Тіршіліктің несі сән,

Тереңге бет қоймаса.

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын… .

Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша

Н) Төмендегіфразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестіріңізжәне осы тіркестерді қатыстыра отырып сөйлемдер құрастырыңыз.

1 Тілге жүйрік а әлпештеп өсіру
2 Бас болу ә шапшаң қимыл
3 Алақанына салу б алда, бірінші қатарда жүру
4 Санын соғу в сөзге шешен, тілі бай
5 Көз ілеспеу г өкіну

 

10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 5-8 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 9-11беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 6-13 беттер.

4. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топ студенттеріне арналған. Алматы, 2000 ж. 12-17 беттер.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№3 Тақырыбы:Дене мүшелері

Сөздің тура және ауыспалы мағыналары

 

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

1. Тақырыбы: Дене мүшелері. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.

2. Мақсаты:

- дене мүшелері туралы мағлұмат беру;

- дене мүшелері туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- дене мүшелері туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- cөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Адам ағзасындағы мүшелер туралы.

2. Адам ағзасындағы мүшелер туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

3. Адам ағзасындағы мүшелердің қызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Cөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы түсінік.

 

5. Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

 

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестеріменжұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

7. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук,адам мүшелерінің суреті, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.

 

8. Тапсырмалар:

А) Мәтінді оқыңыз.

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, жауырын, кеуде, иық, омыртқа, аяқ, жамбас, тізе тағы басқалар жатады. Адамның басында бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, ерін, тіс, тіл, таңдай сияқты мүшелер орналасқан. Бұл мүшелерді біз көзбен көреміз. Бұлардан басқа көзбен көрмейтін мүшелер бар, оларға асқазан, ішек-қарын, бауыр, бүйрек, жүрек т.б. жатады. Дана халқымыз алыс сапардан оралған адамдардан «Он екі мүшең аман-есен оралдың ба?», - деп амандасып, жөн сұрасқан. Кейде «он екі мүшесі аман, соқталдай азамат, ақша табудың неге оңай жолын іздейді ? » деп, ренжіп жатады.

Халық жұмбақтарының бірінде: «Дүниеде бір ағаш бар түбі жуан, он екі ұл, алпыс екі қыз бір күн туған», - дейді. Мұндағы 12 ұл адамның 12 мүшесі, 62 қыз – адамның 62 тамыры, ал ағаш – адамның өзі.

Халқымыз он екі мүше дегенді адамның дене бітіміне байланысты айтқан: он екі мүшеге мыналар жатады: бас (біреу), омыртқа (біреу), жамбас (екеу), жауырын (екеу), тоқпан жілік (екеу), асықты жілік (екеу), кәрі жілік (екеу).

Бір жылда 12 ай болса, адамның 12 мүшесі бар. Уақыт көшінің бір жылы 365 күннен тұрса, қытай емшілерінің айтуынша, адамның да буыны соншама. Мұның бәрі адамның табиғатпен тығыз байланысты екендігін айғақтайды.

Көне заманғы халық емшілері адамның әр мүшесі бір тәуліктің ішінде өзінің жоғарғы, төменгі деңгейіне алмасып отыратынын дәлелдеп берген. Оны қазіргі ғылыми медицина да мойындайды. Осынау ғылыми тұжырымдама бойынша адамның тәуліктегі күш-қуаты мынандай:

Таңғы сағат 3 – 5-тердің шамасында өкпесінің қуаты артады.

Таңғы сағат 5-тен 7-ге дейін тоқ ішектің қуаты күшейеді.

Таңғы сағат 7-ден 9-ға дейін асқазанның қуаты үсті-үстіне жақсарады.

Сағат 9-дан 11-ге дейін ұйқы безінің қуаты еселеп артады.

Сағат 11-ден 13-ке дейін жүректің қызметі айрықша күшейеді.

Түскі сағат 13-тен 15-ке дейін аш ішектің қуаты барынша артады.

Түстен кейін сағат 15-тен 17-ге дейін қуықтың қуаты өте жоғары болады.

Сағат 17-ден 19-ға дейін бүйректің қуат көзі ерекше күшейеді.

Түнгі сағат 21-ден 23-ке дейін иық сүйегінің қуаты барынша артады.

Түнгі сағат 23-тен түнгі сағат 1-ге дейін өттің күш-қуаты молаяды.

Түнгі сағат 1-ден 3-ке дейін бауырдың қуаты шарықтау шегіне жетеді.

Тек 12 сағаттан кейін әр мүшенің қабынуы өз қалпына түседі, төменгі шегіне жетіп, тынышталады. Яғни, мүшелердің қабынуы немесе қалпына келуі 12 сағаттық мерзімге байланысты.

 

Ә) Мәтін бойынша кездескен сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтаңыз.

асықты жілік– большеберцовая кость

тоқпан жілік – плечевая кость

кәрі жілік– локтевая кость

жауырын – лопатка

жамбас – тазовая кость

омыртқа – позвоночник

ортан жілік – бедренная кость

қуық – мочевой пузырь

өт – желчь

ұйқы безі – поджелудочная железа

дене бітімі – телосложение

Б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Адамның көзбен көретін дене мүшелеріне қандай мүшелер жатады?

Адамның басында қандай мүшелер орналасқан?

Көзбен көрмейтін мүшелер қандай мүшелер жатады?

Халқымыз алыс сапардан оралған адамдардан не деп амандасып, жөн сұрасқан?

Он екі мүшеге нелер жатады?

Көне заманғы халық емшілері нені дәлелдеп берген?

В) Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

Қалану, ренжу, енгізу, тыңдау, ауырмау, есту, айғақтау, самғау, жұбату, ұғыну, қалыптастыру, жабдықталу, кездесу, сақталу, өзгеру, күшею, хабарлау.

 

9. Бақылау жұмыстары:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.